Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дедфи.doc
Скачиваний:
45
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2 Mб
Скачать
    1. Тест бағдарламасын құру кезеңдері

Соңғы кезде тестілеу (сынақтау) маманды жұмысқа алу кезінде, мекеме қызметкерлерінің білім дәрежесін анықтауда және т.б. салаларда кеңінен қолдануда. Тестілеу жұмыстарын жүргізуде компьютерді пайдалану негізгі орын алып келеді.

Қазіргі кезде компьютерді пайдаланып, студенттер мен оқушыларды семестр, тоқсан ішінде бірнеше рет тестілеу - олардың ағымдық білімін бағалаудың негізгі әдістерінің бірі. Өзіндік жұмыстар, консультациялар ұйымдастыру және тест тапсырмаларын орындау студенттердің білім деңгейін көрсететіні сөзсіз.

Тест тапсырмаларын құру барысында мынадай әдістер бар:

  • таңдау;

  • сәйкестендіру;

  • толықтыру;

  • дұрыс тізбек құру.

Бұл әдістер ортақ қасиет - олар студенттердің есте сақтау, ойлау икемділігі, тапсырма орындаудың түрлі тәсілдерін меңгеру қабілеттілігі т.с.с. қасиеттерін танып - білуге бағытталған. Тест тапсырмалары көп деңгейлі және көп нұсқалы болып құрылуы да мүмкін.

    1. Тестілеу процесінің кезеңдері

Тестілеу процесін үш кезеңге бөлуге болады.

1.Қалыпты жағдайда тексеру. Программалардың жұмыс істеуінің нақты жағдайына тән алғашқы деректер негізінде тестілеу болжанады.

2.Экстремальды жағдайда тексеру. Бұл жерде тестілік деректер дегеніміз алғашқы деректер жиынының шекаралық мәндері. Бұл жиын программа дұрыс жұмыс істеуге тиісті алғашқы деректерден тұрады. Өте кіші немесе өте үлкен сандар және деректердің болмауы Мұндағый деректердің типтік мысалдары болып табылады.

Барлық программалар қандайда бір шектеулі алғашқы деректер жиынын өңдеуде есептеліп жасақталатындығы белгілі. Сондықтан мына төмендегі сұрақтарға жауап алу маңызды:

  1. Айнымалының теріс және нолдік мәндерін өңдеуге арналмаған программаға қандай да бір кеткен қателіктің себептерінен дәл сол мәндерді өңдеуге тура келсе не болар еді?

  2. Егер массив элементтері оны хабарлауда көрсетілген саннан асып кетсе, онда массивтермен жұмыс істеп жатқан программа өзін қалай ұстар еді?

  3. Егер өңделіп жатқан сан өте кіші немесе өте үлкен болса, онда не болар еді?

Программа дұрыс емес деректерді дұрыс деректер ретінде қабылдап, дұрыс нәтижеге ұқсас, бірақ дұрыс емес нәтиже беретін жағдайлар ең жаман жағдайлар болып есептеледі.

Программа өзі дұрыс өңдей алмайтын кез келген деректерді теріске шығаратын болу тиіс.

    1. Delphi ортасымен танысу

Бағдарламалауға деген қызығушылық күн сайын өсуде. Бұл күнделікті өмірге ақпараттық технологиялардың енуімен және дамуымен байланысты. Егер де адам компьютермен жұмыс жасаса, онда ол адамда ерте ме, кеш пе ынта, кейбір кездері бағдарламаларды үйрену қажеттілігі туындайды.

Қазіргі кезде дербес компьютерлерді пайдаланушылар арасында Windows операциялық жүйелері жанұясы танымал, және бағдарлама жасауға қызыққандар, осы жүйеде жұмыс жасайтын бағдарламалар жазуға ынталанады. Есептеуіш техниканың дамуы, бағдарламаны қамтамасыз жасау құралдарына деген эффективті қажеттілік, бағдарламалау жүйесінің пайда болуына әкелді, олардың ішінде келесілерді Borland Delphi және Microsoft Visual Basic көрсетуге болады. Тез жасау жүйесінің негізіне көрнекі жобалау технологиясы және оқиғалы бағдарламалау жатады, оның мәнін жасау ортасы бағдарламаның генерация кодының үлкен бөлігін алады және бағдарламалаушыға диалогтық терезелермен және жағдайларды өңдеу функциясын құрастыру жұмыстарын қалдырады.

Delphi – бұл Windows операция жүйесіндегі жұмыстарға бағытталған бағдарламаларды жасау ортасы. Delphi-де бағдарламалар, қазіргі көрнекі жобалау технологиялары негізінде құрылады, ол өз кезегінде бағдарламалаудың объекті-бағдарлану ойына базаланады. Delphi- де бағдарламалар Object Pascal тілінде жазылады және ол Turbo Pascal тілінің ізбасары және дамытушысы болып табылады. Delphi және Object Pascal ұзақ эволюцияның қорытындысы және қазіргі кезде ол, ең жаңа компьютерлік технологиялары бар өнім болып табылады. Бөліп айтқанда, Delphi көмегімен, консольдық тіркемелерден бастап және мәліметтер қорымен Internet үшін тіркемелерін аяқтайтын, әртүрлі түрдегі бағдарламаларды құруға болады.

DELPHI тіліндегі қолданбалы программалар немесе қосымшалар IDE (Integrated Development Environment)- дамып отыратын құрылымдық ортада орындалады. IDE ортасы көптерезелік жүйе деп саналады және оның жүктелгеннен кейінгі көрінісі төмендегі түрде болуы мүмкін (1.1-сурет).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]