Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бекмолдин_книга_в печать170112

.pdf
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.38 Mб
Скачать

22-тақырып. Ақша – несие жүйесі 351

Қазіргі жағдайдағы қарыз капиталының маңызды көздері:

1.Негізгі капиталды толық қалпына келтірудің амортизациялық қорын қалыптастыру үдерісінде туындайтын қаражаттар.

2.Амортизациялық жарналар ай сайын немесе тоқсан сайын қосылады, ал амортизациялық қорды жұмсау анда-санда ғана жүреді. Сондықтан амортизациялық қордың елеулі бөлігі уақытша бос ақша қаражаттары ретінде жүреді жəне қарыз капиталының көзі болып табылады.

3.Кəсіпорынның айналым капиталының шикізат, отын, материалдар мен т.б. сатып алуға арналған тұрақты бөлігі өнімді сатудан түсімдер түсуі мен оны қажетті материалдық құндылықтардысатыпалуғапайдаланукезініңсəйкескелмеуінен уақытша бос ақша қаражаттары нысанына ие болады.

4.Қызметкерлер еңбегіне ақы төлеуге арналған айналым капиталының ауыспалы бөлігі уақытша бос ақша қаражаттары нысанын қабылдайды, себебі жалақыны төлеуді есептеу бір қалыпты жəне тұрақты жүреді, ал оны нақты төлеу кезең сайын қабылданған мерзімде жүргізіледі.

5.Өндіріс дамуына салынуға бағытталған жəне өндіріс ауқымына байланысты белгілі бір шамаға дейін ұзақ уақыт ішінде жинақталатын кəсіпорын пайдасының бөлігі де уақытша еркін ақша қаражаттары нысанын қабылдап, қарыз капиталының көзі болады.

6.Халықтың барлық қабатының ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарлар, тұрғын-үй жəне басқа қымбат тұратын материалдық игіліктерді сатып алуға арналған ақша табыстары мен жинақтаулары. Халықтың бұл қаражаттары белгілі бір уақыттарға дейін банк шоттарында жинақталып, қарыз капиталының көзі болып табылады.

7.Мемлекеттің коммерциялық қызметтерінің сан түрлерінен түсетін ақша жинақтаулары мен табыстары, сонымен қатар түрлі деңгейіндегі мемлекеттік жəне жергілікті бюджеттерде жинақталатын оң сальдо уақытша бос ақша қаражаттары нысанын қабылдап, қарыз капиталының көзі болып табылады. Бос

352 Экономикалық теория

ақша қаражаттары, тіпті бюджет тапшылыққа жолыққан кезде де құрылады. Себебібюджеткетабыстыңтүскенкезіненшығыстарды іске асырғанға дейін уақыт жағынан əрқашан алшақтық болады.

Несиенің ең шоғырланған мəнінің көрінісі, оның қызметі болып табылады. Рыноктық экономикада несие келесідей негізгі қызметтерді атқарады:

біріншіден, несие ақша капиталын біріктіретін жəне жұмылдыратын қызметті орындайды;

екіншіден, несие ақша капиталын қайта бөлу қызметін орындайды;

үшіншіден, айналымда қолма-қол ақша қызметін несие ақшалар – вексельдер, чектер мен банкноттар орындау нəтижесінде несие айналым шығындарын қысқартуға көмектеседі;

төртіншіден, несие капиталды шоғырландыру мен орталықтандыру үдерісін жылдамдатудың маңызды құралы болып табылады;

бесіншіден, несие рыноктық экономикада оны реттеу аспабы ретінде пайдаланылады.

Экономиканы реттеу – бұл несие көлемі мен серпінін жетілдіру, қарыз капиталы рыногы мен жалпы ел экономикасын реттеу мақсатында мемлекет іске асыратын шаралар жиынтығы.

Қарыз капиталының қайтарымдылығы объективті үдеріс болып табылады жəне несиенің негізгі қасиеттері қатарына жатады. Несие қайтарымдылығы оның жеделдігін көрсетеді, себебі ақша белгілі бір мерзімге беріледі.

