Бекмолдин_книга_в печать170112
.pdf
21-тақырып. Экономикалық дамудың ауытқымалылығы... 331
Экономикалық өсудің негізгі соңғы мақсаттары халықтың материалдық əл-ауқатын арттыру жəне ұлттық қауіпсіздікті қолдау. Экономикалық өсудің басты мақсаты ретіндегі материалдық əл-ауқатты арттыру келесідей негізгі құрамдастармен нақтыланады:
1.Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы табы-
сын өсіру. Осы мақсатқа қол жеткізу халықтың жан басына шаққандағы ұлттық табыстың (ҰТ) өсу қарқынында көріңіс табады.
2.Бос уақытты көбейту. Бос уақыт өмірлік игіліктердің бірі болып табылады, бірақ оны нақты ЖІӨ немесе елдің ҰТ көрсеткіштерінен көруге болмайды. Сондықтан осы мақсатқа қол жеткізу дəрежесін бағалау кезінде қарастырылып отырған кезеңде жұмыс аптасымен жұмыс жылының, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек қызметінің жалпы ұзақтығының қысқаруы болған, болмағанын ескеру қажет.
3.Халықтың түрлі қабаттары арасында ҰТ бөлуді жақсарту. Егер нақты ҰТ жəй өсуі оны бөлудің елеулі нашарлауымен қатар жүрсе, онда халықтың көпшілік бөлігі экономикалық бөлуді жақсарды деп есептемей, олардың əлқуаты бұрынғы қалпында қалып, немесе тіпті нашарлап кетер еді. Сондықтан экономикалық өсу үдерісінде жұмысқа қабілетсіз жəне жұмыссыздарды əлеуметтік қорғау принциптерінің сақталғандығы аса маңызды.
4.Шығарылатын əр түрлі тауарлар мен қызметтер сапасының жақсаруы жəне өсуі. Бұл құрамдас нақты ҰТ көр-
сеткіштерінен тікелей көрінбейді. Сонда да тауарлардың жоғарырақ сапасы мен саралануы тұтынушылық қанағатты арттыруға көмектеседі деп есептесек, онда олардың жиынтық мөлшеріөндірілгенҰТкөлемінсипаттайтынтауарларменқызмет көрсетуді сатып алу шығындарының өсуінен көрініс табады.
Экономикалық өсудің факторлары деп өндірістің нақты көлемі, өсім тиімділігі мен сапасын арттыру мүмкіндіктері өсу ауқымын анықтайтын құбылыстар мен үдерістер аталады. 2-тақырыпта қоғамдық ұдайы өндірістің экстенсивті, интенсивті
332 Экономикалық теория
жəне аралас типтеріне сипаттама берілген еді. Одан шыға отырып, экономикалық өсудің мына типтерін шектеуге болады: экстенсивті, интенсивті жəне аралас.
Сонымен қатар экономикалық өсуге əсер ету тəсілдері бойынша тікелей жəне жанама факторларды бөліп көрсетуге болады. Тікелей деп, экономикалық өсуге деген нақты қабілетті тікелей анықтайтындар айтылады. Жанама факторлар бұл қабілеттің шындыққа айналу мүмкіндігіне əсер етеді. Олар тікелей факторларға салынған мүмкіндіктерді іске асыруға немесе оны шектеуге көмектесе алады. Тікелей факторлар құрамына жиынтық өндіріс пен ұсыныс динамикасын тікелей анықтайтын бес негізгі фактор енеді:
•еңбек ресустары санын өсіру жəне сапасын арттыру;
•негізгі капитал көлемінің өсуі жəне сапалық құрамының жақсаруы;
•өндірістехнологиясыменоныұйымдастырудыжетілдіру;
•шаруашылық айналымға тартылатын табиғи ресурстар саны мен сапасын арттыру;
•қоғамдағы кəсіпкерлік қабілеттің өсуі.
