Есептеп, тұжырымдама жасау керек:
-
Ұйымның барлық өтімді қаражаттарының барлық төлем қаражаттарының сомасына қатынасын көрсететін баланс өтімділігінің жалпы коэфициентін (А қосымшасын қараңыз).
-
Ағымдағы өтімділік коэфициентін. Бұл ағымдағы пассивтердің ағымдағы активтермен жабылу деңгейін көрсетеді. Бұл шама қаншалықты жоғары болса, қысқа мерзімді міндеттемелерді төлеу сенімділігі соншалықты жоғары болады.
Ктл = (қысқа мерзімді активтер-болашақтағы шығындар)/қысқа мерзімді міндеттемелер
-
Мерзімді өтімділік коэфициенті (Жедел өтімділік коэффициенті) бұл коэфициент ағымдағы өтімділік коэфициентіне қарағанда ағымдағы активтердің аз бөлігі қамтылады, яғни материалдық өндірістік қорлар есептелмейді. Мерзімді өтімділік коэфициенті кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерді тартылған қаражаттар есебінен, қысқа мерзімді қаржылық салымдар және шоттағы қаражаттар есебінен (дебиторлық берешектер) жабу әдістерімен сипатталады.
Кликв. = (Ақша қаражаттары+Қысқа мерзімді салымдар+Қысқа мерзімді дебиторлық берешектер)/Қысқа мерзімді міндеттемелер
-
Абсолютті өтімділік коэфициенті кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтімділігі жоғары активтердің және қысқа мерзімді қаржылық салымдар есебінен жабу қабілетімен сипатталады. Ол қысқа мерзімді қарыз міндеттемелердің қай бөлігі тез арада жабылатындығын көрсетеді.
Кабс.ликв.= (Ақша қаражаттары + Қысқа мерзімді қаржылық салымдар)/ Қысқа мерзімді міндеттемелер.
-
Қаржылық тұрақтылық коэффициенті. Қаржылық тұрақтылық коэффициенті - компанияның жиынтық активтеріндегі таза активтерінің үлесі.
Қаржылық тұрақтылық коэффициенті компанияның меншікті капитал есебінен қаржыландырылатын активтердің үлесін көрсетеді. Ол, меншікті қаражаттары мен ұзақ мерзімді несиелер мен зайымдардың қосындысын актив жиынтығына бөлу арқылы анықталады. Бұл коэффициент үшін стандарт ретінде 0,5 - 0,7 аралығындағы интервалдағы мағына қолданылады.
-
Автономия коэффициенті кәсіпорынның жалпы қаражаттарының құра-мындағы меншік қаражаттарының қайнар көзінің үлесін көрсетеді және ол былай анықталады:
Автономия коэффициенті = меншік және оған теңестірілген қаражаттар көзі/ баланс жиынтығы
Тапсырма №4 Кәсіпорынның табыстары мен шығыстарын талдау.
4-кесте. Үш жылдық табыстары мен шығыстары*
|
Көрсеткіш |
2007 жыл |
2008 жыл |
2009жыл |
||||||
|
Сомасы |
өзгеріс |
Сомасы |
өзгеріс |
Сомасы |
өзгеріс |
||||
|
тенге |
% |
тенге |
% |
тенге |
% |
||||
|
Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтерден түскен табыс |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жалпы пайда |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қаржыландырудан түскен табыс |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басқа да табыстар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтер бойынша шығындар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Әкімшілік шығындар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қаржыландыру шығындары |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басқа да шығындар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Салық салғанға дейінгі пайда (залал) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Уақыт соңындағы жиынтық пайда (залал) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
№4 кестенің есептеулері бойынша тұжырымдама жасау
«САЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ» БӨЛІМІ БОЙЫНША ТАПСЫРМА
Практикалық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Практикалық жұмыстың бірінші бөлімінде практикалық сипатта шартты мысалдар бойынша есептер шығарылады. Бірінші бөлімде берілген кәсіпорындар бойынша төленетін салықтарды әкімшілдендіру бойынша сұрақтарға жауап береді және салық есептілігін толтырады.
Тапсырма №1
«Феникс» кәсіпорнының тауарларды сатудан түскен табысы ҚҚС-ын қоса алғанда 25 000000 теңгені құрайды. Кәсіпорын 900 шаршы метрді құрайтын кеңсе үйін әр шаршы метрін бір айға 2000 теңгеден жалға береді. Сонымен бірге кәсіпкерлік қызметті шектеу бойынша кәсіпорын 1400000 теңге табыс көрген.
«Феникс» кәсіпорны жеткізіп берушілер алдындағы 670000 теңге қрайтын кредиторлық қарызын жапты.
«Атлант» фирмасы алған кредиті үшін 920000 теңге мөлшерінде сыйақы төледі.
Жеткізіп берушілер тарапынан келісім-шарттың бұзылғаны үшін кәсіпорынға 480000 айыппұл салынды.
«Феникс» кәсіпорны банктен 10% ставка бойынша 5 жылға 5000000 теңге кредит алды.
«Феникс» кәсіпорнында қызмет ететін жұмысшылардың орташа саны 30 адамды құрайды, орташа жалақысынгың мөлшері 55000 теңгені құрайды.
210000 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем төленген. Шикізат пен материалдар бойынша шығын мөлшері ҚҚС қоса алғанда 7200000 теңгені құрайды.
Көлік шығындары – ҚҚС қоса алғанда 810000 теңге.
Коммуналды қызмет- ҚҚС қоса алғанда 470000 теңге.
Бір жыл ішінде кәсіпорындағы негізгі құралдар қозғалысы төмендегідей болған:
Маусым айында Тараз қаласында орналасқан жалпы аумағы 0,18 га құрайтын, жыл басындағы қалдық құны 3000000 теңге, нарықтық құны 6000000 теңге болатын ғимарат сатылды.
«Феникс» кәсіпорнының негізгі құралдары келесідей топтастырылған:
1-топтың ІТҚБ = 2 400 000 теңге. Жыл бойына аталған ішкі топта негізгі құралдардың қозғалысы төмендегідей: қаңтар айында 700000 теңгеге негізгі құрал сатылып алынды, ал ақпан айында 400000 теңгенің негізгі құралы шығып қалды.
2-топтың ІТҚБ жыл басында = 1100000 теңгені құраған, оның ішінде Жапонияда шығарылған 2000, 2005, 2010 жылы шығарылған 3 жеңіл автокөлік тіркелген, двигателінің көлемі 1800 текше см, 2300 текше см және 2700 текше см сәйкесінше. Жүк көтергіштігі 1,5 тоннаны құрайтын, Ресейде шығарылған жүк көлігі. Аталған топ бойынша жөндеу жұмыстары 300000 теңгеге жүргізілген.
3-топтың ІТҚБ жыл басында = 1300000 теңгені құраған, жыл ішінде маусым айында 600000 теңгеге негізгі құрал сатылып алынған.
«Феникс» кәсіпорны Астана қаласында жалпы аумағы 3000 т.м. жер учаскесінде орналасқан цехтың жыл басындағы қалдық құны 3700000 теңге құраған жәе Қарағанда қаласында орналасқан алатын аумағы 0,30га құраған өндіріс цехы алып жатыр (базалық салық ставкасы 30% төмендетілген), оның қалдық құны жылдың басында 8300000 теңгені құрайды.
Сонымен қатар қайырымдылық қорына салық салынатын табыстың 2% шегінде ақшалай қаражат аударылған.
Ал, акциздік тауараларды сатудан түскен табыс 155000000 теңгені құрайды. Жеткізіп берушілерге 7000000 теңгенің шоты берілген.
Төмендегі салықтарды есептеп шығарыңыз:
-
ҚҚС
-
Әлеуметтік салық
-
Әлеуметтік төлемдер
-
Жер салығы
-
Көлік салығы
-
Мүлік салығы
-
КТС
-
ЖТС
Тапсырма №1
Есепті жылдың қортындысы бойынша «Эдельвейс» кәсіпорнында келесі көрсеткіштер бар:
Орындалған жұмыстар бойынша (ҚҚС қоса алғанда) табыс 22 150 000 теңгені құраған.
Тауарды сатуды түскен табыс – 30 000 000 теңге (ҚҚС қоса алғанда).
Мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша дивиденттер 500000 теңгені құрайды. “Эдельвейс” кәсіпорынның “Арман» кәсіпорны алдындағы 1300000 теңге қарызы есептен шығарылды.
4-топтың ІТҚБ жылдың басындағы 200000 теңгені құрады. 4-топтың кейбір тіркелген активтері 250000 теңгеге сатылды.
“Альфа” кәсіпорыны алынған тауарлар бойынша есеп айырысу уақытын бұзғаны үшін 385000 теңгені құрайтын айыппұл мен өсімпұл төлеген.
Алынған сақтандыру сыйақысысының мөлшері 1350000 теңгені құраған.
Өз акцияларын орналастыру бойынша құн өсімінен түскен түсім 100000 теңгені құраған.
2011 жылы 28000000 теңгеге сатылып алынған ғимарат ағымдағы кезеңде 32000000 теңгеге сатылды.
