Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Прокурорлык кадагалау -1 кешен.doc
Скачиваний:
125
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
254.98 Кб
Скачать

Соттарда азаматтық істердің қаралуына прокурорлық қадағалау

Бірінші сатылы сотта азаматтық істер бойынша прокурордың қадағалауы сотта талап қою және оны қолдау, сондай-ақ сотта азаматтык істерді қарауға қатысу және қорытынды беру нысанында жүзеге асырылады.

Көрсетілтен нысандағы заңдардың орындалуын қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі прокурор жұмысының ерекшеліктерін қарайық.

Прокурордың талап қоюы. Прокурорда заңның бұзылғанына кінәлі адамдарға мәжбүрлеу шараларын қолдану құқығы жоқ. Бірақ, заң бұзушылықтарды жою, бұзылған құқықтарды және мемлекеттің, кәсіпорындардың, ұйымдардың және азаматтардың заңмен қорғалатын мүдделерін қалпына келтіру қажеттіліктері туындағанда, оның араласпай қалуы мүмкін емес. Осы мақсаттарда оған сот ықпалының нәтижесінде бұзылған занды қалпына келтіру үшін талап арызбен сотқа шағымдану құқығы берілген. Прокурордың сотқа талап қоюы, оның анықталған заң бұзушылықтарға қолданған шараларының бірі болып табылады.

Істі қозғаған прокурордың іс жүргізу жай-күйі басқа талап бертен адамдардан ерекшелейтін бірқатар ерекшеліктермен сипатталады. Прокурор берілген талап бойынша сот шығындарын төлемейді. Оның талап арызды қабылдаудан бас тартуы мүмкін емес. Тек бір жағдайда ғана жЕгер талап қойып жатқан адамда сотқа өтініш беру құқығы болмаса, прокурор талап арызды қабылдаудан бас тартуы мүмкін. Прокурорға қарсы талап қоюға болмайды. Жауапкер прокурордың талап қойған адамына ғана қарсы талап қоя алады. Талап бойынша қабылданған соттың шешімі прокурорға емес, мүддесін қорғау үшін талап қойған адамға таратылады. Прокурор тараптарға тән іс жүргізу әрекеттерін: бітімгершілік келісімін жасауға құқылы емес (АІЖК 55 баб. 5 бөл).

Прокурорлар талап қою бойынша өз өкілеттіктерін азаматтардың, ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық және мемлекет мүдделерін қорғау қажет болған жағдайда пайдаланады (АІЖК 55 баб. 3 бөл.).

Азаматтық іс жүргізуде заңдардың орындалуын прокурорлық қадағалау амалдарының бірі, прокурордың сотта қаралып жатқан дауға араласуы болып табылады. Мүны ол мүддесі қорғалуға жататын адамның өзі сотқа талап арыз беруте құқылы болмаған жағдайда іске асырады. Бұлар ең алдымен, ата-аналық қүқықтан айыру немесе асырап алуды жою туралы мәселелерді шешу кезінде кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болады.

Прокурорлар қандай себептер бойынша талап қойса да, талап қою материалдарын жан-жақты және мұқият әзірлеу керек, ал қажет болған жағдайда, прокурордың талаптары тиісті құжаттармен бекітілуте тиіс.

Талап арыздың нысаны мен мазмұны ҚР АІЖК 150-бабында баяндалған талаптарға сәйкес келуі тиіс. Арызда:

1) арыз берілетін соттың атауы;

2) талап қоюшының атауы, оның тұрған жері (мекен-жайы);

3) жауапкердің атауы, түрғылықты жері, Егер жауапкер заңды тұлға болса, оның тұрған жері;

4) талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе занды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;

5) прокурор өзінің талаптарын нетіздейтін мән-жайлар, және прокурормен баяндалған мән-жайларды растайтын делелдемелер;

6) Егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы;

7) бүл заңмен белтіленсе, немесе тараптардың шартында көзделсе, жауапкерте жүтінудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау туралы мәліметтер;

8) арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі керсетілуте тиіс. Арызға прокурор қол қояды. Талап арыз сртқа жауапкерлердің саны бойынша көшірмелерімен ұсынылады. Талаптың сипаты мен ауырлығына қарай сот прокурорға талап арызға тіркелген құжаттардың көшірмесін әкелуте міндеттеуі мүмкін.

