
- •Магистерлік диссертацияны жазу, рәсімдеу және қорғау бойынша ережелер
- •Мазмұны
- •1 Магистерлік диссертацияны дайындау, жазу және қорғау бойынша жалпы ережелер
- •2 Магистерлік диссертацияны орындаудың мақсаты және негізгі міндеттері
- •3 Магистерлік диссертацияның тақырыбын таңдау
- •4 Магистерлік диссертацияның құрылымы және қысқаша мазмұны
- •5 Магистерлік диссертацияны рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •Кіріспе
- •Мазмұны
- •6 Магистерлік диссертацияның жіктемелік белгілері
- •7 Магистерлік диссертацияны ұсыну жәнене қорғау процедурасы
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша а
- •Қосымша б
- •Тапсырма
- •Қосымша в
- •Қосымша г
- •2. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы «__________» мамандығының 1 курс магистранттарының магистерлік диссертацияны алдын ала қорғауы.
- •Қосымша ж
- •«Коды-атауы» мамандығының ________________магистері академиялық дәрежесін алуға дайындалған аты-жөні магистерлік диссертациясына ғылыми жетекші берген пікір
- •2. Зерттеу тақырыбының өзектілігі, алынатын мамандық бойынша экономикалық ғылымдар дамуының болашағы мен қазіргі жағдайға сәйкестігі;
- •Қосымша л
- •«Коды-атауы» мамандығының ________________магистері академиялық дәрежесін алуға дайындалған аты-жөні магистерлік диссертациясына ресми оппонент берген рецензия
- •1. Зерттеу тақырыбының өзектілігі, алынатын мамандық бойынша экономикалық ғылымдар дамуының болашағы мен қазіргі жағдайға сәйкестігі
- •4. Магистерлік диссертацияның рәсімделуі мен мазмұны бойынша кемшіліктер
- •№ __ Хаттама
- •Қаулы етеді:
- •Положение
- •Содержание
- •1 Общие положения о порядке подготовки, написания и защиты магистерской диссертации
- •2 Цель и основные задачи выполнения магистерской диссертации
- •3 Выбор темы магистерской диссертации
- •4 Структура магистерской диссертации и ее краткое содержание
- •5 Требования, предъявляемые к оформлению магистерской диссертации
- •Введение
- •Содержание
- •6 Классификационные признаки магистерской диссертации
- •7 Представление и процедура защиты магистерской диссертации
- •Список использованных источников
- •Приложение а
- •Приложение б казахский экономический университет им. Т. Рыскулова
- •З а д а н и е
- •Приложение в казахский экономический университет им. Т. Рыскулова
- •Экономическая эффективность маркетинговой деятельности предприятия
- •2. Уровень новизны результатов диссертации
- •Приложение е ао «КазЭу им. Т. Рыскулова»
- •Повестка дня:
- •1. Предзащита магистерских диссертаций магистрантов 1 курса специальности «__________» профильного направления.
- •2. Предзащита магистерских диссертаций магистрантов 1 курса специальности «__________» научного и педагогического направления.
- •Приложение ж
- •Приложение к заключение
- •2. Актуальность темы исследования, соответствие современному состоянию и перспективам развития экономической науки в соответствии с получаемой специальностью
- •Приложение л
- •3. Степень обоснованности и достоверности каждого научного результата (научного положения), выводов и заключений магистранта, сформулированных в магистерской диссертации и их новизна
- •4. Недостатки по содержанию и оформлению магистерской диссертации
- •5. Соответствие работы в рамках требований к магистерской диссертации
- •Приложение м
- •С т е н о г р а м м а
- •Заседания Государственной аттестационной комиссии №__
- •В Казахском Экономическом Университете им. Т. Рыскулова
- •Протокол № __
- •Постановляет:
6 Магистерлік диссертацияның жіктемелік белгілері
Магистерлік диссертацияны магистрант өзі жазуы керек, ол автордың көпшілік алдында қорғауға шығаратын жаңа, шынайы ғылыми нәтижелері мен ұйғарымдарын қамтуы керек, зерттелген теориялық немесе қолданбалы міндеттер шеңберінде алынған нәтижелер арасындағы байланысты анықтайтын ішкі біртұтастыққа ие болуы керек, автордың ғылымға және/немесе тәжірибеге қосқан үлесі туралы куәландыруы керек. Автор ұсынған жаңа шешімдер қатаң түрде аргументтелген және белгілі шешімдермен салыстырғанда сыни тұрғыда бағаланған болуы керек (Қосымша Д).
