
- •Тақырып бойынша әдебиеттерге шолу
- •1954 Жылдан бастап Солтүстік Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты топырақ зерттеуге қатысты мәселелер мен олардың қорытындылары д.М.Стороженконың/11/ у.У.Успанваның, /12
- •Қостанай облысының топырақ ресурстары
- •Қостанай облысының негізгі топырақ типтерінің аудандары
- •Қостанай облысының оңтүстік қара топырағының түзілу жағдайы және жай-күйі
- •8 Кесте –Оңтүстік қара топырақтың құрлымдық-агрегатының қолданылуына байланысты өзгеруі (құрғатып себу)
- •5.4 Топырақ қалыптасу тығыздығы.
- •5.5 Гумустың мөлшері және жаздық бидайдың өнімділігі
- •Қостанай облысының оңтүстік қара топырағындағы гумустың мөлшерінің өзгерісі
- •Қоршаған ортанны қорғау
- •Минералды тыңайтқыштармен жұмыс істеу кезеңіндегі қауіпсіздік техникасы
- •«Қостанай ашғзи» жшс – дағы еңбек қорғау шаралары
- •2015 Жылы еңбекті қорғауға және өрттік қауіпсіздікке 1 200 000 тенге бөліну жоспараланған
- •Қорытынды және ұсыныстар
- •Әдебиет тізімі:
Қостанай облысының топырақ ресурстары
Қостанай облысының солтүстіктен оңтүстікке қарай ауысатын биоклиматтық жағдай мен кең көлемдегі табиғат зоналарының болуына байланысты күрделі топырақ жамылғысы мен ерекшеленеді. Облыс көлемінде: қара топырақ зонасы екі зонашықтарымен – кәдімгі және оңтүстік; қызғылт зона зонашықтары қызғылт-қоңыр және ақшылт-қызыл топырақ; қоңыр шөлейтті топырақ анықталады.
Жоғарыда көрсетілген топырақ зоналарының болуы солтүстіктен оңтүстікке қарай климаттың құрғақтануына байланысты. Гидротермиялық коэффициент бұл жағдайда 0,9-дан 0,3- ке өзгереді, ал жауын—шашынның жылдық көрсеткіші 350 мм-дан 220 мм-ға кемейді. Агроклиматтық факторлардың айқын ерекшеліктері облыс топырағының құнарлылығына айтарлықтай әсер етеді. Облыстың солтүстігінде орташа құрғақ даланың құнарлылығы жоғары құрамында 5% гумус бар, қара топырақты жерлері щоғырланып, бірте-бірте құнарлылығы төмендеу қызғылт топыраққа ауысса, олар одан әрі оңтүстікке қарай іс жүзінде құнарсыз шөлейтті қоңыр топыраққа ауысады.
Қостанай облысының негізгі топырақ типтерінің ауданы туралы мәліметтер 1 кестеде келтірілген. Қаратопырақты зонада құнарлылығы жоғары, жыртылған жақсы жерлер- кәдімгі және жағымсыз қасиеттері жоқ оңтүстік қаратопырағы таралған (356108 мың га немесе облыс көлемінің 18,2%). Қаратопырақты зонаның елеулі ауданында-2104,5 мың га сортаң қаратопырағы сор топырақпен кешенде 30%-ға дейін. (облыс территориясының 10,7%)
Қостанай облысының негізгі топырақ типтерінің аудандары
№ |
Топырақ |
Ауданы, мың га |
% |
|
Қара топырақ |
6585,7 |
33,6 |
1 |
Кәдімгі қара топырақ |
1568,1 |
8,0 |
2 |
Кәдімгі сортаңдау қара топырақ |
1180,8 |
6,0 |
3 |
Оңтүстік қара топырақ |
1993,7 |
10,2 |
4 |
Сортаңдау оңтүстік қара топырағы |
923,7 |
4,7 |
5 |
Шалғындық қара топырақ, шалғындық, шалғындық-батпақ |
307,8 |
1,6 |
6 |
Сортаң қаратопырақ, сортаң, сор, құм |
611,6 |
3,1 |
|
Қызғылт топырақты зона |
9992,7 |
50,9 |
7 |
Қызғылт қоңыр |
2629,3 |
13,4 |
8 |
Сортаңдау қызғылт қоңыр |
1326,4 |
6,8 |
9 |
Қызғылт |
1701,2 |
8,7 |
10 |
Сортаң қызғылт |
779,2 |
3,9 |
11 |
Сұр қоңыр |
699,2 |
3,6 |
12 |
Сортаңдау сұр қызғылт |
890,8 |
4,5 |
13 |
Шалғындық қызғылт, шалғындық, шалғындық-батпақ |
446,6 |
2,2 |
14 |
Сортаңдау қызғылт, сортаң, сор, құмды |
1519,5 |
7,8 |
|
Шөлейттің сұр қоңыр топырағы |
3021,7 |
15,5 |
15 |
Шөлейтті сұр қоңыр |
212,4 |
1,1 |
16 |
Сортаңдау шөлейтті сұр қоңыр |
502,8 |
2,6 |
17 |
Шөлейтті сортаңдау, сор, құмды |
2306,5 |
11,8 |
|
Облыстың жалпы территориясы |
19600,1 |
100,0 |