Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

калалар

.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
181.25 Кб
Скачать

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі, 1967 ж. Оңт. Қазақстан облысы Отырар ауданы Темір станциясында ашылған. Алғашқыда мектеп музейі, 1973 жылдан бастап аудандық музей қызметін атқарса, 1979 ж. О. м. а. қ. м. болып құрылды. Музейдің негізгі мақсаты Отырар өңіріндегі археол., архит. ескерткіштерді қорғау, ғыл.-зерттеу, мәдени-ағартушылық жұмыстармен айналысу. О. м. а. қ. м. құрамына Отырар қ., Арыстан баб кесенесі және осы өңірдегі барлық ежелгі қала орындары, қорғандар, суландыру жүйелері, шеберханалар енеді және бұлар көрермендерге экспозиц. қызмет атқарады. Музейде бірнеше бөлімдер және кітапхана жұмыс істейді. 1993 ж. музей қарамағына 110 тарихи ескерткіш бекітіліп берілді, қорғау аймағы 11547 га болып ұлғайды. Қазіргі кезде Отырар өңірінде 160-тан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар. Отырарда да теңге соғылғаны туралы деректер бар. Мұнда ‘’Арыстан баб кесенесі’’ салынды. 14 – 15 ғасырларда Отырардың орталығында үлкен мешіт салынып, жұмыс істеген. Отандық археологтар ізденістерінің нәтижесінде 16 ғ-дың аяғы 17 ғ-дың 80-жылдарындағы Отырар қ-ның халқына демографиялық есептеулер жүргізілді. Отырар қ-ның 16 – 17 ғасырлардағы аумағы 20 га-ға тең. Оның төрттен бір бөлігін алаңдар, көшелер, шаруашылық жайлар алып жатқан. Махаллаларда (100 шақты) орта есеппен 45 – 63 адам тұрған, ал қаладағы барлық тұрғындар саны 4500 – 6300 адам немесе орта есеппен 5500 адам өмір сүрген. Сығанақ (20 га) пен Созақта (22 га) да тұрғындар саны осындай. Көлемі 35 га болатын Түркістанда 170 махалла болған, оларда 9180 адам тұрған. Көлемі жағынан Сауран Отырардан екі есе үлкен, онда 11000-дай адам, ал Сайрамда (28 га) 7560-тай адам болған. Қарасаманда (6 га), Иқанда (6,7 га), Қарнақта (4,5 га), Қарашоқта (5 га), Сүткентте (6 га), Аркөкте (7 га), Қотанда (7 га), Үзкентте (9 га), Аққорғанда (8 га) 1500-ден 2000-ға дейін тұрғындар тұрып, махаллалар саны 20-дан 40-қа дейін жеткен.

Жақанкентте, Суриде, Жүнкентте, Құжанда, Қарақұрымда және Раң сияқты баламасы табылмаған, көлемі 1 – 2 га-ға дейін жететін қалашықтарда 800 – 1000-дай адам тұрған. Жалпы, 16 – 17 ғ-лардың үш ширегі кезеңінде Қазақстандағы қала халқының саны 70 мыңнан аспаған. 17 – 18 ғ-лардағы жоңғарлар шапқыншылығы Қазақстан қалаларының экономикасын құлдыратты. Қазақстандағы орта ғасырлардағы елді мекендер мен қала-лар, мұнда қалалық мәдениет пен өркениеттің ежелден қалыптасып, дамығандығын көрсетеді.

23