Қолданбалы маңызы бар магистерлік диссертацияда авторлық куәлік, патенттер немесе басқа да ресми құжаттармен расталған автор алған ғылыми нәтижелердің тәжірибеде қолданылуы туралы мәлімет келтірілуі, ал теориялық маңызы бар магистерлік диссертацияда ғылыми қорытындылардың қолданылуы туралы мәлімет келтірілуі керек.
Қорғауға төмендегі талаптардың біріне жауап беретін диссертация жіберіледі:
– диссертацияның нәтижелері жиынтығын сәйкес ғылыми бағытты дамытудағы жаңа жетістік ретінде жіктеуге болатын теориялық ұйғарымдардан тұрса;
– диссертацияда маңызды әлеуметтік-мәдени, экономикалық немесе саяси маңызы бар ғылыми мәселенің шешімі ұсынылса;
– диссертацияда ғылыми-техникалық прогрессті жеделдетуге маңызды үлес қосатын техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдер ғылыми тұрғыда негізделсе.
Магистерлік диссертация Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ң жоспарлық зерттеулері бағдарламасына сәйкес орындалуы керек, халықаралық, мемлекеттік немесе аймақтық ғылыми, ғылыми-техникалық және салалық бағдарламаларға, фундаменталдық немесе қолданбалы зерттеулер бағдарламаларына кіруі керек.
Магистерлік диссертацияның нәтижелері келесі деңгейлердің бірінде енгізілуі керек:
– халықаралық (лицензиялар сатылған, халықаралық гранттар алынған);
– сала аралық;
– сала масштабында;
– ұйым шеңберінде.
7 Магистерлік диссертацияны ұсыну жәнене қорғау процедурасы
Бекітілген талаптарға сәйкес рәсімделген магистерлік диссертация бітіртуші кафедраға алдын-ала қорғау процедурасын өтіп ғылыми жетекшінің пікірін алу үшін мөлшерленген қорғау күнінен үш ай бұрын мерзімнен кешіктірілмей ұсынылуы керек. Егер магистерлік диссертация бойынша шектес ғылым саласынан қосымша ғылыми кеңесші тағайындалса, онда ғылыми жетекшінің және ғылыми кеңесшінің пікірлері жеке, бір-бірінен тәуелсіз дайындалады. Алдын-ала қорғау кафедра мәжілісінің хаттамасымен рәсімделеді (қосымша Е).
Алдын-ала қорғаудан сәтті өткен және бекітілген талаптарға сай рәсімделген орындалған диссертацияға ғылыми жетекшінің қолы қойылады.
Ғылыми жетекші магистерлік диссертацияға жазбаша пікір жазады (қосымша Ж). егер ол мазмұны, көлемі және рәсімделуі бойынша қойылатын талаптарға толық жауап беретін болса, ғылыми жетекші өзектілігі, зерттеудің ғылыми жаңалығы, құрылымының қысқаша сипаттамасы, орындалған жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы сияқты негізгі пункттер көрініс тапқан пікір жазып қорғауға рұқсат береді. Магистерлік диссертация құпталмаған жағдайда ғылыми жетекші магистерлік жұмысты қорғауға жібермеу туралы өз шешімін негіздеп жазбаша пікір жазады. Егер кафедра меңгерушісі магистрантты магистерлік диссертацияны қорғауға жіберу мүмкін емес деп есептесе, онда бұл мәселе міндетті түрде магистранттың және оның ғылыми жетекшісінің қатысуымен өткізілетін кафедра мәжілісінде қарастырылады. Кафедра мәжілісінің хаттамасы ЖОО ректорына бекітуге ұсынылады.
