
- •3.10 Білім алушының өздік жұмысына арналған материалдар.
- •Арал тағдыры
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Реклама
- •Функции рекламы
- •Виды реклам
- •Қазақстан екінші Сингапур бола ала ма?
- •Лексика – грамматикалық тапсырмалар
- •Пластиковые карточки, как элемент платежной системы.
- •Банктік қызмет көрсету
- •Лексика – грамматикалық тапсырмалар
- •Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау
- •Нанотехнология дегеніміз не?
- •Уақыт –алтыннан қымбат
- •5. «Уақыт – алтыннан да қымбат» деген тақырыпта шығарма жаз.
- •6. Өлеңді жаттаңыз. «Уақыт туралы»
Нанотехнология дегеніміз не?
Енді 20 жылдан соң жер бетіндегі тіршілік нанотехнологияның арқасында жаңа мазмұнға, жаңа сипатқа ие болады деп есептейді бір топ ғалымдар. Егер қазірдің өзінде нанотехнологияның көмегімен әртүрлі микробтарды жоятын ұялы телефондар, аяқ киімнен хош иіс шығарып тұратын ұлтарақтар, ылғал мен шаң өткізбейтін үш қабатты астары бар төсеніштер, лай батпақ пен жауын-шашын жұқпайтын автомабиль әйнектері секілді ондаған тауарлар өндіріле бастаса, енді біраз жылдан соң, күнделікті тұтынатын азық-түлігімізді де осы жаңа технологияға сүйене отырып өндіретін боламыз. Олай дейтініміз, әлемдік ғалымдар дайын атомдардан кез-келген затты құрастыруға қабілетті нанороботтар жасап шығарады. Солардың көмегімен тауарларды өндірумен қатар, енді он-он бес жылдан соң сауын сиыр ұстамай-ақ, шөптің өзінен тікелей сүт өндірілетін сатыға көтерілеміз. Сонда бұл нендей керемет?
Нанотехнология дегеніміз бұл көзге көрінбейтін аса ұсақ бөлшектерді ретке келтіре отырып, соның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы әлдебір құрылымды құрастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайластыра орналастыру, - дейді «Наноиндустрия» концерннің бас директоры Михаил Ананян. – Ядролық физика 1940 жылы қандай деңгейде болса, әзірше нанотехнология сондай даму дәрежесінде тұр.
Адамзат тарихында өркениеттің қарыштап алға басуына елеулі септігін тигізген жаңалықтардың аса көп болмағаны белгілі. Бірақ әрбір жаңалық атаулы қоғамды бір саты болса да алға жылжытып отырды.
1-тапсырма. Мәтінді сөздікті пайдаланып аударыңыз.
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ әзірлеңіз.
3 – тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.
27-сабақ
Салықтардың пайда болуы және экономикалық мәні
Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.
Салықтың экономикалық мәні- шаруашылық субъектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатыстардың бір бөлігі болып табылытындығында.
Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізгі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп,өзгерістерге ұшырап отырды.
Салық дегеніміз- белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер. Салық- белгілі бір объектілерден төленетін төлем.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінде салықтардың меншікті салмағы 70 пайызын құрайды.
1-тапсырма. Мәтінді сөздікті пайдаланып аударыңыз.
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ әзірлеңіз.
3 – тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.
28- сабақ
Әлемдік шаруашылық
Әлемдік шаруашылық – халықаралық еңбек бөлінісі және әр түрлі елдер арасындағы сауда-саттық, экономикалық, қаржылық, ғылыми-техникалық қатынастар жүйесі. Ол өндіргіш күштердің ұлттық шаруашылықтағы шеңберін кеңейту жағдайында пайда болды.
Бүгінгі әлемдік шаруашылық біркелкі емес. Оған әлеуметтік және саяси құрылымдары, өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары әр қилы дамыған, сонымен қатар халықаралық экономикалық қатынаста сипаты, көлемі әр түрлі елдер жатады. Оларды өнеркәсібі дамыған, жаңа индустриялды елдер деп шартты түрде бөлуге болады. Бұлардың қатарына АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Жапония сияқты елдер, ал жаңа дамыған индустриялық елдерге Бразилия, Мексика, Аргентина, Оңтүстік Корея, Тайвань, т.б. жатады.
Әлемдік шаруашылықтың құрамдас бөлігіне айналу жолында Қазақстан Республикасы біршама табысқа жетті. Ол қазіргі кезде 60-тан астам әр түрлі халықаралық ұйымдарға мүше. Солардың арасында Дүние жүзілік кеден ұйымы, Еуропалық энергетикалық хартия, Дүние жүзілік сауда ұйымы, әр түрлі банктер, БҰҰ-ның комиссиялары бар. Әлемдік шаруашылықтағы орны мұнай-газ өнеркәсібінің, түсті және қара металлургияның, астық шаруашылығының, көлік инфрақұрылымының өркендеп дамуына тығыз байланысты.
К. Қажымұратов,
(«Қазақстан» энциклопедиясы, Алматы 2001, 659-бет).
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап жазыңыз.
Шаруашылығы жоғары дәрежеде дамыған қандай елдерді білесіз?
Қазақстан шаруашылығы бойынша қандай ұйымдарға мүше?
2-тапсырма. Мына сөздермен сөйлем құраңыз.
Шаруашылық, өнеркәсіп, халықаралық, дүние жүзілік, өркендеу, әлемдік.
3-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.
29-сабақ
Мәтінді оқып, мазмұндап беріңіз.