Несие ерекшелігіне, несие мəмілесі жатады – бұл сенімге негізделгеноперация, себебіекіқатысушыныңбіреуіондаборыш қайтарылуын күтеді.

Сондықтан несие беруші өз сенімі дəрежесінің шамасына байланысты қандай да бір елеулі кепілдерді талап етуге құқықты. Бұл несиенің материалдық қамтамасыз етілуін оны өзіндік ерекшеліктерінің қатарына қояды. Қарыз алушылар өзінікі емес капиталды, яғнибөтенадамныңақшасынөзмүддесінепайдалануына байланысты, рыноктық экономика жағдайында олар берілген қарызды пайдаланған құқығы үшін алған қарыздарын сөзсіз

22-тақырып. Ақша – несие жүйесі 353

төлеулері керек. Осы жерден несиенің ең маңызды қасиеттерінің бірі – оның ақылылығы туындайды. Несие ақылылығы қарыз пайызы, яғни қарыз алушының несие берушіге төлейтін пайда бөлігі арқылы іске асырылады. Қарыз пайызы қарыз капиталы рыногында қаражаттар қозғалысын тудыратын несиенің тұтыну құнының баламасы ретінде көрінеді.

Кез келген рыноктағы кез келген мəміле қандай да пайданы көздейді. Ақша қаражаттары қарызы бойынша мəміленің пайдалылығы қарыз пайызы сомасының қарыз капиталы шамасына қатынасын көрсететін пайыз нормасымен анықталады. Пайыз нормасы қарыз капиталы рыногындағы сұраныс пен ұсыныс арақатынасына байланысты жəне динамикалық шама болып табылып, нақты экономикалық жағдаймен анықталады.

Несие келесі нысандармен іске асырылады:

а) коммерциялық; ə) банктік; б) тұтыну; в) ауылшаруашылық; г) ипотекалық; д) мемлекеттік; е) халықаралық.

22.5. ҚР РЫНОКТЫҚ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Несиежүйесінесиелікқатынастар, несиеберунысандарымен əдістерінің жиынтығын көрсетеді. Несие жүйесіне қарыз капиталы рыногында бос ақша қаражаттарын жинақтайтын жəне оларды қарызға беретін несие-қаржылық ұйымдар жиынтығы енеді. Ол несие берудің банктік, коммерциялық, тұтыну жəне басқа түрлерімен берілген. Несиенің осы барлық нысандарына несиелік қатынастардың өзіндік арнайы қасиеттері мен несие беру əдістері тəн болып келеді.

Несие бойынша қатынастарды арнайы несие ұйымдары іске асырады. Бұл аспектіде несие жүйесі өз қызметін қарыз капиталы рыногында іске асыратын қаржы делдалдары жиынтығын көрсетеді.

Рыноктық экономика жағдайындағы несие жүйесінде басты əрекет етушілер – банктер. Бұл кезде, несие жүйесі – белгілі бір

23-3/108-11

354 Экономикалық теория

несиежүйесішеңберіндеəрекетететінбанктержиынтығығанаболатынбанктікжүйегеқарағандакеңірекжəнесыйымдырақтүсінік.

Қазіргі несие жүйесі қарыз капиталы рыногындағы негізгі буын болып табылады жəне өз кезегінде келесідей негізгі институттық топтардан (ярустардан) тұрады:

1. Орталық (эмиссиондық) банк.

2 Банктік жүйе:

коммерциялық банктер;

жинақ банктер;

инвестициялық банктер;

ипотекалық банктер;

басқа арнайы банктер.

3. Сақтандыру секторы:

сақтандыру компаниялары;

зейнетақы қорлары.

4. Арнайы банктік емес несие-қаржы институттары:

инвестициялық компаниялар;

қаржы компаниялар;

қайырымдылық қорлары жəне басқалары.

Несие жүйесінің төрт ярусты құрылымы (егер үшінші жəне төртінші ярустар арнайы банктік емес несие-қаржы институттары деген жалпы атауға біріктірілсе) Батыс Еуропаның дамыған елдерінің көпшілігіне, АҚШ пен Жапонияға тəн. Бірақ рыноктық экономикасы бар елдердің несие жүйесі бірдей болып ұйымдастырылмаған қандай да бір буындарының немесе ярустарының даму дəрежесі бойынша осы елдердің несие жүйелері бір-бірінен елеулі ерекшеленеді. Бұл несие жүйелерін қалыптастырудың ұлттық экономиканың аяққа тұруының сан түрлі кезеңдерінде жүруінен, ал олардың даму артықшылықтарының нақты тарихи жағдайларға байланысты бірнеше рет өзгеруінен болып отыр.

ТМД-нің көптеген елдерінде сияқты Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банктік жүйе бар: бірінші деңгей – Орталық банк – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, екінші деңгей

– коммерциялық банктер торабы.

22-тақырып. Ақша – несие жүйесі 355

Коммерциялықбанк– бұлқаражаттардытартуғажəнеөзатынан оларды қайтарылым, жеделдігі мен ақылығы шарттарымен орналастыруға бағытталған несие ұйымы. Банктің негізгі жұмысы – ақша қаражаттарын несие берушілерден қарыз алушыларға жəне сатушылардан сатып алушыларға жылжуында делдалдық атқару. Коммерциялық банктердің өздеріне тəн ерекшеліктері – олардың қызметінің негізгі мақсаты пайда алу (рыноктық экономика жағдайында олардың əрекет етуінің «коммерциялық» негізі де осында).

Ұлттық банк – бұл елдің несие жүйесін басқаратын, банкноттар шығаруға монополиялық құқығы бар жəне ұлттық экономика мүддесінде несие-ақша саясатын іске асыратын банк.

Осысубъектілерарасындағыөзарақатынастықарастырайық. Ұлттық банк ақша базасын анықтайды. Осы көрсеткіш шамасын Ұлттықбанкашықрыноктаоперацияжүргізуарқылыөзгертеалады. Ашық рыноктағы операция Ұлттық банктің үкіметтің бағалы қағаздарын елдің қаржы рыноктарында сатып алу немесе сатуын көрсетеді. Оларды сатып алу ақша массасы көлемін өсіреді, ал сату азайтады. Ұлттық банк міндетті банктік резервтер нормасын анықтайды. Міндетті резервтер мен банктік депозиттердің арақатынасы ақша массасы көлеміне əсер етеді. Ақша массасы көлеміне халық өз ақшасын қолма-қол жəне банктік депозиттер деп бөлетін пропорцияда əсер етеді.

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Бірінші сабақ

I. Ақша жүйесінің ұғымы жəне үлгілері.

II. Ақшаұсынысы. Ақшағадегенсұраныс. Ақшарыногындағы тепе-теңдік.

1.Ақша көрсеткіштері сипаттамасын қараңдар жəне тұжырым жасаңдар.

АҚШ-тағы 1929 жəне 1933 ж. ақша ұсынысы жəне оның детерминанты.

356 Экономикалық теория

 

 

22.1-кесте

Ақша детерминанты

1929 ж. тамыз

1933 ж. наурыз

Ақша ұсынысы

26,5

19,0

Қолда бар ақша

3,9

5,5

Ағымдағы шоттар

22,6

13,5

Ақша базасы

7,1

8,4

Резервтер (сақтаулы қор)

3,2

2,9

Ақша мультипликаторы

3,7

2,3

Депозиттерді сақтау нормасы

0,14

0,21

Депозит коэффициенті

0,17

0,41

Екінші сабақ

I. Несиенің мəні мен түрлері.

II. ҚР қазіргі несие жүйесінің қалыптасуы. I. Несиенің мəні мен түрлері.

1.МатаөндіруменайналысатынАкəсіпорнынажақынарада

Вкəсіпорыншығаратын, жалпықұны3 млн.теңгетұратын3 жаңа станок сатып алу қажет. Оны сатып алатын қаражат дəл осы кезде А кəсіпорнында жоқ, ал В кəсіпорнында артық қаражаттар бар. Келесі екі жағдайды қарастырыңдар:

а) В кəсіпорны С банкісіндегі өз шотына 3 млн. теңге салады. А кəсіпорны осы соманы несие нысанында алады.

