- •1. Мәтінді оқыңыздар, көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауларын жалғаңыздар.
- •2. Сұрақтарға ііі жақтан жауап беріңіз.
- •4Тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дағдыланыңыз.
- •5. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •1) Халық арасында тұрғын үй ипатекасына қатысты жиі кездесетін сөз орамдарымен танысыңыз. Бірнеше рет оқып, жаттығыңыз.
- •Отбасымның суреті (фототсуреті)
- •I. Уақыт алтыннан да қымбат.
- •1.Лексика:
- •3. Уақыттымыздың жаулары ( враги нашего времени):
- •4. Мәтін бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.
- •5. Тапсырма:
- •1.Лексика:
- •2. Мәтін: Студенттің бос уақыты.
5. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Дәулет қай жерде туды ? 5. Апасы қайда оқиды ?
Отбасында неше адам бар ? 6. Інісі нешінші сыныптың оқушысы?
Әкесі туралы не айтасыз ? 7. Дәулеттің отбасы қандай?
Анасы кім ? 8. Отбасы нені өткізуді жақсы көреді?
тапсырма. Мәтінді Аударыңыз.
Моя семья.
Меня зовут Омаров Айдар Калиевич. У меня есть семья. Моя семья большая. У меня есть жена, два сына и дочь. У меня есть также бабушка и дедушка. Они старые люди. Моя жена - учительница.
Ее зовут Шолпан. Мой старший сын - студент.Он не женат, но у него есть невеста. А моя дочь
ученица. Ее зовут Жанат.
3-тақырып. Жас отбасы және дәстүр. Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық,
салт-дәстүрлер. Жас отбасының бюджеті.
Оқылым. Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық, салт-дәстүрлер.
Қазақтарда отбасы мен некеге қатысты ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері бар. Дүниегекелген жас нәрестеге оның құлағынаазан шақырыпат қойылатын. Жасы үлкен туысқандардың біріҚұраннанаятоқып, нәрестенің атын оның құлағына үш рет қайталап дауыстайтын. Ер бала 3,5 және 7 жасқа толғанда оны сүндетке отырғызу рәсімі өткізілетін. Сүндеттойына қонақтар шақырылатын, ат шаптырылып,спортжарыстары өткізілетін.Ата-ана өздерінің ұлын үйлендірудіәрқашан ойластырып жүреді.Болашақкелінді бала кезінен іздестіре бастайтын. Тіпті балалардүниегекелмей жатып-ақатастырурәсімі болатын. Құдаларды өнегелі, құрметті, текті жерден іздестіретін.Құдатүсудің салт-дәстүрлері бойынша арнайы рәсім өткізілетін. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасынданекеқиюға қатаң тыйымсалынатын.Баланыүйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті мынадай болатын:құда түсуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі, күйеудің қалыңдыққа ұрын баруы, келін түсіру тойы, неке қию рәсімі. Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларғақұйрық-бауыржегізеді. Бұлсалт-дәстүрқұдалық рәсімінің орындалғанын көрсететін. Құда түсудің ресми бөлігі аяқталғаннан кейінжігітжағы қыздыңкалыңмалынтөлейтін.Үйленутойы кезінде құдалар бір-бірінекиткигізетін болған. Ол түрлі қымбат бағалы киімдерден,матакездемелерден, мал басынан тұратын. Құдалар жағы бір-біріменқоржын алмасып, өзарасыйлықжасасатын. Үйлену тойының әдет-ғұрыптарынеке қиюрәсіміне ұласады. Қазақтардың дәстүрлі қоғамында қыздыңжасауынберудің де зор маңызы болды. Жасау қыз баланың жас кезінен әзірлене бастайтын. Қыздың жасауына киіз үй,кілем,текемет,сырмақсияқты бұйымдар, киім-кешек түрлері меныдыс-аяқтар, әр түліктен тұратын мал басы және басқалары кіретін болған. Жеке шаңырақ көтеріп, ата-анасынан еншісін алып шыққан жас отбасында күнделікті тіршілігіне қажетті нәрсенің бәрі де — отауы, төсек-орындары мен үй ішінің жабдықтары, есік алдында малы да болатын. Ежелден келе жатқан әдет-ғұрып бойынша ата-анасының қолында кенже ұлы қалып, қара шаңыраққа бүкіл мал-мүлкімен қоса иелік ететін.
Мәтінмен жұмыс.
1.Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.
2.Мәтінге сұрақтар құрастырыңыз.
3.Мәтіннен зат есімдерді теріп жазыңыз.
4.Қазақта баланы үйлендіруге байланысты қандай әдет-ғұрыптар бар екенін мәтіннен тауып жазыңыз.
5.Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
Жазылым.
1-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып толықтырыңыз.
Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң ........ салынған. Баланыүйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті мынадай болатын:құда түсуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі, күйеудің қалыңдыққа ұрын баруы, келін түсіру тойы, неке қию рәсімі. Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларға..............жегізеді. Бұл..............құдалық рәсімінің орындалғанын көрсететін. Құда түсудің ресми бөлігі аяқталғаннан кейінжігітжағы қыздыңкалыңмалынтөлейтін...........тойы кезінде құдалар бір-бірінекиткигізетін болған. Ол түрлі қымбат бағалы киімдерден,матакездемелерден, мал басынан тұратын. Құдалар жағы бір-біріменқоржын алмасып, өзара......... жасасатын. Үйлену тойының әдет-ғұрыптары..... рәсіміне ұласады.
Керекті сөздер: тыйым, құйрық-бауыр, салт-дәстүр, үйлену, сыйлық, неке қию.
2-тапсырма. Берілген сұрақтарға мәтін бойынша жазбаша жауап беріңіз.
1.Қазақтар дүниеге келген нәрестеге қалай ат қоятын болған?
2.Ербаланы неше жаста сүндетке отырғызған?
3.Қазақтарда неше атаға дейін қыз алысуға тыйым салынған?
4. Баланы үйлендіруге байланысты қандай әдеп-ғұрыптар бар?
3-тапсырма. Берілген сөйлемдерден етістіктің шақтарын табыңыз. Үйлену тойының әдет-ғұрыптары неке қию рәсіміне ұласады. Қазақтардың дәстүрлі қоғамында қыздың жасауын берудің де зор маңызы болды. Жасау қыз баланың жас кезінен әзірлене бастайтын. Қыздың жасауына киіз үй, кілем, текемет, сырмақ сияқты бұйымдар, киім-кешек түрлері мен ыдыс-аяқтар, әр түліктен тұратын мал басы және басқалары кіретін болған. Жеке шаңырақ көтеріп, ата-анасынан еншісін алып шыққан жас отбасында күнделікті тіршілігіне қажетті нәрсенің бәрі де — отауы, төсек-орындары мен үй ішінің жабдықтары, есік алдында малы да болатын. Ежелден келе жатқан әдет-ғұрып бойынша ата-анасының қолында кенже ұлы қалып, қара шаңыраққа бүкіл мал-мүлкімен қоса иелік ететін.
Жаңа сөздер.
Неке – Брак
Ортақ өмір – совместный жизнь
Отбасылық қақтығыстар –семейный перебранка
Ерлі-зайыптылар – благоверная; благоверный
Ақша жұмсау – расходовать деньги
Әділ – справедливый; правдивый
Жалданған есепші – арендованный бухгалтер
Отбасы бюджеті – семейный бюджет
Шешім қабылдау – принять решение
Оқылым.
Мәтінді оқып, аударыңыз.
Жас отбасы бюджеті.
Жаңадан ортақ өмірді бастаған кезде көбіміз ақша жағын ойлағымыз келмейді. Дәл осы сәттен екі ересек адам өзінің ортақ шаруашылығын жүргізуі тиіс, екеуі шоттарды төлеп және ортақ мақсатқа ақшаны жинаулары керек. Алғашқы көзбен қарағанда оңай секілді. Ал шын мәнінде отбасылық қақтығыстардың көбісі ақшадан болып жатады. Ерлі-зайыптылардың біреуі ақша тауып жатса, ол көбінесе тиімді болады. Кім ақша табатын болса, сол ақшаны қайда жұмсайтынын шешеді. Ал екіншісі «жалданған есепші» ретінде болуы мүмкін. Оның міндеті бюджетті қадағалау, бірақ-та қандай да бір шешімдерді қабылдау жатпайды. Ал егер екеуі де жұмыс істеп ақша тауып жатса, онда жағдай күрделене түспек. Коммуналдық қызметтерге кім төлеуі керек? Кімнің ақшасына тұрмыстық техниканы сатып аламыз? Қалай «әділ» отбасы бюджетін құруға болады?
Сіз отбасы бюджетін жоспарлай аласыз ба?
Егер сіздің осы уақытқа дейін өз ақшаңызды, атап айтқанда, отбасы бюджетін бөлу жоспарыңыз болмаса, онда асығуыңыз керек. Кез келген жоспарды, оның ішінде қаржы жоспарын саяхатшының жол картасымен салыстыруға болады. Ондай картасы болмаса, адам адасады және көздеген жеріне тез жете алмайды. Сондықтан адам бір орында тұрып қалмай, алға ұмтылғысы келсе, жоспардың болуы – өмірлік қажет талап. Қаржы жоспарын жасау үшін әуелі ағымдағы қаржылық ахуалды талдау қажет. Ол үшін алдымен бір айдағы және бір жылдағы кіріс пен шығыс туралы есеп жасау керек. Одан кейін қолда бар активтер мен пассивтерге талдау жасалуы тиіс.
