Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
текст.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
340.48 Кб
Скачать

I. Уақыт алтыннан да қымбат.

1.Лексика:

1. Уақытты басқару – руководить временем.

2. Мезгілінде – своевременно

3. Еш нәрсеге – ничему

4. Үлгіре алмау – не успевать.

5. Біреу – одни (некто).

6. Кейбіреулер – некоторые.

7. Кешігіп жүру – опаздывать.

8. Әйтсе де – тем не менее

9. Кеңес одағы кезінде – во времена Советской власти.

10. Меңгеру – усвоить.

11. Қажеттілік – необходимость.

12. Барлығының – у всех людей (у каждого).

13. Қазір олай емес – сейчас не так.

14. Тәуліктің тең жартысын – половина суток (половина дня).

15. Үнемдеу – экономить.

16. Өзгелер – другие.

2.Мәтін .

Уақытты басқару – өнер. Біреу жұмысқа мезгілінде келіп, мезгілінде кетеді. Бірақ еш нәрсеге үлгіре алмайды. Екінші біреу үнемі кешігіп жүреді. Әйтсе де, жұмысы өз уақытында тамаша орындап тастайды.

Кеңес одағы кезінде адамдарда ауқытты меңгеруге деген еш қажеттілік болмады. Барылығының жұмысы бар, жұмыс уақыты белгілі, тиісті демалысын алады. Міндетін орындаса болды. Қазір олай емес, әркім өзі үшін жұмыс істейді. Соныдықтан кейбіреулер тәуліктің тең жартысын жұмысқа арнап жүр. Бірақ нәтижелі ме ? Әркім өз уақытын меңгере ала ма ? Қымбат минуттарыңызды үнемдеу бар ма ? Өзгелердің уақытына құрметпен қарайсыз ба ?

3. Уақыттымыздың жаулары ( враги нашего времени):

  1. түсініксіз мақсаттар;

  2. тыңдай білмеу;

  3. «жоқ» деп айта алмау;

  4. телефонмен ұзақ сөйлесу;

  5. асығыс шешімдер;

ұмытшақтық;

  1. жұмыс уақытында кофе, шай ішуге кететін үзілістер;

  2. жоспарлай білмеу.

Жазылым.

4. Мәтін бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

  1. Уақытты басқару ...

А)білім;

Ә) өнер;

Б) мамандық.

  1. Кеңес одағы кезінде адамдарға уақытты меңгеруге деген еш.... болмады.

А) мүмкіндік; Ә) қажеттілік; б) ой.

  1. Қазір олай емес, әркім ... жұмыс істейді.

А) біреу үшін;

Ә) туысқан үшін;

Б) өзі үшін.

  1. Кейбіреулер тәуліктің тең жартысын ... арнап жүр.

А) ойынға;

Ә) қыдыруға;

Б) жұмысқа.

  1. Қымбат минуттарыңызды ... аласыз ба ?

А) құметтей;

Ә) ардақтай;

5. Тапсырма:

А) мәтіннен бұйрық райда (2 жақ) берілген сөздерді теріп жазыңыз;

Ә) у-жұрнақты қимыл есімді сөздерді теріп жазыңыз;

Б) сұраулы сөйлемдерді теріп жазыңыз.

Оқылым.

6. Тапсырма:

  1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

  2. Сіз уақытыңызды қалай пайдаланасыз туралы шағын мәтін жазып әкеліңіз.

(А ) Уақытыңызды қалай пайланасыз?

Мен әр күнімді жоспарлаймын. Әр күні әр түрлі жоспар жасауға тура келеді. Өйткені күндер бір-біріне ұқсамайды ғой, өз міндеті бар.

Күннің алғашқы жартысында менің жоспарым өзгермейді. Бұл уақытта мен нөмірге жіберілетін барлық материалдарды оқимын. Түске дейін тәртіпті қатаң сақтаймын, тіпті телефон тұтқасын да көтермейтін кездерім болады. Олай отпесем жұмысым,демек, журналдың жұмысы тоқтап қалады. Күннің екінші жартысында авторлармен сөйлесем, келушілер бар, телефон соғушыларға жауап беремін. Жоспарланған жұмысымның бәрін орындауға мүмкіндік бола бермейді. Күтпеген жағдайлар кедергі келтіреді. Оларды ертеңгі жоспарға енгізуге тура келеді. Жұмыс барысында көп уақытымды алатын жағдайлар- келіп-кетішілер, телефон қоңфраулары, авторлармен сөйлесу. Негізінде көп уақытым нөмірге жіберілетін материалдарды оқуға кетеді. Сондықтан бұл жағынан жұмысымды ақсатпауға тырысамын.

Бұдан ұғып алғаным:

  1. Тек жоспармен жүру ешқандай нәтиже бермейді;

  2. Жағдайларға қарап икемделе білу қажет (уметь приспосабливаться);

  3. Жоспарлау қажет, егер болмаса өзгерткен жөн.

(Р.Петров,«Простор»журналынан).

( Ә) Уақытыңызды қалай пайланасыз?

Күн тәртібі менде жоқ.Негізінен биологиялық ырғақ бойынша өмір сүремін. Таңертең тұрамын, таңғы асымды ішемін. Жұмыс күні, кешкі ас, теледидар көремін, ұйықтауға барамын. Жұмыстағы барлық шаруаны өз мезгілінде бітіруге тырысамын. Кейінге, әсіресе демалатын уақытыма уақыт қалдырмаймын. Яғни, адамда жұмыс уақыты және демалатын уақыты болуы керек деп есптеймін. Бірақ әрқашан ойымдағы бола бермейді. Кейде жағдайлар бізге билік жүргізеді. Күнделікті жұмыс күнімді жоспарлаймын. Бұл проблемаларды шешуге көмектемеді.

(А.Баянов, «Новое поколение» газетінен)

7-тақырып. Студенттің бос уақыты. 50 минуттық дәріс және студент.