Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бекмолдин_книга_в печать170112

.pdf
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.38 Mб
Скачать

15-тақырып. Кəсіпорын капиталының (қорының) ... 221

 

 

 

 

Соңы

1

2

 

3

4

Айналымдық өндірістікқорлар

ӨНДІРІС САЛАСЫ

 

1.6. Құнытөменжəнетезтозатынзаттар

 

 

жатқан дайын өнім.

 

 

 

 

менаспаптар, құралдарменмүліктер

 

 

 

2. Аяқталмаған өндіріс пен өздері

Нормаланатын

 

 

 

дайындаған жартылай фабрикаттар.

айналым

 

 

3.

Болашақ кезеңдердің шығындары.

құралдары

 

 

4.

Қоймадағы, тиелген жəне ресімдеуде

 

 

 

 

 

қорларыАйналым

АЙНАЛЫС САЛАСЫ

5. Тиелген, бірақ сатып алушылар

 

 

ақшасын төлемеген тауарлар.

Нормаланбайтын

 

 

6.

Касса мен банктердегі шоттардағы

айналым

 

 

 

ақша қаражаттары.

құралдары

 

 

7. Дебиторлық борыш.

 

 

 

8.

Басқа есеп айырысулардағы

 

 

 

 

қаражаттар

 

 

 

 

 

 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1.Ауыспалы айналым үдерісінде капитал қандай салалардан өтеді?

а) өндіріс саласынан ғана; ə) айналыс аясынан ғана;

б) өндіріс саласы мен айналыс аясынан ғана; в) айналыс аясындағы екі кезеңнен ғана.

2.Капиталдың айналым уақыты дегеніміз не?

а) капитал айналыс аясында болатын уақыты; ə) капитал өндіріс аясында болатын уақыты;

б) капиталдыңөндірісжəнеайналымкезеңдеріненөтетінуақыты; в) өнімдердің қоймада сақталу уақыты.

3.Қай капиталға негізгі жəне айналымға бөліну тəн?

а) ақша; ə) тауар; б) өндіргіш;

в) өзгермелі.

4.Негізгі капитал дегеніміз не?

а) өндіріс үдерісіне толық қатысып, өз құнын өндірілетін өнімге тозуына қарай, бөлшектеп өткізетін өндіргіш капитал құрамдас бөлігі;

222 Экономикалық теория

ə) құны өндіріс үдерісінде өзгеріссіз қалатын капитал; б) осы өндірістік циклде толық тұтыналатын жəне өз құнын дай-

ындалатын тауарға өткізетін капитал; в) натуралды нысаны толық өзгеретін капитал.

5. Амортизация дегеніміз не?

а) табиғи жəне моральдық тозуына қарай еңбек құралдары құнын өндірілетін өнімге біртіндеп ауыстыру;

ə) табиғи жəне моральдық тозу нəтижесінде негізгі капитал құны орнын толтыру;

б) моральдық тозу нəтижесінде еңбек құралдары құнының азаюы; в) табиғи тозу нəтижесінде еңбек құралдары құнының азаюы.

16-ТАҚЫРЫП

КƏСІПОРЫН (ФИРМА) ШЫҒЫНДАРЫ МЕН ТАБЫСТАРЫ

ДƏРІС

ЖОСПАРЫ:

 

16.1. Бухгалтерлік жəне экономикалық

 

 

шығындар.......................................................

224

16.2. Тұрақты, өзгермелі жəне жалпы

 

 

шығындар.......................................................

225

16.3. Орташа шығындар. Шекті шығындар...........

227

16.4. Ауқым (масштаб) эффектісі.

 

 

Трансакциялық шығындар............................

228

16.5. Фирманың жалпы, орташа

 

 

жəне шекті табысы........................................

231

16.6. Бухгалтерлік, экономикалық

 

 

жəне қалыпты пайда .....................................

232

16.7. Фирманың шекті шығындары

 

 

мен шекті табыстарын рыноктық

 

 

бағамен салыстыру ұстанымы.....................

233

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ......................

235

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ.....................................................

244

224Экономикалық теория

16.1.БУХГАЛТЕРЛІК ЖƏНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШЫҒЫНДАР

Шығындар сыртқы (анық) жəне ішкі (анық емес) болады. Сыртқы шығындарға сыртқы (осы нысанға қатысты) жеткізушілерге төленетін төлемдер жатады.

Ішкі шығындарға: 1) кəсіпкердің өз иелігіндегі ресурстарға жұмсалатын шығындар; 2) кəсіпкерлік қабілет сияқты маңызды ресурсқа тиетін қалыпты пайда жатады.

Анық шығындар – бұл кəсіпорынның шикізат, материалдар сатып алуға жұмсалатынақшалайшығындарықұрал-жабдықтың амортизациясы мен өнімді өндіруге байланысты басқа нақты шығындары.

Анық емес шығындар кəсіпорын иесі меншігінде өндірістің белгілі бір факторларының болуына байланысты болады. Мысалы, онда өндірістік бөлмелері жəне өндіріс үдерісінде пайдаланылатын құрал-жабдықтың бөлігі бар. Ол қолда бар қаражатын өндірістің осы факторларын сатып алуға жұмсамауы керек. Бірақ олар анық емес шығындар сипатындағы белгілі бір құнға ие. Қожайын осы бөлмелер мен құрал-жабдықтарды жалға беріп, қажетті жал ақысын алады делік. Міне, бұл өндірістің осы факторларының балама құнына ие болады.

Сондықтан, анық емес шығындарды анық шығындарға енбейтін кəсіпорын иесі меншігіндегі өндіріс факторларының құны ретінде анықтауға болады.

Шығындарды анықтайтын бухгалтерлік жол тек анық шығындарды, яғни қандай да бір өнімді өндіруге жұмсалатын нақты шығындардығанакөрсетеді. Осышығындардыңбəрібухгалтерлік шоттарда көрсетіліп, бухгалтерлік пайданы анықтау үшін пайдаланылады.

Экономикалық шығындарды анықтау кезінде, бухгалтерлік шығындарданбасқафирмаиелігіндегіресурстарқұнынескеретін анық емес шығындар да алынады.

16-тақырып. Кəсіпорын (фирма) шығындары мен табыстары 225

16.2. ТҰРАҚТЫ, ӨЗГЕРМЕЛІ ЖƏНЕ ЖАЛПЫ ШЫҒЫНДАР

Шығындарды талдауға кірісейік.

Тұрақты шығындар (fixed cost) – шамасы қысқа мерзімді кезеңде өндіріс көлемі өсуі немесе қысқаруына байланысты өзгермейтін шығындар. Тұрақты шығындарға ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен өндірістік құрал-жабдықтарды пайдалану, жалға беру, күрделі жөндеу, сонымен бірге, əкімшілік шығындармен байланысты шығындар жатады.

Əкімшілік шығындар мен жөндеу бойынша шығындарды тұрақты шығындарға шартты түрде ғана жатқызуға болатынын естен шығармауымыз керек. Себебі олар белгілі бір дəрежеде өндіріс көлеміне байланысты болады.

C

С0

FC

 

О

 

Q

16.1-сызба. Тұрақты шығындар

Орташа тұрақты шығындар AFC (Average Fixed Cost) деп белгілейміз:

AFC = FC/Q,

мұндағы:

Q – өндіріс көлемі.

Тұрақты шығындармен қатар өндіріс көлемі өзгеруіне бай-

ланысты болатын өзгермелі шығындарды да бөледі.

Өзгермелі шығындар (variable cost) – бұл шамасы өндіріс көлемі өсуі немесе азаюына байланысты өзгеретін шығындар.

15-3/108-11

226 Экономикалық теория

Өзгермелі шығындарға шикізат, электроқуаты, көмекші материалдар, еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығындар жатады. Олар VC деп белгіленеді.

C

VC

 

Q

16.2-сызба. Өзгермелі шығындар

Шамасы өндіріс өзгеруіне байланысты болмайтын тұрақты шығындарға қарағанда өзгермелі шығындар өнім өндірілуіне пропорционалды өседі немесе азаяды.

Орташа өзгермелі шығындар AVC (Average Variable Cost)

өзгермелі шығындарды өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады: Q : AVC = VC/Q.

TC

C

VC

FC

Q

16.3-сызба. Фирманың тұрақты, өзгермелі жəне жалпы шығындары

16-тақырып. Кəсіпорын (фирма) шығындары мен табыстары 227

Кəсіпорынның технологиялық оңтайлы мөлшеріне қол жеткізілгенде, олар өз минимумына жетеді.

Жалпы шығындар (total cost) – қысқа мерзімде өнім өндіруге байланысты фирманың тұрақты жəне өзгермелі шығындарының жиынтығы. ОларТСдепбелгіленеді. Жалпышығындарөндірілген өнімнің (Q) функциясы болып табылады: ТС = f (Q).

Жалпы шығындар тұрақты жəне өзгермелі шығындардың сомасы болып табылады:

ТС = FC + VC,

мұндағы:

FC (Fixed cost) – тұрақты шығындар; VC (Variable cost) – өзгермелі шығындар.

16.3. ОРТАША ШЫҒЫНДАР. ШЕКТІ ШЫҒЫНДАР

Орташа жалпы шығындарды жалпы шығындарды өндірілген өнім санына бөлу арқылы:

АТС = ТС/ Q

немесе орташа тұрақты (АFC) жəне орташа өзгермелі шығындарды (АVC) қосу арқылы алуға болады:

АТС = АFC + АVC = (FC + VC) / Q

Шекті шығындар (marginal cost) – бұл өндірістің шексіз аз ұлғаюынан туған жиынтық шығындардың өсімі. Əдетте шекті шығындар дегенде өнімнің соңғы бірлігі өндірілуімен байланысты шығындарды түсінеміз:

M C d T C

d (FC V C)

d FC

d V C

f (Q)

d Q

d Q

d Q

d Q

 

Осы формуладан тұрақты шығындардың шекті шығындар шамасына əсер етпейтін көрінеді.

Шекті шығындар өзгермелі шығындардың ғана туынды функциясы: M C ddVQC

228Экономикалық теория

16.4.АУҚЫМ (МАСШТАБ) ЭФФЕКТІСІ. ТРАНСАКЦИЯЛЫҚ ШЫҒЫНДАР

Кəсіпкерлік қызметте өндірісті қандай шекке дейін жетілдіру керек деген проблемамен жиі кездесеміз. Өйткені жетілдіру шығындармен байланысты. Бұл шығындар өздерін ақтай ма? Бұл мəселені шеше отырып кəсіпкер өзі үшін өндірістің басқа түрінде жұмсалған ақша кəсіпкерлік қызметтің таңдап алынған саласына қарағанда табысты көбірек бере ала ма деген сұраққа жауап беруі керек. Тіркелгентабысшамасынасүйенеотырып, мысалысалыстырудыжүргізугедеболады. 200 мыңдоллартұратынбелгілібіртауар үшін1 млн. доллартабыс(пайда) алуғаболадыделік. Бұлжағдайда капитал саладан басқа жаққа кетеді. Егер өндірісті жетілдіру басқа саладағы тиімді шаруашылық жүргізумен салыстырғанда аз шығынды қажет етсе, кəсіпкер қызметтің игерілген түріндегі өз позициясын нығайта түседі, сонымен, шаруашылықты жүргізу үдерісінің түрлі салалар өндірісі шығындарын тұрақты салыстырып отыруды қажет ететінін көреміз.

Осындайталдаунəтижесіндебаламашығындарды, яғниөзтауары үлкен тиімділікті қамтамасыз етеді деп кəсіпкер шығарудан бас тартқан, басқа тауар өндірісі шығындарын анықтауға болады. Кəсіпорынның қаншалықты тиімді дамитынын білу əрқашан маңызды. Бұл ақпарат шаруашылық шешімдер қабылдау үшін қажет. Тиімділікті анықтау үшін 2 нұсқа пайдаланылады:

1)жалпы шығындар мен өнімді сатудан түскен жалпы түсімдердің абсолюттік шамаларын салыстыру;

2)өндіріс шығындары өсуі мен шекті табыстар өсуінің

жылдамдықтарын салыстыру.

Ресурстар бағасы өзгеріссіз, ал сол кезде өндіруші бюджеті тұрақты өседі деп ойлайық. Изокванта мен изокостаның қиылысу нүктелерін қосып, ОS сызығы – «даму жолын» (тұтыну мінезқұлқы теориясындағы өмір деңгейі сызығына ұқсас) аламыз. Бұл сызық өндірісті кеңейту үдерісіндегі факторлар арасындағы арақатынас өсуі қарқынын көрсетеді. «Даму жолы» қисығының нысаны, біріншіден, изокванта нысанына, екіншіден, ресурстар

16-тақырып. Кəсіпорын (фирма) шығындары мен табыстары 229

бағаларына (олардың арасындағы арақатынасты изокостаның еңкеюі анықтайды) байланысты болады. «Даму жолы» қисығы тік немесе координат басынан шығатын қисық болуы мүмкін.

Егер изокванталар арасындағы қашықтық азайса, бұл ауқым əсерінен экономикалық арту болатынын көрсетеді, яғни шығаруды өсіруге ресурстардың салыстырмалы үнемдеуі кезінде қол жеткізіледі (16.4-сызба).

K

S

 

T4

 

T3

T2

40

Т1

30

20

 

 

10

0

L

16.4-сызба. Ауқымнан үнемділіктің артуы

Егер изокванталар арасындағы қашықтық өссе, бұл ауқым əсерінен экономикалық кемуді көрсетеді (16.5-сызба). Өндірістің өсуі ресурстардың пропорционалды өсуін талап етсе, онда ауқым əсерінен экономикалық тұрақтылық туралы айтылған болады (16.6-сызба). Сонымен изокванта қолда бар ресурстарды өндірістің осы көлеміне қол жеткізуі үшін үнемді пайдалануға ғана емес, саладағы кəсіпорынның минималды тиімді мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Ауқым əсерінен экономикалық арту кезінде фирмаға өндіріс көлемін өсіру қажет, себебі бұл қолда бар ресурстарды салыстырмалы үнемдеуге əкеледі.

230Экономикалық теория

К

 

 

S

 

 

Т4

 

T3

40

 

 

Т2

30

 

 

Т1

 

 

20

 

 

 

 

 

 

10

 

0

 

 

 

 

L

 

 

16.5-сызба. Ауқымнан үнемділіктің кемуі

К

S

T3

Т2

30

Т1

20

10

0

L

16.6-сызба. Ауқымнан тұрақты үнемділік

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]