Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory / tarikh_2 (1).doc
Скачиваний:
83
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
525.82 Кб
Скачать

23. Алтын Орданың ыдырауы. Ақ Орданың мемлекеттік әкімшілік құрылымы.

Алтын Орданың гүлденген кезеңі Өзбек ханның тұсында болды (1312-1342жж.) Өзбек хан империяның түріктенген көшпелі халқын (ноғайлы елі) ислам дініне қаратты. Жәнібек хан тұсында (1342-1357жж.) тұсында Алтын Орда биік деңгейге көтерілді. Әділ билік жүргізгені үшін халық оны Әз Жәнібек деп атаған.

Әж Жәнібек ханның тұсында қазақтардың бабалары алаш мыңы деген атпен Ақ Орда құрамында болды. Сол кездің кейбір деректерінде Алтын Орда Ұлық Ұлыс деп аталды. Әз Жәнібек өлгеннен кейін Алтын Орда саяси құлдырау байқалады. Оның орнына келген Бердібек хан екі жыл билік құрғанда өзінің бүкіл руын, батухандар әулетін жойды және империяны үлкен дағдарысқа әкелді. Оның өлімінен кейін Алтын Орданы атақты әмір Мамай басқарды. Ол Бердібектің қызына үйленген болатын. Іс жүзінде Алтын Орданың билеуші болса да, ол Шыңғыс әулетінен хандарды тағайындады. 1360 жылдар аралығында 14 хан ауысты. Ірі әмірлер арасында жер-ел үшін толассыз тартыстар жүріп жатты. Қазақ эпосы Алтын Орданың құлдырауы Шықғыс тұқымының ру аристократиясымен күрсі нәтижесінде болды дейді. Әсіресе қатты қарсылықты Мамай мен Орыс хан көрсетті. Орыс хан узурпаторды Сарайдан қуып жібереді Едіге мен Тоқтамыс хандардың арасындағы қарама-қайшылық империяның құлдырауына әкеледі.

25. Әбілхайыр мемлекетінің құрылуы және ыдырауы.

15ғ. басында Ертістен Еділге дейінгі жерде көптеген тәуелсіз көшпелі тайпалар жайлады, жалпы оларды өзбек ұлысы деп атады. Қазіргі тарихи деректерге сүйенсек, Дешті-Қыпшақтың шығысын Әбілхайыр мемлекті дейді, яғни Шайбан әулетінің ең атақты өкілдерінің бірінің атымен аталған. Әбілхайыр билігіне дейін Ұлы далада бірнеше тәуелсіз ұлыстар болған, Мұстафа хандардың иеліктері болатын. Дайлет-Шайх-оғлан ұлы Әбілхайыр таққа 1428 жылы Ертіс бойында отырды. Ол елді 40 жыл биледі. Хандықтың территориясы шығысында Оралдан Балқашқа дейін, оңтүстігінд Сырдарияның төменгі ағысының Арал теңізіне дейін, ал солтүстікте Тобыл мен Ертістің орта ағысына дейін созылып жатты.

Әбілхайыр хандығы орталықтанған мемлекет бола алған жоқ, ол бірнеше этносаяси және этнотерриториялдық бөліктерге бөлінді. Әбілхайыр билігі тайпааралық жіктердің, талас-тартыстардың кезі болды. 30-жылдары ол Тобылда Шайбанилық Махмұд-қожа ханды, Сырдария маңында Жошы ұрпағы Махмұд хан мен Ахмед ханды талқандады, Орда-Базарды жаулап алды. 1446 жылы Әбілхайыр Атбасар өзенінің жағасында Мұстафа ханды талқандайды. Оған қарсылық көрсеткендер Жошы ұрпағы Ибақ хан мен Бүреке-сұлтан және Орыс ханның шөберелері Керей мен Жәнібек сыртқа қашты. Әбілхайыр жаулап алушылық жорықтарын Орта Азияда, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында да жүргізген. 1430ж. Ол аз жуақытта Хорезмді жаулап алып, Үргенішті талқандайды. 1446ж. Хан Әбілхайыр Тмір ұрпақтарынан Сырдария бойындағы және Қаратау беткеәлеріндегі Сығанақ, Созақ, Ақ-қорған, Үзгент, Аркөк сияқты қалаларды тартып алады. Бұл қалалар оның ең жақын табақтастарына немесе көбінесе маңғыт руынан шыққандарға берілді. Сығанақ хандықтың астанасы болды. 50-ші жылдары хан Әбілхайыр Самарқанд пен Бұхараға жаулап алушылық жорықтарын жүргізді. 1457 жылы Әбілхайыр Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанға басып кіре бастаған ойраттардан Сығанақ түбінде ойсырай жеңілді. 50-ші жылдар мен 60-шы жылдардың басында Жәнібек пен Керей сұлтандар Моғолстанның батысына көшіп кеткендінтен, Әбілхайыр хан 1468 жылы қарсы жорық ұйымдастырды, бірақ жолда мерт болды. Әбілхайыр өлгеннен кейін Ұлы далада Шайбан тұқымының билігі құлады. Далалық өлкедегі Ақкөл-Жайылма сияқты хан ордалары құлазып бос қалды. 14-15 ғасырларда Әбілхайыр хандығына кірген тайпалар ортақ өзбек деген атпен әйгілі болды. Олар: қыпшақтар, наймандар, маңғыттар, қарлұқтар, қоңыраттар, қаңлылар, үйсіндер, ұйғырлар және т.б. (барлығы 92 тайпа). Бұлар негізінен шығу тегі жағынан көбінесе қыпшақ және өзге де түркі тайпалары-қаңлы, үйсін, қарлұқ сияқты Дешті-Қыпшақтың және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның ертеортағасырлық тұрғындарының ұрпақтары, сондай-ақ баяғыда-ақ түркіленіп кеткен моңғолдар еді. Аталып кеткен тайпалар мен тайпалық бірлестіктер экономикалық даму деңгейі, қоғамдық қатынастары, мәдениеті жағынан өзара жақын болатын.

Соседние файлы в папке shpory