Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplom.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
356.86 Кб
Скачать

5.5 Гумустың мөлшері және жаздық бидайдың өнімділігі

Қостанай облысының оңтүстік қара топырағындағы гумустың мөлшерінің өзгерісі

Гумустың пайыздық үлесі мен оның валдық қоры топырақ профиліндегі құнарлылықтың негізгі көрсеткіші болып есептеледі. Сондықтан барлық органикалық затардың мөлшері мен қорын сақтауға бағытталған агротехникалық әдістер зоналық жер өңдеу жүйесінде міндетті болып саналады.

Зерттеу қорытындылары Қостанай облысының оңтүстік қара топырағында жырту қабатындағы , әсіресе ұзақ уақыт бойы жыртылып келе жатқан жерлерде қысымның үнемі жоғарылайтынын көрсетті. Қостанай облысының оңтүстік қара топырағының химиялық қасиеттерін талдау оның құнарлылығының айтарлықтай төмендегенін анықтады.

Гумустың пайыздық үлесі топырақтың құнарлылығының негізгі критериі болып есептеледі. Оның көтерілуімен топырақтың физикалық қасиеттері, ауа-су және жылу режимі, ферментативті және топырақтың биологиялық активтілігі жоғарлайды. Гумус мөлшерінің динамикасы топырақтық-климаттық жағдайға, топырақ өңдеу әдісі мен интесивтілігіне, себу ауданының құрылымына , химизациялану деңгейіне және т.б. факторлаға байланысты болады.

Көп жылдық мониторингтік зерттеулердің нәтижесі, игерілген қара топырақтардың маңызды көрсеткіші ондағы гумустың мөлшері екендігін, ал қалған параметрлер көп өзгермейтіндігін көрсетті.(1- сурет) Өңдеудің алғашқы жылдарында топырақтың гумустылығы 18%-ға кеміген, ал 25 жылда 22%, ал 30 жылда 25% және одан әрі 50-62 жыл ауылшаруашылық эксплуатациялау кезінде гумус мөлшері өзгермеген. Гумус мөлшерінің көрсеткіші жыртылған топырақ қабатында бұл уақытта төменгі тұрақты деңгейде сақталады, басқаша айтқанда пайдаланудың 62 жылы 4,0-4,4 % мөлшерінде қалады.

Алынған материалдар негізінде, гумустың мөлшерін көрсететін параметр ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығында пайдалану процесі барысында, ең деградацияға ұшырайтын көрсеткіш екендігі және топырақ құнарлылығының төмендеуінеәкеліп соқтыратындығы заңдылық.

Гумус мөлшерінің өзгеруін зерттеу нәтижелер, топырақты сақтау және құнарлылығын жоғарлату, эрозиядан қорғау бағытында жүргізілетін агротехникалық іс-шараларды сақтамау органикалық заттардың айтарлықтай жойылуына әкеліп соқтырады.

Егіншілікте қолданылатын топырақтағы гумустың жағдайын қадағалаудың маңызы өте зор, себебі әлі де ұзақ уақыт бойы биологиялық гумус жоғалту және қоректік элементтердің өніммен шығарылуы негізінен топырақ қоры есебінен жүзеге асады.

Солтүстік Қазақстанда тың игеру кезеңдерінен бастап қолданылып келе жатқан жер өңдеу жүйесі топырақтың құнарлылығын арттырмайды. Сондықтан агроценозға енгізілген қара топырақты жерлер бұрын жинақталған энергетикалық, биологиялық, және химиялық ресурстардың кемуіне,азып-тозу тенденциясы басым.

Қаіргі уақытта агроценоздардың өнімділігін қалыптастыруда топырақ гумусына берілетін роль өте жоғары. Топырақ құрамындағы гумустың мөлшері 1%-ға кемігенде дәнді дақылдардың түсімі 5ц/га азаятындығы туралы мәліметтер келтіріледі (Егоров В.В, 1978).

Органикалық заттардың бұл әсері өздігінен көрініс бермейді, қалыптасуында топырақтың тікелей гумус қатысатын басқа агрономиялық қасиеттері арқылы көрінеді. Бірінші орында мұндай қасиеттерге топырақтың құрылымы мен суға тұрақтылығын, жыртылу қабатының қалыптасуын, валдық қор және қозғалмалы қоректік элементтерді, сіңіру көлемі, ылғал сыйымдылығын жатқызуға болады.