Жас отбасы бюджеті.
Мысалы екі адамнан тұратын, отбасылық бюджетті енді ғана бірлесіп жүргізе бастаған жас отбасының қаржы жоспарын қарастырайық. Сондай-ақ жас отбасында 200 000 теңге несие (кредит) бар десек, жас жұбайларда қосымша ақша жинау үшін қаржы мүлде қалмайды. Мұндай жағдайда бірінші кезекте барлық күшті берешекті жоюға салу қажет. Сондай-ақ отбасылық бюджетті қалыптастыруға арналған тәсілді өзгерту қажет. Егер қазіргі жағдайда оның пассиві көп болса және негізінен отбасының ағымдағы қажеттіліктерінен тұратын болса, болашақта бюджет кіріс әкелетін активтермен толықтырылуы тиіс.
Бюджетті қалыптастыру жолдары қандай?Бюджеті барынша шектелген жоғарыдағыдай отбасының шығыстарын қысқарту, әрине күрделі болады. Сондықтан негізгі күш несиені тезірек өтеуге аударылады. Несиеден құтылса, жас отбасына қаржылай қор жинау үшін “артық” ақша пайда болады. Екінші кеңес: отбасының тұрақты қорын қалыптастыру толық аяқталғанша қарызға ақша алмау және несиеге ірі тауарлар сатып алмау керек. Үшіншіден, отбасы шығын жұмсалатын жерде үнемдеу керек, бірақ ешқашан тұтынудан үнемдемеу қажет.
Кез келген компанияның жетістігі көбіне оның өз ресурстарын қалай жұмсайтынына қатысты болады. Отбасылық экономиканы кез келген кәсіпорынның экономикасымен салыстыруға болады. Қаржы жоспары неғұрлым айқын және жан-жақты болса, компания немесе жеке отбасы соғұрлым табысты болады. Сондықтан шығыстарыңыз бен кірістеріңізді нақты көре білсеңіз, өз ақша ағыныңызды инвестициялау мүмкіндігіңіз бойынша жоспар жасай аласыз. Осылайша сіз өз ақшаңызды тиімді басқара аласыз.
•Берілген сөздерді мәтіннен тауып, аударыңыз.
қаржы – қаражат -
еңбекақы - отбасының отағасы –
асыраушысы - жүктеледі –
ақшалай қаражат - сақтаудың негізі –
ерекше - дәулетті –
орташа - қарапайым -
жағдайы төмен - қаражат көлемі –
ауқымды - шектеулі –
үнемдеу - жоспарлау –
жұмсау - мақсатына жету -
көп балалы - туылған нәресте –
төлемақы - жәрдемақы –
шет мемлекет - мемлекет тарапынан –
қолдау көрсету - сәби –
есепшот - қарастырылмаған –
үлгі тұтамын -
•Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеңіз.
Отбасы бюджеті
Отбасы бюджеті – отбасылық қаржы, отбасы қаражаты дегенді білдіреді. Отбасы бюджеті әке мен ананың, сонымен қатар отбасы мүшелерінің еңбекақысынан тұратын ақшалай қаражат. Әр адам отбасын құрғанда отбасы бюджетіне ерекше назар аударады. Себебі, отбасы бюджеті – отбасын құрудың және оны сақтаудың негізі деп айтуға болады.
Әке – отбасының отағасы, асыраушысы болғандықтан, ол кісіге отбасы бюджеті жүктеледі.
Отбасы бюджетіне байланысты отбасылар: дәулетті отбасы, орташа немесе қарапайым отбасы, жағдайы төмен отбасы болып қарстырылады. Мысалы, дәулетті отбасының отбасылық қаражатының көлемі үлкен, ауқымды болады, соған байланысты қаражат көп жұмсалады. Ал, қарапайым отбасы бюджетінде қаражат есеппен, шектеулі және үнеммен жұмсалады. Дегенмен, қай отбасы болмасын, өз отбасылық қаражатын үнеммен, есеппен, жоспармен жұмсай алса, сол отбасы өз көздеген мақсатына жетеді.
Біздің елімізде көп балалы және жаңа туылған нәрестеге отбасы бюджетіне қосымша төлемақы, жәрдемақы төленеді.
Кейбір шет мемлекеттерде отбасы бюджетіне мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіледі. Мысалы, сәби өмірге келген кезден бастап банкте есепшот ашылып, ол 18 жасқа толғанда беріледі. Бұл әр азаматтың өз бетінше отбасын құрып, ары қарай өмір сүруіне көмектеседі. Біздің елімізде ондай әлі қарастырылмаған.
Біздің отбасымызда отбасылық қаражатты көбінесе әкем табады. Анам да еңбек етеді. Екеуі бірге отбасылық бюджетті жоспарлап, үнемдеп жұмсайды. Мен ол кісілерді үлгі тұтамын, және өте бағалаймын.
1-тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын (синонимін) мәтіннен табыңыз.
айлық жалақысынан тұратын ...................................................................
ерекше көңіл бөлу ...............................................................................
әр адам үйленерде ....................................................................................
жанұялық ақшаның мөлшері ......................................................................
ақша көп кетеді ............................................................................................
18 жасқа келгенде ..............................................................................................
2-тапсырма. Сөйлемдерді мәтінннің көмегімен аяқтаңыз.
Отбасы бюджеті ............................................................................. еңбекақысынан тұратын ақшалай қаражат. Бұл ............................................................. өмір сүруіне көмектеседі. Біздің елімізде көп балалы және ...................................... отбасы бюджетіне қосымша .............................төленеді. Қарапайым отбасы бюджетінде қаражат ..................................................... жұмсалады. .................................... – отбасын құрудың және оны ..................................... айтуға болады.
3-тапсырма.Сөйлемдерді орын тәртібімен жазыңыз.
Отбасылық қаражатты көбінесе біздің әкем табады отбасымызда. Тұтамын, және өте бағалаймын кісілерді үлгі мен ол. Мемлекет кейбір шет мемлекеттерде тарапынан үлкен қолдау отбасы бюджетіне көрсетіледі. Өз отбасылық қаражатын жоспармен жұмсай алса, сол отбасы өз көздеген мақсатына жетеді қай отбасы болмасын, үнеммен, есеппен, жоспармен.
4-тарсырма. Сөйлемдерді керекті сөздермен толықтырыңыз.
Сәби ............... кезден бастап банкте есепшот ашылып, ол 18 жасқа толғанда беріледі. Отбасы .......... байланысты отбасылар: ........ отбасы, орташа немесе қарапайым отбасы болады. Отбасы бюджеті – отбасылық ......., отбасы қаражаты ............ .
(ақша, ,бай,қаражатына,деп аталады, дүниеге келген)
5-тарсырма. Берілген сөз бен сөз тіркестерін тәуелдеңіз.
Еңбекақы, отбасылық бюджет, отбасылық қаражат.
6-тапсырма. Мәтіннің үшінші абзацына сұрақ қойыңыз.
4-тақырып. Қазіргі тұрғын үй. Тұрғын үй түрлері.
Оқылым.
1-тапсырма. Жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыздар.
Төлеу қабілеттілігі, жылжымайтын мүлік, алғашқы төлеу жарнасы, алып-сатарлығын болдырмау, шаршы метр, жағымды жаңалық, сыйақы, заем, қоныстой, өзектілік, бәсекеге қабілетті
2-тапсырма. Мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
. Қазіргі тұрғын үй. Тұрғын үй түрлері.
Қазақстан экономикасын көтеру, сондай-ақ халықтың басым бөлiгiнiң өз тұрғын үй жағдайларын жақсартуға ұмтылысы республикада тұрғын үй құрылысының өзектiлігіне себепшi болды. Тұрғын үй құрылысы Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының басым бағыттарының бiрi болып танылды және ол жалпы ұлттық сипаттағы неғұрлым маңызды мiндеттердiң бiрi болып табылады.
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігiн арттыру орта мерзiмдi перспективада тұрғын үй құрылысында жаңа саясатты талап етедi.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрi - Бағдарлама) негізгi бағыттары тұрғын үйдiң құнын арзандату арқылы халықтың қалың жiгi үшін қолжетiмдi тұрғын үй құрылысының тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз ету, тұрғын үйге несиелендіру мерзiмдерiн ұзарту, несиелендірудiң бастапқы жарнасы мен мөлшерлемелерін азайту болып табылады.
Синоним сөздер:
халықтың басым бөлiгi, халықтың қалың жiгi – халықтың көбі
Сұрақтар:
Тұрғын үй бағдарламасының өзектілігі неде болды?
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігiн арттыруда тұрғын үй құрылысының маңызы қаншалықты?
Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қай жылдарға арналған?
Тұрғын үй бағдарламасымен кімдер үй ала алады?
Жазылым.
3-тапсырма. Жақшаның ішіндегі жалғаулардың керегін таңдап жазыңыздар.
Тұрғын үй құрылысы Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының басым бағыттары(-н, -ның, -на) бiрi болып танылды. Ол жалпы ұлттық сипаттағы неғұрлым маңызды мiндеттер(-ге, -ін, -дiң) бiрi болып табылады. Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдар(-на, -ға, -да) арналған мемлекеттік бағдарламасының мерзім(-ге, -і, -не) ұзартылды.
4-тапсырма.