11 – тақырып: Әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығына прокурорлық қадағалау

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен ҚР “Прокуратура туралы” Заңына сай әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалау жасау прокуратура органдары қызметiнiң негiзгi бағыттарының бiрi, әрi прокурорлық қадағалаудың дербес саласы болып табылады.

Республикада жылына әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн мыңдаған адамдар мен заңды тұлғалар әкiмшiлiк жауапқа тартылып, олардың арасында заңсыз жауапкершiлiкке тартылып, конституциялық құқықтарына елеулi зиян келу фактiлерi де болып тұрады. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексiне сай қырыққа жуық мемлекеттiк органдар мен соттар әкiмшiлiк құқық бұзушылқ жөнiнде iс қозғап, әкiмшiлiк жауапкершiлiктi қарайды.Сол субъектiлердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамалардың дәлме-дәл қолданылуына қадағалау жасау - прокурорлық қадағалаудың басты мақсаты мен мазмұны.

ҚР “Прокуратура туралы” Заңының 40-бабына сай әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығына прокуратура:

  1. әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде, сондай-ақ iстердi қарау мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн жазалау шараларын белгiлеген кезде заңдардың дәл әрi бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз ету;

  2. әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарды қолданған кезде адамның және азаматтың, лауазымды адамдар мен ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiру;

  3. азаматтардың әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде жүргiзiлген iстерге байланысты кез келген актiге шағымдану құқығын қамтамасыз ету;

  4. әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарды қолданған кезде заңдарды бұзуға кiнәлi адамдарға шара қолдану мақсатында жүзеге асырады.

2.Әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалау жасаудағы прокурордың өкiлеттiгi.

ҚР “Прокуратура туралы” Заңының 41-бабының талаптары мен Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексiнiң тиiстi баптарының талаптарына сай, прокурорлар әкiмшiлiк iс жүргiзу заңдылығын қамтамасыз ету жөнiнде мына өкiлеттiктердi iске асырады:

1) уәкiлдi лауазымды адамдар мен органдардан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы мәлiметтердi, құжаттар мен iстердi талап етуге;

2) құзыретiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау мен жаза қолдану кiретiн лауазымды адамдар мен органдардың iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне берiлген шағымдарды қарауға;

3) азаматтарды әкiмшiлiк ұстау мен қамаудың заңдылығын, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа ықпал етудiң өзге де шараларының негiздiлiгiн тексеруге;

4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстердi қарауға қатысуға, өтiнiштер жасауға, iстi қарау кезiнде туындаған мәселелер бойынша қортындылар беруге;

5) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуын тексеруге;

6) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заңды тұлғалар мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде шаралар қолдануға;

7) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiнде iс жүргiзудi қозғауға;

8) заңда көзделген басқа да iс-әрекеттердi жасауға хақылы.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры әкiмшiлiк iстер бойынша субъектiлердiң актiлерiнiң заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыруды жетiлдiру мен тиiмдiлiгiн жоғарлату, қабылданған актiлердiң заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында төменгi тұрған прокурорлардың осы бағыттағы жұмыстарын тексерiп, тиiстi

12 – тақырып: Атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығына прокурорлық қадағалау

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес соттың заңды күшiне енген үкiмдерi мен қаулылары, шешiмдерi мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың бәрiне бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мүлтiксiз орындалуға жатады.

Қылмыстық және азаматтық iстер бойынша заңды күшiне енген сот актiлерiнiң орындалуы кезiнде заңдылықтың сақталуының маңызы зор.

