Бекмолдин_книга_в печать170112
.pdf
21-тақырып. Экономикалық дамудың ауытқымалылығы... 341
келесідей болады: тепе-тең өсу тұрақсыз, сондықтан экономика өсуін реттеу қажет. Домар мен Харрод моделіндегі параметр d техника дамуы деңгейімен анықталатындықтан, реттеуші параметр ретінде мемлекетке жинақтауға деген бейімдікке несиебюджеттік саясат əдістерімен əсер ете отырып, Sy пайдалану керек.
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
I. Циклдік ауытқулардың себептері.
Цикл жаратылысы пікірталас тудыратын мəселе болып табылады. Түрлі көзқарастар келтіріп, өз көзқарастарыңды дəлелдеңдер:
а) Мысалы, В.С. Джованс экономикалық циклдар себебін күнтаңбаларының пайда боуымен байланыстырды. Астықсыз жылдар мен экономикалық құлдырау кезеңдері, оның пікірінше, күнтаңбалары пайда болуына сəйкес келеді.
ə) У.К. Митчел циклдер себептерін экономикалық жүйелер ішінен, əсіресе ақша айналымы аясынан іздеу керек деп есептеді.
II. Қысқамерзімді, ортамерзімдіжəнеұзақмерзімдіциклдер.
Сұраққа жауап беру үшін кестені пайдаланыңдар.
Циклдердің негізгі типтері
|
|
21-кесте |
|
|
|
Типі |
Цикл |
Басты |
|
ұзындығы |
ерекшеліктері |
Китчин |
2-4 жыл |
Босалқы қорлар шамасы → ЖІӨ, инфля- |
|
|
ция, жұмысбастылық ауытқуы, тауарлық |
Жуглар |
7-12 жыл |
циклдер |
Инвестициялықцикл→ЖІӨауытқуы, ин- |
||
|
|
фляция жəне жұмысбастылық |
Кузнец |
16-25 жыл |
Табыс → Иммиграция → Тұрғын үй құ- |
рылысы → Жиынтық сұраныс → Табыс |
||
|
|
Техникалық прогресс, құрылымдық өзге- |
|
|
рістер |
342 Экономикалық теория
Соңы
Кондратьев |
40-60 жыл |
Энергия (қуат) мен материалдар |
Форрестер |
200 жыл |
Өркениет дамуы |
|
||
Тоффлер |
1000-2000 жыл |
|
|
|
|
III. Экономикалық өсу қайта өндіріс мақсаты ретінде.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасындағы экстенсивті жəне интенсивті факторлар арақатынасы қандай?
IV. Экономикалық өсудің модельдері.
Келесі сұрақтарға жауап беріңдер:
1.Жаңа классикалық бағыттың экономикалық өсу модельдеріне тəн бастапқы негіздер, зерттеу əдістері мен талдау аспаптары неден тұрады?
2.Жаңа кейнсиандық бағыттың экономикалық өсу модельдеріне тəн бастапқы шарт, зерттеу əдістері мен талдау аспаптары қандай?
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1.Нақты ЖІО потенциалды көлемі .... кезінде өсуі мүмкін.
а) жұмыссыздық бойынша жəрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік шығындардың артуы;
ə) баға деңгейі төмендеуі; б) өндіріске жаңа, тиімдірек технология енгізу; в) ақша ұсынысы өсуі.
2.Экономикалық өсудің жаңа классикалық модельдерінде экономикалық даму үдерісінде еңбектің капиталмен қарулану коэффициенті:
а) өседі; ə) өзгермейді;
б) төмендейді; в) экономикалық конъюнктура жағдайына байланысты өзгереді.
3.Экономикалық өсудің жаңа классикалық модельдерін құрудың алғышарттарына келесілер жатады:
а) қолданыпотырғантехнологияларөндірісфакторларыныңбірінбірі алмастыруына жол бермейді;
21-тақырып. Экономикалық дамудың ауытқымалылығы... 343
ə) |
қолданып отырған технологиялар өндіріс факторларының |
|
өте жоғары өзара алмастырушылығына жол береді, рынокта |
|
жетілген бəсекенің бар болуы; |
б) |
өндірісфакторларыныңбірін-біріалмастыруыбəсекесипатына |
|
байланысты болады; |
в) |
экономикалық өсу үдерісінде баға деңгейі өзгермейді. |
4.Экономикалық өсу модельдерінде:
а) экономикалық белсенділік ауытқуларының себептері ашылады; ə) динамикалық тепе-теңдіктің толық жұмысбастылықпен сəй-
кес келуін қамтамасыз ететін факторлар зерттеледі; б) экономикалық тұрақтытепе-тең өсутраекториясынан алшақ-
тау себептері көрсетіледі; в) ə) жəне б) жауаптары дұрыс.
