Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

tgp_testy-2

.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
179.71 Кб
Скачать

А) есі дұрыс еместер, жас балалар;

**********

148.1 Құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқық субъектілігін қалай түсіну жөн?

А) құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін қоса алғанда деп;

**********

149.1 Құқықтық қатынастарға қатысушы болу үшін құқық субъектілері қандай заңдық қасиеттерге ие болуы тиіс?

В) олардың құқық, әрекет қабілеттіліктері болуы тиіс;

**********

150.1 «Орындалмаған жағдайда заң алдындағы жауаптылықты туындатуы мүмкін заңда көрсетілген мінез-құлық шамасының шегі» деген анықтама қай ұғымға жатады?

D) заңдық міндетке;

**********

151.1 «Заңдық - құрам» нені білдіреді?

А) құқықтық қатынастардың туындауы үшін қажет заңдық фактілердін жиынтығы;

**********

152.1 Құқықтық қатынастардың туындауының арнайы (заңдық) алғышарттарына жататындар...

D) құқықтық норманың, субъектілердің құқық, әрекет қабілеттерінің, заңдық фактінің бар болуы;

**********

153.1 Заңды тұлғаны қай сәттен бастап ресми құрылды немесе танылды деп санауға болады?

С) мемлекеттік тіркеуге алынған сәтінен;

**********

154.1 Құқықтық нормаларды жүзеге асыру дегенiмiз не?

D) құқық субъектiлерiнiң құқық номаларының талаптары көрiнiс тапқан мiнез- құлықтары, құқықтарды жүзеге асыру және заңдық мiндеттердi орындауға қатысты практикалық қызметтерi;

**********

155.1 Құқық нормаларын жүзеге асыру формалары:

А) сақтау, орындау, пайдалану, қолдану;

**********

156.1 “Заңдық норма мемлекеттiк органдардың өкiмдiк көмегiнсiз жүзеге асырылмайтын жағдай болған кезде талап етiлетiн құқықты жүзеге асырудың ерекше нысаны” дегенiмiз не?

Е) құқықты қолдану.

**********

157.1 Құқықты қолдану қызметiнiң нәтижесi болып табылады:

С) жекелей-нақтылы ұйғарым шығару;

**********

158.1 Мемлекеттiк аппарат қызметiнiң құқықтық нысандарына сәйкес құқық қолдану қызметi қалай классификацияланады?

А) құқықты құқықшығармашылық, құқықатқарушылық және құқыққорғау қызметiнде қолдану;

**********

159.1 “Құқыққа қайшы мiнез-құлықпен байланысты құқықбұзушыға қатысты заңдық жауапкершiлiктiң түрi мен шарасын анықтауға арналған қызмет” анықтамасына сәйкес ұғымды көрсетiңiз:

Е) құқыққорғаушы құқық қолдану қызметi.

**********

160.1 Құқықты сақтау дегенiмiз:

D) қолданыстағы құқықпен тыйым салынған әрекеттердi жасаудан тежелу;

**********

161.1 Құқықты орындау дегенiмiз:

В) оң мазмұндағы заңды мiндеттердi орындауға арналған белсендi әрекеттер;

**********

162.1 Құқықты пайдалану дегенiмiз:

С) тұлғаның құқық өкiлеттiгiн жүзеге асыруы, оның қалауы бойынша құқыққа сай iс- әрекет;

**********

163.1 Құқықты қолдану дегенiмiз:

А) құзыреттi органдардың құқықтық нормалар шеңберiнде нақтылы iстердi шешуге арналған белсендi-өкiм қызметi, арнаулы құқықтық актiлердi шығару;

**********

164.1 Құқықбұзушылық жасалған жағдайда мынаған негіз пайда болады:

E) құқықты қолдануға.

**********

165.1 Құқыққолданудың бұл сатысы болған шынайы мән-жайлардың абсолютті объективті шындығын анықтаумен сипатталады:

A) істің нақтылы мән-жайын анықтау;

**********

166.1 Құқықтың өзінің принциптері мен бағалары тұрғысынан құқық жүйесінде болуға тиіс құқық нормасының болмауы немесе өзінің сипатына қарай құқықтық шешуді қажет ететін құқықтық реттеудің аясындағы фактінің болуы, бірақ оны көздейтін құқық нормасының болмауы:

B) құқықтағы ақтаңдақ;

**********

167.1 Құрамында нақтылы іс бойынша өкімді шешімі бар құжат:

B) құқыққолдану актісі;

**********

168.1 Нақтылы нормада реттелмеген даулы қатынасқа ұқсас қатынастарды реттейтін норма болмаған жағдайда жалпы бастамаларды және құқық принциптерін қолдану дегеніміз:

B) құқық аналогиясы;

**********

169.1 Құқық аналогиясы/ұқсастығы/ дегеніміз не?