Iс жүзiнде сот актiлерiн орындау кезiнде заңсыздықта жол беру фактiлерi кездесiп жатады.Сондықтан атқарушылық iс жүргiзiдiң заңдылығына қадағалау жасау прокуратура органына заңмен жүктелген.

Бұл прокурорлық қадағалаудың пәнi ҚР “Прокуратура туралы” Заңының 43-бабымен айқындалған, яғни, олар:

1) сот тағайындаған жазалау мен мәжбүр ету сипатындағы өзге де шаралардың атқарылуы кезiнде адамдардың бас бостандығынан айыру орындарында болуының заңдылығы;

2) аталған мекемелерде сотталған адамдарды ұстаудың заңда белгiленген тәртiбi мен шарттарының сақталуын, олардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы;

3) бас бостандығынан айыруға қатыссыз жазаларды атқарудың заңдылығы;

4) азаматтық және өзге iстер жөнiндегi сот шешiмдерiн атқару заңдылығы.

Прокурордың өкiлеттiгi.

Атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор өз құзыретi шегiнде( 44-бап).

Соттың заңды күшiне енген үкiмдерi мен қаулылары Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдары негiзiнде орындалады.

ҚР қылмыстық – атқару заңдары Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару кодексi және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, сондай-ақ жазаны және сотталғандарға қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқару мен өтеудiң тәртiбiн және жағдайларын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. ҚР қылмыстық- атқару заңдарының мақсаттары әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың да, өзге адамдардың да жаңа қылмыстар жасауының алдын-алу болып табылады.Аталған мақсаттарға сәйкес қылмыстық-атқару заңдарының мiндетi жазаларды өтеудiң тәртiбi мен жағдайларын реттеу, сотталғандарды түзеу құралдарын анықтау, олардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерiн қорғау, оларға әлеуметтiк бейiмделуге көмек көрсету деп саналады (ҚР қылмыстық-атқару кодексi 2-бап).

Iс жүзiнде осы мiндеттердi iске асырушы субъектiлер тарапынан заңсыздыққа жол берiлiп,сотталған адамдардың конституциялық құқықтарына елеулi зиян келедi.Сондықтан да жазаны атқару кезiнде заңдардың дәлме-дәл, бiркелкi қолданылуына, яғни заңдылықтың сақталуына қадағалау жасау мемлекеттiк органдар iшiнде тек прокуратура органына жүктелген.

Осы бағыттағы прокурорлық қадағалаудың объектiлерi болып:

1) Әдiлет Министрлiгiнiң сот тағайындаған жазалау және мәжбүр ету сипатындағы өзге де шараларды атқарушы бас бостандығынан айыру орындары мен мекемелерi (түзеу колониялары, тәрбиелеу колониялары, түрме, емдеу орындары,тергеу изоляторлары) ;

Түзеу мекемелерiнде бас бостандығынан айыру және өлiм жазасы жөнiндегi жазалар iске асырылады.2) Iшкi Iстер Министрлiгiнiң қылмыстық-атқарушылық инспекциясы(бас бостандығын айыруға қатыссыз жазалардың орындалуын iске асыру);3) тәртiптiк әскери бөлiмдер;4) Денсаулық Министрлiгiнiң психиатриялық стационары ( мәжбүлеп емдеудi

Қылмыстық қудалау. Прокуратура Конституцияға , ҚР “Прокуратура туралы” Заңына сәйкес және қылмыстық iс-жүргiзу заңдарымен белгiленген тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды iске асырады.