Ғылыми жетекшінің (бар болса – ғылыми кеңесшінің) пікірі алдын-ала қорғау өткен күннен кейін 10 (он) күн ішінде «қорғауға жіберіледі» немесе «қорғауға жіберілмейді» деген аргументтелген қорытынды көрсетіліп беріледі.
Алдын-ала қорғау процедурасын сәтті өткен соң, ғылыми жетекшінің (бар болса – ғылыми кеңесшінің) «қорғауға жіберіледі» деген қорытынды оң пікірі және университете бекітілген тәртіпте диссертацияны плагиаттыққа тексеру туралы қорытынды болса, диссертант диссертацияны сараптамаға өткізеді.
Диссертацияға сараптама жасау процедурасы, сәйкес құжаттарды дайындау және диссертанты қорғауға жіберу кешенді емтихан мен диссертацияны қорғау аралығы кезеңінде жүргізіледі және бір айдан аспауы керек.
Магистерлік диссертацияға сараптама жүргізу үшін МАК Сараптама кеңесін құрады. Сараптама кеңесінің құрамы Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ ректорының бұйрығымен диссертацияны қорғаудан ек ай бұрын бекітіледі.
Сараптама кеңесінің құрамына ұсынылған зерттеу объектісі және пәні облысында білімдері бар, қорғалатын диссертация профилі бойынша соңғы бес жыл ішінде отандық және шетелдік ғылыми басылымдардағы екі немесе одан көп жарияланымдарымен расталған кемінде үш маман кіруі керек, соның ішінде жоғары импакт-факторға ие.
Сараптама кеңесінің құрамына магистранттың ғылыми жетекшісі (кеңесшісі) кіре алмайды.
Магистрант Сараптама кеңесіне келесілерді ұсынады:
1) аяқталған магистерлік диссертация;
2) диссертация тақырыбының бекітілгендігі туралы құжат;
3) транскрипт;
4) мемлекеттік, орысша және ағылшынша үш тілде рәсімделген магистерлік диссертация аннотациясы
5) бекітілген тәртіпте расталған ғылыми жарияланымдар тізімі және олардың көшірмесі;
6) плагиаттыққа тексеру туралы қорытынды (нормобақылаушының қорытындысы бойынша).
Сараптама кеңесі 10 күннің ішінде магистерлік диссертацияға сараптама жүргізіп, бекітілген формадағы (қосымша К) келесілер көрсетілген, негізделген жазбаша қорытынды береді:
– диссертация мазмұнының жоғары білімнен кейін білім беру мамандықтары Классификаторы бойынша мамандыққа (специализацияға) сәйкестігі;
– диссертацияда баяндалған нәтижелерді алуға магистранттың нақты қатысуы;
– жүргізілген зерттеулердің негізделу дәрежесі, олардың жаңашылдығы және тәжірибелік маңыздылығы;
– магистрант жариялаған жұмыстарда диссертация материалдарының толық баяндалуы.
Сараптама кеңесінің қорытындысының соңғы бөлімінде комиссия бекітілген формада келесі шешімдердің бірін негіздеп жазбаша қорытынды береді:
диссертацияны көпшілік алдында қорғауға ұсыну;
бекітілген мерзімде ескертулерді жою шартымен диссертацияны көпшілік алдында қорғауға ұсыну;
диссертацияны қорғауға ұсынбау.
Сараптама кеңесі диссертацияны қорғауға ұсынса МАК техникалық хатшысы рефератты Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ ресми сайтында диссертация қорғауға дейін бір ай бұрын мерзімнен кешіктірмей орналастырады (егер университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі болса).
Қорғауға қабылданған диссертацияның бір данасы және екі дана рефератты магистрант қорғау өтетін Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ кітапханасына қорғаудан бір ай бұрын мерзімде өткізеді және онда қолжазба құқығында диссертация қорғауға дейін сақталады. Сәтті қорғаудан кейін диссертация және рефераттың бір данасы Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ мұрағатына өткізіледі. Қарама-қарсы жағдайда диссертация мен рефераттың екі данасы магистрантқа қайтарылады.
Магистерлік диссертация бойынша біліктілігі (ғылыми немесе академиялық дәрежесі) қорғалатын жұмыс профиліне сәйкес келетін ресми оппонент тағайындалады. Ресми оппонент диссертация орындалған ұйымның қызметкері болмауы керек.
Ресми оппонеттердің кандидатуралары қорғаудан 1,5 (бір жарым) ай бұрын мерзімнен кешіктірмей бітіртуші кафедра меңгерушісінің ресми оппонентті тағайындау туралы негіздемесі, оппоненттің жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және оппоненттейтін магистерлік диссертация профилі бойынша негізгі жарияланымдарының тізімі (кемінде үш жарияланым) бар анкеталық мәліметтер және болжамды оппоненттердің жазбаша келісімін ұсынуы негізінде Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Ресми оппонент магистерлік диссертациямен және диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстармен танысу негізінде ресми оппоненттерді тағайындау туралы бұйрық шыққаннан кейін 10 (он) күн ішінде диссертацияға жан-жақты сипаттама берілген, таңдалған тақырыптың өзектілігін объективті бағалап, диссертацияда берілген ғылыми ұйғарымдардың, қорытындылар мен ұсыныстардың негізделу дәрежесін, олардың жаңашылдығын бағалап, сонымен қатар магистерлік диссертацияның мазмұны және рәсімделуі бойынша кемшіліктерін көрсете отырып (қосымша Л) рецензия дайындайды. Ресми оппоненттің рецензиясының қорытындылаушы бөлімінде бағасы («үздік», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз») және сәйкес мамандық бойынша магистр дәрежесін беру мүмкіндігі көрсетілген, аргументтелген қорытынды беріледі.
Ресми оппоненттің рецензиясының көшірмесі магистрантқа диссертацияны қорғаудан 10 күннен бұрынғы мерзімнен кешіктірілмей берілуі керек.
Магистрант келесілер бар болса, кешенді емтиханды сәтті тапсырғаннан кейін қорғауға жіберіледі:
ғылыми жетекшінің (бар болса ғылыми кеңесшінің) оң пікірлері;
осы Ереженің 20 бетінде келтірілген магистерлік диссертация бір немесе бірнеше пунктін орындаса;
– диссертация тақырыбы бойынша ғылыми басылымдарда кемінде бір жарияланым;
– Сараптама кеңесінің диссертацияны көпшілік алдында қорғауға ұсыну туралы жазбаша қорытындысы;
– диссертацияға жан-жақты сипаттама берілген және бағасы («үздік», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз») мен сәйкес мамандық бойынша магистр дәрежесін беру мүмкіндігі көрсетілген ресми оппоненттің рецензиясы.
Егер ғылыми жетекші (ғылыми кеңесші) немесе сараптамалық кеңес «қорғауға жіберілмейді» не «қорғауға ұсынылмайды» деген кері қорытынды берсе, онда магистрант магистерлік диссертацияны қорғай алмайды.
Магистранттың диссертацияны қорғауға жіберілуі диссертацияны қорғау күнінен екі аптадан бұрын мерзімнен кешіктірілмей Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ ректорының бұйрығымен рәсімделеді.
Магистерлік диссертацияны қорғау Мемлекеттік аттестациялау комиссиясы (МАК) алдында жүзеге асырылады. 1 қарашаға дейін университет ректоры өкілетті органға бітіретін мамандықтар профиліне сәйкес келетін және сол ұйымда жұмыс істемейтін ғылым доқторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, PhD академиялық дәрежесі бар МАК төрағаларының кандидатураларын ұсынады. Содан кейін МАК төрағасы өкілетті органның бұйрығымен ағымдағы оқу жылының 1 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі. МАК құрамына оның мүшелері құқығында бітіретін мамандықтар профиліне сәйкес келетін ғылым доқторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, PhD академиялық дәрежесі немесе сол профиль бойынша магистр дәрежесі бар (кәсіби магистратура үшін МАК құрамына сонымен қатар бітіретін мамандар профиліне сәйкес келетін біліктілігі жоғары мамандар кіргізілуі мүмкін) мамандар кіреді. КМАК-тың сандық құрамын университет өз бетінше анықтайды, 31 желтоқсаннан кешіктірілмей ректордың бұйрығымен бекітіледі және күнтізбелік жыл ағымында әрекет етеді..
Сараптама кеңесіне, МАК-ға ұсынылатын құжаттармен бірге қосымша магистратура Координаторы және магистрант келесі құжаттарды ұсынады:
1) магистратура бөлімі Координаторының магистранттың жеке оқу жоспарын орындағаны, барлық пәндер бойынша алған бағалары, олардың көлемі, тапсырылған курстық жұмыстар мен тәжірибе түрлері туралы анықтама;
2) магистранттың ғылыми жетекшісінің (бар болса ғылыми кеңесшінің) пікірі;
3) Сараптама кеңесінің қорытындысы;
4) магистерлік диссертацияның ресми оппоненттінің рецензиясы.
МАК-ға орындалған магистерлік диссертацияның ғылыми және тәжірибелік құндылығын сипаттайтын, ресми емес пікірлер, магистерлік диссертация профилі бойынша тәжірибелік қызметпен айналысатын ұйымның жазбаша қорытындылары, ғылыми зерттеу нәтижелерінің тәжірибеге енгізілгені туралы актілер, анықтамалар, макеттер, ауыл шаруашылық өнімдерінің, бұйымдардың, материалдардың үлгілері және басқа да материалдар ұсынылуы мүмкін.
МАК ресми оппонентке пікірді егер ол көрсетілген талаптарға сай емес болса, қайта өңдеуге қайтарып беруге немесе диссертацияны қорғау күнінен 10 күн бұрын мерзімнен кешіктірмей ресми оппонентті ауыстыруға құқылы.
Қорғауды кейінге шегіндіру немесе жіберуге тыйым салудың себептері келесідей болуы мүмкін:
– бағдарламалық курстар бойынша қарыздар немесе кері бағалардың болуы;
– ақылы түрде оқитын магистранттың келісім шарттарын орындамауы;
– зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми жарияланымдардың болмауы;
– магистранттың магистерлік диссертацияны алдын-ала қорғауға келмеуі;
– магистерлік жұмыс бойынша алдын-ала қорғауда анықталған ескертулердіне жоймауы;
– магистранттың кафедра меңгерушісі бекіткен күнтізбелік жоспар-графикті өз уақытында орындамауы;
– сараптама комиссиясының кері пікірі;
– магистерлік диссертацияны ұсыну мерзімі мен формасын сақтамауы, сонымен қатар ғылыми жетекшінің пікірінің немесе ресми оппоненттің рецензиясының болмауы/немесе кері пікірдің болуы.
МАК мәжілісі оның мүшелерінің 2/3 қатысса құқылы деп есептеледі.
Ресми оппонент пен ғылыми жетекші диссертацияны қорғауға қатысуға міндетті. Диссертация бойынша оң пікір берген, бірақ себепті түрде ресми оппоненттің қатыса алмауына байланысты магистерлік диссертацияны қорғауды жүргізуге рұқсат беріледі. Бұл жағдайда МАК мәжілісінде жоқ оппоненттің пікірі толығымен оқылады.