В) iстің шешімін құқықтың ортақ принциптерін пайдалана отырып табу;

**********

170.1 Құқықтың қай саласында заң аналогиясы/ұқсастығы/ қолданылмайды:

В) қылмыстық құқықта;

**********

171.1 Құқықты жүзеге асырудың қандай формасы мемлекеттiң билік ету қызметі ретінде болады:

D) қолдану;

**********

172.1 Құқықты жүзеге асыру процесінің аяқтаушы сатысын атаңыз:

В) құқық қолдану актісін шығару;

**********

173.1 Мемлекеттік органның (сот немесе әкімшілік) нақты іс бойынша қабылдаған шешімі осындай ұқсас істерді шешуде жалпыға бірдей міндетті болатын құқық формасы қалай аталады?

В) сот немесе әкімшілік прецедент;

**********

174.1 «Құқық субъектілерінің іс-әрекеттерінің барысында қылмыстық тыйымдарды бұзбай сақтауы, заңды міндеттерін орындауы және субъективтік құқықтарын пайдалануы нәтижесінде құқықтық нормалардың жүзеге асырылуы» деген анықтамаға қай ұғым сәйкес келеді?

В) құқықты жүзеге асыру;

**********

175.1 Заңды ұқсастығына қарай қолдану дегеніміз:

Е) мазмұны жағынан едәуір ұқсас норманы қолдану.

**********

176.1 «Құзіретті органдардың құқық жасау ісін аяқтаудағы (бітiрудегі) арнайы атқарылатын іс-әрекеттері, соның нәтижесінде жасалған құқық ресми күшіне ие болады, сөйтіп заң күшене енеді» деген анықтама қайсы ұғымды білдіреді?

С) құқық шығармашылық ісі;

**********

177.1 «Мемлекеттің өз органдары арқылы құқық нормаларын болмыстағы нақты жағдайларға байланысты жүзеге асыруының нысандары» деген анықтамаға төмендегі ұғымдардың қайсысы сәйкес келеді?

А) құқық қолдану;

**********

178.1 Заң нормаларының дәлме дәл мәтіні мен оның толық мазмұнының арақатыстығына байланысты болып келетін құқықты көлеміне қарай түсіндірудің түрлерін атаңыз.

А) дәлме-дәл, таратылмалы, шектеулі түсіңдіру;

**********

179.1 Құқық нормаларына түсiнiк беру дегенiмiз:

С) құқық субъектiлерiнiң құқық нормаларының мағынасын олардың неғұрлым дұрыс, жедел және үнемді жүзеге асыруы үшiн айқындауға және түсiндiруге арналған әрекеттерi;

**********

180.1 “Заңдарды бiркелкi түсiну және қолдану, заңдылық бiрлiгi” анықтамасының дұрыс ұғымын көрсетiңiз:

D) құқыққа түсiнiк беру мақсаты;

**********

181.1 “Құқық нормаларына оның өзiнiң мазмұнын негiзге ала отырып, түсiнiк берудiң басқа тәсiлдерiне жүгiнбей – ақ, олардың логикалық амалдары мен талдауларын пайдалана отырып түсiнiк беру” анықтамасының дұрыс ұғымын көрсетiңiз:

В) құқыққа логикалық түсiнiк беру;

**********

182.1 Құқыққа түсiнiк берудiң қандай тәсiлi түсiнiк берiлiп отырған норма қолданылатын қатынастардың, факторлар мен шарттардың ерекшелiктерiн бiлуге негiзделген?

С) құқыққа функционалдық түсiнiк беру;

**********

183.1 Субъектiлерiне қарай түсiнiк беру мынадай түрлерге бөлiнедi:

А) ресми және ресми емес;

**********

184.1 Мемлекет органдарының, лауазым иелерінің, қоғамдық бірлестіктердің және жекелеген азаматтардың оларды жүзеге асыру және оларда көрініс тапқан мемлекет еркін ашып көрсету мақсатында құқықтық нормалардың түпкілікті мазмұнын анықтауға бағытталған күрделі және ерікті қызметі:

E) құқыққа түсінік беру.

