
- •Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
- •Септеулік шылау
- •Жалғаулық шылау
- •Демеулік шылау
- •Сөздердің байланысу тәсілдері
- •Сөздердің байланысу түрлері
- •Сөз тіркесінің лексика-грамматикалық қатынасы
- •Сөйлемнің құрылысына қарай түрлері
- •Бастауыштың құрылысына қарай бөлінуі
- •Бастауыш болатын сөз таптарының кестесі.
- •Баяндауыштың құрылысына қарай бөлінуі
- •Баяндауыш болатын сөз таптарының кестесі.
- •Анықтауыш құрылысына қарай бөлінеді:
- •Анықтауыш болатын сөз таптарының кестесі
- •Толықтауыш құрылысына қарай бөлінеді:
- •Пысықтауыштың құрамына қарай түрлерінің кестесі
- •Пысықтауыштың мағыналық жағынан бөлінуінің кестесі:
- •Сөйлемнің біріңғай мүшелері
- •Айқындауыштың тыныс белгісі
- •Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың жолдары:
- •Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі
- •Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері, жалғаулық шылаулары мен тыныс белгісінің кестесі
- •Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Аралас құрмалас сөйлем
- •Құрмалас сөйлемннің көп құрамды түрлері
Септеулік шылау
№ |
Ереже |
Септеулік |
Мысал |
1 |
Атау септігіне қатысты септеулер |
Туралы, жайлы, сияқты, тәрізді,сияқты, сынды, жөнінде, жайлы, шамалы, қаралы, үшін,сайын |
Хат арқылы хабарлау, осы үшін келу, оқу жайында сөйлеу |
2 |
Барыс септігіне қатысты септеуліктер |
Шейін, таман, тарта, салым, жуық, тақау, таяу, дейін |
Орманға дейін жүгіру, түске қарай келді, жүзге жуық жылқы |
3 |
Шығыс септігіне қатысты |
Соң, гөрі, бері, әрі, бұрын |
Сабақтан кейін дайындалу, таудан әрі асу |
4 |
Көмектес септігіне қатысты |
Бірге, қатар, қабат |
Сонымен бірге |
Жалғаулық шылау
№ |
Ереже |
Септеулік |
Мысал |
1 |
Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар |
мен, бен, пен, менен, бенен, пенен, да, де, та, те, және, әрі. |
Әсет пен Мұса келді |
2 |
Қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтар |
бірақ, алайда, дегенмен, әйткенмен, сонда да, әйтпесе, сөйтсе де, сөйткенмен |
Көктем келді, бірақ күн жылынбады. |
3 |
Талғаулықты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтар |
әлде, біресе, кейде, яки, бірде, я, не, немесе, болмаса, не болмаса, я болмаса |
Мақсат үлкен, сондықтан әрекет ету керек. |
4 |
Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар |
себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті. |
Оны не мен, не сен істейсің. |
Демеулік шылау
№ |
Ереже |
Септеулік |
Мысал |
1 |
Сұраулық демеуліктер |
ма, ме, ба, бе, па, пе (мы, мі, бы, бі, пы, пі) |
барасың ба? – барамысың? келесің бе? – келемісің? |
2 |
Күшейткіш демеуліктер |
-ақ, -ау, -ай, әсіресе, -да, -де, -та, -те |
Осы-ақ, досым-ай, қарағым-ау, Тілек те келді |
3 |
Болжалдық демеуліктер |
-мыс, -міс, -ау, екйде |
болыпты-мыс, өмір сүріпті-міс. |
4 |
Болымсыздық немесе қарсы мәнді салыстыру демеуліктері |
түгіл, тұрсын, тұрмақ. |
Ол түгіл, сен тұрмақ. |
5 |
Шектік (тежеу) демеуліктері |
ғана, қана, тек, -ақ |
тек қана, сен ғана. |
6 |
Нақтылау мәнді демеуліктер |
қой (ғой), -ды, -ді, -ты, -ті |
сол ғой, айтқан-ды, көрген-ді. |
-ақ, -ау, -ай, -мыс, -міс, -ді, -ды демеуліктері дефис арқылы жазылады.
Кейде бұл шылау –мы, -мі, -бы, -бі, -пы, -пі түрінде өзгеріп, сөзге қосылып бірге жазылады.
Синтаксис (грекше «syntaxis») сөз тіркесі, сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөйлем мүшелері туралы қарастырады. Яғни синтаксис – сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын зерттейтін ілім.
Толық мағыналы кемінде екі сөздің тұлғалық және мағыналық жағынан байланысқан тобысөз тіркесі деп аталады. Сөз тіркесінің негізгі белгілері:
● сөздердің байланысуы сөйлем ішінде анықталатындықтан, сөз тіркесі сөйлем ішінде танылады;
●толық мағыналы кем дегенде екі сөзден тұрады;
● сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір-бірімен белгілі бір грамматикалық тәсілдер арқылыбайланысады;
● сөз тіркесі қандай да бір синтаксистік қатынасты білдіреді.
№ |
Ереже |
1 |
Ең кемі толық мағыналы екі сөзден тұрады және екеуі екі түрлі сұраққа жауап береді |
2 |
Өзара граматикалық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағына (сабақтаса) байланысады. |
3 |
Зат, құбылыс жайында кеңірек, нақтылы түсінік береді. |
Сөз тіркесінің құрлысы | |
Бағыныңқы сөз |
Басыңқы сөз |
Тірек сөздің мағынасын нақтылап, даралап сипат беретін Бірінші сөз |
Сөз тіркесін жасауға тірек болатын екінші сөз |
Жаңа киім,айтуға құмар, оның екеуі |
Жаңа киім,айтуға құмар, оның екеуі |
Сөз тіркесінің түрлері | |
Есімді сөз тіркесі |
Етістікті сөз тіркесі |
Басыңқы сыңары есім сөзден болған сөз тіркесі |
Басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесі |
Жаңа киім,айтуға құмар, оның екеуі, менің бұным Тұрғын үй, орындалған арман, балаға мейірімді, көп қабатты үй, жүгіріп келген бала, өнегелі өмір. |
Жел соқты, соғыс аяқталды Үйге келу, жиналысқа қатысу, телефон арқылы сөйлесу, ерінбей еңбектену, ауланы тазалау, т.б. |
Тұрақты сөз тіркесі – екі немесе одан да көп сөздің бастапқы мағынасы ескерілмей, бір ұғым ретінде қолданылып, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы.