Бекмолдин_книга_в печать170112
.pdf
23-тақырып. Қаржы жүйесі 361
байланыстары үдерісінде туындайтын жəне пайдаланылатын ақша қаражаттарының қорлары елдің қаржы жүйесін құрайды.
Қаржы жүйесі – бұл мемлекет пен шаруашылықты жүргізуші субъектілердің ақша қаражаттары қорларын құру, бөлу жəне пайдалану нысандары мен əдістерінің жүйесі.
Қаржы жүйесіне кіретіндер:
– шаруашылықтыжүргізушісубъектілердің(кəсіпорындар,
мекемелер, ұйымдардың) қаржысы. Кəсіпорындардың ақша қаражаттарына қажеттілігі қаржысыз қанағаттандырылмайды. Шаруашылықты жүргізу үдерісіндегі қаржы арқасында негізгі капиталды кеңейтуге арналған инвестицияны іске асырудағы өндірістің айналым қаражаттарындағы қажеттілігі қамтамасыз етіледі. Шаруашылықты жүргізуші субъектілерге сатылған өнімнен(жалпытабыс) түсетінақшатүсімітүрліқаржыресурстарына деген олардың қажеттіліктерін қанағаттандыратындай етіп бөлінеді.
Мемлекеттік қаржы. Қаржы арқасында мемлекет экономиканы реттеу, əлеуметтік-мəдени саланы дамыту, қоршаған ортаны қорғау, ел мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Сақтандыру қаржысы. Сақтандыруда түрлі жағымсыз құбылыстар мен кездейсоқтықтардан сақтандыруға деген қоғамдық жəне жеке қажеттіліктер іске асырылады. Бұған сақтандырудың қаржы ресурстары көмегімен қол жеткізіледі.
Несиеберудіңқаржыжүйесі. Несие-қаржыинституттарының жиынтығы ретінде несие жүйесі бос ақша капиталы, табыстар, рыноктың түрлі субъектілерінің жинақтауларын біріктіреді жəне оларды фирмаларға, үкімет пен жеке адамдарға қарызға береді. Несие беру жүйесінде ерекше қаржылық қатынастар құрылады, бұл оларды жеке салаға бөлуге мүмкіндік береді.
Қаржы жүйесі оған енетін бөліктер құрамымен ғана емес, қаржы қатынастарының басты субъектілерін байланыстыратын қаржы ресурстарының ағындарын да (қаржы ағындарын) сипаттайды.
362 Экономикалық теория
МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ.
МЕМЛЕКЕТТІК ШЫҒЫНДАР 23.2. ЖƏНЕ ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС.
МЕМЛЕКЕТТІК ШЫҒЫНДАР МУЛЬТИПЛИКАТОРЫ
Ұлттық экономика деңгейіндегі қаржы жүйесінің элементі мемлекеттік қаржы болып табылады. Мемлекеттік қаржы рөлі, ең алдымен, оның қоғамның ұдайы өндіріс үдерісіне əсер етуі, экономикалық өсу қарқынын ұстау, шаруашылықтың негізгі салаларын дамыту, экономиканы құрылымдық қайта құру, ҒТП жеделдетуде маңызды аспап ретінде жүруінде болып отыр.
Экономиканы экономикалық реттеудің мемлекетттік қаржы жүйесіндегі негізгі буыны мемлекеттік бюджет болып табылады.
Мемлекеттік бюджет – үкімет иелігіндегі аса ірі орталықтандырылған ақша қоры. Мемлекеттік бюджет шаруашылықты қаржыландыру, əлеуметтіксаясаттыіскеасыру, ғылым, мəдениет, білімді дамыту, ел қорғанысын қамтамасыз ету жəне қоғамды басқару үшін қаражаттарды қайта бөлу жөнінде мемлекетпен заңды жəне жеке тұлғалар арасындағы ақша қатынастарын көрсетеді.
Қаржының бөлігі бола отырып, бюджет жалпы қаржыға тəн белгілермен сипаттала, өзіндік ерекшеліктерге де ие:
–ұлттық табысты қайта бөлетін болғандықтан мемлекеттік бюджет қайта бөлуші қатынастардың ерекше экономикалық нысаны болып табылады;
–қаржының басқа буындарына қарағанда бюджеттік қайта бөлу пропорциясы көбіне қайта бөлу мен жалпы қоғам қажеттіліктерімен анықталады;
–бюджеттік бөлу облысы мемлекеттік қаржы құрамында орталық орын алады, бұл оның басты орнын көрсетеді.
Бюджет мəні оның қызметтері арқылы көрінеді.
Бөлуші – бұл ақша қаражаттарының мемлекет қолында шоғырлануын жəне оларды жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында пайдалануды білдіреді.
23-тақырып. Қаржы жүйесі 363
Бақылаушы – бюджет объективті түрде, мемлекеттің ақша қаражаттары қорын қалыптастыру жəне пайдалану арқылы экономиканың құрылымдық буындарында жүретін экономикалық үдерістерді көрсетеді.
Мемлекеттік кəсіпорындар, мекемелер жəне халықпен арасында туындайтын қаржылық қатынастар, бұл – бюджеттік қатынастар. Бұлқатынастармемлекеттікбюджеттабыстарымен шығындарынегізіндеқалыптасады. Бюджеттіңтабыстарымен шығындары – бұл соның негізінде қоғамда құрылған қаржылық ресурстарды қайта бөлуде жүретін, ерекше экономикалық нысандар.
Табыстар – елдің бюджеттік қорын қалыптастыру үдерісінде мемлекет пен кəсіпорындар, ұйымдар мен азаматтар арасындатуындайтынэкономикалыққатынастар.Бұлқатынастардың көріну нысаны – бюджеттік қорға жұмылдырылатын ақша қаражаттары түрінде материалдық-заттық түрге ие төлемдердің сан алуан түрлері. Табыс түсімдерінің жүйесі салықтар мен алымдар негізінде құрылады.
Салық – бұл заңмен анықталған мөлшерде жəне орнатылған мерзімде бюджеттік қорға түсетін міндетті төлем.
Қазіргі жағдайда салықтар екі негізгі қызметті атқарады: фискалды жəне экономикалық. Фискалды қызмет – мемлекеттің қызмет етуі үшін материалдық жағдай жасау жəне мемлекеттік ақша қорлары үшін ақша қаражаттарын жинаудан көрінеді.
Экономикалық қызмет – қайта бөлу қатынастарына белсенді қатысушы ретінде салықтар қайта өндіріске, оның қарқынын ынталандыра немесе тежеп, капиталды жинақтауды күшейте немесе əлсірете, халықтың төлем қабілеті сұранысын кеңейте немесе азайта отырып əсер ететіндігін білдіреді.
Мемлекет үшін ұлттық табысты жұмылдыруда салықтық əдісті қолдану мемлекеттің өндіріске қатысушылармен тұрақты араласуын тудырады. Бұл оған экономикаға, қайта өндіру үдерісінің барлық кезеңіне əсер етудің нақты мүмкіндігін береді.
Салықтан басқа бюджетке алымдар түседі: сату құқығы, автокөлікті қою, курорттық алымдар жəне т.б.
364 Экономикалық теория
Мемлекеттік бюджет табыстар мен шығыстар арқылы əрекет етеді.
Осыған дейін табыстар туралы əңгіме қозғадық, енді шығыстарға тоқталайық.
Мемлекеттік бюджетті жұмсау – бұл мемлекеттің ақша қаражаттары қорын бөлу жəне оның шаруашылық мұқтаждығы мен мемлекет қызметін орындауға пайдалануға байланысты туындайтын экономикалық қатынастар.
Бюджетшығысындабірегейбөлушіүдерістіңекіжағыкөрініс табады:
•бюджет қорын құрамдас бөліктерге бөлу;
•кəсіпорындар, ұйымдар, мекемелердемақсаттыбағыттағы ақша қорларын қалыптастыру.
Шығыстардың қоғамдық бағытын ескере отырып, бюджеттік қаражаттар бөлінеді:
1)халық шаруашылық мұқтаждығына;
2)əлеуметтік-мəдени шараларға;
3)қорғанысқа;
4)басқаруға.
Бюджеттің шығыс бөлігі экономиканың қаржылық реттеу қызметін мемлекеттік шығыстар жүйесін ұйымдастырушылық құрудың негізгі принциптері арқылы іске асырады.
1. Қаражаттың мақсатты бағыттары – мемлекеттік шы-
ғыстар қаржы жоспарларында көзделген шығындарды жұмсау бағыттарына сай мақсатты бағытта қатаң іске асырылады дегенді білдіреді.
Мемлекеттікшығыстардыңнегізгімақсаттыбағыттарыболып:
•қызметтің коммерциялық саласында – айналым құралдарын қаржыландыру жəне күрделі салымдар;
•коммерциялық емес – жалақы, ағымдық мағынадағы шығындар, күрделі салымдар жəне т.б. жатады.
Мемлекеттік қандай да бір қажеттіліктердің басымдылығын, экономикалық саясат пен қолда бар ресурстардан шыға отырып олардықанағаттандырутəртібінреттеуарқылыорнатады. Мұндай жол қолда бар мемлекеттік ресурстарды пайдаланудан максималды эффект алу үшін жағдай жасауды қамтамасыз етуге арналған.
23-тақырып. Қаржы жүйесі 365
2.Шығынның қайтарылмау принципі түрлі бағыттарда пайдаланылған қаражаттар оларды міндетті түрде қайтарылуын керек етпейді дегенді білдіреді. Қаржы ресурстарын жұмсаудың бұл режимі, мəселен несие қаражаттарын пайдаланудан ерекше. Бірақ қайтарылмау принципін ұстау мемлекеттік қаржы ресурстарын жұмсаудың соңғы нəтижесіне немқұрайды қарау керек дегенді білдірмейді. Шығындардың сан алуан түрлеріне оларды инвестициялау тəртібі мен шарты экономика мен мəдениеттің дамуына, еңбек өнімділігінің артуы мен ұлттық табыстың өсуіне көмектесетіндей болуы керек. Ал соңғы нəтижесі мемлекеттік қаржы ресурстарының жалпы өсуіне жеткізуі қажет. Қаржы ресурстарын жұмсаудың қайтарылмау принципін оларды нəтижелі инвестициялау шартымен бірдей жүйеге органикалық түрде байланыстыру қажет.
3.Үнемдірежимінұстану– бұлалынатыннəтижегеқатысты шығындарды бірізділікпен минимумға жеткізудің нысандары мен əдістерінің жүйесі. Бұл ең жоғарғы нəтижеге қол жеткізуге қажет жəне ол шығындарды қысқартуды емес, оларды тиімді іске асыруды көздейді.
Сонымен, мемлекеттік бюджет табыстары мен шығыстары облысындағы парасатты саясат оны экономиканы реттеудің қаржы аспабы ретінде пайдалануға рұқсат береді.
САЛЫҚ САЛУ ПРИНЦИПТЕРІ 23.3. ЖƏНЕ ТҮРЛЕРІ. САЛЫҚ
МУЛЬТИПЛИКАТОРЫ
Мемлекеттің фискалды саясатының маңызды құрамдас бөлігі мемлекеттік шығындар мен салықтар болып табылады. Салық экономиканы мемлекеттік реттеудің негізі болып табылады. Бюджетті-салық саясаты – бұл толық жұмысбастылық пен тепе-тең ЖІӨ өндірісін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шығындар мен салық салуды реттеу жөніндегі үкімет шараларының жиынтығы.
366 Экономикалық теория
Экономикада «мультипликациялық эффектілер» деп аталатынның бар екені белгілі. Рыноктық экономикадағы мультипликатор – көбейткіш эффектісінің мəні; инвестиция немесе шығынды өсіруде болып табылады да ұлттық табысты өсіруге əкеледі жəне инвестиция немесе шығынның бастапқы өсуіне қарағанда үлкенірек шамаға жеткізеді.
Жабық экономика үшін өндірудің тепе-тең көлемі ЖІӨ (Ү) тұтыну көлеміне тəуелді С, инвестиция І немесе жоспарланған инвестициялар Е, мемлекеттік шығындар G, сонымен қатар салықтық аударым Т көлеміне байланысты болады. Негізгі макроэкономикалық ереже былай болады:
Ү = С + І + G;
Тұтыну функциясы:
С = а + bҮ,
мұндағы: а – дербес тұтыну;
bҮ – тұтынуға деген шекті бейімділік. Тұтыну функциясын негізгі макроэкономикалық ережеге енгізу өндірістің тепетең көлемін анықтауға мүмкіндік береді:
Y I I b (a I G),
мұндағы: а+ І+ G – табысшамасынаҮтəуелсіздербесшығындар.
Онда I – мультипликатор, бұл бірлікке шаққан мемлекет
I b
-тік пен басқа дербес шығындардың өсу нəтижесінде табыстың тепе-тең деңгейі қаншалықты өсетінін көрсетеді.
Табысқа Ү салық салуды ескере отырып, мультипликатор моделі келесідей түрге ие болады:
I . I b (I 1)
Инвестициялар мен мемлекеттік шығыстар сияқты салықтар да мультипликациялық эффектінің тууына əкеледі. Тепе-тең деңгейде мультипликативті əсер ету салық өзгеруін де көрсетеді. 23.1-сызбаны қарастырайық.
|
23-тақырып. Қаржы жүйесі 367 |
Е |
|
|
Ү = Е |
МРС х Т |
В |
Е2 =Ү2 |
|
А
Е1 = Ү1 |
Е |
=Ү |
2 |
Ү |
|
2 |
|
|
|
23.1-сызба. Салықтардың өндірістің тепе-тең көлеміне |
||||
мультипликациялық əсер етуі |
|
|||
Егер салық жарналары |
Т-ға төмендесе, онда қолда бар табыс |
|||
Үd (Үd = Ү-Т) Т шамасына өседі. Тұтыну шығындары |
Тхb шама- |
|||
сына өседі, бұл жоспарланған шығындар қисығын жоғары жылжытып, өндірістің тепе-тең көлемін Ү1- ден Ү2-ге дейінгі шамаға өсіреді:
|
|
|
Y Tx |
b |
|
Y |
|
b |
I b |
||
|
|
||||
|
– көрініс салық мультипликаторы. |
||||
T |
I b |
|
|
|
|
Таза салықтық түсімдер мемлекеттік бюджетке түсетін жалпы салықтық түсімдер сомасы мен үкімет төлеген трансферттер сомасы арасындағы айырмашылықты көрсетеді.
Салық қызметінің түрі: Т = Та + t х Ү, мұндағы:
Т – табыс Ү шамасына тəуелсіз дербес салықтар (мысалы, қозғалмайтын мүлікке, мұраға салынатын салық жəне т.б);
t – шекті салық мөлшерлемесі.
368 Экономикалық теория
Салықтық жарналардың Т табыстан Ү функционалды тəуелділігі ескеріле отырып, тұтыну қызметі келесідей түр қабылдайды:
С = а+b (Ү – (Та + t х Ү)).
