Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_Ide_1187_gey_Isemestr_14-15o_1179_u_zh.doc
Скачиваний:
80
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
30.54 Mб
Скачать

3. Сөйлемдерді мәтін бойынша толықтырыңыз.

Адам — философиясы, ........ объектісі болып табылады. Алайда, өмір қарама-қайшылықтарға, қиындық, .......... сол мінез иесін басқарып, өктемдік жүргізеді. Адамның сыртқы келбеті ....... . Кейде адамның сыртқы келбетін мінезін, темпараментін, интеллектісін ........ . Дұрыс киіне білу арқылы адам ....... көрсете алады. Егер адам қалыптан тыс киінсе, көпшіліктен ерекшелініп тұрса, ............. . Қазіргі заманда адамның сыртқы ....... болуы қажет. Сонда ол адам өз ортасында ......... жарқын болып жүре алады. Бұл өмірде адамдардың жан-дүниесін танып-білудің, әрқайсының сана-сезімімен санаса келіп, ........... маңызы айрықша. Адам тану бойынша зерттеу жүргізушілер адамның сыртқы ......... отыру мәнері арқылы-ақ оның ....... белсенділігінің қаншалықты екенін аңғаруға болады деп есептейді.

4.Мәтіндегі етістіктерді мәтіннен тауып ауыспалы осы шақта сөйлем құрыңыз.

Қалыптастыру, болу, жүргізу, айтылу, шығарып салу, байқау, киіне білу, көрсету, таныну, қарым-қатынас жасау, сыйласу, сөйлесу, сәлемдесу, ұйықтау, отыру, аңғару.

грамматика

Өзін еркін сезіне алады(сезіне алмайсың)

қасиетін көрсете алады(көрсете алмайсың)

5.Сөйлемдерді үлгі бойынша орындаңыз.

Үлгі: Адамды келбетіне қарап бағалау мүмкін емес. - Адамды келбетіне қарап бағалай аласың- Адамды келбетіне қарап бағалай алмайсың.

Адамды келбетіне қарап бағалай алады - Адамды келбетіне қарап бағалай алмайды.

Адамды келбетіне қарап бағалау мүмкін емес. Келбетті адам өз ісіне берік бола бермейді. Жүзіне қарап адамды білу мүмкін. Адам өз ісін билейді. Ешкім ешкімге тәуелді болмайды. Адам өз еңбегімен, ісімен көзге көрінеді. Студент өз білімімен, интеллектісімен алдыңғы қатарда болады.

Оқимыз. Сөйлейміз

6. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.

Адамның жан дүниесі қандай? Адамның өз тұлғасын қалыптастыратын не?

Адам қандай болуы тиіс? Адамның сыртқы келбеті қандай болуы тиіс? Адамның сыртқы келбеті неше фактордан тұрады? Кейде адамның сыртқы келбетінен нені байқауға болады? Не арқылы адам өзінің ішкі құпиясын, мінезінің жасырын тұстарын, тұлғалық қасиетін көрсете алады? Қазіргі заманда адамның сыртқы келбеті қандай болуы қажет? Адам тану бойынша зерттеу жүргізушілер адамның несі арқылы-ақ оның қандай мінезді, ақыл-парасатының, ерік күшінің, белсенділігінің қаншалықты екенін аңғаруға болады деп есептейді?

Тыңдаймыз. Оқимыз

7. Шағын мәтінді оқыңыздар.

Көрікті қыз

Жадыра - өте сұлу қыз. Ол - сұңғақ бойлы, ақшыл жүзді, қоңыр көзді келбетті қыз.

Жадыраның әдемі, ұзын қара бұрымы бар. Оның тәмпіш мұрны өзіне жарасып тұр. Ол - қиылған қара қасты қазақ қызы. Томпақ ерні анасына ұқсайды. Жадыраның көркіне мінезі сай. Ол -ақкөңіл, алғыр, еңбекқор және аса талантты қыз. Ол ән салады және әдемі билейді.

Ол ұлттық киім кигенді ұнатады. Жадыра ән тыңдауды, қызықты кітап оқуды, тәтті және дәмді тағамдарды дайындауды жақсы көреді.