
- •Ауқымды желі internet. Html тiлi.
- •1. Жалпы мәліметтер
- •1. Html тiлiнiң командалары және олардың атрибуттары.
- •2. Html құжаттың құрлымы
- •3. Мәтiндi форматтау, түстi құру. Мәтiндi форматтау. Абзац тэгi
- •4. График, дыбыс, видео және жүгiрме жолды қою
- •Hight- жүгiрме жолдың биiктiгi (экран биiктiгiнен пикселде немесе % берiледi.)
- •7. Кестенi құру
- •Листинг 1
- •8. Фреймдер, сiлтемелер және навигациялау жүйесi.
- •Гиперсiлтеменi құру.
- •9. Таңбаға сiлтеме құру.
- •Навигациялау жүйесiн ұйымдастыруға негiзгi талаптар. “юзэбилити” түсiнiгi.
- •Фреймдер. Оларды қолдану кемшiлiктерi мен артықшылықтары.
- •Карта-бейне. Photoshopредактормен белгiлiнген бейнедегiаймақтарының координаттарын анықтау
- •1. Карта-бейненi құру.
- •Интерактивті Веб-беттер
- •Формалар.
- •2. Формада мәзiрдi құру
4. График, дыбыс, видео және жүгiрме жолды қою
Графиктық бейненi қою. Графиктық бейненi қою үшiн <IMG SRC=файл аты. кеңейтiлу> - сүреттi файлдан қою.
IMG атрибутының тэгi. SRC=имя файла. расширение
Бұл атрибутты әрбiр <IMG> тэгiне көрсету керек. Ол суретi бар файлға аты мен жолын анықтайды. Бұл графиктiк түрдегi файл болу мүмкiн.
ALT=сурет аты немесе суретке түсiнiктеме
WIDTH=суреттiн енi
HIGHT=суреттiн биiктiгi
BORDER=сан - бейненiн маңайындағы рамканы анықтайды
HSPACE=сан -көлденен бейнеден мәтiнге дейiн аралықты анықтайды
VSPASE=сан - тiгiнен бейнеден мәтiнге дейiн аралықты анықтайды
ALIGN= {LEFT, RIGHT, CENTER
Сол жаққа, ортаға және оң жаққа суреттi жылжыту үшiн қолданылады
CLEAR={LEFT, RIGHT, CENTER
Сол жаққа, ортаға және оң жаққа суреттi жылжыту үшiн қолданылады
Жүгiрме жолдар. <MARQUEE> және </MARQUEE>- жүгiрме жолдардың басы мен соңы. Бұл тэгтер арасында мәтiн, сурет немесе кез келген объектiлердiң фрагменттерi атрибут қай түрде анықтайды сол тұрде жылжиды.
<MARQUEE> тэгiнiң атрибуттары.
WIDTH= жүгiрме қатар аумағының енi (экран биiктiгiнен пикселде немесе % берiледi.)
BGCOLOR= түстiн аты немесе оның коды
Жүгiрме жолдың фонының түсiнiн анықтайды.
DIRECTION= LEFT, RIGHT
Жүгiрме жолдың бағытауышын анықтайды.
LOOP=n INFINITE } n – атрибутының мәнiн көрсету кезiнде жүгiрме жолдың айналым санын анықтайды: ал екiншiсi – шексiз санын көрсетедi
ALIGN= TOP MIDDLE BOTTOM}. Мәтiнде жүгiрме жолдың жоғары, ортасына және төменге орналастырады
BEHAVIOR= SCROLL SLADE ALTERNATE. Жүгiрме жолдын шығару режимiн анықтайды: циклдiк айналым, шығу және тоқтату, секiру
SCROLLAMOUNT- жолдағы мәтiн немесе графиктiн ауысу жылдамдығы (1-3000)
Hight- жүгiрме жолдың биiктiгi (экран биiктiгiнен пикселде немесе % берiледi.)
HSPACE-жүгiрме жолмен оны қамтитын мәтiн немесе график аймақтарының арасындағы сол жақ және он жақ өрiстерiнiң енi (экран биiктiгiнен пикселде немесе % берiледi.)
VSPACE- жүгiрме жолдан бастап мәтiн немесе графикке дейiн жоғарғы және төменгi шегiну өлшемi
5. HTML –құжатына видео және дыбыстарды кiрiстiру.
<bgsound SRC= файл аты>- дыбыстық файлды кiрiстiру
<IMG DYNSRC=файл аты>- видео файлды кiрiсiтiру
<bgsound SRC> және <IMG DYNSRC> тэгтердiң атрибуттары
LOOP=n INFINITE }.n – атрибутының мәнiн көрсету кезiнде видео және дыбыстық клип қайталану санын анықтайды: ал екiншiсi – шексiз санын көрсетедi
Басқару тақтасынан видео және дыбысты кiрiстiру.
<EMBED SRC= файл аты >- дыбыстық және видео файлдарды кiрiстiру
<EMBED SRC>- тэгiнiң атрибуттары
HEIGHT- видеоклип жүргiзiлетiн терезе биiктiгi
WIDTH -видеоклип жүргiзiлетiн терезе енi
AUTOSTART= true (false) автоматты түрде жаңғырту немесе сөндiру.
6. Шегiнiс пен тiзiмдер, кестелер
Шегiнiс пен тiзiмдер. Беттiң шетiнен бастап шегiнiстердi әртүрлi тәсiлмен қоюға болады. Олар <pre> және </pre> тэгтердiң арасында орналасады.
Тiзiмнiң екi түрi бар; маркерленген және нөмiрленген. Маркерленген тiзмдерге қолданылатын тэгтер;
<UL>-тiзiмнiң басы
</UL>-тiзiмнiң соңы
<LI>-тiзiмнiң элементi
<UL>, </UL>, <LI>- тэгтердiң атрибуттары
TYPE=DISC, CIRCLE, SQUARE
Бiрiнiшi тип дөнгелек түрдегi маркелердi, екiншiсi бос квадраттар түрiндегi маркерлер, үшiншiсi –боялған квадраттар түрдегi маркерлердi құрады.
Мысалы:
<UL TYPE=DISC>
<LI> . . . тiзiмнiң бiрiншi пунктi
<LI> . . . тiзiмнiң екiншi пунктi
. . .
</UL>
Нөмiрленген тэгтер үшiн қолданылатын тэгтер
<ОL>-тiзiмнiң басы
</ОL>-тiзiмнiң соңы
<LI>-тiзiмнiң элементi
<ОL>, <LI> -тэгтердiң атрибуттары
TYPE=1, A, I, . . .
араб әрiптерiмен нөмiрлеу
А- орыс әрiптерiмен нөмiрлеу
римдiк әрiптерiмен нөмiрлеу
<OL TYPE=1>
<LI> . . . тiзiмнiң бiрiншi пунктi
<LI> . . . тiзiмнiң екiншi пунктi
. . .
</OL>
Тiзiмдер 1,2,3 . . . сандармен нөмiрленедi.
Егер тiзiмде нөмiрлеу ретiн ауыстыру керек болса немесе тiзiм элементiне нақты меншiктеу керек болса онда арнайы атрибуттар қолданады.
SKIP =өткiзiп жiберiлетiн нөмiрлер саны. Мысалы: <OL SKIP=4>- мұндай жазу, келесi төрт нөмiрдi өткiзiп жiбередi.
START= тiзiмдi нөмiрлеудi басталатын нөмiр. Мысалы: < OL TYPE=I START=3> нөмiрлеу III рим санынан басталады.
VALUE=берiлген тiзiм пунктiне меншiктелетiн нөмiр.
Мысалы:
<LI VALUE=13>
<LI VALUE=25>
Мұндай жазу мынаны бiлдiредi, 13 нөмiрден кейiн тiзiмде 25 нөмiр тұрады.