Бұл жағдайда өндірістің тепе-тең көлемінің моделі келесідей болады:
Y |
I |
x (a I G |
I |
x Ta |
|
I b (I t) |
I b (I t) |
||||
|
|
|
Мемлекеттік шығындар мен салықтар шамасының бір реттік өзгеруі нəтижесінде табыстың Ү жиынтық өзгеруі келесідей болып анықталады:
Y G x |
I |
b |
|
|
T x |
|
|
I b (I t) |
I b (I t) |
||
Жоғарыда баяндалғаннан салық мультипликаторы жиынтық сұраныстың азаюына, мемлекеттік шығындар мультипликаторы оның өсуіне əсер еткеннен гөрі əжептеуір азырақ əсер етеді деген тұжырымжасауғаболады. СалықөсуіЖІӨқысқаруына, алсалық төмендеуі ЖІӨ өсуіне əкеледі. Бұл кезде бірнеше айдан бірнеше жылғадейінсозылуымүмкінсалықтарөзгеруіменұлттықтабыстар өзгеруі арасындағы уақытша қадамдарды ескеру керек.
Салықты төмендету тұтынушылар үшін олардың табысының өсуіне əкеледі, бұл тұтыну тауарларына деген сұраныс өсуінен көрінеді. Салықты төмендету фирмалар үшін кəсіпкерлер табысыныңөсуінеəкеледі, бұлолардыңжаңаинвестицияларғашығын шығаруға ынталандырады жəне инвестициялық тауарларға деген сұраныстың өсуіне əкеледі.
Салық төмендеуінен болатын мультипликациялық эффект мемлекеттікшығындарөсуінеқарағандаəлсіздеу. Бұлалгебралық түрде бірлікке шаққан шығындар мультипликаторының салық мультипликаторынан артуынан көрінеді. Бұл мемлекеттік шығындардың табыстар мен тұтыну шамаларына (салықтар өзгеруімен салыстырғанда) күштірек əсер етуінің салдары бо-
370 Экономикалық теория
қабілестіздігін көрсетеді. Бұл – циклдік тапшылық. Оны экономикадағы қажетсіз құбылыс ретінде қарастыру керек.
Бюджет тапшылығын игеру үшін келесідей шаралар қолданылады: бюджет шығыстарын қысқарту, эмиссия, қосымша табыс көздерін табу жəне қарызға ақша алу. Қарызға ақша алу іс жүзінде мемлекеттік несие болып табылады. Сондықтан мемлекеттік борыш – бұл ел өмір сүріп отырған кезде жинақталған мемлекеттік несиенің қайтарылмаған сомасы.
Мемлекеттік займдардың орнын толтыру жəне пайыздарды төлеу не бюджеттік қаражаттардан төленеді, не қайта қаржыландыру – ескі займ облигацияларын ұстаушылармен есеп айырысу үшін жаңа займдар шығару арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік борышты басқару əдістеріне конверсия мен консолидация енеді. Конверсия – бұл табыстылыққа қатысты займ шарттарын өзгерту, яғни займ бойынша төленетін пайыздар деңгейін азайту немесе көбейту. Консолидация – бұл займ мерзімдеріне байланысты, оның шарттарын өзгерту (қысқа мерзімді міндеттемелерді ұзақ жəне орта мерзімдегі айналдыру).
23.5. ІШКІ ЖƏНЕ СЫРТҚЫ МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШ
Мемлекеттік борыш – бюджет тапшылығының қашып құтыла алмайтын бөлігі. Оның себебі өндіріс құлдырауы, жасырын экономика көлемінің өсуі, өндірістік емес шығындар, ысыраптар, ұрлықтар жəне т.б. байланысты болады.
Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік борыштың өзара байланысы бюджет тапшылығының орнын толтыру үшін займ шығарудан көрінеді. Мемлекеттік борышқа оны пайызбен төлеу қажеттілігі де күшті əсер етеді. Ескі борыштарын өтей отырып, мемлекет тағы үлкен займдарға келеді. Экономика тұрақтылығы мен дұрыс ақша айналымына қауіп төндіретін күрделі кезең деп берешек жылдық ЖІӨ шамасынан артып кеткен кез есептеледі.
