Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Картография топография негіздерімен экологиялы картографиялау.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
357.38 Кб
Скачать

Студенттердің білімі, дағдылары, ептілігі төмендегіше бағаланады:

Бағалар

әріптік жүйе бойынша

балдық жүйе

%-тік негізде

дәстүрлік жүйе бойынша

А

4,0

95 – 100

Өте жақсы

А-

3,67

90 – 94

В+

3,33

85 – 89

Жақсы

В

3,0

80 – 84

В-

2,67

75 – 79

С+

2,33

70 – 74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65 – 69

С-

1,67

60 – 64

Д+

1,33

55 – 59

Д

1,0

50 – 54

F

0

0 - 49

Қанағаттанарлық емес.

1.7 Қойылатын талаптар саясаты.

Курстың негізгі саясаты оқу процесін жоғарғы деңгейде тиімді қамтамасыз ету және ол барлық студенттер үшін ортақ міндетті болып табылады. Әрбір оқытушы студенттерге өзінің талаптар жүйесін ұсынады.

Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс бойынша жақсы баға алу үшін үнемі жұмыс жасауды қажет етеді. Курс бойынша бағалану бүкіл семестр бойы жүргізіледі. Ең жоғарғы максимальды баға барлық жоспарланған жұмыстардағы тапсырмаларды дұрыс толық орындаған жағлайда қойылады. Әрбір студен кредит-сағаттар бойынша жинаған балдарының есебін жүргізіп отыруы тиіс (жоғарыдағы көрсетілген бағалау схемасы бойынша).

1. Сабаққа қатысу.

Әрбір студент барлық сабақтарға қатысуға міндетті. Жіберілген сабақтар оқу-әдістемелік кешенде көрсетілген жоспар бойынша толық көлемде орындалып өтелуі тиіс. Курстағы сабақтардың үштен біріне себепсіз қатыспаған студенттер курстағы жоспарланған сабақтарды игере алмаған болып есептеледі де университеттен шығарлады.

2. Студенттердің аудиториядағы мінез-құлқы:

Студеннт сабаққа кешікпеуі тиіс, сабақ кезінде сөйлеуге, газет-журналдар оқуға, ұялы телефонмен сөйлесуге, рұқсатсыз тұрып жүруге, аудиториядан шығуға тиым салынады. Сабақ үстінде ұялы телефонын айырып тастауы тиіс. Оқу процесіне белсене қатысып отыру керек.

3. Үй тапсырмасы:

Үйге берілген тапсырмаларды орындау және оның есебін оқытушымен келісе отырып тапсыру міндетті. Үй тапсырмасының есебін тапсыруға келсілген уақытта себепсіз келмеген студенттерден есеп алынбайды. Осы есептер негізінде бағалау жүргізіледі, бұл бағалар қортынды бағалауға әсер етеді.

4. Жеке тапсырмалар:

Жеке семестрлік тапсырмалар барлық студенттерге міндетті түрде беріледі. Олар рефераттар түрінде беріле отырып орындалады және қорғалады. Әрбір тапсырма бөлек бағалана отырып қортынды бағаларға өз әсерін тигізеді.

5. Бақылау жұмысы:

Бұл сабақ кезінде орындалады және сабақ соңында тапсырлады, ал сабақ кезінде үлгере алмағандардан алынбайды. Студенттердің білімін тексеру негізінен тестілік тапсырмаларды орындап шешу болып табылады.

6. Әңгімелесу:

Сабақ тапсыру негізіндегі әңгімелесу әрбір топта бөлек кесте бойынша жүргізіледі, қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Студенттердің білімін тексеру тестілік тапсырмаларды орындау мен шешу бағытында жүргізілуі мүмкін.