5.Р. Солоудың өсу моделі ....зерттеуге мүмкіндік береді.
а) экономикалық саясаттың халық өмірі деңгейіне əсерін; ə) халық өсуі қарқынының нақты ЖІӨ динамикасына əсер етуін;
б) технологиялық прогрестің нақты ЖІӨ динамикасына əсер етуін;
в) жоғарыда аталған үдерістердің бəрін.
6.Р. Солоу моделіндегі тепе-тең экономикалық өсудің тұрақты сипаты ... қамтамасыз етіледі.
а) халықтың өсуімен; ə) жинақтау нормасының артуымен;
б) өндіріс факторларының бірін-бірі алмастыруымен, өндіріс факторлары рыногында жетілген бəсеке;
в) ҒТП.
7.Е. Домарға қарағанда Р. Харродтың экономикалық өсу моделінде:
а) бағаның икемді жүйесі пайдаланады; ə) жинақтау көлемі экзогенді беріледі;
б) экономикалық конъюнктура жағдайы өзгеруіне қарай инвестиция көлемі эндогенді анықталады;
в) экономика əрқашан тұрақты тепе-тең траектория бойынша дамиды.
8.Егер экономика өсуінің қарқыны, Р. Харродтың экономикалық өсу моделінде экономикалық өсу табиғи болып табылады.
а) өндірістік күштердің толық пайдаланылуымен еңбек рыногында теп-теңдікті қамтамасыз етсе;
344 Экономикалық теория
ə) өндірістік күштердің толық пайдаланылуын қамтамасыз етсе; б) еңбек рыногында динамикалық тепе-теңдікті қамтамасыз
етсе; в) барлық жауаптар дұрыс.
9.Р. Солоу моделіндегі бір жұмыс істеушіге есептелген шығару көлемінің үздіксіз өсуі .... қамтамасыз етіледі.
а) халық өсуі қарқынының артуымен; ə) жұмысбастылар санының өсу қарқынының өсуімен; б) жинақтау нормасының өсуімен; в) техникалық прогреспен.
22-ТАҚЫРЫП
АҚША – НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ
ДƏРІС |
ЖОСПАРЫ: |
|
22.1. Ақша жүйесінің ұғымы |
|
|
|
жəне оның үлгілері......................................... |
346 |
22.2. Ақша ұсынысы. Банк мультипликаторы....... |
347 |
|
22.3. Ақшаға деген сұраныс. Ақша |
|
|
|
рыногындағы тепе-теңдік.............................. |
348 |
22.4. Несиенің мəні мен нысандары..................... |
350 |
|
22.5. ҚР рыноктық несие жүйесінің |
|
|
|
қалыптасуы .................................................... |
353 |
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ...................... |
355 |
|
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ..................................................... |
357 |
|
346Экономикалық теория
22.1.АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ҰҒЫМЫ ЖƏНЕ ОНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ
Ақша жүйесі – бұл мемлекетпен заң жүзінде белгіленген жəне əр елде тарихи қалыптасқан ақша айналымын ұйымдастыру формасы.
Ақша жүйесінің маңызды элементтері болып табылатындар:
Ұлттық ақша |
Тауарлар мен қызмет көрсетулер бағасы көрінетін, елде |
өлшемі |
бірлік ретінде қабылданған ақша өлшемі (теңге, доллар); |
Баға ауқымы |
Елде ақша бірлігі жəне оның құрамдас бөліктері ретінде |
|
қабылданған ақша металының өлшемдік саны; |
Ақша |
Ақша мен бағалы қағаздар шығаратын мекеме; ақшаны |
эмиссиясының |
айналымға шығарудың заң жүзінде бекітілген тəртібі; |
жүйесі |
|
Ақша нысаны |
Тауар айналымы тұрақтылығын қамтамасыз ете алатын |
|
жалпы эквиваленттің белгілі бір түрінің затталған ал- |
|
мастыру құны жəне қолма-қол айналымда заңды төлем |
|
құралы болып табылады; |
Валюталық |
Басқа валюталармен арақатынасы; |
тепе-теңдік |
|
(паритет) |
|
Ақша жүйесінің |
Ақша айналымын реттейтін мемлекеттік жəне мемлекеттік |
институттары |
емес мекемелер. |
Айналатын ақша түріне байланысты ақша айналымы жүйесінің екі үлгісі бөліп көрсетіледі:
–толық құнды алтын жəне күміс монеталар айналымда болатын, ал несие ақшалар ақша металына (құйылымдар немесе монеталар) еркін айырбасталатын металл ақшалар айналымының жүйесі;
–несие жəне қағаз ақша айналымының жүйесі. Ол кезде ал-
тын айналымнан шығарылып тасталады, сондықтан несие жəне ақша қағаздары алтынға айырбасталуы мүмкін.
Қазіргі ақша айналымы сырттай екі нысанда жүретін ақша қаражаттарының жиынтығын көрсетеді: қолда бар жəне қолмақол ақшасыз. Көлемі бойынша қолда бар ақшалар банктік шот-
22-тақырып. Ақша – несие жүйесі 347
тарда жатқан ақша қаражаттарынан əжептеуір аз болады: қазіргі жағдайда банкноттар мен айырбас монеталар барлық ақша қаражаттарының 10%-ына дейін ғана құрайды.
Ақша массасы – халық шаруашылығында тауарлар мен қызметтерді жəне ақша айналымын қамтамасыз ететін, шаруашылықта қолда бар жəне қолма-қол ақшасыз нысандарда жүретін барлық ақша қаражаттарының жиынтығы.
Халық шаруашылығының айырбас пен төлем операцияларын іске асыру үшін қолда бар ақша массасы банктік сектор ақшасының ұсынысы мен ақшаға деген сұранысқа байланысты болады, яғни банктік емес сектор мекемелерінің қолда бар ақша немесе қажет болғанға дейінгі салымдар түріндегі белгілі бір ақша сомасын өзінде ұстауға ұмтылуы.
22.2. АҚША ҰСЫНЫСЫ. БАНК МУЛЬТИПЛИКАТОРЫ
Ақша ұсынысы – бұл осы кезде экономикада айналымда жүрген төлем қаражаттарының жиынтығы. Ақшаны айналымға мемлекеттік қазынашылық пен эмиссиялық банк шығарады.
Ақша ұсынысын елдің Ұлттық банкі бақылайды. Ол ақша ұсынысын белгіленген деңгейде ұстауға ұмтылады, сондықтан ақша ұсынысының графикалық қисығы тік сызық болады.
Ақша ұсынысын сипаттау үшін, əдетте түрлі жиынтық көрсеткіштер, ақша агрегаттары қолданылады. Оған жататындар:
1.М0 (С) – қолда бар ақша (қағаз ақшалар мен айырбас моне-
талар);
2.М1 = қолда бар ақшалар қосу қажет болғанға дейінгі шоттар, басқа чектік салымдар мен чектер (банктік ақшалар);
3.М2 = М1 + ақша - рыноктық шоттар, жедел шоттар, ақшарыноктық екі жақты қор шоттар жəне оңай өтімді жинақтаулар;
4.М3 = М2 + жеке меншік ұйымдар иелігіндегі ірі депозиттік сертификаттар (100 мың доллар жəне жоғары);
348Экономикалық теория
5.L = М3 + 18 айлық өтеу мерзімі бар бағалы қағаздардың үлкен бөлігі (жинақ облигациялары, қазынашылық вексельдер жəне мемлекет шығаратын басқа несиелік бағалы қағаздар).
Ақша ұсынысының көлемі Ирвинг Фишер айырбасы деңгейінде анықталады (5-тақырыпта қарастырылған). Банктік мультипликатор немесе депозиттік мультипликатор банктердің ақша құру қабілетін сипаттайды. Ол мына формуламен есептеледі:
m 1r x 100%
Егер міндетті банктік резервтер нормасы 20%-ға тең болса, онда депозиттік мультипликатор 5-ке тең болады. Егер банктегі бастапқы депозит 10 мың доллар құраса, онда ақша ұсынысы 50 мың долларға кеңейеді.
Шаруашылық айналымдағы ақша айналысы ақша рыногын құрайды. Ақша рыногында пайыз мөлшерлемесі нормасы ақшаға деген сұраныс жəне оның ұсынысымен анықталады.
22.3. АҚШАҒА ДЕГЕН СҰРАНЫС. АҚША РЫНОГЫНДАҒЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
Ақшаға деген сұраныс ақшаның екі қызметінен – айналым құралы жəне байлықты сақтау құралы болудан туындайды. Бірінші жағдайда əңгіме сатып алу-сату мəмілелерін (трансакциялық сұраныс) құру үшін ақшаға деген сұраныс туралы, екінші жағдайда басқа қаржы активтерін сатып алу құралы ретіндеақшағасұраныс(еңалдыменоблигацияларменакциялар) туралы болып отыр. Трансакциялық сұраныс ақшаны қолма-қол нысанда немесе жоспарланған, сонымен бірге жоспарланбаған сатып алулар жəне төлемдерді іске асыру мақсатында коммерциялық банктер мен басқа қаржы институттарының ағымдық шоттарында қаражаттарды сақтау қажеттілігімен түсіндіріледі.
22-тақырып. Ақша – несие жүйесі 349
Мəмілеге арналған ақшаға деген сұраныс, ең бастысы, қоғамның жалпы ақша табысымен анықталады жəне номиналды ЖІӨ-ге тікелей пропорционалды өзгереді.
Басқақаржыактивтерінсатыпалуүшінақшағадегенсұраныс дивидендтернемесепайыздарнысанындатабысалуғаұмтылумен анықталады жəне кері пайыздық мөлшерлеме деңгейіне пропорционалды өзгереді.
Ақша рыногының графикалық моделі келесідей болуы мүмкін (22.1-сызба):
|
% |
D |
|
|
10 |
|
S |
|
|
|
|
% - мөлшер- |
7 |
|
E |
лемесі |
|
|
|
|
5 |
|
D |
|
|
|
|
|
|
|
|
100 150 |
200 |
Q |
22.1- сызба. Ақша сұранысы жəне ұсынысы, млрд.теңге
Ұсынылған графикте ақшаға деген сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі 7%-ға тең атаулы мөлшерлемесі кезінде орын алады. Пайыздық мөлшерлемесі бұдан төменірек болған кезде шаруашылық агенттер өз авуарларына ақша санын өсіруге ұмтылады да пайыз мөлшерлемесін көтере отырып, жаңа тепетеңдікке жетеді жəне керісінше.
Ақша рыногы өте серпінді, жалпы экономиканың, ең алдымен барлық несие-банктік жүйенің қызмет етуімен тығыз байланысты болады.
350Экономикалық теория
22.4.НЕСИЕНІҢ МƏНІ МЕН НЫСАНДАРЫ
Несие қарыз капиталының қозғалыс нысанын көрсетеді, яғни ақша капиталының қарызға берілуін көрсетеді. Ол несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы қатынасты көрсетіп, сонымен қатар бос еркін ақша капиталын қарызға айналуын қамтамасыз етеді.
Рыноктық экономика жағдайында қаражаттарды тұрақты қайта бөлу қажеттілігі анық, бірақ көптеген ұрпақпен өндіріс құралдары түрінде жинақталған капитал өндірістің бір салаларынан басқаларына натуралды түрде құйыла алмайды. Міне осы себепке байланысты капиталдың құйылу үдерісі несие арқылы ақша нысанында іске асырылады.
Рыноктық экономикадағы несиенің қажеттілігі капиталдың өзінің табиғатымен, ұдайы өндіріс үдерісіндегі оның толық айналымы жəне айналымы заңдылықтарына салынған.
Қазіргіөндірісқарызақшақаражаттарынтартужəнеолардың экономиканың бір салаларынан басқаларына құйылуын тұрақты түрде қажет етіп отырады. Бұл бірқатар əрекет етуші факторлармен беріледі:
–біріншіден, өндірістік циклдердің сан түрлі ұзақтығына байланысты өндіріске авансталған ақша қаражаттарының салыну кезі мен қайтарылуы арасындағы уақытта əрқашан үзіліс болады;
–екіншіден, өндіріс шығындары мен кəсіпорынның өз жəне қарыз қаражаттарын оңтайлы үйлестіру есебінен айналымға жіберуді минимумға жеткізуге деген объективті қажеттілік болады;
–үшіншіден, экономиканың көптеген салаларында өнімді өндірудің (ауыл шаруашылығы жəне т.б.) маусымдығы бар;
–төртіншіден, экономиканың жекелеген салаларындағы өндірісті дамыту, қайта құру немесе кеңейту үшін қаражаттарды бір рет жəне үлкен көлемде инвестициялау қажеттілігі өте жиі туады.