ҚР “Прокуратура туралы” Заңының 46-бабына сай қылмыстық қудалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:

  • қылмыстық оқиға болған жердi қарауға қатысуға,сараптама тағайындауға, сондай-ақ қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi шешу үшiн қажеттi басқа да iс-әрекеттер жасауға хақылы;

  • қылмыстық iс қозғайды немесе қылмыстық iс қозғауға рұқсат беруден бас тартады;

  • анықтама немесе алдын ала тергеу жүргiзу үшiн тиiстi органға прокуратура қозғаған қылмыстық iстердi жолдайды;

  • заңда көзделген жағдайларда жедел-iздестiру қызметiн, анықтау мен тергеудi жүзеге асыратын лауазымды адамдардың жасайтын iс-әрекетiне санкция бередi;

  • жекелеген тергеу әрекеттерi бойынша iс жүргiзуге қатысады;

  • қол сұғуға болмайтын құқыққа ие адамдарды қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға келiсiм алу үшiн ұсыныс енгiзедi;

  • қылмыстық iстi соттың қарауына жолдайды.

Айыптау қорытындысымен келiп түскен қылмыстық iстi зерделеу кезiнде прокуорор не оның орынбасары анықтама мен тергеу органдарының заңдардың талаптарын сақтауын және айыптыны сотқа беру үшiн негiздердiң жеткiлiктi екенiн тексеруге мiндеттi. Егер заңдылық толық сақталып, айыпкердiң қылмыстық iсi дәлелденген болса, прокуорор не оның орынбасары қылмыстық iстi сотқа оны негiзiнен қарау үшiн жолдайды.

Айыптау қорытындысымен түскен қылмыстық iстi зерделеген кезде прокурор:

  • iстiң жүргiзiлуiн тоқтатуға немесе адамға қатысты қудалауды тоқтатуға;

  • айыптау қорытындысынан жекелеген айыптау тармақтарын алып тастауға, жеңiлiрек ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға;

  • тыю шарасын таңдап алуға,өзгертуге немесе жоққа шығаруға;

  • қосымша тергеу жүргiзу үшiн қылмыстық iстi тергеу органына қайтаруға хақылы.

Осы өкілеттіуктерін іске асыру кезінде қаулы қабылдайды.

13-ТАҚЫРЫП: Құқықтық статистика мен арнайы есеп жүргiзу және осы жүйені реттейтін заңдардың қолданылуына прокурорлық қадағалау.

Статистика “status”- статус деген латын сөзiнен пайда болған, ол белгiлi бiр жағдай деген мағнаны бiлдiредi.

Статистика - мемлекетте болып жатқан құбылыстар жөнiнде жинақталған мағлұматтар. Құқықтық статистика құқық саласындағы, оның iшiнде әсiресе қылмыстық жағдайдың жалпы көрiнiсiн сипаттайды.

Қазақстанда құқықтық статистиканың ұйымдық құрылымы кешегi Кеңестер Одағы кезiнде құрылып, кеңестiк заң статистикалық қызметiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.Статистика органдарын ол кезде бiртiндеп жаңарту жалпы мемлекеттiк көлемде құқықтық статистика саласындағы қызмет аясын тарылта түстi. Статистика тар ведомстволық шеңберде, яғни КСРО (Кеңестiк социалистiк республикалар одағы) милициясының Бас басқармасы мен КСРО Прокуратурасының қарауында болды. Ал еңбекпен түзеу мекемелерiнiң статистикасы КСРО Әдiлет халық комиссариатына, кәмелетке жасы толмағандардың құқық бузушылығы одақтас республикалардың бiлiм беру халық комиссариаттарына қарады. КСРО тарағанша статистика құрылымы көптеген өзгерiстерге ұшыраумен болды.

1997 жылғы 22- сәуiрге дейiн қылмыс туралы, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi мәлiметтер жинақталған түрде тек Республиканың Iшкi iстер министрлiгi Ақпарат орталығында, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң Қылмыстық ақпарат орталығында,соттар қарауына жататын мәлiметтер Әдiлет министрлiгiнде тiркелдi.

1997 жылы 22- сәуiрде ҚР Президентiнiң “Құқық қорғау органдары жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы” Жарлығы шығып, соған сәйкес ҚР Бас прокуратурасы жанынан Құқықтық статистика және ақпарат орталығы құрылды.Бұл актiнiң қабылдануы құқықтық реформаны аяқтаудағы маңызды кезең болды,әрi құқықтық статистика өз тарихында бiрiншi рет қадағалау органы қарауына берiлдi.