Бұрын кәсіпорынмен күмәнді деп табылып, шегерімге жатқызылған қызмет көрсетуден түскен табыс 3 780 000 теңгені құрайды.
Аталған кәсіпорынның ағымдағы жылы Швеция мемлекетінде тапқан табысы 10 000 000 теңгені құраған. Швецияда төлем көзінен табылған табыс бойынша 28% табыс салығы төленген.
Кәсіпорын өндірістік мақсатта 2013 жылы (ҚҚС қоса есптегенде) 2 750 000 теңгенің өнімін сатып алды.
Ағымдағы жылы келесі шығындар жасалған:
Коммуналды қызмет төленген -500000 теңге мөлшерінде (ҚҚС қоса алғанда);
Көлік шығыны – 650 000 теңге (ҚҚС қоса алғанда);
Көлемі 500 ш.м. құрайтын офис үйін жөндеуге кеткен шығын 1 000 000 теңгені құрайды.
Кәсіпорынның тіркелген активтері келесідей топтастырылған:
3-топтың ішкі тобының құн балансы жыл басында = 1000 000 теңге, 120 000 тенгенің активі сатып алынған;
1-топтың ішкі тобының құн балансы жылдың басында = 3 600 000 теңге, 600000 теңгенің активі шығып қалған;
2-топтың ішкі тобының құн балансы жыл басында = 87000 теңгені құрайды.
Кәсіпорын өндірісті дамыту үшін 20000000 теңге сомасында кредит алған, оның пайыздық ставкасы жылына 21% пайызды құрайды. Қайта қаржыландыру ставкасы 6% құрайды.
Кәсіпорында қызмет ететін жұмысшылардың орташа саны 150 адамды құрайды, орташа жалақы мөлшері 70000 теңгені құрайды.
Сонымен бірге кәсіпорын 5 инвалид, 2 ҰСА –не 500000 теңге әлеуметтік көмек көрсетілді.
Аталған көрсеткіштер негізінде келесі салықтарды есептеп шығарыңыз:
-
ҚҚС
-
Әлеуметтік салық
-
Әлеуметтік төлемдер
-
Жер салығы
-
Мүлік салығы
-
КТС
Тапсырма №3.
«А» ЖШС кәсіпорны тауарларды сатудан түскен табысы ағымдағы жылы 13200000 теңгені (ҚҚС қоса алғанда) құраған. Кәсіпорын 600 ш.м., қойма үйін бір айға әрбір шаршы метрін 3000 теңгеден жалға береді.
Наурыз айында Ақмола облысында 0,65 га. жер учаскесінде орналасқан ғимарат сатылған, жыл басындағы оның қалдық құны 2200000 теңгені құраса, нарықтағы бағасы 5000000 теңге.
17000000 теңге мөлшерінде жылдығы 10% несие алды. Қайта қаржыландыру ставкасы 6% құрайды.
Қарызды есептен шығарудан түскен табыс 900000 теңге.
«ТАН» ЖШС-нан 1500000 теңге мөлшерінде сыйақы алған. Кәсіпорын қызметкерлерінің орташа саны 25 адамды құрйды, орташа жалақы -60000 теңгені құрайды.
Кәсіпорын 3000000 теңгеге (ҚҚС қоса алғанда) шикізаттар мен материалдар сатып алды. Көлік шығындары (ҚҚС қоса алғанда) 1100000 теңге. Коммуналдық қызметтер төленді– 600000 теңге, (ҚҚС қоса алғанда).
Негізгі құралдары келесідей топтастырылған:
1-топтың ІТҚБ жыл басында 3000000 теңгені құраған. Ағымдағы жылы аталған топта келесі қозғалыстар болды:
-
Наурыз айында 800000 теңге НҚ сатылып алынды
-
Қараша айында 505000 теңгенің құралы шығып қалған
-
2-топтың ІТҚБ жыл басында 1200000 теңгені құраған, оның ішінде: Ресейде 2000 жылы шығарылған, двигателінің көлемі 1500текше см. Және “Audi” автокөлігі 2010 жылы шығарылған, двигателінің көлемі 2100 текше см. құраған.
-
3-топтың ІТҚБ жыл басында 650000 теңгені құраған. Тамыз айында 900000 теңгеге компьютер сатылып алынды.
Астана қаласында орналасқан алып жатқан аумағы 1500текше м. құрайтын офис үйінің жыл басындағы қалдық құны 2000000 теңгені құрайды. Жұмыскерлерге 190000 теңге мөлшгерінде әлеуметтік төлемдер төленді.
Аталған көрсеткіштер негізінде келесі салықтарды есептеп шығарыңыз:
-
ҚҚС
-
Әлеуметтік салық
-
Әлеуметтік төлемдер
-
Жер салығы
-
Мүлік салығы
-
Көлік салығын
-
КТС
Тапсырма №4
«Мечта» өндірістік кәсіпорыны есепті жылы келесі көрсеткіштерге ие:
Тауарларды сатудан түскен (ҚҚС қоса алғанда) - 80 000 мың. Тенге. Өндірістік ғимаратты сатудан түскен табыс 10000 мың теңге (жыл басындағы қалдық құны 7100 мың теңге).
Жұмыс пен қызмет орындаудан түскен табыс (ҚҚС қоса алғанда)– 25 000 мың. тенге;
Бағалы қағаздар бойынша дивиденттер – 2 800 мың. теңге;
2000 ш.м. қойма үйі жалға берілген. Жал ақысы келісім шарты бойынша әр шаршы метрге 2500 теңгені құрайды.
“Арсен” ЖШС –ның күмәнді деп танылған жөнелтілген тауарлар бойынша міндеттеме 3250 мың теңге төленген, оның ішінде 1500 мың теңгені құрайды. «Альянс» ЖШС-нен қайтарымсыз негізде 2200 мың теңгеге бағдарламалық қамтамасыз ету сатылып алынған.
Кәсіпорынның өтеу мерзімі өткен кредиторлық қарызы (ҚҚС қоса алғанда) 2300 мың теңгені құрайды. Өтеу мерзімі өткен дебиторлық қарыз (ҚҚС қоса алғанда)- 1 100 мың. тенге.
Кәсіпкерлік қызметпен байланысты курстық оң айырма - 1 330 мың. тенге
Өндіріспен және өнімді сатумен байланысты шығындар- 21 000 мың. тенге;
Коммуналды қызмет – 950 мың. теңге (ҚҚС қоспағанда);
Жинақтық емес сипаттағы келісім шарт бойынша сақтандыру жарнасы -1200 мың теңге.
Ғылыми зерттеу жұмыстарына кеткен шығындар – 2 580 мың. теңге, оның ішінде негізгі құралдарды сатып алу және орналастыру бойынша шығын– 1170 мың. теңге (ҚҚС қоспағанда);
2-топтағы негізгі құралды сатып алуға кеткен шығын – 2 320 мың. тенге (ҚҚС қоса алғанда);
4-топтағы тіркелген активтерді жөндеуге кеткен шығын 120 мың теңгені құрайды. Есептелген және бюджетке төленген меншікке салынған салық сомасы -1500 мың теңге.
Қайырымдылық ұйымдарына қайтарымсыз негізде 1000 мың теңгенің оргтехникасы берілген.
10000 мың теңге мөлшерінде алынған кредит бойынша проценттік нақты шығын- 1800 мың теңгені құрайды. Кредитті алған кезде қайта қаржыландыру ставкасы -7% құраса, кредитті қайтару кезіндегі ставка – 6%;
Есепті жылдың 4-ақпанында резидент емес жеткізіп берушіден 110 000$ -дың тауарлары мен материалдары алынған, ол бойынша ақы 95 000$ мөлшерінде 7-наурызда жүзеге асырылған (АҚШ долларының ресми ставкасы 151,3 теңге, ал төлеу кезінде – 151,9 теңгені құраған).
Кәсіпорынның тіркелген активтері келесі түрде топтастырылған:
1-топтың ІТҚБ: №1 өндірістік ғимарат– 11 200 мың. тенге;
№2 өндірістік ғимарат – 7 100 мың. тенге (сатылған);
Офис үйі – 2 500 мың. тенге;
Қойма үйі– 850 мың. тенге;
2-топтың ІТҚБ – ҒЗТКЖ шеңберінде негізгі құрал сатып алынып, орналастырылған -1008621 теңге; осы топ бойынша кәсіпкерлік мақсатта 2 320 тыс. тенгеге (ҚҚС қоса алғанда) жаңа құрал алынған, 800 мың теңгенің құралы шығып қалған (бұрын балансқа ҚҚС-мен қоса енгізіліп, бірақ ҚҚС есепке жатқызылмаған).
3-топ ІТҚБ бойынша – 2 000 мың. теңге; жыл бойына 120 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді және 3-топ бойынша – 1 200 мың. теңгеге қайтарымсыз негізде бағдарламалық қамтамасыз ету алынған;
4-топ бойынша ІТҚБ – 1 100 мың теңгені құрайды және жихаз сатылып алынды – 250 мың теңге (ҚҚС қоспағанда).
