Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
13-14_ЛЕКЦИЯ.doc
Скачиваний:
37
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
117.25 Кб
Скачать

1. Html тiлiнiң командалары және олардың атрибуттары.

Командада /тэгтер/ құжатты белгiлеу және форматтау үшiн керек. Кез келген команда < символымен басталып, > символымен аяқталады. Командалардың /тэгтер/ атын жазу кезiнде үлкен, кiшi әрiптердi қолдана беруге болады. Командалар бұрыштық жақшаға алынады. Командаларды /тэгтердiң/ екi түрi бар: қос және қос емес командалар. Қос тэгтер –бұл қолданылатын қос командалар /ашылатын және жабылатын тэгтер/. Жабылатын тэгтер белгiсi бұрыштық жақшадан кейiн / символы болып табылады. Мысалы <B> және </B> тэгтермен жызалған мәтiн қоюланған сызылыммен белгiленедi. Ал қос емес тэгтер бiр әрекеттi орындайды. Мысалы: <BR> келесi жолға көшудi бiлдiредi. Көп тэгтерде өздерiнiң атрибуттары бар. Олардың мiндетi – тэгтердi толықтыру, яғни объектiлер, графиктер немесе мәтiндер әрекеттерiн толық сипаттауға мүмкiндiк бередi.

Тэгтердiң форматы:

<тэг атрибут=”мән” атрибут=”мән” . . .>

Атрибуттарды бос аралық арқылы жазуға болады. Атрибуттар мәнiн тырнақшаға алмауға болады.

2. Html құжаттың құрлымы

Барлық HTML құжаттарда ортақ құрылым бар. Олар < HTML> тэгiнен басталады және аяқталады. Бұл блок iшiнде 2 блок бар. Бiрiншiсi <HEAD> тэгтердiң арасында орналасқан қызметтiк ақпарат, ал екiншiсi- <BODY> тэгтердiң арасына алынған HTML құжатының негiзгi бөлiгiн қамтитын блок.

<HTML>

<HEAD>

қызметтiк ақпарат

<TITLE>

бет туралы ақпарат </TITLE>

</HEAD>

<BODY>

<H1>

құжаттың негiзгi бөлiгi

</H1>

</BODY>

</HTML>

Сөйтiп, барлық HTML құжаттарды денесi мен басы бар.

Қызметтiк ақпарат тэгтерi.

<HEAD>-қызметтiк ақпараттың блогын бастайды

<TITLE>- шолушының тақырып қатарында көрсетiлетiн ақпарат блогын бастайды.

</TITLE>- шолушының тақырып қатарында көрсетiлетiн ақпарат блогын аяқтайды.

</HEAD> - қызметтiк ақпараттың блогын аяқтайды.

<META>- қызметтiк ақпаратты қамтиды.

<META> тэгiнiң атрибуттары

<META> тэгiнiң әрбiр атрибуты деректер типi мен мазмұның анықтайтын name және content қос атрибуттарды қамтиды.

Мысалы: <META name =keywords content=” сөз1, сөз2,. . .”> iздеу үшiн iздеу машиналардың жұмысын жеңiлдететiн кiлтiк сөздердiң жиынтығын анықтайды.

HTML құжаттарға түсiнiктеме енгiзуге болады. Түсiнiктеме мәтiнi бұрыштық жақшаға аланады. Бiрiншi бұрыштық жақшадан кейiн леп белгiсi және екi тире қойылады. Ал жабылатын бұрыштық жақшаның алдына тағы да екi тире қойылады.

<!—түсiнiктеме мәтiнi-->

Барлық тэгтердi мiндеттерi бойынша бiр топқа бiрiктiруге болады.

3. Мәтiндi форматтау, түстi құру. Мәтiндi форматтау. Абзац тэгi

<P>-абзац

</P>-абзац соңы

Мәтiндi туралау үшiн <P> тэгiнiң атрибуттары.

ALIGN атрибутына төрт мән меншiктелу мүмкiн.

ALIGN= (LEFT, RIGHT, CENTER, JUSTIFY) бұл атрибуттар мәтiндi сол жаққа, оң жаққа, ортаға, екi шетiн бiрдей туралауға мүмкiндiк бередi. Есте сақтау керек ALIGN атрибутының әрекетi <P>- және </P> қос тэгтерге алынған абзацқа ғана таратылады. Мәтiндi форматтау үшiн, кәрiп өлшемiн, олардың түстерiн таңдау үшiн, арнайы тэгтердi қолдану қажет. Бұл тэгтер қос және олардың әрекеттерi тек ғана жақшаға алынған фрагмент мәтiнiне ғана таратылады.

<HN> және </HN> кәрiп өлшемiн өзгерту және өзгерту өлшемiн алып тастау. (N 1 ден 6 ға дейiн мәндердi қабылдау мүмкiн)

<B> және </B>-қарайтылған кәрiп және қарайтылған кәрiптi алып тастау.

<I> және </I>-курсив және курсивтi алып тастау

<U> және </U> астын сызу және алып тастау

<EM> және </EM>- белгiлеу және белгiлеудi алып тастау

<STRONG> және </STRONG>- күшейтiп белгiлеу және күшейтiп белгiлеудi алып тастау.

<BIG> және </BIG> к„рiптi үлкейтедi және үлкейтудi алып тастайды

<SMALL> және </SMALL>- кәрiптi кiшiрейтедi және кiшiрейтудi алып тастайды.

<SUP> және </SUP>- мәтiн жоғарыға қарай жылжиды және алып тастайды (жоғары индекс)

<SUB> және </SUB> - мәтiн төменге қарай жылжиды және алып тастайды (төменгi индекс).

Аталып өткен тэгтерде атрибуттар жоқ, ал келемiмiнде бар.

<FONT>- кәрiптi өзгерту

</FONT>-кәрiп өзгеруiн алып тастау.

<FONT> тэгтiн атрибуттары.

COLOR= түс аты- мәтiн түсiн өзгерту

Мысалы: <FONT COLOR=red мәтiн </FONT>- мәтiндi қызыл түспен бояйды.

FAGE= кәрiп аты- кәрiп түрiн өзгерту

Мысал: <FONT FAGE=Arial> мәтiн </FONT>- мәтiн Arial кәрiпiмен жазылады.

SIZE= кәрiп өлшемi

Мысал: <FONT SIZE=4> м„тiн </FONT>

Бұл атрибуттарды бос аралық арқылы бiр жолда жазуға болады.

<FONT SIZE=4> FAGE=Arial COLOR=red> мәтiн </FONT>

Мән

түс

Мән

Түс

Red

қызыл

Green

Зеленый

Black

қара

Maroon

Темно красный

Olive

Оливковый

Navy

Синий

Agua

Морская волна

Purple

Фиолетовый

Teal

Зеленовато-синий

Lime

Известковый

Fuchsia

Ярко малиновый

Silver

Серебристый

White

Белый

Yellow

Желтый

Blue

Синий

grey

Серый

Түстi құру. Беттiң түсi құжаттыңнегiзгi бөлiгiнiң басында берiледi, яғни <BODY> тэгiнiң атрибуттарымен. Түстердi өзгертуге арналған <BODY> тэгiнiң атрибуттары.

TEXT=түс - мәтiн түсiн орнатады

BGCOLOR=түс - беттiң түсiн өзгертедi

BACKGROUND= файл аты – файлдан алынатын түстер

BGPROPERTIES=FIXED -«су таңба” түсiн құру (мәтiнмен бiрге жылжымайтын түс).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]