
- •Магистерлік диссертацияны жазу, рәсімдеу және қорғау бойынша ережелер
- •Мазмұны
- •1 Магистерлік диссертацияны дайындау, жазу және қорғау бойынша жалпы ережелер
- •2 Магистерлік диссертацияны орындаудың мақсаты және негізгі міндеттері
- •3 Магистерлік диссертацияның тақырыбын таңдау
- •4 Магистерлік диссертацияның құрылымы және қысқаша мазмұны
- •5 Магистерлік диссертацияны рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •Кіріспе
- •Мазмұны
- •6 Магистерлік диссертацияның жіктемелік белгілері
- •7 Магистерлік диссертацияны ұсыну жәнене қорғау процедурасы
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша а
- •Қосымша б
- •Тапсырма
- •Қосымша в
- •Қосымша г
- •2. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы «__________» мамандығының 1 курс магистранттарының магистерлік диссертацияны алдын ала қорғауы.
- •Қосымша ж
- •«Коды-атауы» мамандығының ________________магистері академиялық дәрежесін алуға дайындалған аты-жөні магистерлік диссертациясына ғылыми жетекші берген пікір
- •2. Зерттеу тақырыбының өзектілігі, алынатын мамандық бойынша экономикалық ғылымдар дамуының болашағы мен қазіргі жағдайға сәйкестігі;
- •Қосымша л
- •«Коды-атауы» мамандығының ________________магистері академиялық дәрежесін алуға дайындалған аты-жөні магистерлік диссертациясына ресми оппонент берген рецензия
- •1. Зерттеу тақырыбының өзектілігі, алынатын мамандық бойынша экономикалық ғылымдар дамуының болашағы мен қазіргі жағдайға сәйкестігі
- •4. Магистерлік диссертацияның рәсімделуі мен мазмұны бойынша кемшіліктер
- •№ __ Хаттама
- •Қаулы етеді:
- •Положение
- •Содержание
- •1 Общие положения о порядке подготовки, написания и защиты магистерской диссертации
- •2 Цель и основные задачи выполнения магистерской диссертации
- •3 Выбор темы магистерской диссертации
- •4 Структура магистерской диссертации и ее краткое содержание
- •5 Требования, предъявляемые к оформлению магистерской диссертации
- •Введение
- •Содержание
- •6 Классификационные признаки магистерской диссертации
- •7 Представление и процедура защиты магистерской диссертации
- •Список использованных источников
- •Приложение а
- •Приложение б казахский экономический университет им. Т. Рыскулова
- •З а д а н и е
- •Приложение в казахский экономический университет им. Т. Рыскулова
- •Экономическая эффективность маркетинговой деятельности предприятия
- •2. Уровень новизны результатов диссертации
- •Приложение е ао «КазЭу им. Т. Рыскулова»
- •Повестка дня:
- •1. Предзащита магистерских диссертаций магистрантов 1 курса специальности «__________» профильного направления.
- •2. Предзащита магистерских диссертаций магистрантов 1 курса специальности «__________» научного и педагогического направления.
- •Приложение ж
- •Приложение к заключение
- •2. Актуальность темы исследования, соответствие современному состоянию и перспективам развития экономической науки в соответствии с получаемой специальностью
- •Приложение л
- •3. Степень обоснованности и достоверности каждого научного результата (научного положения), выводов и заключений магистранта, сформулированных в магистерской диссертации и их новизна
- •4. Недостатки по содержанию и оформлению магистерской диссертации
- •5. Соответствие работы в рамках требований к магистерской диссертации
- •Приложение м
- •С т е н о г р а м м а
- •Заседания Государственной аттестационной комиссии №__
- •В Казахском Экономическом Университете им. Т. Рыскулова
- •Протокол № __
- •Постановляет:
Мазмұны
|
|
Бет |
|
Нормативтік сілтемелер |
2 |
|
Анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар |
3 |
|
Кіріспе |
6 |
1 |
