Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
саяси.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
494.59 Кб
Скачать

4 Тақырып. Ежелгі Римдегі саяси және құқықтық ілімдер

 

Ежелгі Римдегі саяси және құқықтық ілімдердің жалпы сипаттамасы. Цицеронның құқық және мемлекет туралы ілімі. Рим стоиктерінің саяси және құқықтық идеялары. Сенека. Рим юристері құқық табиғаты және жүйесі туралы. Табиғи құқық. Халықтар құқығы. Жария және жеке құқық. Ерте христиандықтың саяси және құқықтық идеялары. Інжіл. Августиннің саяси-құқықтық ілімі.

Ежелгі Римдегі саяси-құқықтық институттар мен көзқарастар халықтың әртүрлі топтары — патрицийлер мен плебейлер,нобилиттер (патрицийлср мен байыған плебейлер) мен кедейлер, оптиматтар (қоғамның ақсүйектер тобы) мен полярлар (төменгі халықты қолдаушылар). еріктілер мен кұлдар арасындағы өткір күрес жағдайындағы ұзақ тарихы бойында үнемі дамып отырды.

Адамның алғашқы табиғи жағдайдан саяси өмір мен мемлекеттің, заңдар мен ойлардың пайда болуына дейін прогрессивті дамуы туралы жалпы философиялық көзқарастар Гит Лукрецийдің "Заттың табиғаты туралы" поэмасында көрініс тапты және одан әрі дамытылды. Оның бұл шығармасында адамның, табиғаттың, әлемнің және қоғамның пайда болуы туралы мәселелер материалистік түрғыда жеңіл, түбірлі түрде өлеңмен баяндалады.

Дүниеде бәрінің негізі материя деп мойындай отырып, Лукреций "бәрі материядан шығады және бәрі сонымен өмір сүреді" деп атап көрсетеді Дінді ғылыми прогрестің кедергісі деп бөлген ол діни ұғымдарды да батыл сынға алады. Рим қоғамының кемшіліктерін де айыптап отырып, саяси күрес пен билікті өзінің жеке басының мүддесі үшін пайдаланушылар туралы теріс пікірде болды.

Бұл кездегі ресми христиан доктринасы мен христиандықтың саяси идеологиясының көрнекті қайраткері Аврелий Августиншешімінде схоластика қағидалары да көрініс тапты.

 Ежелгі Римнің атақты шешен заңгері, мемлекеттік қайраткері және ойшылы Марк Туллий Цицерон б.з.д. 106 жылы туып, б.з.д. 43 жылы қайтыс болды. Ол кейінгі ұрпаққа, адамзат мәдениетіне орасан зор мұра қалдырған ұлы философ және саясаткер болды. Оның кең қамтылған шығармашылығында мемлекет пен құқық мәселелеріне көп орын берген. Бұл мәселелер оның осы тақырыпқа арнайы жазған мемлекет туралы "Құдайлардың табиғаты туралы", "Міндеттілік туралы", "Жамандық пен жақсылықтың шегі туралы" және "Заңдар туралы" еңбектерінде кең қамтылған.

Цицерон мемлекетке халық еңбегінің жемісі рстінде анықтама берді.

Мемлекеттін пайда болу себебі Цицерон адамдардың әлсіздігі мен қорқынышын емес, олардың туғаннан бірге жүру қажеттігіне ұмтылуынан деп есептейді. Бұл мәселе бойынша, Аристотельдің политиясын құптаған Цицерон сол кездегі мемлекеттің пайда болуының келісімдік сипаты туралы кең дамыған түсінігін жоққа шығарды. Ол мемлекет пен жеке меншіктің байланысын анықтап, мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі — жеке меншікті қорғау туралы ережені мақұлдайды. Билеушылер санына қарай Цицеронмемлекеттің қарапайым үш формасын патша билігін (монархия), оптиматтарды (аристократия) және халық билігін (демократия) атапкөрсетеді.

Табиғат құқықтары, Цицерон бойынша, жазба зандардың қайсысынан болса да ерте, тіпті мемлекетпен де ерте пайда болған.. Заңның көмегі мен күші туралы Цицерон "COТ — сөилейтін заң, ал заң — әлсіз сот" деген анықтама береді, яғни әділ заң "әділдігі әркімге өзіне тиістісін беруден тұрады".

Ежелгі Грециадан бастау алған стоицизм римдік саяси-құқықтық ойда одан әрі жалғасын тапты. Рим стоиктерінің теориялықкөзқарастары ежелгі грек  стоиктерінің философиялық, этикалық және саяси-құқықтық концепцияларының едәуір ықпалында болғанымен, олардың өзіндік ерекшеліктері айқындалды және одан әрі дамытылды. Рим стоицизмнің басты өкілдері Луций АннейСенека /3 -65жж/, Эпиктет /50—140жж/ және Марк Аврелий Антонин болды.