Сондықтан бір тәжірибенің өзінде ғана ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігі, басқа да бірдей жағдайларда, қашанда гумус мөлшері үлкен топырақта жоғары екендігін көрсетті. Бұл 12 кестедегі көрсеткіштермен нақтыланады.

Бұл жерде екі оңтүстік ауыр суглинді бірақ гумус мөлшері әр түрлі қара топырақтар салыстырылады. Бақыланатын нұсқа ретінде гумустың орташа мөлшері 0-20 см -3,15%. жыртылған қара топырақ алынған. Келесі нұсқа оның жыртылған аналогы, бірақ ұзақ қолданылған көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер (эспарцет) және сол егістік алмасуға кірістірілген.

Эспарцетті 12 жыл қолданғаннан соң гумустың топырақтағы мөлшері жыртылған қабатта 3,97% құраған. Салыстыру объектісі ретінде мүлде бірдей агротехника қолданылған таза пардағы бірінші бидай алынды. Биологиялық өнімділігін есептеу қорытындысы бойынш,орташа құрғақ 2010 жылы бірінші бидайдың өнімділігіне шешуші әсер еткен гумустың топырақтағы мөлшеріндегі айырмашылық болды. Келесі нұсқа оның жыртылған аналогы, бірақ ұзақ қолданылған көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер (эспарцет) және сол егістік алмасуға кірістірілген. Бақыланатын нұсқада жыртылу қабатындағы гумустың мөлшері 3,45% құрап, өнім 17,0 ц/га болды. Гумустың осы қабаттағы мөлшері 0,52% жоғарлағанда түсімді 2,2ц/га арттырып оны 19,2 ц/га жеткізді.

Таблица 12 - Биологическая урожайность пшеницы по пару и ее структура в зависимости от содержания гумуса в пахотном слое (2010-2011 гг)

Вариант

Биологиялық өнімділік, ц/га

Өсімдіктің қою өсуі, шт/м2

Еселі түптілік

Масақтағы бидай саны, шт

1000дән салмағы , г

1.Чернозем южный яжелосуглинистый с содержанием гумуса 3,52% (контроль)

17,0

290

1,2

16

30,5

2.Чернозем южный тяжелосуглинистый с содержанием гумуса 3,97%

19,2

297

1,2

17

31,7

НСР05

0,95

Түсімнің элемент құрылымдарының талдауы, гумустың жоғары мөлшерінің бидайдың түптену өнімділігіне, масақтағы дәннің санына әсер етпегендігін анықтады.Бұл көрсеткіштер тәжірибе нәтижесінде бір деңгейде болған., сәйкесінше 1,2; 16 және 17 дана. Гумус мөлшері 2,4% жоғары қара топырақта өсімдіктердің өсу жиілігі 290-нан 297 дана/м2 құраған. Бұл көрсеткіштер тәжірибе нәтижесінде бір деңгейде болған., сәйкесінше 1,2; 16 және 17 дана. Экспарцетті 12 жыл қолданғаннан соң гумустың топырақтағы мөлшері жыртылған қабатта 3,97% құраған. Салыстыру объектісі ретінде мүлде бірдей агротехника қолданылған таза пардағы бірінші бидай алынды. Биологиялық өнімділігін есептеу қорытындысы бойынш, орынды құрғақ 2010 жылы бірінші бидайдың өнімділігіне шешуші әсер еткен гумустың топырақтағы мөлшеріндегі айырмашылық болды. Гумус мөлшері 2,4% жоғары қара топырақта өсімдіктердің өсу жиілігі 290-нан 297 дана/м2 құраған. Дақылдың суғарылу жағдайы да жақсарған, бұл дәннің массасының өсуіне әсер етеді. Бұл әр 1000 дана бидайға шаққанда 1,2 г құрайды.

Жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындысы, гумустың жоғары мөлшері, басқа да бірдей жағдайларда пардағы бірінші бидайдың өнімділігінің жоғарлауына әсер етенін көрсетті. Түсімнің артуы өсімдіктің өсу жиілігі мен дәннің толысу мөлшерінің жоғарлауына байланысты болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]