Жанама құрамына ұсыныстың мынадай факторлары енеді, рынокты монополиялау дəрежесінің төмендеуі, өндіріс ресурстарына бағалардың азаюы, пайдаға салынатын салықтардың төмендеуі, несие алу мүмкіндігінің кеңеюі жəне т.б. Егер жанама факторлары өзгеруі кері бағытта жүрсе басқа жағдайлары тең кезде экономикалық өсу тежеледі. Мəселен, біздің елдегі бағаны ырықтандырудан кейінгі өндірістік ресурстардың кенеттен қымбаттауы өнеркəсіптік кəсіпорындардың жұмысбастылық пен өндіріс көлемінің төмендеуін ынталандырушы себептерінің бірі болады. Жанамаға сұраныс пен ұсыныс факторлары да жатады. Сұраныс факторлары өсіп жатқан өндіріс көлемінің сату мүмкіндігін анықтайды. Маңыздылар қатарына тұтынушылық, инвестициялық жəне мемлекеттік шығындардың өсуі, əлемдік рыноктағы елдің бəсекеге қабілетін арттыру немесе өткізудің жаңа рыноктарын игеру əсерінен экспортты кеңейту сияқты сұраныс факторларын бөліп көрсетуге болады.
21-тақырып. Экономикалық дамудың ауытқымалылығы... 333
21.4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ҮЛГІЛЕРІ
Экономикалық өсу теориясы екі бағыт бойынша дамыды: жаңа классикалық жəне кейнсиандық.
1. Өсудің қарапайым жаңа классикалық моделі. Өсудің жаңа классикалық модельдері дамудың стационарлық режимі кезінде трендтік траекторияларды зерттеу үшін пайдаланылады, ұйғарым бойынша жетілген бəсеке жағдайында жəне өсу үдерісінде макроэкономикалық тұрақты тепе-теңдік қалайда өзін-өзі қайта өндіреді дейді. Базалық өзгермелі модельдер бірдей қарқынмен өзгереді, ал олардың арасындағы өзара байланыс қарастырылып отырған кезеңнің барлық уақытша нүктелерінде тұрақты болады. Іс жүзінде əңгіме «динамикалық статик» туралы болып отыр: болашақта даму сипаты оның қазіргі жағдайына толық ұқсас болады. Сонымен динамикада тепе-теңдік статиктегі сияқты қолдау табады: өндірушілердіңөзөнімдерінедегентепетеңбағаныбілулері, ресурстарменөнімдергедегенбағаныңикемділігі, икемдіпайыздық мөлшерлеме көмегімен жинақтау мен инвестицияны тез арада теңестіру, өндірісфакторыныңшектіөнімділігінетабыстыңпропорционалды ұлғаюы, барлық өндірушілердің мінез-құлқын барынша арттыруы болады. Жалпы түрде тепе-тең өсудің жаңа классикалық моделі теңдеулердің келесідей жиынтығымен суреттеледі.
Өндірістік функциясы мен өнімнің белгілі бір санын алуда мүмкіндік беретін еңбек пен капитал комбинациясының шексіз санымен:
Y1 = F(Kt, Lt), |
(1) |
мұндағы:
Y – өндірістің нақты көлемінің табиғи деңгейі; Kt, Lt – еңбек пен капитал шығындар;
F – функция белгісі.
2. Еңбекті ұсыну функциясымен. Халық өсуінің тұрақты экзогенді (сыртқы) берілген қарқыны бар, ал атқарылған адамсағат 1et саны ол да тұрақты қарқынмен өседі деп болжанады.
334 Экономикалық теория
Бұл жағдайда еңбек келесідей болып суреттеледі:
Lst L0 x le |
(2) |
3. Еңбек рыногындағы тепе-теңдік теңдеуімен: |
|
Ldt Lst L0 x let |
(3) |
4. Жинақтау функцияларымен: |
|
St Sy x Yt , |
(4) |
мұндағы:
Sy – уақытішіндежинақтауғадегеншектібейімділіктұрақты. Игіліктер рыногындағы тепе-теңдік теңдеуімен:
It St |
(5) |
Теңдеу (1) əдетте 1-ге тең капиталды |
еңбекке ауысты- |
ру икемділігімен Кобба-Дуглас өндірістік функция түрінде айрықшаланады.
Yt A x Kat x L1t (6)
Бұл модель техникалық прогресті ескерусіз құрылған. Өндірістік қызметке техникалық прогресті енгізу кезінде теңдеу
(1) келесідей болып өзгереді.
ТП кезінде Хикс бойынша бейтарап,
Y A x Ka x L1 |
(7) |
||
t |
t |
t |
|
ТП кезінде Солоу бойынша бейтарап, |
|
||
Yi A(t) F (Kt , Lt ); |
(8) |
||
ТП кезінде Харрод бойынша бейтарап, |
|
||
Yt F(A(t) x Kt Lt ), |
|
(9) |
|
мұндағы:
А – техникалық прогресс қызметі.