ə) В кəсіпорны А кəсіпорнына 3 станоктың төлемі кейінге қалдырылған шартпен береді.

а) жəнеə) жағдайларындапайдаланылғаннесиенысандарын атаңдар.

2.Несиелік қатынастардың қандай нысаны төменде келтірілген жағдайларда пайдаланады?

а) жас отбасы жиһаз сатып алу үшін бірнеше жылға банктен несие алады;

ə) мемлекет мемлекеттік бюджет тапшылығын жартылай жабу үшін облигациялық заем шығарады;

б) автомобиль двигательдерін өндіретін зауыт автомобиль зауытына өз тауары партиясының төлемін кейінге қалдырып жеткізіп отыр;

в) тоқыма кəсіпорны қосымша қаржы қаражаттарын тарту мақсатында акциялар шығарады. Оларды осы жағдайда несие берушілер рөлінде жүретін басқа шаруашылық субъектілері сатып алды.

22-тақырып. Ақша – несие жүйесі 357

ə) жəне в) жағдайларында несие берушілер мен қарыз алушылар ретінде кəсіпорындар жүреді. Соған қарамастан несиенің осы екі нысаны арасында қандай айырмашылық бар?

2. ҚР қазіргі несие жүйесінің қалыптасуы.

1. «Банктің мақсаты клиенттерді өз шоттарына салған сомаларымен талап еткен бойда сенімді қамтамасыз етуде болып табылады. Сондықтан банк резервте депозиттердің 80-90% ұстап отырады».

«Банк мақсаты қаражаттардың жылдам айналымын іске асыруда болып табылады. Сондықтан банк резервте 1-1,5%-ға жуық депозиттерді ұстап отыру керек».

Екі пікірді бағалаңдар.

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1. М1 енеді:

а) металл жəне қағаз қолма-қол ақшалар мен чектік салымдар; ə) металл жəне қағаз қолма-қол ақшалар мен жедел салымдар; б) металл жəне қағаз қолма-қол ақшалар мен барлық банктік де-

позиттер; в) барлық ақшалар жəне «ақша дерлік».

2.Ақша мен «ақша дерлік» арасындағы айырмашылық ... болып табылады.

а) «ақша дерлікке» қарағанда ақшаларды тікелей жұмсауға болатындығы;

ə)

«ақша дерлік» банктік шоттардағы депозиттерді өзіне енгізсе,

 

ақшалар оларды енгізбейтіндігі;

б)

ақша «ақша дерлікке» қарағанда тезірек айналатындығы;

в)

«ақша дерлік» – бұл ақшаға қарағанда, айырбасталмайтын

 

қағаз ақшалар.

3.Ақша ... қызмет етеді:

а) айналым құралы ретінде; ə) құндылықты сақтау құралы ретінде; б) есептеу бірлігі ретінде;

в) жоғарыдағы жауаптардың бəрі дұрыс.

4.Мəмілеге арналған ақша деген сұраныс келесідей болып өзгереді:

а) пайыздығы мөлшерлеме өсу кезінде өседі; ə) пайыздық мөлшерлеме төмендеу кезінде өседі;

358 Экономикалық теория

б) ЖІӨ номиналды көлемі өсуіне қарай төмендейді; в) ЖІӨ номиналды көлемі азайған кезде төмендейді.

5.Ірі жедел салымдар құрамына енеді:

а) М1;

ə) М2;

б) М3; в) М2 жəне М3.

6.Ақшаға деген сұраныс жəне ұсыныс өссе, онда....:

а) ақшаның тепе-тең саны мен тепе-тең пайыздық мөлшерлемесі өседі;

ə) ақшаның тепе-тең саны мен тепе-тең пайыздық мөлшерлемесі қысқарады;

б) ақшаның тепе-тең саны өседі, ал тепе-тең пайыздық мөлшерлеме өзгеруін болжау қиын;

в) тепе-тең пайыздық мөлшерлеме өседі, ал ақша саны өзгеруін болжауға болмайды.

7.Орталықбанкбалансыактивініңнегізгібаптарыболыптабылады:

а) алтын сертификаттар, қолма-қол ақшалар, банктер депозиттері мен қазынашылық депозиттері;

ə) банкноттар, мемлекеттік бағалы қағаздар мен қарыздар; б) алтын сертификаттар, қолда бар ақшалар, банктік депозит-

тер мен қарыздар; в) алтын сертификаттар, қолда бар ақшалар, мемлекеттік ба-

ғалы қағаздар жəне қарыздар.

8.«Есептік мөлшерлеме» термині білдіреді:

а) мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған ортаның банк үшін бағаны төмендету деңгейін;

ə) коммерциялық банктердің беретін қарызының көлемін төмендету мақсатында, орталық банктің оларға жасайтын қысымының дəрежесін;

б) коммерциялық банктерге берілетін қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемесін;

в) орталық банктің ақша массасы мен ЖІӨ көлемі өсуіне əсер ету дəрежесін.

9.Есептік мөлшерлеме өсуі əдетте ... əкеледі:

а) акция мен облигация бағаларының өсуіне; ə) акциябағасыныңөсуінежəнеоблигациябағасыныңтөмендеуіне;

б) акция бағасының төмендеуіне жəне облигация бағасының өсуіне; в) акция мен облигациялар бағаларының төмендеуіне.

23-ТАҚЫРЫП

ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ

ДƏРІС

ЖОСПАРЫ:

 

23.1. Қаржы жүйесінің мəні

 

 

мен құрылымы...............................................

360

23.2. Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік

 

 

шығындар жəне жиынтық сұраныс.

 

 

Мемлекеттік шығындар

 

 

мультипликаторы...........................................

362

23.3. Салық салу принциптері жəне

 

 

түрлері. Салық мультипликаторы ................

365

23.4. Бюджеттік тапшылық. Тапшылықты

 

 

қаржыландыру тəсілдері...............................

369

23.5. Ішкі жəне сыртқы мемлекеттік

 

 

борыш.............................................................

370

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ......................

371

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ.....................................................

372

360Экономикалық теория

23.1.ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ МƏНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

Қаржы – ел мен қоғамдағы ақша табиғаты мен ақша қатынастары үдерістерін сипаттайтын жинақтаушы экономикалық категория.

Қаржы мəні, оның даму заңдылықтары мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысы, сонымен қатар мемлекеттің қызметтерімен анықталады. Қаржылық қатынастар қоғамдық тауар өндірісі үдерісін реттейді. Қаржының шығуы мен қызмет ету облысы əрқайсысы өндірілген өнімнен өз үлесін алуы қажет шаруашылықты жүргізетін субъектілер мен мақсатты бағыты бойынша қоғамдық өнім құнын бөлуде жүретін қайта өндіру үдерісінің 2-і кезеңі – құнды бөлу болып табылады. Сондықтан, экономикалық категория ретіндегі қаржының маңызды белгісі болып қаржылық қатынастарды бөлу сипаты табылады.

Құндық бөлуде экономикалық категориялар жиынтығы қатысады. Бірақ қаржының өзіндік ерекшелігі қаржылық қаты-

настардың материалдық тасушылары қаржы ресурстары бо-

лып табылатындығынан көрінеді. Қаржы ресурстары – бұл ақша қаражаттарықозғалысыныңерекшенысаны.Оларшаруашылықты жүргізетінсубъектілерменмемлекеттеаударымментүсімдерден, ақша табыстарының түрлі есебінен қалыптасады, ол ұлғаймалы ұдайы өндіріске, жұмыс істеушілерді материалдық ынталандыру, қоғамныңəлеуметтікжəнебасқақажеттіліктерінқанағаттандыру үшін пайдаланылады.

Қаржы экономикалық қоғамдық қатынастарды көрсетеді. Қатынастар түрліше көрініп, өзіне тəн ерекшеліктерге ие болады. Қаржылық қатынастардың өзіне тəн ерекшеліктері оларды салаларға бірігуіне мүмкіндік беруі.

Қаржылық қатынастардың əр саласының буыны бар. Қаржылық қатынастардың салалары мен буындарының өзара

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]