**********

185.1 Құқық нормаларының мағынасы мен мазмұнын анықтау үшін құқыққа түсінік беруші субъект пайдаланатын амалдардың, әдістердің және құралдардың жиынтығы, жүйесі:

B) түсінік берудің тәсілі;

**********

186.1 Түсінік берудің бір-бірімен тығыз байланыстағы екі элементін атап көрсетіңіз:

A) анықтап алу және түсіндіру;

**********

187.1 Қандай да болмасын сыртқы көрінісі болмайтын және өзгелер үшін міндетті болып табылмайтын құқық нормасына түсінік беруші субъектінің санасында жүзеге асатын ішкі процесс:

E) анықтап алу.

**********

188.1 Соның көмегімен құқық нормасына түсінік беруші субъект қоғамдық қатынастардың басқа да қатысушыларына норманың мағынасын түсіндіруге және мазмұнын жеткізуге тырысатын арнайы актілерде сырттай бейнеленетін нақтылы заңдық іс-әрекет:

A) түсіндіру;

**********

189.1 Негізгі мақсаты құқықтық норманың мағынасын оның ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналары арқылы аңғару болып табылатын құқық нормасына түсінік берудің тәсілі:

B) грамматикалық;

**********

190.1 Құқық нормасына түсінік берудің бұл тәсіліне сәйкес құқық нормасына жекелей, яғни оқшау түрде емес, өзге де нормалардың, соның ішінде күрделі, біртектес қатынастарды реттейтін нормалардың контексінде түсінік беру қажет:

C) жүйелік;

**********

191.1 Көлеміне қарай түсінік беру төмендегідей бөлінеді:

A) сөзбе-сөз, органикалық және кең мағыналы;

**********

192.1 Құқық нормасының сөздік көрінісі мен оның шынайы мағынасы сәйкес келетін түсінік беру түрі:

C) сөзбе-сөз ;

**********

193.1 Түсінік берілетін құқық нормасының мазмұны/мағынасы/ оның мәтіндік көрінісінен кеңірек болатын түсінік беру түрі:

B) таратушы;

**********

194.1 Құқық нормасының сөздік көрінісінен оның шынайы мағынасы тарлау болып келетін түсінік беру түрі:

A) шектеуші;

**********

195.1 Құқыққа түсінік берудің бұл түрінің мәні мынада: нормаға түсінік беруді арнайы өкілеттік берілген субъектілер ғана жүзеге асырады, оның нәтижелері арнайы актіде бекітіледі және өзге субъектілер үшін міндетті болады:

B) бейресми;

**********

196.1 Түсінік беріліп отырған нормативтік құқықтық актіні қабылдаған орган немесе лауазым иесі тарапынан жасалатын түсінік беру:

C) аутентикалық;

**********

197.1 Жоғары тұрған инстанция тарапынан ресми рұқсат етілген, белгілі бір органға өкілеттік берілген түсінік беру:

E) заңды.

**********

198.1 Жаңа норма жасауды көздемейтін, тек қолданыстағы норманы түсіндіруге бағытталған түсінік беру:

A) нормативтік;

**********

199.1 Қызметі ресми, яғни мемлекеттік болып табылмайтын субъект тарапынан жасалатын, тиісінше заңдық күші және ешқандай құқықтық салдары болмайтын түсінік беру:

B) бейресми;

**********

200.1 Бейресми түсінік беру мынадай түрлерге бөлінеді:

D) доктриналды, кәсіби, кәдімгі;

**********

201.1 Азаматтар құқық нормаларымен бетпе-бет келген жағдайда ғана жүзеге асырылатын, олардың өмірлік тәжірибелеріне және түсінік берілетін нормаларды сезім арқылы қабылдауларына негізделетін түсінік беру:

A) кәдімгі;

**********

202.1 Заңгер мамандар тарапынан жасалатын түсінік беру:

B) кәсіби;

**********

203.1 Монографияларда, ғылыми түсініктемелерде және мақалаларда құқық саласындағы заңгер мамандар жасайтын түсінік беру:

C) доктриналды;

**********

204.1 Құқық нормасының мазмұнын және мәнін барлық басқа нормалармен салыстыру, олармен байланысын анықтау арқылы оның құқық жүйесіндегі алатын орнын анықтайтын құқыққа түсінік беру тәсілі қалай аталады:

С) логикалық тәсіл;

**********

205.1 «Құқықтық нормалар мемлекеттік органдар шығаратын нормативтік актілерде ғана көрініс табады» деген құқықты түсіну қалай аталады?