Техникалық прогрестің барлық үлгісінде емес ҒТП-пен модельдерді талдау, тіпті жетілген бəсекенің өзі экономикалық өсуүдерісікезіндетұрақтытепетеңдіктіавтоматтытүрдеұстауға
21-тақырып. Экономикалық дамудың ауытқымалылығы... 335
мүмкіндік беретінін көрсетеді. Бұндай мүмкіндік Харрод бойыншаҒТПкезіндегібейтарапжағдайдапайдаболады. ҒТП-тіңбасқа түрлері кезінде қосымша жағдайлар қажет. Мысалы, ҒТП-тің еңбекті үнемдеу түрі кезінде инвестицияның өсу қарқыны еңбек өсімділігіне тең болғаны қажет, ал ҒТП-тің капиталды үнемдеу түрі кезінде ҒТП-і бейтарап Харрадқа əкелетін кəсіпкерлердің күрделі коэффициенттерге бірнеше түзетулер жүргізгені қажет.
Динамикалықтепе-теңдіктіңжаңакейнсиандықмодельдері.
Дж.Кейнстің тұжырымдамасына сай, тиімді сұраныс жалпы ішкі өнім көлемін сатуға жеткіліксіз болғанда, толық жұмысбастылық кезінде макроэкономикалық тепе-теңдікке қол жеткізу үшін, берілген экономикалық табиғи жағдайларды мемлекеттік бюджет тапшылығын арттыру немесе мемлекеттік қарызды өсіру арқылы, мемлекеттің бастамасымен қосымша инвестициялар қажет.
Мультипликатор негізіндегі қосымша инвестициялар қосымша тұтыну заттарына туынды сұраныс тудырады, бұл ұлттық өндірістің бүкіл табиғи көлемін сатуға жəне толық жұмыс бастылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Экономикамен ары қарай не болатынын Дж. Кейнс қарастырмаған, себебі талдау қысқа мерзімді ғана қамтыған.
Экономикалық өсу теориясына осы сұрақты Кейнстің ізбасарлары шешуге тырысты. Олар, егер инвестиция тұтыну заттарына қосымша сұраныс тудырса, онда осы жаңа сұраныс туынды байланысы ретінде өндірістің жаңа құралдарына жəне жаңа инвестицияларға да қосымша сұраныс тудыратынына көңіл аударды. Осы үдерістегі елеулі рөл сату көлемі пайызды үлесіне тиетіні атап өтілді. Егер сату көлемі мысалы ny %-ға өссе, онда өсумен қамтамасыз етілген инвестициялар жоғарырақ қарқынмен өседі (n1>ny). Керісінше, сату көлемі төмендеген кезде қамтамасыз етілген инвестициялар жылдамырақ қарқынмен азаяды. Бұл мультипликатор принципін акселератор принципімен толықтыруға мүмкіндік берді. Акселератор принципін келесідей теңдеумен көрсетуге болады:
It = V (Yt-1 − Yt-2), |
(10) |
336 Экономикалық теория
мұндағы:
V – келесі жылы сату көлемі өсуіне байланысты қамтамасыз етілген қосымша инвестицияның қандай көлемі қажет болатынын көрсететін акселератор.
Акселератор мен мультипликатор принциптерін ескере отырып, экономикалықөсудіңбірқатаржаңакейнсиандықмодельдері жасалды. ОсымодельдергетəнқасиетЛеонтьевтіктиптегіөндіріс функциясын қолдану болып табылады, жорамалға қарағанда өндіріс факторлары арасында оларсыз да бірін-бірі алмастыратын тек қана бірін-бірі толықтыратын қатынастар ғана бар. Графиктік түрде мұндай функция бұрыштық изоквантамен бейнеленеді, ал экономикалық мəні өндірістік функцияны бір факторлық ретінде қарастыруға мүмкіндік беруінде болып тұр.
Yt = F (Kt) |
(11) |
Өсудің кейнсиандықтан кейінгі қарапайым модельдері Е. Домар мен Р. Харрод моделі болып табылады.
Е. Домар моделі. Американ экономисі Е. Домар алдында сұраныстың жүйелі теориясын құру міндетін қойған жоқ. Оның негізгі міндеті ұзақ мерзімді негіздегі толық жұмысбастылық мəселесін қою болды. Өсу теориясына Е. Домардың қосқан негізгі үлесі, оның инвестицияның екі эффектісін, яғни мультипликатор ғана емес акселераторды да есепке алу қажеттілігіне көңіл аударғандығында болып отыр.
Өндіріс көлемінің табиғи деңгейінің трендтік динамикасын анықтау үшін үш теңдеуден тұратын динамикалық тепе-теңдік моделі ұсынылды:
ұсыныс, сұраныс жəне тепе-тең өсу. Ұсыныс теңдеуін құру ағымдық кезінде іске асыратын инвестициялар келесі кезеңде капиталды К өсіреді дегенге негізделеді.
It-1 = K1 = K1 − Kt-1.
Техника дамуының берілген деңгейімен өндіріс факторларының бірін-бірі алмастыруы жоқ кезінде капитал өнімділігін өндіру (Y/K = σ) тұрақты шама болып табылады жəне капитал размері өсуімен өзгермейді. Бұл жағдайда t кезеңінде игіліктер ұсынысы мына формуламен сипатталады:
338 Экономикалық теория
Lt Kt
Lt 1 Kt 1
Нəтижесінде тепе-теңдік өсу шарттарын кеңейтуге болады:
Lt |
|
Yt |
|
Kt |
|
Lt |
x Sy |
(15) |
|
Lt 1 |
Yt 1 |
Kt 1 |
Lt 1 |
||||||
|
|
|
|
|
Домар моделінен игіліктер рыногында толық жұмысбас- тылықпентепе-теңдіктіқолдауүшінқабылданғаналғышарттар кезінде берілген қарқынмен инвестиция көлемін тұрақты түрде өсіріп отыру қажеттілігі көрінеді. Бірақ кəсіпкерлердің инвестициялық жоспары жеткілікті түрде оптимистік болмайды. Егер инвестиция көлемі өндірістің нақты көлемінің тепетең өсуі мен толық жұмысбастылықты қолдауға қажеттіліктен аз болған жағдайда, экономикалық жүйе тепе-тең траекториядан алыстай береді. Сонымен Домар моделіндегі тепетеңдік, тұрақты емес, себебі мұнда экономиканы тепе-теңдік жағдайына, одан ауытқудан кейін қайтара алатын механизм болуы қарастырылмаған.
Р. Харрод моделі. Р. Харрод экономикадағы функционалдық байланыстарды көрсететін теңдеулермен қатар, кəсіпкерлер мі- нез-құлқының психологиялық себебін талдауға негізделген балансталған өсу механизмін суреттеуге тырысып, алдына міндетті Е.Домарға қарағанда кеңірек қойды.
Р. Харрод моделіндегі кəсіпкерлер мінез-құлқы келесідей болыпсуреттеледі, егералдыңғыкезеңдесұранысұсыныстанартық болса:
онда кəсіпкерлер өндіріс көлемі кеңеюі қарқынын өсіреді. Басқаша жағдайда
Ytd 1 Yts 1,
олар бұл қарқынды азайтады, ал тепе-теңдікке қол жеткізілген жағдайда, қалыптасқан өсу қарқынын сақтайды. Бұл мінезқұлықтың функциясы математика нысанында мынандай түрде жазылады:
21-тақырып. Экономикалық дамудың ауытқымалылығы... 339
Ys Ys |
|
Ys |
Ys |
, |
(16) |
|
t t 1 |
n x |
t 1 |
t 2 |
|||
Ys |
Ys |
|||||
|
|
|
||||
t 1 |
|
|
t 2 |
|
|
|
мұндағы: n 1 Yts 1 Yts 1, кезінде; n 1 Yts 1 Yts 1, кезінде; n 1 Yts 1 Yts 1, кезінде.
Осытеңдеудіөзгертіп, екібөлігін көбейтіп, соданкейіноларға -ден қосып, t жылғы ұсыныстың жалпы көлемінің алдыңғы даму нəтижелеріне тəуелділігін сипттайтын формуланы алуға болады:
s |
s |
|
Ys |
Ys |
|
(17) |
|
|
t 1 |
t 2 |
|
||||
Yt |
Yt 1 |
(n x |
Ys |
1) |
|||
|
|||||||
|
|
|
|
t 2 |
|
|
|
Игілікке деген жиынтық сұраныс көлемін анықтау үшін Харрод алдымен акселератор прнинципіне K = V(Yt − Yt-1) сүйене отырып, инвестицияға деген сұраныс көлемін анықтайды. Мультипликатор принципін ескере отырып, инвестициялық сұраныс негізінде тауарлар мен қызмет көрсетулерге деген жиынтық сұраныс анықталады:
Ytd |
I |
t |
|
Vd Yd |
(18) |
|
|
|
t t 1 |
||||
Sy |
Sy |
|||||
|
|
|
||||
Экономикалықөсутепе-теңболуүшін(17 жəне18) арасындағы тепе-теңдік сақталуы қажет:
s |
|
Ys |
Ys |
|
|
V(Yd Yd |
) |
(19) |
|
Yt 1 |
(n x |
|
|
1) |
|
|
|
|
|
|
Ys |
S |
y |
|
|||||
|
|
|
t 2 |
|
|
|
|
|
|
Егер алдыңғы кезеңде өсу тепе-тең болса, (-), онда n = 1 жəне кəсіпкер мінез-құлқы туралы қабылданған ұсынысқа сай, ағымдағы жылғы алдыңғы кезеңдегі өсу қарқынына тең болады:
Yt |
|
Yt Yt 1 |
|
Yt 1 Yt 2 |
(20) |
Y |
|
Y |
|
Y |
|
t 1 |
|
t 1 |
|
t 2 |
|
(20) көріністен шығатын өсу қарқынының тұрақтылығын ескере отырып, өсудің балансталған теңдеуі (19) мына түрді қабылдайды:
340 Экономикалық теория
V |
|
Y |
|
Y |
|
Sy |
|
|
|
|
|
x |
t |
|
t |
|
|
|
(21) |
S |
|
Y |
Y |
V S |
|
||||
y |
|
|
|
y |
|||||
|
|
t 1 |
|
t 1 |
|
|
|||
Қандай да себептерге байланысты кəсіпкерлер Sy /(V − Sy)-ға тең ұсыныс өсуі қарқынын жоспарласа, олардың күткені толық орындалады жəне олар сол қарқынмен өндірісті алда да кеңейте береді деген сөз. Нəтижесінде экономика тепе-тең траектория бойынша дами береді.
Егер кəсіпкерлер өсу қарқынын тепе-теңдікке қол жеткізуге кепілдік беретіннен өзгеше жоспарласа, Харрод моделіндегі тепетеңдік Домар моделіндегі сияқты тұрақсыз болады.
Егер де, бастапқы экономика тепе-тең жағдайында болады жəне
=
= 100 делік. Sy = 0,5, aл V = 2 болсын. Онда теңдікке
(21) сай өсудің тепе-тең өсуі 0,5 : (2-0,5) = 0,333... болады.
Егер кəсіпкерлер 100 + 0,333 x 100 = 133,3…-ке тең ұсыныс көлемін жоспарласа 1-кезеңде тепе-теңдік сақталады. Мұндай жағдайда акселератор формуласына сай инвестиция көлемі 2 x 33,3 = 67,7 болады. Осындай инвестициялар кезінде жиынтық сұраныс,((18) теңдеу бойынша есептелген)
= 66,7 : 0,5 = 133,3 шамасына жетеді, яғни тепе-теңдік сақталады.
Егер кəсіпкерлер өндірісті тепе-теңдік сақтауға қажет көлемнен мысалы 150-ге дейін жəне сұраныс көлемі өзгеруі туралы артықоптимистікболжамжасаса, ондаолардыңинвестицияғадегенқажеттілігі, яғни2 x 50 = 100 болады. Мұндайинвестицияның көлемі кезінде жиынтық сұраныс ұсыныстан жоғары болады: Yt = 00:0,5 = 200.
Тапшылықты тауып, кəсіпкерлер оданда көбірек инвестициялауды бастайды, бірақ сұранысты қанағаттандыра алмайды, себебі өндірісті Yt-ден Yt+1-ге өсіру үшін инвестицияға деген қажеттілік V(Yt+1 − Yt) болады, ал мұндай инвестиция кезінде сұраныс V/S x (Yt-1−Yt) тең болады. V/Sy > 1 болғандықтан сұраныс барлық уақытта ұсыныстан алда болады.
Өсудің жаңа кейнсиандық моделі базасында жүргізілген талдаутұжырымдарыстатикажағдайындаэкономикақызмететуінің кейнсиандық моделінен алған тұжырымдарға ұқсас болады. Мəні
