Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
13-14_ЛЕКЦИЯ.doc
Скачиваний:
37
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
117.25 Кб
Скачать

Интерактивті Веб-беттер

  1. Формалар.

Форманы құру үшiн <FORM> және </FORM> қос тэгтердi қолданамыз. Бiр құжатта бiрнеше форма құруға болады. <FORM> және </FORM> араларында үлкен элемент жиының қолдануға болады. Сондай- ақ формаларды құру кезiнде бiрнеше типтердiн өрiстерiн беруге болады (бiр немесе бiрнеше қатарлардағы мәтiндiк өрiстер, радиобатырмалар, флажок, мәзiр және командалық батыраларды горнататын терезелер).

<FORM> тэгiнiң атрибуттары

ACTION= адрес

Электрондық пошта арқылы форманы жiберу үшiн URL-адрес анықтайды.

METHOD- ағымдағы формадағы мазмұның серверге жiберу үшiн қандай HTTP әдiстердi қолдану керектiгiн анықтайды.

ENCTYPIE-бұл атрибут форма мазмүнын кодтау кезiнде қолданылатын механизмiн анықтайды.

Форманы толтыратын өрiстер

<INPUT>- толтырылатын фораларда өрiстер типiн белглеу үшiн қолданылады

<SELECT>-жалғыз немесе көпшiлiк таңдау мәзiрiн разметкалау үшiн қолданылады.

<TEXTAREA> алдын ала бiрнеше мәтiн қатарын камтитын өрiстердi разметкалау үшiн қолданылады.

<INPUT>- тэгiнiң атрибуттары

TYPE=өрiс типi- деректердi енгiзуге қолданылатын өрiстер типi

SIZE=пикселдегi мән

SIZE=40- 40 символды енгузе қажет өрiс ұзындығын бередi.

MAXLENGTH-символдар саны- өрiске енгiзiлетiн максималды символдар санына шектеулер бередi

NAME=аты - өрiске атын меншiктеуг арналған атрибут

VALUE=символдар саны –құжат жүктелген кезiнде бұл өрiсте шығарылатын қатарды бередi.

Мысалы: <INPUT TYPE=text SIZE=30 NAME=name VALUE=Имя>

Мысалы: <INPUT TYPE=password SIZE=10 NAME=pw VALUE=”Введите пароль”>

TYPE=password

Бұл кезде енгiзлтетiн символдар * белгiсi арқылы экран бетiнде көрсетiледi

TYPE=checkbox

Ия немесе жоқ булев типiн қарапайым мәндерiн толтырылатын формаға енгiзу үшiн қолданылады.

Мысалы:

<INPUT TYPE= checkbox NAME=section VALUE=yes>1

<INPUT TYPE= checkbox NAME= section VALUE=yes>2

<INPUT TYPE= checkbox NAME= section VALUE=yes>3

<INPUT TYPE= checkbox NAME= section VALUE=yes>4

TYPE=radio- параметрдi формаға енгiзу үшiн қолданады.

<INPUT TYPE=”radio” NAME= answer VALUE=yes> Да <br>

<INPUT TYPE= “radio“ NAME= answer VALUE=No> Нет

2. Формада мәзiрдi құру

Формада мәзiрдi құру <SELECT> және </SELECT> қос тэгтердi қолданамыз. <SELECT> тэгi формада “көп пунктен бiреуiн таңдау” немесе “көп пунктен бiрнеше пунктi таңдау”. <SELECT> және </SELECT> ашып және жабылатын тэгтер арасында OPTION бiр немесе бiрнеше элементi болу керек.

<SELECT> тэгiнiң атрибуттары

NAME=аты –атын айқындайды. Оқушы мәзiрдiң қай пунктерiн таңдағанын көрсету үшiн серверге деректердi жiберу кезiнде қолданылады

SIZE=саны- “көптен бiрнеше “ мәзiрiнен бiруақытта көрiнетiн пунктердiң санын көрсетедi.

MULTIPLE пайдаланушылар берiлген мәзiрден бiрнеше пунктi таңдап алуға мүмкiндiктерi.

< OPTION > тэгiнiң атрибуттары

SELECTED бұл атрибут көрсетiлсе оған сәйкес пунктегi элемент құжат жүктелген кезiнде таңдалған деп белгiленедi.

VALUE=мән – мәзiрдегi пункке сәйкес келетiн мәндi бередi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]