Стоиктердің ілімі бойынша, әлем – біртұтас дене. Ол құдайлық пен адамдықтың арасындағы қарым-қатынас және оны әлемдік құдай ретінде қарастырады. Олардың айтуынша, әлемде болып жатқан өзгерістер қатал қажеттілік заңына бағынған, сондықтан ол белгілі бір мақсатты жолмен, яғни оны керек етуіне қарай дамиды. Қажеттілік заңын стоиктер қоғамдық өмірде де қолданылады деп есептейді.  Осы заңға сүйенген  олар бостандық ұғымын да қажеттілік ұғымы арқылы түсіндіруге тырысады.

Рим заңгерлерінің тек құқықтану саласында ғана емес, бүкіл әлемдік µркениетке қосқан үлесі айрықша. Олар құқықтануды алғаш рет жеке ғылым ретінде қарастырды.

Рим заңгерлерінің қызметі мынадай құқықтық мәселелерді шешуге көмектесті: 1) rеsponderе — жеке адамдардың құқықмәселелері жөніндегі сұрақтарына жауап беру, 2) cavere — келісімдер мен мәмілелер (шарттар) жасауға көмектесу және формулаларды хабарлау, 3) agere — сот ісіне көмектесу.

Азаматтық құқық жинақталған Юстиниан кодификациясы "Корпус юрис цивилис" деп аталды. Бұл кодификацияға ең алдымен Гайдың институциялары кірді. Гай институциялары құқықтық бастауыш оқуға арналған рим құқығының негізін құрады. Мұнда сонымен біргс Ульпианның, Флорентиннің және Марцианның еңбектері де енгізілді. Институциялар төрт кітапқа, кітаптар титулға, титулдар параграфқа бөлінді.

Рим құқықтық ойының маңызды табыстарының бір құқықты бұқаралық (көпшілік) және жеке құқыққа бөлуі болып табылады. Олар бұқаралык (көпшілік) құқық саласында шіркеу иелері мен абыздардын кұқықтық жағдайы, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өкілеттілігі, азаматтык және басқа да мемлекеттік-азаматтық институттар ұғымына талдау жасады. Цивильдік құқық саласында рим заңгерлері меншік, отбасы, өсиет, шарт мәселелеріне жан-жақты талдау жасады. Мүліктік қатынастарды реттеуде олар жеке меншікті қорғау позициясында болды. Олар меншік құқығын затты абсолютті түрде иелену және пайдалану деп түсіндірді. Яғни зат иесі затты жоюға да құқылы. Бірақ, меншік иесінің құқығы қаншама кең болғанымен, ол басқалармен санасуға міндетті. Рим заңгерлерінің құқық туралы ілімі құқықтық ойдың одан кейінгі дамуына үлкен ыкпалын тигізді.

 

Негізгі әдебиеттер:

1.  Саяси және құқықтық ілімдер тарихы.

2.  История политических и правовых учений/ Под общей ред. Нерсесянца В.С. Изд. 2-е, стереотип. – М., 1997;1998;1999;2000.

3.  История политических и правовых учений/ Под ред. Лейста О.Э. –М., 1997;1999;2000.

4.  История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Малахова В.П. – М., 2000.

5.  История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Лейста О.Э. – М., 2000.

6.  Антология мировой правовой мысли: В 5т. / Рук науч. проекта Семигин Г.Ю. - Т. I: Античный мир и Восточные цивилизации.

7.  История философии права. Учебное пособие СПб: Юрид.инс-т 1988. (содержит обстоятельные фрагменты классических трудов).

8.  Сравнительное изучение цивилизаций. Хрестоматия. Сост.Б.С.Ерасов. М.,1998

 

Қосымша әдебиеттер:

1.  Бачинин В.А. История философии и социологии права. - Санкт-Петербург, 2001

2.  Галанза П.Н. Государство и право Древнего Рима.1963

3.  Гобозов И.А. Философия политики.-М.,1998

4.  История политических и правовых учений (Древний мир). /Под ред.В.С.Нерсесянца. М.:Наука, 1985

5.  История философии в кратком изложении.М.,1991

6.  Мифы народов мира. Энциклопедия в 2-х томах. /Гл.ред.С.А.Токарев.-М.,1992

7.  Утченко С.Л. Политические учения Древнего Рима.М.,1977

8.  Философский энциклопедический словарь.-М.,1988;1999;2000

 

Пысықтау сұрақтары:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]