Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
текст.doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
340.48 Кб
Скачать

1) Халық арасында тұрғын үй ипатекасына қатысты жиі кездесетін сөз орамдарымен танысыңыз. Бірнеше рет оқып, жаттығыңыз.

Ипотека

Шаршыметр

Несие

Пайыз

Банктің қызмет көрсету сыйақысы

Несиені қайтару мерзімі

Заем

Балалы жас отбасылар

2) Берілген сөздермен сөз тіркестерін, сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

5-тапсырма. Құжаттың атауын тауып, сөйлемді толықтырыңыз.

Мемлекеттік Тұрғын үй бағдарламасы бойынша жеңілдікті тұрғын үй алу үшін қажетті құжаттардың тізімі:

  • Нұсқа бойынша ----------- ;

  • Отбасы мүшелерін айқындайтын құжаттардың ------------- ;

  • Отбасы құрамы жайлы ------------ ;

  • Еңбек өтілі көрсетілген жұмыс істейтін жерінің ---------- , сонымен қатар, мемлекеттік қызметтегі өтілі қоса көрсетілуі тиіс;

  • Қызметтері;

  • Неке туралы куәліктің --------------- (мұндай құжат болса);

  • Жылжымайтын мүліктің бары немесе жоқтығы жайлы ------------ .

Керекті сөздер: анықтама, көшірмесі, анықтама, арыз, анықтамасы, көшірмесі.

Сөйлесім.

6-тапсырма. Берілген сұрақтар бойынша сұхбаттасыңыздар.

  • Тұрғын үй бағдарламасы туралы не айтасыз?

  • Біздің қаламызда осы бағдарлама қалай жүріп жатыр?

  • Сіздіңше, несиені қайтару мерзімі қанша жыл болу керек?

  • Тұрғын үй бағдарламасы кімдер үшін тиімді?

Сұхбатқа жауап беруде мына сөздерді қолдана аласыз:меніңше (по-моему), соншалық (столько), онша (не очень), амалсыз (поневоле), шамасы (вероятно), алдымен (сначала), тиіс (следует), баяу, ақырын (медленно), ұзақ (долго),

5-тақырып. Мінез және келбет. Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті.

Адам сәні. Замандас келбеті.

Оқылым.

1-тапсырма. Берілген сұхбатты оқып, аударыңыз.

А)

-Сізге бүгін бір кісі келді. Аты- жөні есімде жоқ.

-Онда сыртқы түрін толық сипаттаңыз.

Ә)

- Ана ақ костюмді кісі кім, сіз білесіз бе?

- Ол бізге жаңадан келген жас маман. Бағдарламашы болып жұмыс істейді.

- Ана кісі кім?

- Қайсы?

- Ұзын бойлы, қара көзгілдірік киген.

- Ол Ғалия Омарқызы ғой.

Б)

- Ана бір жас жігіт кім?

- Қайсы? Ұзын аксары ма?

- Жоқ, кара торы.

- Білмеймін

Оқыңыз. Есте сақтаңыз!

Азаттьң көзі кандай? - Какие у Азата глаза?

Азаттың көзі кара. - У Азата глаза черные.

Қасым калың. - У меня густые брови.

Кірпігің ұзын. - У тебя длинные ресницы.

Маңдайыңыз ашық. - У вас открытый широкий лоб.

Ерні жұқа. - У нее тонкие губы.

Тістерің әдемі. - У тебя красивые зубы.

Кыр мұрынды жігіт. - Парень с прямым носом.

Олардың шашы ұзын. - У них длинные волосы.

Ажар қараторы(аксары) қыз. - Ажар брюнетка (блондинка).

Оның беті секпіл - У нее лицо в веснушках.

Қара(көк, көгілдір) көзді. - Черноглазая (синеглазая,

голубоглазая) девушка.

Ұзын сақалды адам. - Человек с длинной бородой

1. Бет(і) (лицо) қараторы - смуглый

ақсары - блондинка

ақкұба - светлоликая (ий)

дөңгелек жүзді - круглолицая (ый)

сопақ - продолговатая(ое)

маңдай - лоб

кең - широкий

2. Шаш(ы) волосыұзын - длинный

қысқа - короткий

қалың - густой

сирек, селдір - редкий

сары - светлый

қара - черный

ақ - седой

боялған - крашенный

бұйра - кудрявый

тік - прямой

3. Көз(і)-глаза көкшіл - голубой

көк - синий

қой көзді - карие

қара - черный

үлкен көз- большие глаза

қысық көз - узкие глаза

4. Қас(ы)- брови қалың - густые

сирек - редкие

5. Кірпіктер(і)- ресницы ұзын - длинные

қысқа - короткие

сирек - редкие

қалың - густые

6. Мұрын (мұрны)- нос қыр мұрын - прямой нос

құс мұрын - орлинный

пұшық - курносый(ая)