D) тар мағынада құқықты түсіну;

**********

206.1 Құқыққа сай мінез-құлық дегеніміз:

A) құқық нормаларының талаптарына сай келетін мінез-құлық;

**********

207.1 «Ұйымдардың, ұжымдардың және жеке тұлғаның қызметтерінің құқық нормаларына қайшы келмейтін қоғамдық-пайдалы заңдық мәнді бөлімі» ұғымында заңдық мәнді мінез-құлықтың қандай түрі анықталады?

C) құқық сай мінез-құлық;

**********

208.1 Құқықтық нигилизм дегенiмiз:

А) құқықтың мүмкiндiктерiне сенбеу, заңдарды мойындамау, құқықтың әлеуметтiк және жеке құндылығын жоққа шығару;

**********

209.1 “Заңды факт ретiнде құқықтық жауапкершiлiкке негiз болатын деликтқабiлеттi тұлғаның қоғамдық-зиянды, құқыққа қайшы және кiнәлi әрекетi” анықтамасына сәйкес ұғымды көрсетiңiз:

С) құқықбұзушылық;

**********

210.1 Құқықбұзушылық құрамының элементтерiн атаңыз:

D) субъект, субъективтiк жағы, объект, объективтiк жағы;

**********

211.1 Құқықбұзушылықтың субъективтi жағының құрамына кiредi:

В) мотивтiң, мақсаттың, кiнәнiң болуы;

**********

212.1 Құқықбұзушылықтың құқықтық норманың талаптарын бұзу, құқықпен тiкелей тыйым салынған әрекеттер жасау түрiндегi белгiсi қалай аталады?

А) құқыққа қайшылық;

**********

213.1 Құқықбұзушылықты қылмыс және терiс қылық деп классификациялауға негiз болатын құқықбұзушылық белгiсi қалай аталады?

D) қоғамдық қауiптiлiк дәрежесі;

**********

214.1 Құқықбұзушылықтың сырттан көрiнiс табуға тиiс /қоғамдық-қауiптi iс-әрекеттер туындатпайтын ой, сезiм,әрекет,көңiл-күй/ құқықбұзушылық белгiсi қалай аталады?

С) сыртқы көрiнiсi;

**********

215.1 Құқықтық нормаларды жүзеге асыру кезінде құқықтық талаптарды мүмкіндігінше жақсырақ, тиімдірек жүзеге асыруға және бұл ретте қоғамға максимум пайда әкелуге тырысып, ерекше белсенді әрекет ететін субъектінің жауапкершілігінің жоғары дәрежеде екендігін білдіретін құқыққа сай мінез-құлық түрі:

A) әлеуметтік-белсенді;

**********

216.1 Төмен дәрежедегі әлеуметтік белсенділік тән, тұлға құқықтық талаптарды енжар сақтайтын, айналадағылардың ыңғайына жығылуға, оқшауланбауға, барлығы сияқты болуға тырысатын құқыққа сай мінез-құлық түрі:

D) конформистік;

**********

217.1 Құқыққа сай болып есептелсе де, қоғамға қарсылықтың, құқыққа қайшылықтың шекарасында тұратын, тек жазадан қорыққаннан немесе пайдакүнемдікті көздегеннен құқыққа қайшы болмайтын, субъектінің төмен дәрежедегі жауапкершілігімен ерекшелетін құқыққа сай мінез-құлық түрі:

C) маргиналдық;

**********

218.1 Мұндай құқыққа сай мінез-құлық кезінде адам неге олай істейтініне ойланып жатпайды, ол үшін мұндай мінез-құлық табиғи, солай болуға тиіс өмір салты болып табылады, оның ойынша «оны солай үйреткен, сондықтан солай болуы керек», «оны солай тәрбиелеген, сондықтан басқаша болуы мүмкін емес»:

C) дағдылы;

**********

219.1 Мұндай құқыққа сай мінез-құлық кезінде субъект негізінен құқыққа қайшы әрекеттер жасаудан тежеледі, көпшілік жағдайда заңдардың ішкі мазмұны мен мағынасын терең түсінбесе де оларды айтарлықтай белсенділіксіз, немқұрайдылықпен сақтайды:

B) әлеуметтік-бәсең;

**********

220.1 Құқықбұзушылық құрамының құқықбұзушылық қол сұғатын, тікелей зиян, залал келтірілетін дегенді білдіретін элементі:

A) құқықбұзушылық объектісі;

**********

221.1 Құқықбұзушылық объектісінің төмендегідей түрлері ажыратылады:

D) жалпы және арнайы;

**********

222.1 Аталғандардың ішінен құқықбұзушылық субьектісін ата:

C) 18 жасқа толған құқыққабілетті және әрекетқабілетті тұлға;

**********

223.1 Не, қайда, қашан және қалай болды деген сұрақтарға жауап беретін құқықбұзушылықтың сыртқы белгілерінің жиынтығы:

C) құқықбұзушылық объективті жағы;

**********

224.1 Кінәнің нысандары:

A) қасақаналық және абайсыздық;

**********

225.1 «Субъект өз әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігін жете түсінді, қауіпті салдарлардың болу мүмкіндігін және болмай қоймайтынын күні бұрын білді және солай болуын қалады» анықтамасы білдіретін ұғым:

A) тікелей қасақаналық;

**********

226.1 «Субъект өз әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігін жете түсінді, қауіпті салдарлардың болу мүмкіндігін күні бұрын білді, қаламаса да ол салдарлардың болуына саналы түрде жол берді» анықтамасы білдіретін ұғым:

B) жанама қасақаналық;

**********

227.1 «Тұлға өз әрекеттерінің қоғамдық қауіпті салдарлары болуы мүмкіндігін күні бұрын білді, бірақ жеткілікті негізсіз, жеңілтектікпен ол салдарларды болдырмауға сенді» анықтамасы білдіретін ұғым:

C) менмендік;

**********

228.1 Қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай құқықбұзушылық былай бөлінеді:

D) қылмыс және теріс қылықтар;

**********

229.1 Қылмыстық кодекспен неғұрлым қатал шаралармен жазалау қатерімен тыйым салынған кінәлі жасалған қоғамдық қауіпті іс-әрекет:

A) қылмыс;

**********

230.1 Қылмыстық заңмен көзделген қылмыстық іс-әрекеттердің тізбесі:

D) толық болып табылады және кең мағынада түсінік беруді қажет етпейді;

**********

231.1 Құқыққа қайшы әрекеттер арқылы тұлғаға немесе азаматтың, сондай-ақ ұйымның мүлкіне зиян келтіру, шарттық міндеттемелерді орындамау, меншік иесінің құқықтарын бұзу, заңға қайшы мәмілелер жасау, т.б. дегеніміз:

E) азаматтық теріс қылық.

**********

232.1 Қоғамда орныққан тәртіпті, басқару жүйесін, экологиялық объектілерді, тарихи және мәдени ескерткіштерді, санитарлық-гигиеналық талаптарды, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін, транспортты пайдалану ережелерін және т.б. қорғайтын құқық нормаларын бұзу дегеніміз:

A) әкімшілік теріс қылық;

**********

233.1 Кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың қызметінің ішкі тәртібін бұзушы құқыққа қайшы іс-әрекеттер:

B) тәртіптік теріс қылық;

**********

234.1 Құқық бұзушылықтың объективтік жағын сипаттайтын белгісі:

С) қоғамға зиянды салдар;

**********

235.1 Қылмыстың субъективті жағын не құрайды?

А) iшкі белгілерінің жиынтығы: мақсат, кінә, ниет;

**********

236.1 Қайсысы құқық бұзушылықтың маңызды, анықтаушы және негізгі белгісі болып табылады?

В) құқыққа қайшылық;

**********

237.1 Төмендегі аталған белгілердің қайсысы құқық бұзушылықтың объективтік жағын сипаттайды:

D) қоғамдық зиянды салдар;

**********

238.1 Тұлғаның өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екендігін ұғынуы, зиянды зардаптың болу мүмкіндігін немесе болмай қоймайтындығын алдын-ала білуі және олардың болуын тілеуі кінәнің қандай нысанына жатады:

А) тікелей қасақаналық;

**********

239.1 Тұлғаның өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екендігін ұғынуы, зиянды зардаптың болу мүмкіндігін немесе болмай қоймайтындығын алдын-ала білуі және олардың болуын тілеуі кінәнің қандай нысанына жатады:

В) тікелей қасақаналық;