Салалық, қызметтiк және ұйымдық ерекшелiгi бар мұндай органды құру қажеттiлiгi қылмыспен күресте қылмыстық ахуалды бұрмалап көрсетiп келген бұрынғы ақпараттық-статистикалық жүйенiң жiберген кемшiлiктерiн жою мақсатынан туындады.Ондай олқылыққа тосқауыл қойып оның орнын толтыратын тек прокуратура органы едi.

“Прокуратура туралы” ҚР Заңының 4-бабының 6-тармағына сай, прокуратура органдары мемлекет атынан статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, объективтiлiгiн және жеткiлiктiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргiзедi, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады, әрi бұл прокуратура органдары қызметiнiң негiзгi бағыттарының бiрi болып саналады.

Құқықтық статистика және ақпарат орталығы алдымен Бас прокуратураның дербес Департаментi болды.

Құқықтық статистиканы ары қарай дамыту мақсатында 2003 жылдың 28-наурызындағы ҚР Президентiнiң Жарлығымен аталған орталықтың негiзiнде дербес мемлекеттiк мекеме - Бас Прокуратура жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есеп жүргiзу комитетi болып қайта құрылды.

Қазiргi уақытта Комитет және оның құрылымдары прокуратура органдарында өзiндiк ерекшелiгi бар мiндеттердi орындайтын мемлекеттiк институтқа айналып үлгердi.

Құқықтық статистика органдары үшiн ең бiрiншi сынақ болған,оның кәсiби,әрi шығармашылық қуатын дәлелдейтiн тұс “Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы” ҚР Заңының ақпараттық-статистикалық мiндеттерiн орындау болып табылады.

Кәсiпкерлiк субъектiлер қызметiн мемлекеттiк органдардың тексеруiне есеп жүргiзудiң де маңызы зор.Ол кәсiпкерлердiң жұмыс iстеуiне қолайлы жағдай жасап, мемлекеттiк органдардың заңсыз тексерулерiнен қорғайды.

14-ТАҚЫРЫП: Қылмыспен және басқа құқық бұзушылықпен күресте құқық қорғау органдарының қызметiн үйлестiру.

1.Үйлестiру сөзi координация (со-бiрге, ordinatio –жөнге салу немесе тәртiпке салу) бiрге жөнге салу деген латын сөзiнен шыққан.

Прокуорлық қадағалау тәжрибесi жергiлiктi жерде қылмыспен және басқа да құқық бұзушылықпен күрес, оның алдын алуға бағытталған жұмыстардың пәрмендiлiгiн арттыруда барлық құқық қорғау органдарының осы саладағы жұмыстарын үйлестiрiп,бiрiгiп шешетiн мәселелердi анықтап, оны уағында iске асырып отыруы қажеттiлiгiн көрсеттi. Бұл жұмысты ұйымдастыру прокуратура органына жүктелген.Оның тарихы 1922 жылдан басталады.1922 жылы Юстиция Халық комиссариаты прокуратураға қылмыспен күрес мәселелерiн үнемi барлық құқық қорғау органдарының қатысуымен қарап, тиiстi шешiмдер алу жүктелген.1933 және 1955 жылдары қабылданған “Прокуратура туралы Ережеде” үйлестiру жұмысының нормалары көрсетiлмей, үйлестiру жұмысы жүргiзiлмей қалған. Прокуратура органдарының үйлестiру жұмысына басшылығы Советтер Одағының Коммунистiк партиясының Орталық Комитетiнiң 25- қаңтар 1972 жылғы қаулысымен анықталып, үйлестiру прокуратура органыны қызметiнiң бiр саласы ретiнде 30 - қараша 1979 жылы қабылданған “ССРО прокуратурасы туралы” Заңда көрсетiлiп, нақты құқықтық бекiтуге ие болды.Осы Заңның 3-бабында прокуратура құқық қорғау органдарының қылмыспен басқа құқық бұзушылықпен күрестегi жұмысын үйлестiредi деп көрсеттi.Үйлестiру жұмысы Үйлестiру Кеңесi арқылы жүзеге асырылады. Үйлестiру Кеңесi құқық қорғау органдарының басшыларының кеңесу органы ретiнде жұмыс iстеп, қылмыспен, құқық бұзушылықпен күрестi күшейтуге бағытталған жұмыс жопарын бiрге жасақтап, оны iске асыру жолдарын кеңесе отырып шешедi.Үйлестiру Кеңесiнiң төрағасы - Республиканың Бас Прокуроры мен тиiстi прокурорлар.1989-1991 жылдары аралығында прокуратураны қылмыспен күрестегi үйлестiру қызметiнен шектеп, бұл жұмысты басқа арнайы құрылған әртүрлi комитеттер мен комиссиялардың құзыретiне де берiлiп көрiлдi.