Банктік капитал қалыптасуының теориялық аспектілері |
|
|
1.1 Банк ресурстары құрылымындағы банк капиталы түсінігінің экономикалық мазмұны және орыны |
9 |
|
1.2 Капиталды жоғарылатудың ішкі және сыртқы көздері |
10 |
|
1.3 Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігін бағалау және оны анықтайтын көрсеткіштер |
20 |
| ||
2 |
Екінші деңгейлі қазақстандық банктердің меншікті капиталмен қамтамасыз етілуін талдау |
|
|
2.1 Банктік жүйенің дамуының қазіргі заманғы тенденциялары |
30 |
|
2.2 Коммерциялық банктердің капиталдануын талдау |
40
|
|
2.3 Коммерциялық банктердің капиталдану деңгейінің динамикасын бағалау: сандық және сапалық аспектілер |
50 |
| ||
3 |
ҚР банктік сектордың капиталдануын жоғарылату жолдары |
|
|
3.1 Банктердің дивиденттік саясатының негізгі бағыты – республика банктерінің рентабелділігін жоғарылату |
60 |
|
3.2 Банктік сектордағы қосылу және жұту банктердің капиталдануын арттырудың бір нұсқасы ретінде |
70 |
|
3.2 IPO (Initial Public Offering) – коммерциялық банктердің капиталдануын арттыру жағынан қаржы ресурстарын тартудың болашағы бар тәсілі |
80 |
|
| |
Қорытынды |
92 | |
|
| |
Қолданылған әдебиеттер тізімі |
97 | |
|
| |
Қосымшалар |
100 |
Магистерлік диссертация мәтіні бойынша тізіп көрсетулер келтірілуі мүмкін. Егер тізіп көрсету символ түрінде рәсімделсе, онда әр тізімнің алдында сызықша (дефис) қойылады, нүкте, тік төртбұрыш, үшбұрыш және т.б. түрдегі символдарды қолдануға жол берілмейді.
Магистерлік диссертацияның әрбір құрылымдық элементін жаңа парақтан (беттен) бастау керек.
Магистерлік диссертация және оның құрамына кіретін қосымшаларды нөмірлеу бірінен кейін бірі жүруі керек.
Азат жолдар (қызыл жол) мәтінде бес белгіге тең (1,0 см) шегініспен басталады.
Суреттер (чертеждер, графиктер, сызбалар, диаграммалар, фотосуреттер және т.б.) тікелей ол туралы бірінші рет айтылған мәтіннен кейін немесе келесі бетте сілтеме жасай отырып орналастырылуы керек.
Суреттер компьютер арқылы жасалуы мүмкін, соның ішінде түрлі түсті қолдану арқылы. Барлық суреттерге диссертацияда сілтеме жасалуы керек.
Магистерлік диссертацияда орналастырылған барлық чертеждер, графиктер, сызбалар, диаграммалар конструкторлық құжаттардың Бірыңғай жүйесі (КҚБЖ) мемлекеттік стандарттарының талаптарына сәйкес келуі керек. А4 форматы мөлшерінен кіші фотосуреттер стандартты ақ қағаз беттеріне жапсырылуы керек.
Қосымшадағыдан басқа суреттерді араб сандарымен бірінен кейін бірін ретімен нөмірлеу керек. Суреттердің жолдың ортасына сызықша (тире) арқылы жазылған атауы болуы қажет (Мысал: Сурет 1 – Еңбек нарығының ұтымды құрылымын қалыптастыратын факторлар).
Сурет 1 – Еңбек нарығының ұтымды құрылымын
қалыптастыратын факторлар
Қажет болғанда суреттердің түсініктеме мәліметтері беріледі (суреттің астындағы мәтін).
Барлық суреттерге сілтеме болуы керек, суреттерге сілтеме жасауда «1-суретке сәйкес» деп жазу керек.
Кестелерді көрсеткіштерді салыстыру ыңғайлылығы және көрнекілік үшін қолданады. Кестенің атауы оның мазмұнын көрсетуі керек, нақты және қысқа болып кестенің үстінде азат жолсыз нөмірімен бір жолда сызықша арқылы жазылады. Кестенің бөлігін келесі бетке тасымалдауда бірінші беттегі төменгі көлденең сызықты жаппайды, келесі беттің сол жағында «Жалғасы» деп кестенің нөмірін көрсетеді, мысалы, «1-кестенің жалғасы».
Диссертацияда кестені ол туралы бірінші рет айтылған мәтіннен кейін орналастырады, немесе келесі бетте орналастырады. Барлық кестелерге диссертацияда сілтеме болуы керек. Сілтемеде «кесте» деп нөмірін көрсету керек. Қосымша кестелерінен басқа кестелердің барлығы араб сандарымен бірінен кейін бірі нөмірленеді.
Кестелерді сол, оң және төменгі жағынан сызықтармен шектейді. Кестеде мәтін шрифтынан кіші шрифті қолдануға жол беріледі (12). Кестенің жолдарын бөліп тұратын көлденең және тік сызықтардың болмауы кестені қолдануды қиындатпайтын болса, оларды жүргізбеуге жол беріледі.
Кестені рәсімдеу мысалы:
Кесте 1 – 2002-2009 ж.ж. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
Жыл |
2009 ж. %-бен | |||||||
2003 |
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 | |||
2003ж. |
2008ж. | ||||||||
Экономикалық белсенді тұрғындар,мың адам |
7399,7 |
7657,3 |
7840,6 |
7901,7 |
8028,9 |
8228,3 |
8415,0 |
113 |
102 |
Жұмыспен қамтылған тұрғындар, мың адам |
6708,9 |
6985,2 |
7181,8 |
7261,0 |
7403,5 |
7631,1 |
7857,2 |
117 |
113 |
Жұмыссыз тұрғындар,мың адам |
690,7 |
672,1 |
658,8 |
640,7 |
625,4 |
597,2 |
557,8 |
80 |
86 |
Жұмыссыздық деңгейі, % |
9,3 |
8,8 |
8,4 |
8,1 |
7,8 |
7,3 |
6,6 |
71 |
78 |
Е с к е р т п е- [27] көз негізінде автор құрастырған |
Кестенің төменгі сызығы мен мәтін арасындағы ара қашықтық 2 «бос» жол болуы керек.
Кестені рәсімдеу неғұрлым толық 2.105. Мемлекеттік стандартта сипатталған.
Ескертулерді жазбаша әріптермен азат жолдан арасын ашып астын сызбай жазу керек. Ескертулерді диссертацияда нақтылау немесе мәтін, кесте, графикалық материалдарға анықтамалық мәліметтер қажет болғанда келтіреді. Ескертулерді тікелей мәтіннен, графикалық материалдан кейін немесе кестеде орналастырады. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескертпе» деген сөзден кейін сызықша қояды да ескертуді жазба әріптермен жазады. Бір ескертуді нөмірлемейді. Бірнеше ескертуді ретімен араб сандарымен нүкте қоймай нөмірлейді. Кестеге ескертуді кестенің соңынан кестенің аяқталғанын білдіретін сызықтың үстіне орналастырады.
Формулалар және теңдеулерді жеке жолға мәтіннен бөліп жазу керек.
әр формула немесе теңдеудің жоғары жағынан және төменгі жағынан кемінде бір бос жол қалдырылуы керек. Егер теңдеу бір жолға сыймайтын болса, онда (=) белгісінен кейін немесе плюс (+), минус (-), көбейту (х), бөлу (:) немесе басқа да математикалық белгілерден кейінкелесі жолға тасымалданады, келесі жолда белгі қайталанады. Формуланы көбейтуді білдіретін белгіден тасымалдауда "х" белгісі пайдаланылады.
Символдар мен сандық коэффициенттерге түсініктемені тікелей формуладан кейін формулада қолданылған ретін сақтай отырып беру керек. Формулаларды бүкіл диссертация шегінде араб сандарымен жақшаның ішінде ретімен жолдың оң жағында нөмірлеу керек. Тарау шеңберінде формулаларды нөмірлеуге жол беріледі, онда формуланың нөмірі нүктемен бөлінген тараудың нөмірі мен формуланың реттік нөмірінен тұрады.
Формуланы рәсімдеу мысалы:
,
(1)
мұндағы: t – шекті қате t-еселенген орташа қатеден аспайтынына кепілдік беретін ықтималдыққа (р) тәуелді сенімділік коэффициенті;
σ2 – зерттеліп отырған белгінің дисперсиясы;
∆ – іріктеменің шекті (берілген) қатесі;
N – зерттеліп отырған жиынтықтағы (бас) бірліктер саны.
Формулалар мен теңдеулерді қолмен қара сиямен орындауға жол беріледі..
Қолданылған әдебиет көздеріне сілтемелерді тік жақшада келтіру керек (мысалы, [1, 15-б.]). әдебиет көздері туралы мәліметті магистерлік диссертация мәтінінде сілтеме жасау ретіне байланысты орналастыру керек және нүкте қойылмаған араб сандарымен нөмірлеп азат жолдан жазу керек. Бір әдебиет көзіне бірнеше рет сілтеме жасалса, тік жақшада әдебиет көзінің реттік нөмірімен қатар, әдебиет көзінің беті көрсетіледі.
Бүкіл құжатқа немесе оның тарауларына және қосымшаларға сілтеме жасау керек. Бөлімшелерге, пункттерге, кестелерге және суреттерге сілтеме жасауға жол берілмейді. Стандарттарға және техникалық шарттарға сілтеме жасауда олардың белгіленуін ғана көрсетеді, қолданылған әдебиеттер тізімінде стандарттың толық сипаттамасы келтірілсе, онда оның бекітілген уақытын көрсетпеуге жол беріледі.
Белгілеулер мен қысқартуларды бағанға мәтінде келтірілу ретіне байланысты қажет түсініктемесімен орналастырады. Сол жақта мәтінде айтылу ретіне байланысты немесе алфавиттік тәртіппен қысқартуларды, шартты белгілеулерді, символдарды, физикалық шамалар бірліктерін, терминдерді келтіреді, оң жақта – олардың толық түсініктемесін жазады. Анықтамалар, белгілеулер және қысқартуларды "Анықтамалар, белгілеулер және қысқартулар" деген бір құрылымдық элементте келтіруге жол беріледі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі магистерлік диссертация мәтінінде сілтеме жасау ретіне байланысты тәртіпте орналастырылған және араб сандарымен нүкте мен азат жол қойылмай нөмірленген әдебиет көздері туралы мәліметтерді қамтиды.
Қолданылған әдебиет көздерін рәсімдеу мысалы:
1 К. Хаксевер, Б. Рендер, Р. Рассел, Р. Мердик. Управление и организация в
сфере услуг, 2-е изд. / Пер. с англ. под ред. В.В. Кулибановой. СПб.: Питер, 2008. – 752 с.: – (Серия «Теория и практика менеджмента).
2 The discussion of preindustrial, industrial, and postindustrial societies ahs been
adapted from Daniel Bell, The Coming of Post-Industrial Society: A Venture in Social Forecasting (New York, Basic Books, 2006), 129 р.
3Труд и занятость населения в Казахстане. Статистический сборник. / Под ред. А.А. Смаилова / Алматы, 2001.
4 Национальная программа достойного труда в Республике Казахстан на 2007-2009 годы // Труд в Казахстане. – 2007. – №3. – С. 14-16
Қосымшаларды магистерлік диссертацияның жалғасы ретінде келесі беттерде рәсімдейді немесе жеке құжат түрінде шығарады. Қосымша құжаттың басқа беттерімен ортақ жалғасып нөмірленуі керек.
Магистерлік диссертация мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме жасалуы керек.Қосымшаларды магистерлік диссертация мәтінінде сілтеменің пайда болуына байланысты тәртіппен орналастыру керек.
Әр қосымшаны жаңа беттен бастап беттің жоғары жағында жолдың ортасынан «ҚОСЫМША» сөзінен, оның белгіленуінен және дәрежесінен бастау керек. Қосымшаның атауы болуы керек, оны мәтінге қатысты симметриялы түрде жеке жолда жазбаша әріптермен жазу керек. Қосымшаларды орыс алфавитінің Е, З, Й, О, Ч, Ь, Ы, Ъ әріптерін қоспағандағы бас әріптерімен, А әрібінен бастап белгілейді. «Қосымша» сөзінен кейін оның ретін көрсететін әріп жазылады. Егер орыс алфавитінің барлық әріптері қолданылған жағдайда I, O әріптерінен басқа латын әріптерін қолдануға жол беріледі.
Қосымшада келтірілген суреттерді санның алдынан қосымшаның белгіленуін қоса отырып жеке араб сандарымен нөмірлейді.Мысалы,–ҚосымшаА:СуретА.1 –Респонденттердің«Жақын болашақта қандай тұрмыстық техника алуды жоспарлайсыз?» деген сұраққа жауаптары
Қосымшада келтірілген кестелерді санның алдынан қосымшаның белгіленуін қоса отырып жеке араб сандарымен нөмірлейді. Мысалы, – Қосымша а: Кесте А1 – «Электорника әлемі» ЖШС-ң клиенттерінен сауалнама арқылы пікір сұраудың нәтижелері.
Қосымшада орналастырылған формулалар әр қосымша шеңберінде санның алдынан қосымшаның белгіленуін қоса отырып жеке араб сандарымен нөмірленуі керек, мысалы, (В1) формуласы [4].