**********

240.1 “Құқықбұзушылық байланысты мемлекеттiң арнаулы органдары мен жасалған құқықбұзушылық үшiн заңмен көзделген айырулар мен қолайсыз салдарларға ұшырау жауапкершiлiгi жүктелген құқықбұзушы арасындағы ерекше құқықтық қатынас” анықтамасына сәйкес ұғымды көрсетiңiз:

В) заңдық жауапкершiлiк;

**********

241.1 Заңдық жауапкершiлiктiң тұлға заңдық жауапкершiлiкке тартылған жағдайда құқықтық нормалардың талаптарын қатаң түрде жүзеге асыруды мақсат ететiн принципi қалай аталады?

В) әдiлеттiлiк;

**********

242.1 Төменде аталғандардың қайсысы заңдық жауапкершiлiктiң түрлерiне жатпайды?

Е) жалпыадамзаттық.

**********

243.1 Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес қатынастарды реттеушi құқықтық нормаларды бұзғандық үшiн пайда болатын заңдық жауапкершiлiк:

С) азаматтық-құқықтық;

**********

244.1 Заңдылықтың “заңның мақсатқа лайықтылығы сөзсiз, оны терiс қолдануға жол бермеу керек” деп тұжырымдайтын принципi қалай аталады?

D) мақсатқа лайықтылық;

**********

245.1 Заңдық жауапкершіліктің белгілеріне жатады:

D) процессуалдық нысандарда да, процессуалдық емес нысандарда да жүктеледі;

**********

246.1 Кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысшылары мен қызметкерлерінің өздері осы кәсіпорын мен мекемеге келтірген, ақшалай нысанда өлшенетін залалды қалпына келтіруін білдіретін заңдық жауапкершіліктің түрі:

A) материалдық;

**********

247.1 Жауапкершіліктің бұл түрінің неғұрлым кең тараған шаралары ескерту, сөгіс беру, қатаң сөгіс беру, қызметтен босату сияқты шаралар болып табылады:

B) тәртіптік;

**********

248.1 Мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды бұзғандық үшін пайда болатын жауапкершілік:

D) азаматтық-құқықтық;

**********

249.1 Жауапкершіліктің бұл түрінің неғұрлым кең тараған шаралары қамау, жекелей қарау, заттар мен құжаттарды алып қою, ұстау, айыппұл салу сияқты шаралар болып табылады:

C) әкімшілік;

**********

250.1 Заңдық жауапкершіліктің үлкен қоғамдық қауіптілік төндіретін құқықбұзушылық жасағандық үшін пайда болатын ең ауыр және күрделі түрі:

E) қылмыстық.

**********

251.1 Тұлғаны кінәлілігі соттың заңды күшіне енген шешімімен дәлелденгенге дейін кінәсіз деп тануды көздейтін принцип:

B) кінәсіздік презумпциясы;

**********

252.1 Заңдық жауапкершіліктің бұл принципіне сәйкес кінәліге дене азабын тарттыру және адамдық ар-намысын қорлау жазаның мақсаты болмауға тиіс:

E) ізгілік принципі.

**********

253.1 Заңдық жауапкершіліктің бұл принципіне сәйкес жауапкершілік оның құрамының барлық белгілері және қажетті заңнамасы бар құқықбұзушылықтың салдары болуға тиіс:

D) негізділік принципі;

**********

254.1 Заңдық жауапкершіліктің бұл принципіне сәйкес жауапкершілікті жүктеу және іске асыру процедурасы қатаң заң шеңберінде жүргізілуге, озбырлық пен өз бетімен кетушілікке жол берілмеуге тиіс:

A) заңдылық принципі;

**********

255.1 Кәмелетке толмағандардың жасаған аса ауыр қылмыстары ұшін қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталады:

А) 14 жастан;

**********

256.1 Құқықты әділеттілік немесе әділетсіздік, жұмсақтық немесе қаталдық, жетілгендік немесе жетілмегендік, тиімділік немесе тиімсіздік тұрғысынан бағалау:

E) құқықтық сана.