Тәуелсiз алғаннан кейiнгi 1992 жылдың 17- қаңтарында қабылданған “Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы” Заңда прокурордың үйлестiру жұмысын жүргiзу құқығы қарастырылмады.Тек, 1994 жылы 14 - шiлдедегi қабылданған ҚР “Қазақстан Республикасының прокуратура органдары қызметкерлерiнiң материалдық және зейнеткерлiкпен қамтамасыз етуге байланысты Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегi” Заңында прокуратураға қылмыспен және басқа құқық бұзушылықпен күресте құқық қорғау органдарының қызметiн үйлестiру жүктелдi.

1995 жылдың 21-желтоқсанындағы ”Қазақстан Республикасының прокуратуры туралы” ҚР Президентiнiң заңды күшi бар Жарлығында прокуратура қайтадан үйлестiру құзыретiнен шектелдi. Бұл заңгерлер арасындағы прокурордың үйлестiру қызметiне көзқарастың әртүрлi болуымен туындады.Кейбiр заңгерлер прокурор заңдар мен заң актiлерiнiң қолданылуындағы заңдылықты қадағалап отыратын,ешкiмге тәуелсiз тұлға, ал қылмыстықпен күрес, оның ашылуын қамтамасыз ететiн тиiстi құқық қорғау органдары ғана айналысуы керек деген пiкiрде болды.Бiрақ олар прокурор жоғарғы қадағалау жасай отырып, қылмыспен және басқа құқық бұзушылықпен күрестегi заңдылықтың сақталу деңгейiн ертерек байқап, бұл саладағы күрделi мәселелердi шешу жолдарын басқа құқық қорғау органдарымен кеңесе отырып қарап, оны тiптi керек болған жағдайда мемлекеттiк деңгейде шешуге ықпал ете алатынын ескермедi.Iс жүзiнде өзi прокурорлық қадағалау жасап отырған аймақта қылмыспен және басқа құқық бұзушылықтың болу себептерiн, олармен күрестегi тиiстi органдар мен мекемелердiң қызметiнiң жетiстiгi мен кемшiлiгiн кәсiби деңгейде көрiп,олардың осы саладағы жұмыстарының пәрмендiлiгiн арттыруға ықпал етуге құзыретi жететiн де прокуратура органы.

15-ТАҚЫРЫП: Қазақстан прокуратурасының халықаралық–құқықтық ынтымақтастығы.

1.ҚР “Прокуратура туралы” Заңының 12-бабының 8-тармағында ҚР Бас прокуратурасы халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан өкiлдiк етедi деп көрсеткен.

