Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
273.41 Кб
Скачать

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

І. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ

1.1 Дүниежүзілік сауда ұйымы жүйесінің қағидалары............................................6

1.2 Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылымы және бюджеті............................10

1.3 Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру ұстанымдары............................................13

2Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі

2.1Халықаралық саудадағы Қазақстанның алатын орны......................................18

2.2Дсұ-на кірудің жағымсыз жақтары мен артықшылықтары............................21

2.3Ауылшарушылығы-Қазақстанның қорғау мен көмекті қажет ететін жалғыз саласы.........................................................................................................................23

3 ДСҰ-ға КІРГЕН ЕЛДЕР ТӘЖІРИБЕСІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ

3.1 Соңғы жылдары ДСҰ-на кірген елдердің тәжірибесі......................................26

3.2 Жапония ДСҰ-ң мүше ел ретінде......................................................................29

3.3 ҚР-ң сыртқы сауда саясатының Кеден одағының аясында даму жағдайлары.................................................................................................................31

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................36

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................38

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі:Әлемдік экономика мен әлемдік сауданың даму тендециялары бір ортақ ғаламдық еркін нарық болуын талап етеді. Әрине бұл бағыттағы Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекеті ең маңызды болып табылады.

Ғаламдастыру жағдайында тауарлардың көпшілігіне сыртқы сауда немесе әлемдік нарық арқылы қол жеткізілетіндіктен, кез келген ұйымның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, уақыт мәселесі болып, табылады.

Осындай жағдайда бұл тақырыптың Қазақстан үшін актуальдылығы өсе түседі. ДСҰ-на кіру Қазақстан үшін несімен жағымды болады? Біріншіден, басты Қазақстандық өндірушілердің әлемдік нарықтардың кеңеюіне байланысты болашақтағы өсу перспективалары өсе түседі. Екіншіден, республика әлемдік нарыққа өз кіруін жеңілдетіп, ДСҰ-ның мүшелерінің артықшылықтарын қолдану мүмкіндігіне ие болады. Қазақстан өндірушілері Уругвай раундында қабылданған міндеттемелер деңгейінде өз қызметтері мен тауарларын экспорттауға мүмкіндік алады. Бірақ ДСҰ-на кіруде Қазақстандағы тауарлар халықаралық стандарттарға сәйкес болуын қамтамасыз ету керек. Бұл мәселе отандық тауарлардың ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестігі жайындағы мәселені өте қиын етеді.

Дүниежүзілік сауда ұйымына өтуді жақтаушылар да, оған қарсылар да уақыт озған сайын өз дәлелдерін алға тартып, дауыстарын айқынырақ шығарып жатыр. Бұл заңды да. Өйткені дүниежүзілік сауда ұйымы секілді әлемнің 149 мемлекетін біріктірген экономикалық алпауыт ұйымның құрамына ену ойласпай шеше салатын мәселе емес. Себебі бұл ұйым қайырымдылық одағы емес, керісінше қиян-кескі бәсекелестік өтетін алаң ұйымды күшті тауар өндірісі бар ел ғана жеңіске жетеді. Күшті деген сөзді ең бірінші “арзан” тауар өндіре алу деп түсіну керек. Екіншіден, күшті деген сөзді “сапалы” деген сөзбен алмастыруға болады. Яғин өзіндік құны төмен, бірақ жұрт қызығатындай сапалы тауар өндіре алсаң ғана бұл ұйымның қызығын көресің. Ал ондай мүмкіндігі болмағандар импорт тұтынушысы шеңберінде өмір сүреді.

Сыртқы экономикалық, қатынастарды ырықтандыру ең алдымен елдің сыртқы саудасында шектемелерді жоюымен көрінеді. Біздің ойымызша оның үрдісі жергілікті, отандық өндірушілердің шетел тауарларымен бәсекелестік қабілетін қолдаудың кең тарамды шаралар жүйесін қалыптастырумен қатар жүргізілуі тиіс. Өйткені ұлттық капиталдың қорлануының алғашқы кезеңіндегі Қазақстандық өндірушілер үшін қаржылық қуаттылығы мол, технологиялық озықтығы әйгілі, бизнестік тәжірибиесі қомақты шетел өндірушілермен тең дәрежелі бәсекелесу мүмкіндігі екі талай болады. Бұл жағдай елдің сыртқы саудасын ырықтандыру мен сыртқы экономикалық қашықтық дәрежесі арасында тікелей өзара байланыстылығы барын көрсетеді.

Тақырыптық зерттелу дәрежесі. Дүниежүзілік сауда ұйымының теориясына өз еңбектерін арнап, сол арқылы экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан төмендегідей экономистерді айтуға болады: Бортников М.Ю., Ведута Е.Н., Дроздов В.А., Кадыров Р.Ф., Киселев В.В., Красавина Л.Н., Лаврушина О.И., Московкина Л. А., Ольхова Р. Г., Печников Л.В., Поляков В.П., Пономарев В.А., Пятенко С.В., Родионов С.С., Сахорова М.О.

Нарықтық экономика теориясымен өзара байланыста бұл проблемалардың әртүрлі жақтары Аубакиров Я.А., Шеденов Ө.Қ., Байжұмаев Б.Б., Елемесов Р.Е., Есентүгелов А.Е., Жатқанбаев Е.Б., Жүйриков К., Кенжегузин М.Б., Кошанов А.К., Кучукова Н.К., Нарибаев К.Н., Нысанбаев С.Н., Тұрысов К.Т. сияқты қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты:Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекетін қарастырумен қатар, қазіргі кезде ең көкейкесті мәселелердің біріне айналып келе жатқан Қазақстанның ДСҰ-на кірудің қиындықтары мен болашағын қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеті:

-дүниежүзілік сауда ұйымы жүйесінің қағидаларын зерттеу;

-дүниежүзілік сауда ұйымының құрылымы және бюджетін қарастыру;

-дүниежүзілік сауда ұйымына кіру ұстанымдарын анықтау;

-халықаралық саудадағы Қазақстанның алатын орнын қарастыру;