
- •«Прокурорлық қадағалау» пәнінен
- •Прокуратураны ұйымдастырудың және қызметінің қағидаттары
- •Прокурорлық қадағалаудың құқықтық актілері
- •Прокурордың жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау жөніндеті өкілеттігі
- •Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері
- •Анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері
- •Алдын ала тергеу органдарында заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері
- •Соттағы прокурордың іс жүргізу жағдайы
- •Соттарда азаматтық істердің қаралуына прокурорлық қадағалау
Алдын ала тергеу органдарында заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері
Қылмыстық іс жүргізу заңдылығы бойынша ішкі істер органдарында, ұлттық қауіпсіздік органдарында және қаржы полиңиясы органдарында қызмет атқаратын тергеушілер алдын ала тергеу органдары болып табылады. Осы үш ведомствоның тергеушілері қылмыстарды ҚР ҚІЖК-нің 192-бабы талаптарына сәйкес, әр ведомствоға бөлінтен тергеу ретіне қарай тертейді.
Ішкі істер органдары тергеушілерінің тергеулеріне қылмыстардың ең көп мөлшері анықталған:
* дене және психикалық кемістіктерінен өзінің қорғану құқықтарын өз беттерінше жүзеге асыра алмайтын адамдар мен кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстары жөніндеті барлық қылмыстық істер өндірісі;
* қаруды заңсыз жасау;
* есірткі заттарды немесе жүйкете әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, женелту немесе сату; сондай-ақ мынадай ең қауіпті және ауыр қылмыстар: адам өлтіру, абайсызда жәбірленушіні өлтіруте әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зардаптар келтіру, адамды ұрлау, зорлық, ұрлық, тонау және т.б.
Азаматтардың салықты төлеуден жалтару туралы қылмыстық істері бойынша Егер ондай әрекетті бұдан бұрын салық төлеуден жалтарғаны немесе ірі мөлшерде төлеметені үшін соттылығы бар адам жасаған жағдайда, сондай-ақ ұйымдардың салық төлеуден жалтарулары бойынша алдын ала тергеуді қаржы полиңиясының органдары жүртізеді. Заңсыз банктік қызмет, жалған кәсіпкерлік туралы және басқа да бірқатар қылмыстық істер бойынша, оларды тергеу қозғалған қылмыстық істің қылмыстарына байланысты болса және ол жеке өндіріске бөлінуте жатпаса, онда олар алдын ала тергеуді осы органдардың тергеушілері жүртізеді.
Қылмыстық кодексте қарастырылған қылмыстар бойынша алдын ала тергеу қозғалған қылмыстық іске байланысты қылмыстарды тергеу ретіне қарай жүртізіледі.
Прокурор, алдын ала тергеу органдарында заңдардың орындалуын қадағалай отырып, бұл органдардың тергеушілері тертелу реті туралы заң талаптарын сақтауларын бақылауды жүзеге асыруға тиіс.
Тертелу реті әртүрлі алдын-ала тергеу органдарына жататын бір немесе бірнеше адамдарды айыптау жөніндеті істерді бір өндіріске қосу кезінде тертелу ретін прокурор анықтайды. Бірақ, осы істердің біреуі ҚР ІІМ Әскери-тергеу департаментінің тертелуіне жататын болса, онда олар барлық істерді тертейді.
Ұйымдасқан қылмыстың, ашылмаған қылмыстар санының жоғарлауына байланысты, нақты қылмыстық істер бойынша дәлелдеуте жататын мән-жайларды толық және жан-жақты тергеуде, қылмыс жасаған адамдарды анықтауда жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардьщ қызметшілері мен тергеушілері әрекеттерінің келісушіліті аса маңызды болып табылады.
Қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурор тергеушілер мен шұғыл аппараттардың қылмыс жасаған адамдарды анықтау мен жазалау мақсатында барлық қажетті жағдайларда заңда көзделген шараларды қолдану, сондай-ак жасырынған айыпталушылардың тұрған жерін анықтау, тергеушілер мен шұғыл қызметшілер өкілеттерін шеістелуін бақылау кезінде өзара әрекеттесуте шаралар қолдануға тиіс. Тергеушілер мен шұғыл қызметшілердің өзара әрекеттесулері кезінде заңдардың орындалуын қадағалау жөніндеті прокурордың жұмысы мынадай жедел-іздестіру деректерін, яғни алдын-ала анықтау кезеңінде; айыпталушы тергеуден жасырынған немесе басқа да себептер бойынша оның тұрған жері анықталмаған жағдайда істі өндірістен қысқарту туралы шешім қабылдаған кезден бастап қылмыстық іс қозғалғанға дейін жүзеге асырылады.
10 – тақырып: Прокуратура органдарының сотта мемлекет мүддесін білдіруінің маңызы және негізгі қағидаттары
ҚР Конституциясы біздің елімізде сот терелітін жүзеге асырудың нетізті қағидаттарын бекіткен. Сот-қүқықтық жүйесі әлемдік тәжірибете сәйкес жаңадан қабылданған Қылмыстық жөне Қылмыстық іс жүргізу кодекстері, ҚР АК, ҚР АІЖК, ҚР Жоғарғы Соты Пленумының "Сот биліті туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы" 14.05.98 ж. № 1, "Соттарда қылмыстык жаза тағайындау кезінде зандардың сақталуы туралы" 30.04.99 ж. №1 қаулылары және т.б. қолданысқа ентізілтеннен кейін одан әрі дамытылды және жетілдірілді. Бұл нормативтік актілер әлеуметтік әділет қағидаттарын өмірде жүйелі түрде жүргізуте, әділ сот талқылауларын қамтамасыз ету және қылмыстық заңды дұрыс қолдану мақсаттарында соттарда әр қылмыстық істі қылмыстық процестің міндеттері мен қағидаттарына сәйкес шешуте назар аудартады.
Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдардың дөл сақталуын маңызды кепілі прокурорлық қадағалау болып табылады. Сотта мемлекет мүддесін білдіру прокурорлық қадағалаудың жеке саласы, прокуратура органдары жұмысының маңызды құрамды бөліті болып табылады. Бұл кадағалауды прокурорлар аудандық (қалалық) соттардан бастап ҚР Жоғарғы Сотына дейінгі барлық сот сатыларында жүзеге асырады. Прокурорлар зандардың орындалуын қадағалау өкілеттері бойынша қылмыстық істі тыңдауға дайындау кезеңінен бастап, қылмыстық істердің қадағалау тәртібіндеті өндірісіне дейінгі талқылаудың барлық сатыларына қатысады.
Сот төрелігіндеті прокурорлық қадағалаудың рөлі мен маңызы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы "Прокуратура туралы" ҚР Заңының қабылдануына байланысты едәуір жоғарлады. Аталған заңның 30-бабында сот талқылауындағы прокурордың құзыры қарастырылған:
Қылмыстық, азаматтық немесе өзге сот ісін жүргізу барысында сотта мемлекет мүддесін білдіре отырып, прокурор осы Заңға, сондай-ақ Республиканың қылмыстық істер жүргізу, азаматтық істер жүргізу және өзге де зақңарға сәйкес апелляңиялық (кассациялық) және қадағалау тәртібінде өз өкілеттігін жүзеге асырады.
Соттың (судьяның) іс бойынша шығарған шешімімен, үкімімен немесе өзге қаулысымен оның заңға сәйкессіздіті немесе негізсіздігі бойынша келіспеген жағдайда, прокурор істі қайта қарау немесе қүқықтық актінің күшін жою, не өзгерту туралы жоғары тұрған сотқа наразылық беруте құқылы.
Прокурорлардың қадағалауы соттардың істерді жан-жақты, толық және объективті талқылау туралы заң талаптарының мүлтіксіз орындауларына, заң мен сот алдында азаматтардың теңдігін сақтауға, әр қылмыстық іс бойынша нетізді және әділ үкімдердің, ұйғарымдар мен қаулылардың кабыддануын бақылауға бағытталған. Прокурор сотта мемлекет мүддесін білдіруді жүзеге асыра отырып, заң, азамат, занды тұлға және мемлекет аттарынан шығып, қылмыстық істер бойынша айыпты қолдайды және әділсот саласына тартылған азаматтардың құқықтары мен завды мүдделерінің мемлекеттік кепілі болып табылады.
Соттарда істер талқылауына қатысушы прокурорлардың аддында тек іс жүргізу ғана емес, сондай-ақ сот төрелігін жүзеге асыру кезіндегі завдылықтың маңызды кепілі ретінде, соттарда заңдардың орындалуының әлеуметтік маңызын қадағалау міндеті түрады. Прокурор өзінің сот талқылауына қатысуымен сотта дәлелдемелерді толық, жан-жақты және объективті зерттелуіне, сотталушы ретінде жауапқатартылған адамның кінәсін анықтауға, оның жасаған қылмысына дүрыс баға беруте, сотталушыға заңмен нетізделтен әділ жаза тағайындауға, заңды шешім шығаруға көмектеседі. Прокурор сот процесіне қатысып және мемлекет мүддесін білдіре отырып, сот трибунасын қылмыс жасаған адамды жалпыға бірдей сотталуына, сот талқылауының үнемі тәрбиелік рөлді орындауына, түрлі сот процестерінен тиесілі қорытындылар шығаруға пайдалануы керек.