7. Ерін (ерні)- губы жұқа - тонкие

томпақ - толстые

ІІ. Дене бітімі

Сымбатты – стройный (ая)

Денелі – крупного телосложения

Кең иықты - широкоплечий

Толық - полный, толстый

Арық - худой (ая)

Дене бітіміңіз әдемі - У вас красивая фигура

Оның тұлғасы сымбатты - У нее стройная фигура

Мұрат - кең иықты жігіт - Мурат – широкоплечий молодой человек

Балуан денелі адам - Человек атлетического телосложения

ІІІ. Бой(ы)

Ұзын бойлы – высокого роста

Орта бойлы – среднего роста

Аласа бойлы – маленького роста

Аласа бойлы еркек - мужчина маленького роста

Орта бойлы бикеш – девушка среднего роста

Ұзын бойлы кісі - человек высокого роста

ІҮ. Жасы

Ол он жеті жасар жігіт - 17 – летний парень

1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, әңгімелеуге дағдыланыңыз.

Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті

Замандас келбеті.

Адамның жан дүниесі өте күрделі. Онда жақсылықтың да, жамандықтың да әр түрі бар. Олардың қайсы басым түссе, адам соған қарай бетбұрыс жасап, өз тұлғасын қалыптастырады.

Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан-дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс... Қазіргі заманда адамның сыртқы келбеті тап-тұйнақтай киімі тап-таза болуы қажет. Сонда ол адам өз ортасында әріптестерінің арасында жүзі жарқын болып жүре алады.

Мен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті экономикалық факультетінде бірінші курста оқимын. Менің тобымда 16 студент оқиды. Оның 10-ы қыз, 6-ы ұл. Біз бәріміз құрдаспыз. Біз бір-бірімізді жақсы білеміз. Біздің тобымызда әр түрлі ұлттың өкілдері оқиды.

Мысалы Зәуре, Алтынай, Балнұр, Қарлығаш, Самалдың ұлты - қазақ, олар ұзын бойлы, шаштары қалың, ұзын, көздері үлкен, әдемі, сымбатты қыздар. Балнұрдың шашы бұйра ұзын. Зәуре, Қарлығаш, Самал аққұба, ал Алтынай мен Балнұр қараторы.

Ал, Оля мен Светаның ұлты – орыс, олар да ұзын бойлы, аққұба, сымбатты, шаштары боялған.

Оляның көзі үлкен, ал, Светаның көзі көкшіл кішкене. Альмираның ұлты – татар, ол аққұба келген, орта бойлы, сымбатты, көзі үлкен, әдемі қыз.

Луиза мен Даянаның ұлты – әзірбайжан. Олар қараторы келген, ұзын бойлы, қастары қиылған, кірпіктері ұзын, шаштары қара, көрікті қыздар. Олар өз ана тілінде сөйлей алады. Біздің топтың қыздары өте ұйымшыл, білімді және өте жақсы оқиды.

Тобымыздағы ұлдар байсалды, салмақты, ақжарқын. Мысалы, Тимур мен Әділет мектепте бірге оқыған. Олар ұзын бойлы, қой көзді, аққұба келген, екеуінің де шаштары толқынды бұйра.

Андрей, Олег, Виктордың ұлты – орыс. Олар орта бойлы, денелі, көздері көкшіл, аққұба келген, шаштары қысқа қиылған, олар өте ұқыпты, тиянақты және соңғы сәнмен киінеді.

Ал, Романның ұлты – метес. Ол ұзын бойлы, қараторы, көздері үлкен әдемі, шашы қалың қысқа, сымбатты жігіт. Ол қазақ тілін жақсы біледі.

2-тапсырма. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.

Адамның жан дүниесі қандай? Адамның өз тұлғасын қалыптастыратын не? Адам қандай болуы тиіс? Адамның сыртқы келбеті қандай болуы тиіс? Сіздің тобыңыздағы студенттердің келбеті қандай? Зәуре, Алтынай, Балнұр, Қарлығаш, Самалдың келбеттері қандай? Ұлты –татар, ол аққұба келген, орта бойлы, сымбатты, көзі үлкен, әдемі қыз кім? Тобыңыздағы ұлдардың келбеті қандай? Олар өте ұқыпты, тиянақты және соңғы сәнмен киінеді, олар кімдер?