Бекмолдин_книга_в печать170112
.pdf
16-тақырып. Кəсіпорын (фирма) шығындары мен табыстары 231
Ауқым əсерінен экономикалық кему кəсіпорынның минималдытиімдімөлшерінеқолжеткізілгенжəнеөндірістіарықарай өсірудің қажетсіз екенін көрсетеді.
Изокванта көмегімен шығаруды талдау өндірістің техникалық ғана емес, экономикалық тиімділікті де анықтауға, яғни өндірісті ұйымдастыру үшін өндірушінің қолында бар ақша қаражаттарымен өнімді максималды шығаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін технологияны (еңбек немесе күрделі қаржыны үнемдейтін, энергия немесе материал үнемдейтін жəне т.б.) таңдауға мүмкіндік береді.
16.5. ФИРМАНЫҢ ЖАЛПЫ, ОРТАША ЖƏНЕ ШЕКТІ ТАБЫСЫ
Фирманың экономикалық қызметін жан-жақтырақ талдау үшін жиынтық, орташа жəне шекті табыс (түсім) түсінігін енгіземіз.
Жиынтық табыс (total revenue – TR) – бұл фирманың игілік-
тің белгілі бір санын сатудан алған табысының сомасы. TR = P x Q,
мұндағы: TR (total revenue) – жиынтық табыс; Р (рrісе) – баға;
Q (quantity) – игіліктің сатылған саны.
Орташа табыс (average revenue – AR) – сатылған игілік бірлігіне келетін табыс. Жетілген бəсеке жағдайында орташа табыс рыноктық бағаға тең болады:
T R (P x Q) A R P Q Q
Шекті табыс (marginal revenue – MR) – өнімді шығаруды шексіз аз өсіру есебінен туындайтын табыс өсімі:
232 Экономикалық теория
M R ddTQR d (Pd xQQ) P dd QQ P
Жетілген бəсеке жағдайында өндірушілер шексіз көп болғанда, олардың ешқайсысы өндірілетін өнім бағасына елеулі əсер ете алмайды. Фирмалар үшін бағалар объективті түрде, олардың еркі мен тілегінен тыс қалыптасады жəне соның нəтижесінде фирманың əрқайсысы бағаны алушы ретінде жүреді.
16.6. БУХГАЛТЕРЛІК, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖƏНЕ ҚАЛЫПТЫ ПАЙДА
Жалпы түрде пайда (profit) жиынтық түсім (total revenue) мен жиынтық шығындар (total cost) арасындағы айырмашылық ретінде анықталады:
TR – ТС = PF,
мұндағы: TR (total revenue) – жиынтық түсім (табыс); ТС (total cost) – жиынтық шығындар;
PF (profit) – пайда.
Жиынтық түсімдерден (табыстан) сыртқы шығындарды алып тастап біз бухгалтерлік пайдаға қол жеткіземіз. Бухгалтерлік пайдадан ішкі шығындарды алып тастай отырып, экономикалық пайдаға жетеміз.
Сыртқы шығындар əсер ететін бухгалтерлік пайдаға қарағанда экономикалық пайда түсімнен сыртқы шығындармен бірге ішкі шығындарды (қалыпты пайданы қоса) алып тастау арқылыанықталады. Кəсіпкерліктабыстықұрайтындар: қалыпты пайда (қалыпты пайда ішкі шығындарға кіреді) жəне қалыпты пайда табыс үстінен алынған табыс, яғни экономикалық (таза) пайда.
16-тақырып. Кəсіпорын (фирма) шығындары мен табыстары 233
ФИРМАНЫҢШЕКТІШЫҒЫНДАРЫ 16.7. МЕНШЕКТІТАБЫСТАРЫН
РЫНОКТЫҚБАҒАМЕН САЛЫСТЫРУҰСТАНЫМЫ
Өндірістің қай деңгейінде максималды пайдаға қол жеткізілетінін, яғни жиынтық табыс пен жиынтық шығындар арасындағы айырмашылық максималды болатынын анықтауға тырысайық.
Қазіргі экономикалық теория пайданы барынша көбейту мен шығындардыминимумдауғашектітабысшектішығындарға(МR = МС) тең болған кезде ғана қол жеткізіледі деп дəлелдейді.
Фирма шекті шығындар мен шекті табыс қисықтары қиылысатын N нүктесінде максимум пайда алады.
Р |
MC |
|
|
N |
MR |
|
|
|
K |
|
ATC |
|
AVC |
E
Q
16.7-сызба. Пайданы барынша көбейту нүктесі, шекті нүкте мен банкроттық нүктесін графикалық анықтау
Фирманың болашақта сатудан түсетін табысы өзгермелі шығындардан артық болса, коммерциялық қызметін жалғастырады; егер өзгермелі шығындар сатудың болжанған көлемінен артық болса, фирма өзін банкрот деп жариялайды.
Өндіріс бірліктері немесе орташа шамалар үшін бұл ереже келесідейболады. Ұзақмерзімдежоспардаөнімніңбағасыорташа жалпы шығындардан көбірек болса фирма жұмысын жалғастыра береді. Ал егер балансты нөлге сəйкестендіре алмаған жағдайда
234 Экономикалық теория
фирма жұмысты доғаруы керек. Графикте бұл қағида К нүктесімен сипатталады. Бұл жерде МС қисығы АТС қисығын басып өтеді. Бұл нүктені шекті деп атайық. Егер баға осы шекті нүктеден төмен түссе, фирма жұмысты жалғастыра алмайды.
Келесі нүкте – бұл Е – «банкроттық нүктесі». Баға осы нүктеден төмен түскен жағдайда, фирма қызметін жалғастыра алмайды да өзін банкрот деп жариялайды.
Қысқа мерзімді кезеңде баға банкроттық нүктеден төмен түскен жағдайда өндіріс тоқтатылады.
Ұзақ мерзімді кезеңде баға шекті нүктеден төмен түскен жағдайда өндіріс тоқтатылады.
Егер баға екі қауіпті нүктелер арасында болса, өндірісті тоқтату немесе жалғастыру жөніндегі шешім өндіріс фазасының ұзақмерзімдінемесеқысқамерзімдіболуынабайланыстыболады.
Ұзақ мерзімді жоспарда фирма өндірісті тоқтатады, ал қысқа мерзімде өнімді баға деңгейіне байланысты көлемде шығарады.
Қысқа мерзімдік тепе-теңдік жағдайында фирманың төрт типін бөліп көрсетуге болады. Орташа ауыспалы шығындарды ғана (АVC = Р) жаба алатын фирма шекті фирма деп аталады. Мұндай фирма өндірісте аз уақыт қана қысқа мерзімді кезеңде ғана «əрекет» ете алады. Баға жоғарылаған кезде ол ағымдық (орташа өзгермелі шығындарды) шығындарды ғана емес, барлық шығындарды (орташа жалпы шығындарды) жаба алады, яғни қалыпты пайда (АТС = Р болатын кəдімгі шекке дейінгі фирма сияқты) ала алады.
Баға төмендеген кезде ол бəсеке қабілетінен айырылады, себебі тіпті ағымдық шығындарын да жаба алмайды да саланың шегінен тыс қалып, одан шығып қалады (АVC > Р болатын шекті кейінгі фирма). Егер баға орташа жалпы шығындардан үлкен болса (АТС < Р), онда фирма қалыпты пайдамен қатар үстеме пайда алады.
Ұзақ мерзімді кезең жағдайында фирма өзінің барлық ресурстарын (барлық факторлар өзгермелі болады) өзгерте алады, ал сала болса өз фирмаларының санын айырбастай алады. Фирма өзінің барлық параметрлерін өзгерте алатындықтан, орташа шығындарды төмендете отырып, өндірісті кеңейтуге ұмтылады.
16-тақырып. Кəсіпорын (фирма) шығындары мен табыстары 235
Жетілген бəсеке жағдайында ұзақ мерзімді кезеңде пайда максимумына теңдік орындалған жағдайда қол жеткізіледі:
МR = МС = Р = АС
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Бірінші сабақ
I. Кəсіпорын шығындарын жіктеу
1. Фермерлік шаруашылық картоп өсіреді. Қысқа мерзімді өзгермелі шығындар мен шығару көлемінің динамикасы кестеде келтірілген. Тұрақты шығындар 40 бірлікке тең. Келесідей шығын түрлерін есептеңдер: ТС, VC, АТС, АFC, МС.
Шығынның соңғы төрт түрін графикалық нысанда көрсетіңдер.
16.1-кесте
Q (тонналар) |
АVC (бірлік) |
0 |
0 |
1 |
40 |
2 |
40 |
3 |
46,6 |
4 |
55 |
5 |
72 |
6 |
86,6 |
2. 16.2-кестеде келтірілген мəліметтер негізінде орташа тұрақты, орташа өзгермелі, жалпы жəне шекті шығындарды анықтаңдар.
16.2-кесте
Өндірілген |
Тұрақты |
Өзгермелі |
Жалпы |
Орташа шығындар |
Шекті |
|
өнім саны |
шығындар |
шығындар |
шығындар |
|
|
шығындар |
Тұрақты |
Өзгермелі |
|||||
Q дана |
FC теңге |
VC теңге |
ТС теңге |
АFC теңге |
АVC теңге |
МС теңге |
0 |
140 |
0 |
|
|
|
|
1 |
140 |
90 |
|
|
|
|
2 |
140 |
140 |
|
|
|
|
3 |
140 |
180 |
|
|
|
|
4 |
140 |
240 |
|
|
|
|
5 |
140 |
350 |
|
|
|
|
6 |
140 |
450 |
|
|
|
|
Қысқа мерзім кезеңіне қатысты орташа өзгермелі, орташа тұрақтыжəнешектішығындарқисықтарынсызыңдар. МСқисығы басқа екі қисықтың минималды мəні арқылы өте ме, тексеріңдер.
236Экономикалық теория
3.Фирма уақыт бірлігінде бұйымның көп немесе аз санын шығара алады делік. Фирманың уақыт бірлігіндегі шығындары да осыған сай болады. Мысал ретінде 16.3-кестеде келтірілген шығындарды қарастыруға болады.
|
|
|
16.3-кесте |
|
Ай ішіндегі бұйым |
Ай ішіндегі жалпы |
Бір бұйымға жұмсалған шығындар |
||
саны Q дана |
шығындар |
|
|
|
орташа жалпы АТС |
шекті МС |
|||
|
ТС мың теңге |
|||
|
мың теңге |
мың теңге |
||
|
|
|||
0 |
0 |
... |
... |
|
1 |
30 |
30 |
30 |
|
2 |
38 |
19 |
8 |
|
3 |
48 |
16 |
10 |
|
4 |
60 |
15 |
12 |
|
5 |
80 |
16 |
20 |
|
4. Осы кестеге талдау жасаңдар.
16.4-кесте
Q (тон- |
АVC |
FC |
VC |
ТС |
МС |
АТС |
АFC |
налар) |
(бірлік) |
(бірлік) |
(бірлік) |
(бірлік) |
(бірлік) |
(бірлік) |
(бірлік) |
0 |
- |
40 |
- |
40 |
- |
- |
- |
1 |
40 |
40 |
40 |
80 |
40 |
80 |
40 |
2 |
40 |
40 |
80 |
120 |
40 |
60 |
20 |
3 |
46,6 |
40 |
140 |
180 |
60 |
60 |
13,3 |
4 |
55 |
40 |
220 |
260 |
80 |
65 |
10 |
5 |
72 |
40 |
360 |
400 |
140 |
80 |
8 |
6 |
86,6 |
40 |
520 |
560 |
160 |
93,3 |
6,6 |
II. Фирманың жалпы, орташа жəне шекті табыстары. Пайда түрлері.
Осы көрсеткіштерді талдау үшін мəліметтер кестесін пайдаланыңдар:
|
|
|
|
|
|
16.5-кесте |
Өнімді |
Өнім |
Жиынтық |
Жалпы |
Пайда |
Орташа |
Шекті та- |
шығару |
бірлігінің |
табыс ТR |
шығындар |
РF теңге |
табыс |
быс |
көлемі Q |
бағасы Р |
теңге |
ТС теңге |
|
АR теңге |
МR теңге |
дана |
теңге |
|
|
|
|
|
0 |
200 |
0 |
400 |
- 400 |
- |
- |
1 |
200 |
200 |
540 |
- 340 |
200 |
200 |
2 |
200 |
400 |
700 |
- 300 |
200 |
200 |
16-тақырып. Кəсіпорын (фирма) шығындары мен табыстары 237
|
|
|
|
|
|
Соңы |
3 |
200 |
600 |
820 |
- 220 |
200 |
200 |
4 |
200 |
800 |
920 |
- 80 |
200 |
200 |
5 |
200 |
1000 |
1000 |
0 |
200 |
200 |
6 |
200 |
1200 |
1050 |
150 |
200 |
200 |
7 |
200 |
1400 |
1120 |
280 |
200 |
200 |
8 |
200 |
1600 |
1210 |
390 |
200 |
200 |
«Пайда» терминін анықтауға деген экономист пен бухгалтерлер көзқарастарының айырмашылығына көңіл аудару қажет. Бухгалтерлік пайда жалпы түсім мен ресурстарды сатып алуға жұмсалған ақша шығындары арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі. Тауарлар мен көрсетілетін қызметті сатудан түсетін экономикалық пайда сатудан түскен пайда жəне осы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру кезінде пайдаланылған, ресурстардың жалпы шығындары арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Бухгалтерлік пайда экономикалық пайдадан бухгалтер есептемейтін балама шығындар шамасына артық болады. Сондықтан фирма табысының өлшемі бухгалтерлік емес, экономикалық пайда болады. Бухгалтерлік жəне экономикалық пайдалар арасындағы айырмашылықты көрсету үшін, оларды есептеудің шартты үлгісін келтірейік.
|
|
|
16.6-кесте |
|
|
|
|
|
Табыстар мен шығындар |
Бухгалтерлік |
Экономикалық |
|
баптары |
есептеу |
есептеу |
1. |
Сатудан түсетін жалпы табыс (теңге) |
1000 |
1000 |
2. |
Ақшалай (анық) шығындар (теңге): |
|
|
а) шикізаттар мен материалдар; |
350 |
350 |
|
ə) отын мен энергия; |
100 |
100 |
|
б) жалақы; |
250 |
250 |
|
в) қарыз бойынша, пайыз (10%) |
100 |
100 |
|
3. |
Балама (анық емес) шығындар: |
|
|
а) кəсіпкер уақытының балама |
- |
50 |
|
құндылығы; |
|
|
|
ə) меншік капиталының балама |
- |
200 |
|
құндылығы (Г=10% болғанда 2000) |
|
|
|
4. |
Бухгалтерлік пайда (1 – 2) |
200 |
- |
5. |
Экономикалық пайда (1 – 2 – 3) |
- |
- 50 |
238 Экономикалық теория
Келтірілген есептеулерден оң бухгалтерлік пайда кезінде экономикалық пайда минус 50 мың теңгеге тең болады. Бұл жағдайда кəсіпкерге істен шығу пайдалы болар еді, бұл оған ең аз дегенде 50 мың теңге əкелер еді, ал өндірістен алынған капитал жылына 200 мың теңге табыс əкелер еді (2000 мың теңге х 0,1).
III. Ауқым (масштаб) эффектісі. Трансакциялық шығындар.
1. Өндіріс ауқымы тиімділігін зерттейік.
Аяқ киім фабрикасының басшылығы алынған пайданың елеулібөлігінөндірілетінөнімкөлемінөсірумақсатындаөндірісті дамытуға салу жөнінде шешім қабылдады делік. Капитал (құралжабдық, станок, өндіріс алаңы) екі есеге өсті делік. Қызметкерлер саны да осы пропорцияларда өсті. Бұл жағдайда өндірілетін өнім көлемімен не болады деген сұрақ туады.
Y |
|
Y |
|
|
a) |
|
ə) |
|
|
|
|
|
Q3 |
|
Q3 |
|
|
Q2 |
|
|
Q2 |
|
|
Q1 |
|
|
|
|
|
Q1 |
|
|
|
|
|
0 |
X |
0 |
X |
Y |
|
|
|
|
|
|
б) |
|
|
|
Q3 |
|
|
|
Q2 |
|
|
|
Q1 |
0 |
|
|
X |
16.1-сызба. Өндіріс ауқымының эффектісі
16-тақырып. Кəсіпорын (фирма) шығындары мен табыстары 239
Жауаптың үш нұсқасы (варианты) болуы мүмкін:
–өнім саны екі есеге өседі (ауқым əсерін тұрақты қайтарылым 16.1а-сызба);
–өседі, бірақ екі еседен азырақ (ауқым əсерінен қайтарылымның кемуі 16.1ə-сызба);
–екі еседен көбірек өседі (ауқым əсерінен ұлғаймалы
қайтарым 16.1б-сызба).
Ауқым əсерінен ұлғаймалы қайтарым, əдетте өндірістік үдерістерді кең автоматтандыру, ағымдық жəне конвейрлік желілерді қолдану мүмкін өндірістерге тəн. Бірақ ауқым əсерінен болатын ұлғаймалы қайтарымнан аса сақ болу қажет. Ол ерте ме, кеш пе тұрақты түрге, содан соң ауқым əсерінен қайтарылымның кемуіне айналады.
2. Кестенің еңбек L, капитал K жəне шығарылым көлемі Q шығындары туралы мəліметтерін пайдалана отырып, сұраққа жауап беріңдер:
16.7-кесте
|
L |
K |
Q |
А |
10 |
30 |
100 |
Б |
20 |
60 |
300 |
В |
30 |
60 |
450 |
Г |
45 |
135 |
540 |
А-дан Ə-ге, Ə-ден Б-ға, Б-дан В-ға өту кезінде ауқымнан (масштабтан) болатын үнем сипаты қандай болады?
Екінші сабақ.
I. Фирманың шекті шығындары мен шекті табыстарын рыноктық бағамен салыстыру.
Фирма жетілген бəсеке жағдайында жұмыс істейді. Саладағы бір өнім бағасы 8 ш.б. құрайды. Фирманың жалпы шығынының қызметі кестеде келтірілген.
|
16.8-кесте |
Өнім шығару Q, дана |
Жалпы шығындар ТС, ш.б. |
0 |
10 |
1 |
14 |
2 |
16 |
3 |
20 |
4 |
26 |
5 |
34 |
240 Экономикалық теория
Қажетті мəліметтерді есептеп, кесте жəне график түрінде анықтаңдар:
1.Фирмапайдасынмаксимумгежеткізугеболатыншығарылатын өнім көлемі.
2.Фирманың максималды пайдасы, жалпы табысы жəне шығыны неге тең болады?
3.Рыноктағыбағаөзгеріпотырғанкездефирмақайжағдайда нөлдік пайдаға ие болады жəне қай жағдайда саланы тас-
тап шығуға мəжбүр болады?
II. Жетілген бəсеке рыногындағы фирма жағдайы.
Жетілген бəсеке жағдайында: МR = AR = P: Р баға орташа түсімге (AR) тең жəне шекті түсімге (МR) тең.
Бір графикте түсім мен шығын қисықтарын қиыстырайық (екеуі де бірдей ақша бірліктерімен көрсетілген, 16.2-сызба).
Р |
|
МС |
|
|
Р |
|
МС |
МС |
||
|
|
|
||||||||
|
|
|
|
|
|
|||||
|
|
|
|
|
|
|
||||
|
|
|
AТC |
|
|
|
|
|
||
P0 |
P=АR=МR |
Е |
|
|
|
|
К |
Е P=АR=МR |
||
|
|
|
А VC |
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Q0 |
Q |
Q |
16.2-сызба. Пайданы максималдау |
16.3-сызба. Фирма пайдасын |
|
|
|
Е нүктесінде максималдайды |
Фирма пайданы шекті түсім МR мен шекті шығындар МС қисықтарының қиылысатын Е нүктесінде максимумға жеткізеді. Əрине, əңгіме шекті табыс қисығы мен шекті шығындар қисығының өспелі тармағы қиылысы туралы болып отыр, 16.3-сызбаны қарастырайық.
Бұл жерде (16.3-сызба) МR қисық МС қисығын (К жəне Е нүктелерінде) екі рет қиып өтеді, бірақ К нүктесінде шекті
