Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3.7 Тжірибелік сабатар.doc
Скачиваний:
25
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
377.34 Кб
Скачать

Экономист-ғалымдар

Тәуелсіз мемлекетіміздің экономикасын өркендетуде экономист-ғалымдардың еңбегі зор. Ғылымсыз, терең зерттеусіз не нәрседен болса да нәтиже шықпайды. Оған дәлел іздеудің қажеті жоқ.

Қазақстанда экономика ғылым саласы ретінде көптен бері зерттеліп келеді. Бұрын экономист-ғалымдарымыз негізінен Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Экономика ғылыми-зерттеу институтында шоғырланған еді. Атақты ғалымдар: С.Б. Бәйішев, Т.Ә. Әшімбаев, С.Е. Толыбеков, М.Е. Бутиндер осы ғылым ордасында қызмет етті. Әрине, болашақ экономистер алғашқыда ҚазМУ-дің экономика факультетінде даярланды. Кейін ол факультет жеке институтқа (Алматы халық шаруашылығы институты) айналды. Біраз уақыт Қазақ мемлекеттік басқару академиясы деп аталды. Қазір бұл оқу орны «Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті» жабық акционерлік қоғам деп аталып отыр.

Кезіндегі факультетті бітірген түлектер – бүгін белгілі ғалымдар, осы саланың білікті мамандары. Кейбірін әлем таныған.

Экономист-ғалымдар: К.Ә. Сағадиев, Н.Қ. Мамыров, К.Н. Нәрібаев, О.Б. Баймұратов, Д.Қ. Қабдиев, Қ.О. Оқаев, т.б. ғылыми еңбектері өз бағасын алды.

Кейінгі ұрпақтың берері көп боларына сеніміміз мол.

(Қазақ тілі. Алматы «Экономика» 2001. 198-б.).

2-тапсырма. Сұрақтарға мәтіннен жауап іздеңіз.

  1. Атақты экономист ғалымдар қай білім ордасында қызмет етті?

  2. Болашақ экономистер қай университетте даярланды?

  3. Қазір ол қандай оқу орны болды?

  4. Бүгінде жабық акционерлік қоғам болып отырған қай университет?

  5. Әлем таныған қандай экономист-ғалымдарды білесің?

  6. Олардың еңбектерін халық қалай бағалады?

3-тапсырма. Сөз тіркестерін жасаңыз.

Реформаларды зерттеу үстінде

экономикасын қарсы алу үшін

шаруашылығын саласы ретінде

ғылымның ұйымдастыру кезінде

мамандарын өркендету барысында

еңбектерін жүзеге асыруда.

4-тапсырма. Ілік септігі мен тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жазыңыз.

5-тапсырма. Мына сөздермен сөйлем құраңыз.

Экономист-ғалымдар, факультет, академия, түлектер, сала, зерттеу, реформа, мемлекет, әлем, ұрпақ, сенім.

6-тапсырма. Сұхбатты жалғастырыңыздар.

1. – Атақты экономист-ғалымдардан кімдерді білесің?

– ………….

2. – Болашақта кім болғың келеді?

– ……………..

3. – Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев туралы білесің бе?

– ………………

4. – Қазақстанда экономистерді қай оқу орындары дайындайды? (Бірнешеуін атаңыз.)

– ………………

5. – Еуразия ұлттық университетіндегі экономист-ғалымдар жайында не білесің?

– ………………

6. – Қандай ғылыми еңбектері бар?

7-тапсырма. Сөйлемді сөз құрамына талдаңыз.

Ұлыбритания Қазақстан экономикасына аса ірі көлемде инвестиция салған мемлекеттердің ішінде үшінші орында тұр.

8-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

11-сабақ

Лексикалық тақырып: Ұқыптылық пен үнемділік

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз

Ұқыптылық пен үнемділік

Әр адамның тірлігі, шаруашылығы керемет нәрсеге негізделеді. Ол ұқыптылық және үнемділік. Бұл екі ұғым экономиканың жаны. Бұл кереметтердің тағы бір туысы бар. Ол – гүлдену. Гүлдену дегеніміз -экономикалық табыс пен бақыт.

Адамның жеке шаруашылығы тек оның ақша жұмсау қабілетімен шектелмейді, сондай-ақ адам өз уақыты мен қуатын дұрыс жұмсай білу керек.

Егер сен өзіңнің үнемділігің тек қана ақшаға қатысты деп ойласаң, онда қателесесің. Өз өміріңді сенің мүлкің (имущество) емес, сенің өзің айқындайсың. Сенің адал, табанды болуың керек. Өз денсаулығыңды ойлауың керек, білім-білігіңді толықтыруың керек. Өзіңнің әрбір іс-әрекетіңді ойланып барып істеп, әрбір сөзің мен ісіңе жауап беретіндей болуың керек.

Осы қасиеттердің бәрін бойыңа қалыптастыра білу керек, өйткені бұл қасиеттер сенің үнемшіл болуыңа көмектеседі. Үнемшіл болу дегеніміз – сараң болу деген сөз емес. Сараң (скупой) адамдар табысын ешқашан біреумен бөліспейді. Олар тіпті өздерінің үлестерін (доля) төлеуден де жалтарады. Өзгелерді ешқашан мақтамайды. Сараңдық дегеніміз өзіңде бар нәрсені қызғыштай қорып, оны шашпауға тырысу, болашаққа кең өріс ашудың орнына, қолыңда бар нәрсені достарыңнан да жоғары қойып, тәуекелге бел буа алмау.

Үнемділік ұғымына тәуекелшілік те байланысты болады. Үнемшіл болу дегеніміз – қуанышсыз сұрқай өмір сүру деген сөз емес. Теледидар алдынан аулақ кетіп, болашақта саған көп пайда әкелетін іспен айналысу үшін өз еркіңді бағындыра білу де – тәуекелділік.

Сонда үнемділік дегеніміздің өзі әрбір адамның өз уақытын дұрыс ұйымдастыра біліп, ойға алғанының барлығы болмаса да, көпшілігін тындырып тастауға үлгеру үшін өз күшіңді шақтап жұмсай білу деген сөз.

2-тапсырма. Мәтінді абзацтарға бөліп, сөз немесе сөз тіркестерімен ат қойыңыз.

3-тапсырма. Мәтінді жоспар бойынша айтып беріңіз.

4-тапсырма. Мәтіннен мына сұрақтарға жауап іздеңіз.

1. Әр адамның тірлігі неге негізделеді?

2. Қандай ұғымдарды «экономиканың жаны» деп атаймыз?

3. «Ұқыптылық пен үнемділік – «экономиканың жаны» деген оймен келісесіз бе?

4. Үнемшіл адамды сараң деп айтуға болады ма?

5. Сараң адам қандай болады?

5-тапсырма. Үнемділік пен сараңдықты бір ұғым деп қарастыруға болады ма? Осы тақырыпта диалог құрыңыз.

6-тапсырма. «Үнемшіл болу дегеніміз - өз уақытыңды дұрыс ұйымдастыра білу» деген тақырыпта досыңызбен әңгімелесіңіз.

7-тапсырма. Керекті жалғауларды жалғаңыз.

1. Ұқыптылық пен үнемділік – экономика... жан... .

2. Сен өзің.... үнемділігің тек қана ақша... қатысты деп ойласаң, онда қателесе.... .

3. Сараң адамдар табыс... ешқашан біреумен бөліспей... .

4. Адам... жеке шаруашылығы тек оның ақша жұмсау қабілеті.... шектелмейді.

8-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. Өз өміріңді сенің (имущество) емес, сенің өзің (определяешь).

2. (Экономичный) болу дегеніміз – қуанышсыз (жить серой жизнью) деген сөз емес.

3. Әр адамның тірлігі, шаруашылығы (великолепный) нәрсеге (основывается).

4. Үнемділік дегеніміз - әрбір адамның өз уақытын дұрыс (организовать).

9 – тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

10–тапсырма. Мына фразеологизмдерді есте сақтаңыз. Мысал келтіріңіз.

1. Ақ жүрек – душа на распашку.

2. Екі жүзді – двуличный.

3. Дүние қоңыз – скупой.

4. Қурайдың басын сындырмау – сидеть сложа руки.

5. Ала жібін аттамау – быть честным и скромным.

12-сабақ

Лексикалық тақырып: Ұлттық экономика.

1-тапсырма. Мәтінге қатысты тірек сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.Есте сақтаңыз.

Тірек сөздер мен сөз тіркестері

(қандай?)

(кімнің?)

ұлттық

экономикалық

экономика

мүдде

аумақ

халықтың

елдің

тұрмысы

өмірі

дәстүрі

психологиясы

Ұлттық экономика

Кез-келген мемлекеттің экономикасы сол елдің ұлттық ерекшеліктеріне, салт-дәстүріне, шаруашылықты жүргізу тарихына сүйенетіні белгілі.

Ұлттық экономиканың қызметіне елдің экономикалық аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық бірліктердің жиынтығы жатады. Ұлттық экономиканың қызметін Үкімет, жеке тұлғалар, кәсіпорындар, фирмалар, компаниялар құрайды.

Ұлттық экономика төмендегідей салалардан тұрады: өнеркәсіп өндіріс, ауыл шаруашылығы, көлік, құрылыс және сауда.