**********

257.1 Кеңінен танымал болған және қоғамда үстемдік рольге ие болатын құқықтық көзқарастар, идеялар, ұстанымдар:

A) жаппай құқықтық сана;

**********

258.1 Халықтың белгілі бір әлеуметтік топтарының/студенттердің, әскери қызметкерлердің, т.б./ құқықтық санасы:

B) топтық құқықтық сана;

**********

259.1 Құқық туралы пікір, жекелеген тұлғаның құқыққа қатынасы:

D) жекелей құқықтық сана;

**********

260.1 Құқықтық сананың бұл түрі құқықтық саладағы мәселелердің шынайы жағдайын неғұрлым дәл бейнелейді, өйткені ғалымдар құқық және тұтастай құқықтық жүйе туралы тиісті аргументтер, негіздемелер, статистикалық деректер келтіре отырып білікті пікірлер айтады, бұл ретте елдегі құқықтық жағдайды жақсартуға бағытталған қажетті қорытындылар жасалады, практикалық кепілдемелер мен ұсыныстар енгізіледі:

A) доктриналдық құқықтық сана;

**********

261.1 Заңгер-мамандардың/судьялардың, прокурорлардың, тергеушілердің, т.б./ құқық және өзге де құқықтық құбылыстар туралы пікірлері:

B) кәсіби құқықтық сана;

**********

262.1 Құқықтық құбылыстарды, айналадағы құқықтық жағдайды өзіндік тану және ой түю, заңдарды, ғылыми әдебиеттерді өз бетінше оқып білу, айналадағылармен қарым-қатынас жасау жолымен жүзеге асырылатын құқықтық тәрбие нысаны:

D) өз бетінше білім алу;

**********

263.1 Лекциялар, сұқбаттар, кеңестер, танымал кітаптар, брошюралар шығару, дөңгелек столдар өткізу, баспасөзде, радио және теледидарда сөйлеу, тыңдармандар мен оқырмандардың сұрақтарына жауап беру:

A) құқықтық насихат;

**********

264.1 Кәдiмгi құқықтық сананың басқаша атауын көрсетiңiз:

С) эмпирикалық;

**********

265.1 Құқықтың сана құрылымының элеметтерiн көрсетiңiз:

Е) құқықтық идеология және құқықтық психология.

**********

266.1 “Адамдардың құқықтық шындыққа қатысты бағалаулары, сезiмдерi, көңiл-күйлерi және эмоциялары” анықтамасына сәйкес келетiн ұғымды көрсетiңiз:

С) құқықтық психология;

**********

267.1 Құқықтың сана құқық субъектiлерi бойынша қалай ажыратылады?

В) жекелей, топтық,қоғамдық;

**********

268.1 Жекелей, топтық және қоғамдық құқықтық сананың дамуының белгiлi бiр деңгейi ретiнде қарастырылатын құбылысты атаңыз:

А) құқықтық мәдениет;

**********

269.1 Құқықтық нигилизммен күрес жолдары:

E) аталған шаралардың барлығы.

**********

270.1 Құқықтық сананың элементін атаңыз:

А) құқықтық идеология;

С) санкция;

**********

271.1 Құқықтық сана құрылымын атап көрсетіңіз:

А) құқықтық психология және құқықтық идеология;

**********

272.1 Құқықтық сана дегеніміз:

А) адамдардың құқыққа қатысын білдіретін түсініктері мен сезімдерінің жиынтығы;

**********

273.1 Адамдардың қоғамда жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, қалаулы құқыққа және басқада құқықтық құбылыстарға құқықтық сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі қалай аталады?

D) құқықтық сана;

**********

274.1 Заңдылық пен құқықтық тәртiптiң кепiлдiктерiн көрсетiңiз:

Е) саяси, әлеуметтiк, экономикалық, заңдық.

**********

275.1 Заңдылық жағдайының және заңдардың, заңдық нормалардың барлық талаптарының сақталу дәрежесінің шынайы көрсеткіші:

E) құқықтық тәртіп.

**********

276.1 Тек заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді ғана емес, сонымен қатар жекелей ережелер мен белгілеулерді дәл және бұлжытпай сақтау, сондай-ақ ішкі еңбек тәртібін, қызметтік міндеттерін сақтау:

C) тәртіп;

**********

277.1 Заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайтуды қамтамасыз ететін немесе ықпал ететін объективті және субъективті факторлар, мән-жайлар, алғышарттар:

D) заңдылық және құқықтық тәртіп кепілдіктері;

**********

278.1 Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазым иелері және азаматтардың қоғамда қабылданған барлық әлеуметтік нормаларды барлық жағдайда сақтауы:

B) қоғамдық тәртіп;

**********

279.1 Құқықтық тәртіп дегеніміз-ол: