Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

shpory / otvety_sotsiologia

.docx
Скачиваний:
55
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
108.97 Кб
Скачать

17. Топтық мобильдік тұтас таптың, сословиенің әлеуметтік статусының жоғарылауымен немесе төмендеуімен түсіндіріледі.Сорокиннің пікірі бойынша, топтық мобильдіктің факторларына әлеуметтік революциялар; шетел интервенциясы мен шапқыншылықтар; соғыстар;төңкерістер; конституцияны алмастыру; шаруалар көтерілісі;; империяны құру жатады.

Топтық мобельдік әлеуметтік революциялар нәтижесінде жоғары қарқынмен жүреді. Мысалы, Ұйымдасқан әлеуметтік мобильдіктің еркін түріне КСРО – да қоғамдық пікірдің үндеуімен тың жерлерге жастардың елуі; ұйымдасқан әлеуметтік мобильдіктің еріксіз түріне орта шаруаларды тәркілеу;Ұлы Отан соғысы жылдарында туып өскен жерлерінен басқа жаққа күштеп қоныс аударту жатады.

экономикалық дағдарыстар қоғамдағы халықтың басым көпшілігінің әл – ауқатының төмендеуіне, жұмыссыздар санының артуына әкеледі. Соның нәтижесінде қоғамда топтық әлеуметтік мобильдіктің вертикалды төмен құлдырау бағытында болуы жиі байқалады.

Сонымен, топтың мобильдігі қоғамда орын алатын революциялық, дағдарыстық, қайта құру кезеңдеріне тән сипатты белгі. Ал, дамуы бір қалыпты, тұрақты қоғамдарда жеке мобильдіктің үлес салмағы жоғары, ол қоғамдарда топтық мобильдіктер өте сирек кездеседі.

18. Әлеуметтік институттар – қоғам мүшелерінің бірлесіп өмір сүрулерін ұйымдастыру мен реттеп отырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары. Әлеуметтік институттардың көмегімен адамдар арасындағы қарым – қатынастар белгілі бір тәртіп пен стандарттарға келтіріліп, олардың мінез – құлықтары мен іс - әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, оның тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

Әлеуметтік институттар қоғамның, адамдардың қажеттіліктерінен пайда болды. Мәселен, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттілігінен полиция (милиция) институты пайда болды.

Қоғамда қызмет ету салаларына қарай әлеуметтік институттардың 4 тобын атап көрсетуге болады. Олардың әрқайсысы өздерінің функцияларын атқарады:1) Экономикалық институттар.Мәселен, меншік қатынастары жеке тұлғалардың материалдық және басқа да құңдылықтарға ие болуына және олардың пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік берсе, ақша – тауар айырбасының жалпылама эквиваленті болып табылады.2) Саяси институттар қоғамды билеу және басқару қызметтерін жүзеге асырып отырады.3) Рухани саланың институттары ғылым мен білімнің өнердің дамуына және қоғамдағы моральдық құндылықтарды қолдауға ықпал етеді;4) Отбасы институты - әлеуметтік жүйенің негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы азаматтың қалыптасуында басты рөл атқарады. Отбасының берекелі де берік болуы тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді.

20.Даниел Белл- американдық социолог қалыптастырған "постиндустриалдық Қоғам" концепциясының арқасында Белл Батыстағы әлеуметтік болжамның жетекші өкіліне айналды және АҚШтын интеллектуалдық өмірі мен қоғамдық пікірінде үлкен беделге ие болды. Капиталистік қоғамдағы дағдарыстық құбылыстарды ол капиталистік экономиканың "рационалдық" принциптері мен гуманистік бағыттағы мәдениеттің арасындағы ажыратушылықпен түсіндіреді. Белл батыстық мәдениетгің дағдарысы туралы "діни орталықтық" ұстанымды дамытады және дағдарыстан шығу жолы ретінде діни жаңғыруды ұсынады. Д.Белл постиндустриалды қоғамды анықтайтын келесі факторларды атап көрсетті: 1) өндірістегі өзгерістің негізіне айналатын теориялық білімнің орталықтандырылуы; 2) экономиялық, инженерлік, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жаңа интеллектуалдық технологияның пайда болуы; 3) білім, ақпарат таратушы әлеуметтік топтың қалыптасуы; 4) билік қатынастарының өзгеруі: индустриалдыққа дейінгі қоғамда — аристократия, индустриалдық қоғамда — демократия, постиндустриалды қоғамда — меритократия. Постиндустриалды қоғам қала тұрғындары 70 — 85%-ға жеткенде басталады. Онда аграрлық және индустриалдық тіршілік екінші кезекке өтеді. Ескі индустриализмнің орнына үстеме, еселі индустриализмнің келуі жаңа жаппай тұтыну мәдениетін өмірге әкеледі. Постиндустриалды қоғамның негізгі жетістігі — демократиялық процестердің, азаматтық қоғам құндылықтары рөлінің артуы, жұртшылықтың әлеуметтік-экономиялық жағдайының жақсарып, тұрмыс деңгейінің өсуі. Алайда постиндустриалды қоғамда ұлт тілін, төл мәдениет пен өнерді сақтау аса қиын болмақ. Белл постиндустриалды қоғамның қалыптасуын компьютер негізгі рөл атқаратын ақпарат пен білім саласындағы революциямен байланыстырады.. Сөйтіп, жаңа қоғамда ақпарат және оны пайдалану мен тарату үшін техникалық базаны қамтамасыз ететін электронды құралдар негізгі рөл атқармақаласы Осыған орай постиндустриалды қоғам ұғымымен үндес “ақпараттық қоғам” термині кеңінен қолданыс тапты Индустрияландыру — кез келген салада ірі машиналық өндіріс құру процесі; мысалы, қоғамдық тамақтандырудың ірі механикаландырылған кәсіпорындарының ұйымдастырылуы.

21.Әлеуметтік бақылау дегеніміз, оның ішінде құқықтық түрде де реттеу арқылы әлеуметтік жүйені құрайтын элементтердің өзара әрекетін реттеу жолымен қамтамасыз етеді және сол жүйенің өздігінен басқарылу тәсілі болып табыладыЖеке адам мен қоғам арасындағы әлеуметтік қатынастар әлеуметтік бақылау жағдайында қалыптасып, іске асырылады. Сол сияқты әлеуметтік бақылау дегеніміз – ол жеке дара адам мен (индивидтің) қоғамның, азамат пен мемлекеттің өзара қатынастарын реттейтін құрал. Әлеуметтік бақылау шеңберіндегі әлеуметтік қатынас дегеніміз, ол – субъект (адам, адмдардың алуан топтары мен бірлестіктері) мен объектінің (сырт дүниенің), жай ғана қатынасы емес, бұлар әр түрлі сипаттағы элементтердің өзара қарым-қатынастары.

Сөйтіп әлеуметік бақылау дегеніміз, ол индивидтердің әлеуметтік тәртібін тек қана саяси мекемелердің ғана тұрғысынан емес, сонымен қатар басқа да әлеуметтік мекемелердің (яғни, білім берудің, мәдениеттің, мораль) тарапынан да реттеу болып табылады.

Әлеуметтік бақылау – топтың, ұжымның, қоғамның тұрақтыдығын, бірлігін сақтайды.

22.Сауалнама - нақты адамдар тобына сұрақтар қою арқылы алғашқы ақпаратты жинау әдісі. Зерттеушінің респондентпен анкета арқылы жүзеге асырылатын байланысына негізделген эмпирикалық зерттеуін әлеуметтанулық өлшеу тәсілі.Сауалнама мақсаты - жеке және қоғамдық санадағы құбылыстар немесе қарапайым фактілер, оқиғалар туралы ақпарат алу. Сауалнама ақпараттың дәлдігі мен жүйелігін қамтамасыз етеді. Бұл әдіс экономикалық тұрғыдан да тиімді, яғни оған шығын, уақыт және құрал аз жұмсалады. Сауалнаманың әртүрлі жолдары бар: қалыпқа түспеген (еркін сұхбат, т.б.) және қалыпты (алдын ала дайындалған сұрақтар көмегімен). Сауалнама өткізу жиілігіне байланысты бір рет және көп рет болып бөлінеді. Сонымен бірге сауалнама жазбаша және ауызша деп те бөледі. Сауалнама тиімділігі тұрақты сұхбат алушы және сауалнамаға қатысушылардың болуынан тәуелді. Жалпы сауалнама нәтижелері тек ғалымдарға ғана емес, сонымен бірге өкіметтік және қоғамдық ұйымдар өкілдеріне, жалпы қауымға да белгілі болады

23.Қазіргі жаһандандыру заманында өмірдің әлеуметтік — саяси, мәдени және рухани салаларының бәрінде де де, адамзат өзінің әр алуан тіршілігінің жазмыштық стадиясын бастан кешіп отыр. Интеграцияның осынау ерік бермес процесі, іс жүзінде тежеуге көнбейтін, мәні бойынша жазмыштық сипат алып отыр, яғни бір қоғам бар қорғанғысы келеді - ақ, бірақ мүмкіндігі жоқ, енді бір қолқам бар өзінің даму өресінде жаһандық экспансиялық бағдарламасына қандай да бір тосқауылды сезінбейді. Жаһандану ұғымы мен құбылысына және жағымды — жағымсыз жақтарына қатысты ойдың жосығын былай қоя тұрып, мен оның принципті мәні бар бір қасиетін түсіндіре кетуді қажет деп санаймын. Қазіргідей күрделі әлемде Қазақстанның алдыңғы қатарлы мемлекеттермен иықтас тұруы үшін дипломатиялық қызметке үлкен жауапкершілік артылып отыр. Сыртқы саясаттың стратегиялық бағыттары өзгермегенімен, елдің дамуына және жаһандану талаптарына сай сыртқы қатынастардың мазмұны күрделеніп, жұмыс ауқымы арта түсуде.Елбасының Жолдауындағы және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясындағы басты міндеттердің бірі – халықаралық сахнада Қазақстанның жауапты және сенімді серіктес екендігін нақты дәлелдеу

25-29Функционализмнің негізгі ережелері ағылшын социологы Г.Спенсермен оның «Социологияның негіздері» еңбегінде жасалды және ағылшын этнографы А.Редклиф-Браунмен, американдық социологтар Р.Мертонмен, Т.Парсонспен дамытты. Әлеуметтануда құрылымдық функционализм алғашқы екі мағынада модель болып табылады, өйткені ол түсіндірудің кең құрылымы (қоғам организм секілді деп пайымдайтын метатеория) мен тұжырымдамалық топшылаулардың жиынтығын (қоғам бөліктері жалпының міндетін атқаруына қалай үлес қосатынын көрсететін теория) қамтамасыз етеді. Ұғымдар арасындағы қатынастар туралы гипотеза нақтыланып, ұғымдарды өлшеуге болатын тұста біз операциялык модель туралы айта аламыз. Бұл модельдер кейде диаграммалар түрінде көрсетіліп, математика терминдері арқылы неғұрлым ұтымды ұсынылуы мүмкін. Мысалы, регрессия немесе логлиния модельдері. Математикалық әлеуметтанудың маңызды жағы - модельді құрастыру - модельдерді диаграммалар тасқыны сатысынан бастап, математикалық бейнелеуге дейін жетілдіруге байланысты. Себеп-салдарлық модельдер кез келген түрде болуы мүмкін. Қандай анықтамаға ие болса да, модель-теориялық қызмет түрлері кешеніндегі құрал болып, назарымызды ұғымдарға немесе өзгерістерге және олардың өзара байланысына аударады. Функционализм идеясы негізінен ағылшын-америкалық социологияға тән Әлеуметтанудағы іс-әрекет қағида мен құрылымдық-функциональдылық мектептің негізін қалаушысы Парсонс, адам шындығын оның барлық ерекшелігінде толығымен қамтитын, жалпы аналитикалық логико-дедуктивті жалпы қағидалық жүйені құруға тырысты. Нәтижесінде Парсонс құрамына мәдени, әлеуметтік, органикалық және жеке басты жүйелерді кіргізетін, өзара айырбас қатынасына түсетін іс-әрекет жүйесінің комплексті қалыптасқан моделін құрды. Осы модельді құру үшін, Парсонс ортамен қатынасты жүзеге асыруда белгілі бір мүмкіндіктерге ие болған іс-әрекет субъектісінің құрылымын қарастырған. Әлеуметтік іс-әрекеттердің құрылымы әрекет етуші адамнан, белгілі бір жағдайдан, шарттан тұрады.Парсонстың бүкіл әлеуметтік іс-әрекеттердің жүйесі қоғамның жүйе құрылысы негізінде негізделеді, бұл әр жүйенің 4 негізгі қызмет атқаруын білдіреді (икемдеу, мақсатқа жету, бірігу және үлгілерге сай келу).

26.Индикаторлар белгілі бір саладағы тенденцияларды анықтайды және түзетуді қажет ететін және мақсаттар мен іс-шараларды салыстыруға және соларға қол жеткізуге мүмкіндік беретін салалар жөнінде белгі береді. Сонымен қатар, оларды сапаның теоретикалық аспектілерін басқаша түсіндіру үшін де пайдаланады, аталмыш процесс «операционализацияланған»,- деп аталады.

27. ӘЛЕУМЕТТІК САНКЦИЯЛАР – қоғамның, әлеуметтік топтың интеграциялануы , оның мүшелерінің әлеуметтенуі қызметін атқаратын және соңғыларына нақты әлеуметтік әрекеттерді қолданатын әлеуметтік бақылаудың оперативті құралдары. Санкция(аса қатаң қаулы) — құқықтық норманың бір бөлігі, шаруашылық және қаржы қызметін қалыпты жүргізу ережелерін, келісімді, шарттық немесе басқа да міндеттемелерді бұзушыларға қатысты мәжбүрлеу жолымен ықпал ету шаралары. Мынадай түрлерге бөлінеді: әкімш.-құқықтық Санкциялар (айыппұл‚ қамауға алу); тәртіптік-құқықтық Санкциялар (қызметін төмендету‚ жұмыстан босату); Мораль (латын мораліс – әдет-ғұрып) – адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт. Мораль әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады.

28-19. Қоғамның негізгі ерекшелігі – ұйымдардың сабақтастығын, реттелуін және басқарылуын қамтамасыз ету. Басқару – қоғамды реттеу мен жетілдіру мақсатымен оған қатысты ерекше іс-әрекет. Басқару келесі кезеңдерден тұрады: ақпаратты өңдеу және талдау, оны жүйелендіру, талдау және оған диагноз қою, мұның нәтижесінде болжамдар жасалады және мақсаттар анықталады. Содан соң, іс-әрекетті жоспарлау, ұйымдастыру және оны бақылау, мамандарды таңдау мен пайдалану арқылы шешімдерді қалыптастыру және оны нақтылау жүзеге асырылады. Осылайша, басқару жүйесі қалыптасады .Социологиялық талдау үшін маңызды қоғамның жүйелілік белгілерін бөледі: біртұтастылық (бұл ішкі қасиет қоғамдық өндіріспен сәйкес келеді); тұрақтылық (әлеуметтік өзара әрекеттердің ритмі мен режимінің салыстырмалы тұрақты өндірісі); динамизм (буындардың ауысуы, қоғамдық субстраттың өзгеруі, сабақтастық, бәсеңдеу, қарқындылық); ашықтық (әлеуметтік жүйе өзін табиғатпен зат алмасудың арқасында сақтайды, ол қоршаған ортамен тепе-теңдік негізінде және сыртқы ортадан заттар мен қуаттың қажетті мөлшерін алу арқылы жүзеге асырылады); өзін-өзі дамыту (оның көзі өз ішінде, бұл – әлеуметтік қауымдастықтар мүддесіне және стимулдарына сүйенетін өндіріс, үлестіру, пайдалану); әлеуметтік болмыстың кеңістіктік-уақыттық формалары мен тәсілдері (адамдардың көпшілігі ортақ іс-әрекетпен, мақсаттармен, қажеттіліктермен, өмір нормаларымен біріктірілген. Бірақ уақыт зымырап өтіп жатыр, буындар ауысуда, және әрбір жаңалылық өмірдің қалыптасқан формасын табады, оларды қайта жаңғыртады және өзгертеді). қоғамның классификациясы

Қоғамның даму сатылары.

Бірінші саты. Аңшылықпен және терімшілікпен айналысқан аңшылармен терімшілер қоғамы.

Екінші саты. Бау-бақшамен айналысушы кӛсемшілік қоғам.

Үшінші саты. Мал шаруашылығымен және жер шаруашылығымен айналысушы қоғам.

Тӛртінші саты - неолиттік революция.

Бесінші саты - ерте мемлекеттердің пайда болуы.

Алтыншы саты - аграрлық қоғам.

Жетінші саты – қазіргі заманғы қоғам.

Қоғамның типтері және атқаратын қызметтері.

Қоғамның кӛптеген түрлері болады және болған. Қоғамды жіктеу сол елдегі ӛндірістік қатынастардың сипатына, үстемдік етіп тұрған дінге, тілге, саяси жүйенің сипатына, техникалы даму деңгейіне байланысты алуан түрлі болып келеді. Қоғамды типтерге бӛлуде 60-жылдары жаңа кӛзқарастар қалыптасты. Соған сәйкес, қазіргі ғылыми әдебиеттерде қоғам дәстүрлі, индустиарлды, постиндустриалды болып бӛлінеді. Дәстүрлі қоғамның мақсаты – билік, индустриалды қоғамның мақсаты – ақша, постиндустриалды қоғамның мақсаты болса – білім болып табылады. Қоғам мынандай қвземттерді атқарады: материалдық игіліктерді ӛндіру, дүниеге нәресте әкелу және адамды әлеуметтендіру, рухани игіліктерді ӛндіру және адамдардың белсенділігін зерттеу, еңбек ӛнімдерін бӛлу, мінез-құлық пен қызметті реттеу және басқару.

30. Шкалалар - сұрау, бақылау немесе құжаттарды талдау үрдісінде жинақталатын әлеуметтік ақпаратты бағалауға арналған инструменттің өлшемдік бөлігі.Шкала-бұл зерттелетінетін объектінің белгілер жиынтығын белгілі бір сандық жүйеге реттейтін форма.Өлшеу шкаласын ортақ классификациясын Стивенс ұсынады.Осы белгі бойынша шкалар метрикалық(интервалдық,қатыстық)ж метрикалық емес(рангті,номинативті)Номинативті шкала-белгінің сол немесе басқа классқа сәйкестендіретін шкала.Аталуы санмен өлшенбейді тек ажыратуға мүмкіндік береді.Рангтық –белгіні көп-аз принципі бойынша классификциялау шкаласы.Онда кем дегенде 3класс болуы керек.Интервалдық шкала-белгілі бір бірліктер санынан көбірек-белгілі бір бірліктер санынан азырақ принципі бойынша классификацияланатын шкала.Әрбір белгінің мүмкін мәндері басқадан тең қашықтықта тұрады

31. Дюркгейм (басты еңбектері- «қоғамдық еңбек бөлінісі жөнінде», «Әлеуметтік тәсел ережелері») жаңа әлеуметтік ойды құрастырды. Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (158-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты Оның мәні қоғамды әлеуметтік фактілер жиынтығынан қалыптасқан, әлеуметтік шындық ретінде қарастырды. Осы фактілерді зерттеу әлеуметтану пәнін құрайды. Әлеуметтік фактілерді статистикалы түрде зерттеу ұсынды. Әлеуметтік фактілерге ол ұжымдық әдеттерді, дәстүр, тәртіп ережелерді жатқызды. Дюркгейм пікірі бойынша, барлық адам көріністері тәртіп үлгілерінде құралады: жалпы елес, жалпы бағалау, жалпы сезімдер мен әрекеттер. Оның ойынша, бұның бәрі ұжымдық таным. Дюркгеймнің орасан зор еңбегі қоғамды құндылық-норма жүйесі ретінде белгілеуі жатады. Әлеуметтік тәртіп үнемі қандайда бір тәртіп ережелерімен реттеледі. Анатомия концепциясына негізделіп, ол өзін-өзі өлтіру құбылысын зерттеді. Зерттеу нәтижесі негізінде келесі қорытындыларға келді, дағдарыс немесе айқынды өзгерістер кезінде өзін-өзін өлтіру деңгейі әдеттегіден елеулі өседі

32. Девиация (лат. deviatio — ауытқу) — «қалыпты» болып есептелетін немесе қоғамдағы, не әлеуметтік контекстегі қалыптасқан мінез-құлықтан ауытқитын әлеуметтік мінез-құлық. Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық. Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды. Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады.Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланадыДевиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация.Ломбазо бағытының жалғасы, Кречмер мен Шелдонмен бірігіп жасалған жекеадам типологиясы болып табылады. Бұл авторлардың 3 болады:1.Мезоморфтық.2.Эктоморфтық.3.Эндоморфтық.1960 жылдары көптеген зерттеулер криминалдық әрекет жасаған тұлғалардыңқұқық бұзушылыққа және хромосомоның типіне 16 ғ деңгейін растады.Девиацияның социологиялық кең түсіндірмесін алғаш ұсынган және факторлардың мағынасын ашады. Э. Дюргеймиің ойынша, девиацияның негізгі деп байланыстың, оның сипаты мен түрлерінің сипаттамасынаЭ.Дюргеймнің атақты еңбектерінің бірі өзін-өзі өлтіруге арналған. Бұл ретіндеқаратырылады. Бұл еңбекте ол аударады. Өзін-өзі өлтіруді адамдар ғана іске асыруға қабілетті,бірегей жеке-дара актілердің бірі бұл мәліметтерді сараптай келе, Э.Дюргейм бірқатарзаңдылықтарға өзін-өзі өлтірудіңүлес алмағы ауылдық жердегілерге қарағанда неғұрлым жоғары, өзін-өзі өлтірудеңгейі католиктермен өлтіруге бейім тұрады және бұл пайызажырасқандар арасында көп, әйелдер соғыстар кезінде әдеуір азаяды, ұлттық өзін-өзі өлтірудің жеке типологиясын жасады:1.Эгойстік өзін-өзі өлтіру.2.Альтуристік өзін-өзі қатынастарын қозғады. Ол Францияның,Германияның, Щвейцарияның мен өлтіру статистикасы арасында тұрақты сәцкестікбар деген қорытындыға келеді.

тұрғысындағы девиация

Теория

Автор

Жетекші идея

Биологиялық

Қылмыстық бағыныштылықпен

Байланысқан физикалық белгілер

 

Девианттар арасында жиі кездесетін дене бітімінің ерекшеліктері

Ч. Ломброзо

 

 

 

 

 

У.Х. Шелдон

Дене бітімінің

Физикалы0 ерекшеліктері девиациясының себебіне айналады

Психологиялық

Психоаналитикалық теория

З. Фрейд

Тұлғаға тән қақтығыстық жағдайлар девиацияны тудырады

33 ТАРТЫС, конфликт (лат. цонфліцтұс – қақтығыс) – екі немесе бірнеше жақтардың қарым-қатынасы барысында мақсаттары мен көзқарастарының өзара қарама-қайшылығы. Тартыс әлеуметтік және бейәлеуметтік болып екіге бөлінеді. Әлеуметтік Тартыс субъектілері адамдар, ал бейәлеуметтік Тартысқа табиғат құбылыстары жатады. Тартыстың алғышарты қарама-қайшылық болғандықтан осы негізде Тартыс ертеден зерттеліп келеді. Мәселен, біздің заманымыздан 6 – 5 ғасырларда Қытай ойшылдары “янь – инь” тіршілік дамуының негізі десе, антикалық ойшылдардың барлығы дерлік соғыстың пайда болу себептері туралы жазды. Гераклит әлем тек соғыс пен қайшылық негізінде пайда болады деп жазса, Платон соғыс – өз жолындағының барлығына қайғы әкелетін қасірет деді. Ол болашақта соғыс болмайтын “алтын дәуір” туатынына сенді. Аристотель қоғамды басқарушы және бағынушы адамдарға бөлді. Ол “әлсіздер әр уақытта теңдікке ұмтылса, басшылардың ойына бұл туралы кіріп те шықпайды” деп жазған. Орта ғасырларда Н.Макиавелли (1496 – 1527) өзінің “Мемлекет” еңбегінде, сондай-ақ Э.Роттердамский, Ф.Бэкон, Т.Гоббс сияқты атақты батыс зерттеушілері Тартысты кеңінен зерттеді. 18 ғасыр ойшылдары қарулы қақтығыстарға қарсы тұрып, оның себептерін Тартысты зерттеу арқылы тануға тырысты. Э.Кант “көршілестер арасында Тартыс әр уақытта болады, яғни бейбітшілік орнауға екі жақ та өз күштерін салуға тиісті”. А.Смит Тартыстың негізі ретінде қоғамдағы таптық бөлінушілік пен экономикалық бәсекелестікті таныды. Г.Гегель соғыстың жағымды салдары жайлы айта келіп, Тартысты реттеуші мемлекет болуы керек деген. Ағылшын биологы Ч.Дарвин тіршілік үшін күресті бүкіл жаратылыс бастауы деп дәлелдеуге тырысты. Тартыс мәселесі туралы батыс зерттеушілерінің бірнеше теориялық мектептері қалыптасқан. Қазіргі заманда Тартыс мәселесін зерттейтін ғылым саласы – “Конфликтология” деп аталады. неміс әлеуме танушысы Георг Зиммель ғылымға “конфликт социологиясы” терминін енгізген бірінші ғалым. . Бұл құбылыстың даму барысын мынандай сатыларға бөліп қарауға болады:А) шиеленістің бастапқы Бұл – шиеленістің бейбіт кезеңі.Ә) Шиеленістің қақтығысу кезеңі.Қарама-қарсы жақтарының қимыл-әрекетке көшуінебелгілібір жағдай түрткі болады.Б) Шиеленісті жағдайдың шешімін табу кезеңі

36.Социологиялық сұрау - белгілі бір адамдар тобына сұрақтар қою арқылы жүргізілетін алғашқы ақпаратты жинау әдісі. Сауалнама мақсаты - жеке және қоғамдық сана кұбылыстары туралы немесе жай фактілер, окиғалар, үрдістер жайлы ақпарат алу, Социологиялық зерттеу — методологиялық, методикалық және ұйымдастырмалы – техникалық процедуралардың логикалық жалғастырмалы жүйесі, бір-бірімен ортақ мақсатпен байланысты: зерттеу құбылысы немесе үрдісі жөнінде мәлімет алу және оны әлеуметтік басқару тәжірибесінде қолдану.Социологиялық зерттеу төрт өзара байланысқан кезеңнен тұрады:

- зерттеуге дайындық;

- бастапқы ақпаратты жинақтау;

- жиналған ақпаратты өңдеу және ЭВМда өңдеуге дайындау;

- өңделген ақпаратты талдау. Зерттеу нәтижелері бойынша, есеп дайындау, қорытындыларды және кепілдемені тұжырымдау.

Анкета мен сұхбат жүргізу әдісі

2). Бақылау әдісі

3). Тәжірибе жүргізу әдісі

4). Құжаттарды талдау әдісі

37.Әлеуметтік эволюция – қоғамдық дамудың күрделенуі бағытталған жол және әлеуметтік институттардың қызметін жетілдіру.

Ерекшеліктері:Қоғамның дамуы индивидтің рухани және дене еңбегіне тәуелді. Әлеуметтік эволюция процессінде адамдардың кол-

лективті қызметінің маңызы арта түседі. Қоғамның көптеген қызметтері өзгереді.

38.Социометрия 1934 жылы ЯЛ. Морено "Who Shall Survive?" деген еңбегінде енгізіп, әу бастан әлеуметтік құрылымды түсіндіруге "социодрама" көзқарасының бір бөлігі ретінде сараланған ұғым. Социометрия топ ішіндегі адамдардан алынған, араласуда берілетін артықаіылықтарға (немесе көбіне құқықтық параллельдер кімнің кіммен араласатыны) қатысы бар ақпаратты белтілі бір базис пен алға қойылған мақсат аясында жүйеғе келтіреді. Зерттеудің алғашқы сатынарында Мореноның түзеу мекемесіндетілердің арасындағы даудан қашу үшін жатын бөлмедегі орындарды ауыстыруына тура келді. Сөйтіп, алғашқы қолданылуында әлеуметтанушылық тест (мысалы, достарын атап шығу) оның тікелей нәтижесін алуға бағытталса, Қазір Бұл сирек қолданылады. Тандаудың әлеуметтанушынық баламаларының жол берілетін саны белтіленген ("ең жақсы үш досыңызды атаңыз") немесе белтіленбеген ("қанша қаласаңыз, сонша есім атаңыз") болуы: сондай-ақ ол күн ілгері айқындалған болуы немесе байланыстың беріктігін білдіруі мүмкін. Бастапқыда социометриялық мәліметтерді талдау тандаудың алынған нәтижелері мен таңдаудың берілген баламаларының санына және тиісінше көп артықшынықка ие болған немесе ештеңе алмаған "жұлдыздар" мен "жақпайтын адамдар" секілді өзгешелеп тұратын қорытынды ерекшеліктерге шоғырландырылды. Мәліметтерсоциограмма деп аталатын сызықты диаграммаға нүктелер мен сызықшалар тұрінде бейнеленеді, онда бөрінен көп тандалған адамдар ортаға, ал сыртка тебілген адамдар шетке орналастырынады. Социометрия топтық күрынымды байыптау үшін білім беруде және баска шағын топтар ортасында қолданынады. .

42. Саяси әлеуметтану - арнайы ғылыми пән ретінде саясатты социологиялық құралдармен, яғни саясатты саяси өмір сипатын анықтаушы өзара қарым-қатынастағы субъектілер, институттар мен ережелер арқылы зерттейді. Саясиәлеуметтану жеке ғылым саласы ретінде XX ғ. 30-50 жж. қалыптасты. Бірақ оның пәндік саласы әлдеқайда ертеректе Платон, Аристотель сияқты көне грек ойшылдарымен, жаңа заман ойшылдары Н.Макиавелли, А.Токвильменқалыптастырылған.

Саяси әлеуметтану шеңберінде саясат төрт аспектіде қарастырылады:

1) саяси дау-жанжалдар мен мемлекет аралық күресті зерттеу;

2) қоғам өміріндегі мемлекет орны мен рөлі, басқару қызметтерін жүзеге асырушы институттар, ұйымдар мен әлеуметтік топтардың қоғамға және оның жеке бөліктеріне қатынасын зерттеу;

3) саяси ұйымдар, партиялар мен қозғалыстарды, олардың әлеуметтік құрылымын, динамикасын, ішкі дау-жанжалдарын талдау;

4) жеке түлғалардың саяси қатысуы мен саяси мінез-құлқын, соның ішінде сайлауда, саяси үміткерлер мен мәселелер бойынша дауыс беруін зерттеу.

Саяси әлеуметтану саясатты әлеуметтік құрылым, биресми әлеуметтік институттар, қоғамдық пікір, саяси мәдениет, саяси қатысу, саяси идеология көмегімен талдайды.

Саяси әлеуметтану әдістері - макросоциологиялық және микросоциологиялық болып бөлінеді. Макросоциологиялық ұстанымда биліктің әлеуметтік негіздері, әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы дау-жанжалдардың саяси үрдіске ықпалы анықталады, ал микросоциологиялықта нақты саяси институттар әлеуметтік ұйым ретінде қарастырылады.

Сонымен бірге құжаттарды талдау, бақылау, сауалнама, эксперимент, социометриялық әдістері қолданылады.

44.Іріктелген жиынтықберілген ережеге сәйкес қатаң іріктеліп алынған басты жиынтық элементтерінің белгілі – бір саны. Зерттеуге жататын ( сауалнама, интервью алу және с.с ) іріктелген жиынтықтың элементтері ( респонденттер, талданатын құжаттар және с.с ) талдау бірлігі болып табылады. Олар жекелеген адамдар да, сол сияқты тұтас топтар да (студенттік ), жұмыс ұжымдары да болуы мүмкін. Ең бірінші кезекте барлық топқа тән элементтер іріктеу бірліктері деп аталады. Осы әдісті негізінен механикалық іріктеме деп атайды. Мұндай іріктеме кезінде іріктеу 10, 20, 50 және т.б адам арқылы жүргізілуі мүмкін. Ірітілетіндер арасындағы аралық іріктеу қадамдары (таңдау қадамдары) деп аталады.

Соседние файлы в папке shpory