Магистерлік диссертацияны қорғау процедурасы толығымен стенографияланады. Диссертацияны қорғау стенографиясы магистранттың жеке ісіне тігіледі (қосымша М).
Бір магистерлік диссертацияны қорғау ұзақтығы 50 минуттан аспауы керек, ал автордың қорғауда сөйлеуі 15 минуттан аспауы керек. Мазмұны бойынша бұл сөйлеу таңдалған мәселе бойынша жүргізілген зерттеудің неғұрлым маңызды нәтижелерін (өзектілік, негізгі нәтижелер, қорғалатын ұйғарымдар және олардың жаңалығы) көрсетуі керек. Магистранттың сөйлеуі магистерлік диссертация бойынша негізгі қорғалатын ұйғарымдарды ашу үшін кестелік-суреттік материалдары бар көркем плакаттармен немесе интерактивті режимдегі слайдтармен бірге жүзеге асуы керек.
Қорғау кезінде автор зерттеліп отырған мәселе бойынша тек теориялық білімін ғана емес, сонымен қатар шешендік шеберлік деңгейін, қойылған сұрақтарға дәлелді жауап бере білуін және өз позициясын негіздей отырып қорғай алуын көрсетуі керек.
Магистерлік диссертацияны талқылауға барлық қатысушылар сұрақ қою немесе сөз сөйлеу түрінде қатыса алады. талқылаудан кейін комиссия хатшысы ғылыми жетекшінің пікірін (өзі қатысқан жағдайда ғылыми жетекші өзі оқуына болады), рецензияны және сараптама комиссиясының пікірін оқиды. Ғылыми жетекшінің және/немесе рецензиядағы және/немесе сараптама комиссиясы пікірінде кемшіліктер болған жағдайда магистрант олардың мәні бойынша дәлелді түсінік беруі керек.
Диссертацияның көпшілік алдында қорғалуы ғылыми дискуссия сипатында болып, жоғары талаптық, принципиалдылық және ғылыми этиканы сақтай отырып өткізілуі, диссертацияда көрсетілген нәтижелердің жаңашылдығы, нәтижелердің, ұсыныстардың, қорытындылардың негізделуі және тәжірибелік сипаты толық талдануы керек.
Магистерлік диссертацияны қорғау қорытындылары туралы шешімді МАК жабық мәжілісте ашық дауыс беру арқылы мүшелердің көп дауысы негізінде қабылдап, бекітілген формадағы хаттамамен рәсімделеді. Хаттамаға мәжіліске қатысқан МАК төрағасы және мүшелері қол қояды.
Магистерлік диссертацияны қорғау нәтижелері бойынша МАК мүшелері коллегиалды түрде баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша қорытынды баға қояды. Бағалауда магистранттың теориялық, ғылыми, тәжірибелік дайындық деңгейі, ғылыми жетекшінің пікірі, сараптама комиссиясы мен рецензенттің бағасы ескеріледі. Магистерлік диссертацияны қорғау нәтижелері қорғау жүргізілген күні жарияланады.
Қорғау нәтижесі бойынша МАК кері шешім шығарған диссертация қайталап қорғауға өңделген түрде кері шешім шығарылғаннан кейін бір жылдан ерте емес мерзімде ұсынылуы мүмкін қайта қорғауда қорғауға жіберудің барлық процедурасы қайтадан жүргізіледі, сараптама комиссиясының мүшелері, ресми оппонент толық ауыстырылуы керек.
Көпшілік алдында магистерлік диссертацияны қорғап шыққан магистрантқа сәйкес мамандық бойынша магистр академиялық дәрежесі беріледі және мемлекеттік үлгідегі жоғары білінен кейін білім беру туралы қосымшасы бар (транскрипт) диплом беріледі.