Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
текст.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
340.48 Кб
Скачать

Отбасымның суреті (фототсуреті)

Мынау менің отбасымның суреті. Бұл менің атам мен әжем. Атам жас кезінде ұзын бойлы, қара шашты, қой көзді көрікті жігіт болған. Әжем де жас кезінде аққұба, көзі көк өте сұлу әйел болған. Әрине, қазір атам мен әжем қартайды, олардың бетіне әжім түсті. Атам мен әжем өте жомарт, дана адамдар. Атамның жанында менің әкем отыр. Әкем қазір елу жетіде. Әкем толқынды қара шашты, денелі, қой көзді, құс мұрынды, қараторы адам. Ол мәдениетті адам, белгілі саясаткер. Әкемнің жанындағы менің анам. Анам аққұба келген, қыр мұрынды, шашы ұзын, орта бойлы өте сымбатты әйел. Анам өте салмақты мейірімді адам. Әжемнің жанында менің ағам отыр. Ағам дөңгелек жүзді, көзі қара, маңдайы кең бойшаң жігіт. Ағам өте білімді, сабырлы, жұмысына тиянақты адам. Қарындасым менің жанымда отыр. Ол өте нәзік, сұңғақ бойлы, қысқа бұйра шашты қыз. Оның көзі қара, мұрны кішкентай, ерні жұқа, маңдайы ашық. Қарындасым өте сымбатты, сүйкімді, әрі әдепті, кішіпейіл қыз.

Сұрақтардың дұрыс жауабын табыңыз.

1. Отбасымның мүшелері кімдер? А. Жас кезінде аққұба, көзі көк өте сұлу әйел болған.

2. Атам жас кезінде қандай болған? Ә. Ол өте сымбатты, аққұба келген, шашы ұзын,

орта бойлы әйел.Ол өте салмақты мейірімді адам.

3. Әжем жас кезінде қандай болған? Б. Ол дөңгелек жүзді, көзі қара, маңдайы кең

бойшаң жігіт. Ол өте білімді, сабырлы,

жұмысына тиянақты адам.

4.Әкем қандай адам? В. Ұзын бойлы, қара шашты, қой көзді көрікті жігіт

болған.

5.Анам қандай адам? Г. Атам әжем, әкем, анам, ағам, қарындасым және

мен.

6.Ағам қандай адам? Д. Ол өте нәзік, сұңғақ бойлы, қысқа бұйра

шашты қыз. Оның көзі қара, мұрны кішкентай, ерні

жұқа, маңдайы ашық. Ол өте сымбатты,сүйкімді,

әрі әдепті, кішіпейіл қыз.

  1. Қарындасым қандай адам? Е. Ол қазір елу жетіде. Әкем толқынды қара шашты,

денелі, қой көзді, құс мұрынды, қараторы адам. Ол

мәдениетті адам, белгілі саясаткер.

Жазылым.

3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін аударыңыздар.

Высокий человек, бородатый дедушка, девушка в очках, усатый сосед, длинные рыжые волосы, густые волнистые волосы, тонкие черные брови, толстые красные губы, широкий открытый лоб, круглолицая.

4- тапсырма.Берілген сөздерге сын есімдерді қатыстырып, сөйлем құрыңыз.

Басы, көзі, қасы, кірпігі, кабағы, маңдайы, мұрны, аузы, ерні, денесі, мұрты.

5- тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз

Белые ровные зубы. Высокий рост. Широкий лоб. Густые волосы. Прямой нос. Хороший характер. Тонкие брови. Кудрявые волосы. Крепкое телосложение. Усатый человек. Внешность человека. Длинные тонкие пальцы. Широкое лицо. Рост твоего брата высокий . Мой отец- человек среднего роста. Её муж низкий. Ноги, руки- части тела. Ваш друг- рослый человек. Его супруга полная. Ваша подруга светловолосая.

6-тапсырма. Қазақ. тіліне аударыцыз

У вас красивые глаза. Волосы его были коротко острижены. У твоего отца длинная борода. Он был лет сорока, среднего роста, худощав и широкоплеч. Нас встретил молодой парень, лет двадцати, высокий, красивый. Куаныш был человек уже пожилой. Она была мала ростом. Пришел низкорослый мужчина. Она была совсем юной. Он был высок и строен. У моей сестры густые волосы.

7-тапсырма. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.

Адамның жан дүниесі қандай? Адамның өз тұлғасын қалыптастыратын не? Адам қандай болуы тиіс? Адамның сыртқы келбеті қандай болуы тиіс? Сіздің тобыңыздағы студенттердің келбеті қандай? Зәуре, Алтынай, Балнұр, Қарлығаш, Самалдың келбеттері қандай? Ұлты –татар, ол аққұба келген, орта бойлы, сымбатты, көзі үлкен, әдемі қыз кім? Тобыңыздағы ұлдардың келбеті қандай? Олар өте ұқыпты, тиянақты және соңғы сәнмен киінеді, олар кімдер?

Оқылым.

Адамның сәні.

Сән ( modus деген латын сөзі) – өлшем, тәсіл, іс – қимыл бейнесі. Сән – белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Сән – әлеуметтік құбылыс. Киім – бірінші қажетті зат. Оны өндірумен өнекәсіптің әр түрлі салалары айналысады, ал сатумен сауда жүйелері шұғылданады.

Стиль (styios деген грек сөзі) – мәнер, сипат, ерекшелік. Киімде бірнеше – классикалық, романтикалық, спорттық, фольклорлық (этникалық) стильдер болады.

Классикалық (қатаң, іскерлік, элегантты) стиль – келісті, іскерлі, элегантты, өзгермейтін стиль. Классикалық стильдегі заттар – ағылшын жакеті, тік тар белдемше, ерлердікі секілді шалбарлар және т.б. оған ғасырлар ең тұрақты, «таңдамалы», «сәннен тыс» өзгермейтін сән үлгілері жатады.

Романтикалық стиль – бұл «қиял», «еске алу», «ізденістер» саласы, тарихи костюмге меңзейді және оның пішімін, сәндік әрлеуін алып пайдаланады. Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдаланады.

Спорттық стиль –(спорт үшін міндетті емес) қозғалысқа, түрлі жұмысқа ыңғайлы. (демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы киімдер).

Қазақстанның қазіргі сәнгерлері (модельлер) ұлттық киімдердің дәстүрлерін сақтап, дамытуда, көненің құндылықтарын біздің замандастарымызға жеткізуге тырысады.

Қазіргі заман жеткіншектерінің киім үлгілері, көңіл – спорттық, фольклорлық еркін стильде болуымен сипатталады.

тапсырма. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.

«Сән» сөзі қай тілден енген? Сән ненің бейнесі? Сән қандай құбылыс? Қанда киім стилі өзгермейтін, іскерлі элегантты деп айтылып жүр? Классикалық стильдегі киімдерге қандай сән үлгілері жатады? Қандай киім стилі қозғалысқа, түрлі жұмысқа ыңғайлы болып саналады? Қазіргі заман жеткіншектерінің киім үлгілері қандай?

Сөйлесім.

Сұхбатты оқып, жаттығыңыз.

А)

- Аманжол, анау ұзын бойлы, сымбатты әйел адам сендермен бірге жұмыс істей ме?

  • Иә, ол- Сақыпжамал. Өзі шашын сәнмен қиып, киімді таңдап киеді.

  • Ал, бөлім бастығы кандай адам?

- Мұқаметжан Арынулы өте жақсы адам. Жасы елулер шамасында, толықша денелі, орта бойлы.

Тәжірибелі, танымал журналист.

  • Ал мына ұзын бойлы, қараторы арық жігіт Берік пе? Танымай калдым.

  • Иә, ол қазір көзілдірік киеді.

Ә)

  • Апа, сізге бір әйел келіп кетті.

  • Жас па?

  • Жоқ. онша жас емес, орта жастағы әйел.

  • Толық келген бе?

  • Жоқ, арықтау. Ұзын қара шашты, шашына ақ кірген.

  • Түсіндім. Ол менің құрбым ғой. Ол да есепші.

Б)

  • Салтанат Ғалиқызы ана кісі кім?

  • Кайсы? ¥зын бойлы жас жігіт пе?

  • Жок, аласа бойлы, толық, қырықтар шамасындағы кісі. Оны танымаймын. Мүмкін жаңадан келген кызметкер шығар.

Тапсырма. Өзіңіздің және жолдасыңыздың мінезі мен келбетін айтып беріңіз. Үлгі: Спросите своего партнера:

  1. Сен міншіл (придирчивый) ....... бе, әлде жұмсақ (покладистый) ........ ба?

  2. Сен мейрімді (добрый)... бе, әлде қатал (злой)........ ба?

  3. Сен сүйкімді (симпатичный)... бе, әлде сұлу (красивый) ...... ба?

  4. Сен еңбексүйгіш (трудолюбивый) ....... бе, әлде жалкау(ленивый) ........ ба?

  5. Сен ұстамды(сдержанный)... ба, әлде сентименталды... ба?

6.тақырып. Уақыт және адам. Уақыт – алтыннан қымбат. Студенттің бос уақыты.

Оқылым.