Қазақстан өзiнiң тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн басқа мемлекеттермен қарым-қатынас орната бастады. Экономикалық қарым-қатынаспен бiрге қылмыспен күрес, барлық азаматтардың құқықтарын қорғау, халықаралық заңдарды қолдану мәселесi туды. Аз уақыттың iшiнде Қазақстанды басқа шет елдер танып, жүзден астам ел дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.Қазақстан ТМД елдерi арасында бiрiншiлердiң қатарында Бiрiккен Ұлттар Ұйымына( БҰҰ) мүшелiкке қабылданды.Республикада халықаралық құқықтық база жинақталды.Олардың iшiнде БҰҰ қол қойған есiрткi заттарын таратумен, терроризммен, әуе жолдарын қоршап алумен күрес туралы халықаралық Конвенцияның орны бөлек. Азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған халықаралық Конфенцияны қабылдауы Қазақстанның демократиялық мемлекет құру жолында екендiгiнiң дәлелi.

ТМД елдерiнiң Парламентаралық Ассамблееясында қылмыстық, қылмыстық iстер жүргiзу, қылмыстық-атқару Кодекстерiнiң моделiн қабылдау, бұл елдермен құқық жүйесiндегi жақындасудың белгiсi.Осы елдердiң Бас прокурорларының Үйлестiру Кеңесi де осы мақсатты көздейдi ( желтоқсан 1995 жыл) .Мемлекеттер арасындағы экономикалық, әлеуметтiк, құқықтық проблемаларды шешудi оңайлату, ынтымақтастықты арттыру, азаматтардың құқытарын қорғау-басты мақсат.

ҚР Қылмыстық iс жүргiзу Кодексiнiң 55- тарауында көрсетiлген азаматтардың құқықтарын шектейтiн экстрадиция, қылмыстық құдалау, тергеу органдарының тапсрымаларын орындауға байланысты санкция беру тек прокуратура құзыретiне берiлген.

ҚР прокуратурасы 1998 жылы Халықаралық прокурорлар Ассамблееясының толыққанды мүшесi болып қабылданып, Пекин, Кейптаун қалаларында өткен конференция жұмыстарына қатысты.

2.Прокуратураның қылмыспен күрес саласында халықаралық ынтымақтастығы.

Кеңес Одағы ыдырып, оның құрамындағы елдердiң өз тәуелсiздiгiн алып, жеке мемлекет болып қалыптасуы, қоғамның демократияландырылуы Қазақстан Республикасының халықаралық қатынасын елеулi ұлғайтып, елден кету мен елге келi мәселесi жеңiлдендi.Бiрақ осы жақсы жағдайды кейбiр қылмыс жасаған адамдар қылмыстық жауапкершiлiктен құтылып кету жолында тиiмдi пайдаланды.Сондықтан әртүрлi мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының кiнәлi адамдарды әшкерелеу жолында күштерiн бiрiктiру қажеттiгi туындады. Қоғамның, соған байланысты адамдардың психологиялық көзқарастарының өзгеруi, шекаралардың жақсы күзетiлмеуiнен халықаралық деңгейдегi топтасқан қылмыстар өсiп,олармен күрес мәселелерiнде қиыншылықтар пайда болды.

1992 жылы Қазақстанның бастауымен Алматыда ТМД және Балтика елдерiнiң Бас прокурорларының алғашқы кездесуi өттi.

1993 жылы Ынтымақтастық елдерiнiң басшылары өзара құқықтық көмек көрсету және азаматтық, некелiк, қылмыстық iстер бойынша құқықтық қатынастарды реттеу туралы Минскiде Конвенция қабылдап, осының негiзiнде ұйымдасқан және басқа да қауiптi қылмыстармен күресуде күштердi бiрiктiру туралы Бағдарлама бекiтiлдi.Осы кезеңде сонымен қатар, ТМД елдерiнiң қылмыспен күресетiн арнайы органдарының қызметiн реттейтiн құқықтық актiлердiң заман талабына сай қабылданып, бiр-бiрiмен ақпарат алмасуын жетiлiру, қылмыспен күресте нақты қимылдарын анықтау сияқты мңызды жұмыстар да атқарылды.

1995 жылдың желтоқсанында Бас прокурорлардың Үйлестiру Кеңесiн құру туралы шешiм қабылданды. Оның толыққанды мүшесiнiң бiрi - ҚР Бас Прокуроры.

Ф ҚазҰПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені