Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бекмолдин_книга_в печать170112

.pdf
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.38 Mб
Скачать

15-ТАҚЫРЫП

КƏСІПОРЫН КАПИТАЛЫНЫҢ (ҚОРЫНЫҢ) АУЫСПАЛЫ АЙНАЛЫМЫ ЖƏНЕ АЙНАЛЫМЫ

ДƏРІС

ЖОСПАРЫ:

 

15.1. Капиталдың ауыспалы айналымы

 

 

жəне айналымы.............................................

212

15.2. Негізгі жəне айналым капиталы...................

214

15.3. Инвестициялардың мəні жəне түрлері........

217

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ......................

219

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ.....................................................

221

212Экономикалық теория

15.1.КАПИТАЛДЫҢ АУЫСПАЛЫ АЙНАЛЫМЫ ЖƏНЕ АЙНАЛЫМЫ

Жеке капитал – фирма капиталы жаңа құнды өндіру үшін үздіксіз материалдық жағдай жасап отыратын болса, тұрақты түрдепайдаəкелуімүмкін. Осыұдайыөндірістіңекітүрібар: жай жəне кеңейтілген. Алдымен біріншісін қарастырайық.

Жеке капиталдың жай ұдайы өндірісі – бұл құрастырушы қызметті үздіксіз құру. Бұл кезде өндіріс ауқымы (масштабы), жасалатын өнім мөлшері жəне əрекет ететін капитал (өндірістік қорлар) өзгеріссіз қалады. Сонымен, капитал ерекше айнала қозғалыс жасайды. Егер нақтырақ айтсақ, капиталдың ауыспалы айналымы – бұл өндіріс үдерісі мен өндірілетін тауарлар айналымын қамтитын оның қозғалыс циклінің бірі жəне капиталдың бастапқы ақша нысанына айналуымен аяқталады. Барлық жолды мына формуламен көрсетуге болады:

ӨҚ

А – Т

...Ө ...Т – А

ЖК Біз бұл жерден күрделі құнның үш кезең арқылы бірізділік-

пен жылжуын жəне капиталдың үш функционалды нысанының алмасуын көреміз. Оларды қысқаша суреттейік.

Бірінші кезең

ӨҚ

А – Т

ЖК айналым аясында жүзеге асырылады. Бұл жерде ақша капита-

лы өндірістікке айналады. Бизнесмен авансталған ақша қаражаттарына өндіріс құралдары (ӨҚ) мен жұмыс күшін (ЖК) сатып алады. Мұндай шығындар тауарларды өндіруді қалыптастыру үшін қажет болады.

Екінші кезең

 

ӨҚ

Т

...Ө ...Т

 

ЖК

15-тақырып. Кəсіпорын капиталының (қорының) ... 213

өндіріс аясында жүреді. Бұл қозғалыста капиталдың өндірістік нысаны тауар нысанына айналады. Рынокта сатып алынған өндіріс факторлары өндіріс құралдары мен жұмысшылар өндірістік процесте (Ө) бірігеді. Бұл жерде қажетті пайдалылығы бар жəне қайтадан пайда болған Т, құнына, оның ішінде пайдаға ие тауарлар жасалады.

ҮшіншікезеңТ– А. Бұлдабіріншікезеңсияқтыайналымаясына жатады. Т құны өскен тауар капиталы қайтадан құрамында пайда бар ақша капиталына Аайналады.

Капиталдың бір функционалды нысаннан басқасына бірізділікпен осылай айналуы, оның үш кезең арқылы жылжуы

капиталдың (қордың) ауыспалы айналымын көрсетеді. Жəне бұл кезеңдер бір-бірінен ерекшеленеді. Тек екінші кезеңде – өндіріс үдерісінде бастапқыда ақша нысанында авансталған А құны пайда сомасына өседі. А – Т жəне АТ актілері айналым аясында жүреді жəне құн нысандары алмасуын ғана көрсетеді.

Капиталдың шеңбер бойынша үздіксіз қозғалысы, оның айналымынқұрайды. Капиталдыңайналымдытолықаяқтайалуыүшін белгілібіруақыт– айналымуақытықажетболады. Олавансталған күрделіқұнқозғалысыбасталғаннанбастапоныңпайдашамасына өскенсолақшанысанындақайтыпоралғанкезінедейінесептеледі.

Авансталған құнның айналым уақыты өндіріс уақыты мен айналым уақыттан тұрады.

Өндіріс уақыты – капиталдың өндіріс саласында болған кезеңі. Оғанмыналаржатады: а) жұмыскезеңі; ə) табиғаткүштерінің еңбек заттарына дербес əсер етуінің уақыты; б) тауарлардың өндірістік босалқы қорлар (запастар) нысанында болуының уақыты.

Айналым уақыты дегеніміз, капиталдың айналым аясында болған уақыты. Ол мыналардан тұрады: а) тауарларды (А – Т) сатып алу уақытынан жəне ə) дайын өнімді сату (Т– А) кезеңінен.

Капиталдың айналым аясында болуының ұзақтығы көптеген факторлармен анықталады: рыноктың өндіріс орнынан алыстығымен, көліктік қатынастар дамуымен, сауданың ұйымдастырылуымен, сонымен қатар рынок сыйымдылығы жəне

214 Экономикалық теория

халықтың сатып алушылық қабілетімен. Бизнесмендер тауарлар мен ақша қозғалысын түрлі əдістерімен жеделдетеді: көлік құралдарын, байланыспенақпараттыұйымдастырудыжетілдіру; өз тауарларын кең жарнамалау, оларды несиеге сату жəне т.б.

15.2. НЕГІЗГІ ЖƏНЕ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫ

Өндіруші капитал (қор) екі бөлімнен тұрады жəне оның құны толық айналымның бүкіл циклінен өтіп, кəсіпкерге түрлі мерзім үшін ақша түрінде қайтып оралады. Олар: а) негізгі жəне ə) айналым капиталы.

Негізгі капитал

Айналым капиталы

Өзінің натуралды түрін (пайдалылығын)

Натуралды нысан өндірісте басқа

ұзақ сақтайды.

пайдалылыққа айналдырылады.

Көптеген толық айналымға қатысады.

Бір толық айналымға қатысады.

Өз құнын дайын өнімдерге біртіндеп,

Өз құнын дайын өнімдерге бірден

бөлшектеп өткізеді.

жəне толық өткізеді.

 

 

15.1-сызба. Капиталды негізгі жəне айналымға бөлу

Негізгі капитал – өндіруші капиталдың ұзақ уақыт бойы өндіріске толық қатысатын бөлігі. Бірақ ол өз құнын дайын өнімдерге біртіндеп өткізеді жəне бизнесменге ақша түрінде бөлшектеніп қайтады. Оған еңбек құралдары – зауыт ғимараттары, машиналар, құрал-жабдық пен т.б. жатады. Оларды бірден сатып алуға болады, ал олар өз құндарын жасалған өнімдерге тозуына байланысты өткізеді.

Бұған қарағанда айналым капиталы – өндіргіш капиталдың құны жасалған өнімге толығымен өткізілетін басқа бөлігі. Ол ақша түрінде бір толық айналым ішінде қайтады. Əңгіме еңбек заттары мен тез тозатын (бір жыл ішінде) құралдар туралы.

Практикада айналым капиталға жалақыны жатқызады. Себебі еңбекақы төлеуге жұмсалған ақша қаражаттарының ай-

15-тақырып. Кəсіпорын капиталының (қорының) ... 215

налым тəсілі еңбек заттары құнының айналымымен бірдей болып табылады. Бизнесменнің айналым капиталы қозғалысын жылдамдатуға деген қызығушылығы осыдан туындайды. Жалақыға жұмсалған ақша тезірек қайтқан сайын ең соңында пайда мөлшерін өсіретін қызметкерлерді сол жыл ішінде көбірек жалдау мүмкіндігі кеңірек болады.

Өндіріс саласында əрекет ететін негізгі жəне айналым қорла-

рынан басқа кəсіпорында айналыс қорлары ақша қаражаттары мен сатуға арналған тауарлар болады. Айналыс қорлары жəне айналым қорлары əр толық айналымнан кейін қайтадан жаңарып отырады. Олардың арасындағы байланыс тығыз, себебі айналым қорлары өндіріс үдерісінде айналыс қорларына (дайын өнімдерге, сонан соң ақша қаражаттарына) айналады жəне керісінше, өнімді сатудан түскен ақша қаражаттары айналым қорларының элементтері – шикізат, отын жəне т.б. айналады. Осыған байла-

нысты айналым қорлары мен айналыс қорларына салынған ақша қаражаттары айналым қаражаттарына біріктіріледі.

Айналым қаражаттары – бұл үздіксіз толық айналымды қамтамасыз ету үшін аванс ретінде берілетін жəне əр өндірістік циклден кейін ақша нысанында қайтып оралатын қаражаттар.

Өзінің экономикалық табиғаты жағынан тұрақты қайта қалпына келтірілетін капиталға жататын негізгі капитал құнын сақтау мен оның орнын толтыруды кəсіпкерлер ерекше қамқорлыққа алады. Еңбек құралдары құнын осындай үздіксіз қалпына келтіру олардың тозуына сай белгілі бір нормалар бойынша жүргізіледі. Бұл тозу екі жақты болады:

1) табиғи жəне 2) құндық.

Негізгі капиталдың табиғи тозуы дегеніміз еңбек құрал-

дарының өз пайдалылығын жоғалтуын білдіреді. Осының нəтижесінде олар ары қарай пайдалануға материалы жарамсыз болып қалады. Бұндай тозу екі жағдайда болалы: а) өндірістік қолданыс үдерісінде(машинаныңсынуы, фабрикағимараттарыныңтербелу нəтижесінде қирауы жəне т.б.) жəне ə) егер құрал-жабдық əрекет етпей, өз сапасын жоғалтса (ыстық, суық, су жəне т.б. əсерінен қирайды).

216 Экономикалық теория

Құндық(оныкөбінесеморалдық депатайды) тозу– бұлнегіз-

гі капиталдың өз құнын жоғалтуы. Осы үдеріс екі түрге бөлінеді: а) машина жасау арзанырақ техникалық құралдар жасайды, соның əсерінен ескі, əрекет етуші құрал-жабдықтың құнсыздануы жүреді, жəнеə) ескімашиналарөнімдірекмашиналарменалмасты-

рылады (сол уақытта олар өнімді көбірек шығарады). Нəтижесінде құрал-жабдық өз құнын дайын өнімдерге тезірек өткізеді.

Негізгі капиталдың жай ұдайы өндірісінің қаражаттары амортизациялық қорда жинақталады. Осы капиталдың заттық элементтері тозған кезде амортизация қорында соның есебінен осыған ұқсас жаңа машиналар мен құрал-жабдықтарды сатып алуға жететін ақша сомасы жинақталады. Бұл ақша еңбек құралдарын күрделі жөндеуге жұмсалады (құрал-жабдықтардың техникалық сапасы мен оның өнімділігін қалпына келтіру жұмыстарына).

Амортизациялық қор амортизациялық аударым есебінен жасалады. Соңғылар əрекет етуші негізгі қорлар құнының өнімге өткізілген ақша нысанын көрсетеді. Бұл аударымдар кəсіпорынның өнімді өндіруге жұмсалған шығындарының жалпы сомасына енгізіледі.

Жылдың аморизациялық қор шамасы екі факторға байланысты болады: негізгі капиталдың орташа жылдық құны мен амортизациянормасына. АНамортизациянормасыААамортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі капитал КН орташа жылдық құнына қатысымен анықталып, пайызбен көрсетіледі:

АН = АА / КН х 100 %.

Амортизациянормасынегізгікапиталқұнынешежылішінде толығымен қайтарылатынын көрсетеді. Амортизация нормасы мыналарды есепке ала отырып, анықталады: а) еңбек құралдары қызметінің экономикалық тиімді (нормативті) мерзімдеріне (олардың ұзаққа шыдауы жəне табиғи тозуына байланысты болатын); ə) машиналар мен құрал-жабдықтардың күрделі жөндеуіне, жетілдіруге жəне алмастыруға жұмсалатын шығындардың салыстырмалы тиімділігіне; б) қолданыстағы негізгі капиталдың нақты жасына; в) еңбек құралдарының құндық тозуына.

15-тақырып. Кəсіпорын капиталының (қорының) ... 217

15.3. ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ МƏНІ ЖƏНЕ ТҮРЛЕРІ

Фирмадағы ұлғаймалы ұдайы өндіріс капитал мөлшерінің өсуін білдіреді. Бұл үшін инвестициялар қажет. Инвестициялау

– бұл капиталдың босалқы қорларын құру немесе толықтыру. Əрекет етуші капитал мөлшерінің өсуі қорлану есебінен жүргізіледі.

Капиталдың қорлануы – бұл ұлғаймалы ұдайы өндіріске жұмсалатын ақшалай жəне материалдық құралдардың өсімі. Осындай қосымша капиталды болашаққа салынатын салым деуге болады. Себебі ол қазіргі жəне болашақ ұрпақтың өмірін жақсартуға жұмсалады. Капиталдың қорлануын тыныш жатқан қазына, ақша қаражаттарын жинақтаумен ұқсатуға болмайтыны, əбден анық.

Ең алдымен қорлану механизмі ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржыландыру көзін қамтиды. Қаржыландыру – ақша қаражаттарын бөлу қосымша капиталдың сыртқы жəне ішкі көздері есебіненіскеасырылады. Сыртқыкөздер, яғнибанктікжəнебасқа несие.

Кəсіпорында ұлғаймалы ұдайы өндіріс кезінде жеке меншік иесіне тиесілі пайда шамасы екіге бөлінеді: а) тұтынуға жұмсалатын табыс жəне ə) қорлануға жұмсалатын табыс. Осыған байланысты қорлану шамасы пайда табыс пен капиталды өзінөзі қаржыландыруға қандай қатынаста бөлінетініне байланысты болады. Егер табыс пен қорлану арасындағы белгілі бір қатынасорнаса, ондасоңғының мөлшеріпайдамассасының(жалпы шамасының) өсуіне байланысты болады. Басқа барлық тең жағдайларда пайда массасы жаңа құнның өсуі сияқты өседі (ол капитал мөлшері, қызметкерлер саны, еңбек қарқындылығы мен өнімділігіне байланысты болады).

Ең соңында, өндіріс құралдары арзандап, машиналар мен құрал-жабдықтарқұнытөмендеп, шикізат, материалдар, энергия тасушылар үнеммен пайдаланылған кезде жинақтау мүмкіндігі

218 Экономикалық теория

өседі. Онда бизнеске салынған сол ақша сомасы кезінде өндірістің жаңа факторларының көп санын сатып алуға болады.

Кəсіпорындағы қорлану ҚК, əдетте келесідей негізгі құрылымға ие: а) өндірістік қорлану ҚӨ, ə) өндірістік емес қорлану ҚӨН, б) қосымша қызметкерлерді тарту мен барлық жұмыс бастылардың біліктілігін арттыруға жұмсалатын қорлану ҚҚ :

ҚК = ҚӨ + ҚӨН + ҚҚ

Өндірістік қорлану (батыстың экономикалық əдебиеттерінде оны инвестициялар деп атайды) мыналарға жұмсалады: а) өндіріс құралдары санын өсіруге (өндірістік алаңдарды кеңейтуге, жаңа ғимараттар мен үйлер құрылысына, станоктар, құрал-жабдықтар сатып алуға жəне т.б); ə) материалдық босалқы қорларды өсіруге (резервтер мен сақтандыру қорларын).

Өндірістік емес қорлану мыналарға жұмсалады: а) өндірістік емес салалардың қорларының өсуіне (кəсіпорынның тұрғын үй қоры, медициналық мекемелер, мəдени-тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері); ə) қызметкерлерді оқыту мен олардың біліктілігінарттыруғажұмсалатынқосымшашығындар(жұмысшы кəсіптеріне оқытуға жұмсалатын шығындарды өсіру, жұмысбастылардың біліктілігінің өсуі жəне қайта мамандық алуы бұл олардың еңбек өнімділігінің өсуіне əкеледі).

Батыста фирманың өндірістік емес қорлануға, кадрлардың кəсіби дайындығын кеңейтуге жəне қызметкерлер денсаулығын нығайтуға жұмсалатын шығындардың барлық түрлері «адам капиталына инвестициялау» деген атау алған.

Инвестицияны саралаудың келесідей түрлері бар: а) күрделі (жалпы); ə) таза.

Күрделі инвестициялар – бұл капиталдың босалқы қорын (запасын) жалпы өсіру.

Таза инвестициялар – бұл орнын толтыруға жұмсалатын қаражаттарды алып тастағандағы күрделі инвестициялар.

15-тақырып. Кəсіпорын капиталының (қорының) ... 219

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

I. Капиталдың ауыспалы айналымы жəне айналымы.

1. Капитал қозғалысының түрлі нысандарын анықтау үшін келесідей мысалды пайдаланыңыз. Төменде ақша, өндіруші жəне тауар капиталдарының қозғалысын сипаттайтын формулалар келтірілген. Əр формуланың капиталдың ауыспалы қай түрінің толық айналымын көрсететінін айтыңдар:

 

ӨҚ

 

а)

А – Т

...Ө ...Т – А

 

ЖК

 

ə)

Ө – Т – А– Т

ӨҚ

...Ө

 

 

ЖК

б)

Т – А– Т

ӨҚ

...Ө ...Т

 

 

ЖК

2. Келтірілген кесте бойынша барлық авансталған капитал айналымының жылдамдығын анықтаңдар (жыл бойғы айналым санын қайтып оралған капиталдың авансталған капиталға қатысы ретінде анықтаңдар).

 

 

15.1-кесте

 

 

 

Авансталған

Қызмет мерзімі

Жыл ішінде

немесе айналымдар

қайтып оралған

капитал (мың доллар)

саны

капитал

 

 

 

 

1. Ғимараттар мен үйлер – 120

30 жыл

 

 

 

 

2. Машиналар мен құрал

16 жыл

 

жабдықтар – 96

 

 

 

 

 

3. Шикізат пен материалдар – 60

5 рет

 

 

 

 

4. Жұмыс күшін жалдау – 60

12 рет

 

 

 

 

220

Экономикалық теория

 

 

 

 

II.

Негізгі капитал. Амортизация.

 

Бұлсұрақтызерттеудекелесіматериалдардыпайдаланыңдар:

1.

Барлық авансталған капитал тең

200,0 мың долл.

 

оның ішінде құн:

 

 

а)

ғимараттар мен үйлер

- 40,0 мың долл.

 

ə)

машиналар мен

 

 

 

құрал-жабдықтар

- 100,0 мың долл.

 

б)

аспаптар

- 12,0 мың долл.

 

в)

шикізат пен көмекші

 

 

 

материалдар

30,0 мың долл.

 

г)

отын мен энергия

8,0 мың долл.

 

ғ)

жұмыс күші

10,0 мың долл.

Негізгі жəне айналмалы капиталдың шамасын анықтаңдар.

2.Фабриканы құрған кезде əрқайсысы 5 мың долл. тұратын 200 бірдей машина орнатылды. Осы машиналардың əрекет ету мерзімі – 10 жыл. Машина жасаудағы еңбек өнімділігінің өсу нəтижесінде осындай машиналардың құны орнатылғаннан кейінгі 3 жыл ішінде 15%-ға төмендейді. Орнатылғанына 3 жыл болған барлық машиналардың құны табиғи жəне моральдық тозуды ескере отырып, қанша болады.

3.Айналым капиталы жəне айналым құралдары.

Бұл сұраққа жауап беру үшін келесі сызбаны пайдаланыңдар:

Айналым құралдарының құрамы жəне жіктелімі

Кəсіпорынның айналым құралдары

1

2

3

4

 

 

 

 

 

САЛАСЫӨНДІРІС

1. Өндірістік босалқы қорлар (запастар):

 

Айналымдық қорларөндірістік

1.1. Шикізат, негізгі материалдар

 

мен сатып алынатын жартылай

Нормаланатын

фабрикаттар.

 

 

1.2. Көмекші материалдар.

айналым

 

 

1.3. Отын.

құралдары

 

 

1.4. Ыдыс.

 

 

 

1.5. Жөндеуге арналған қосалқы

 

 

 

бөлшектер.

 

 

 

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]