
- •1.Әлеуметтік стратификацияның тарихи типтері
- •2 2.Әлеуметтік нормалар – ол
- •3.3Әлеуметтену – ол
- •4.Әлеуметтік аномия – ол
- •6.О.Конт және г.Спенсер әлеуметтануы
- •7.Әлеуметтік мәртебе – ол
- •8.Экперимент әлеуметтанулық зерттеудің әдісі ретінде
- •9. Әлеуметтік рөл – ол
- •10.Әлеуметтанудың функциялары
- •11.Конт әлеуметтануындағы қоғамның даму факторлары – ол
- •12.Адам, индивид, тұлға ұғымдарының арақатынасы
- •13.Әлеуметтік құндылықтар – ол
- •14.Тұлғаның әлеуметтенунің негізгі стадияларының сипаттары
- •15. О. Конттың қоғам дамуының үш стадиясы жөніндегі ілім.
- •16. К.Маркс әлеуметтануындағы қоғамның даму факторлары – ол
- •17. Ұжымдық мобилділік – ол
- •18. Әлеуметтік институттар: түсінігі, түрлері.
- •19.Басқару деңгейі бойынша қоғамның классификация
- •20. Д. Белл әлеуметтануындағы қоғамның даму факторлары – ол
- •21. Әлеуметтік контроль - ол
- •22. Сауаланама жүргізу әлеуметтанулық ақпаратты жинаудың әдісі ретінде
- •23. Жаһандандыру және оның салдарлары
- •24. Негізгі және өтпелі мәртебе – ол
- •25. Құрылымдық функционализм теориясын әзірледі
- •26. Индикаторлар – ол
- •27. Моралдік санкциялар – ол
- •28.Сипаты мен технология деңгейі бойынша қоғамның стратификациясы
- •29. Құрылымдық функционализм (т.Парсонс).
- •30.Интервалдық шкала – ол
- •32. Э.Дюркгейм әлеуметтануындағы қоғамның даму факторлары – ол
- •33. Әлеуметтік санкциялар – ол
- •34. Әлеуметтік конфликтердің негізгі түрлері.
- •35. Әлеуметтану қоғам туралы ғылым ретінде. Әлеуметтік білім жүйесіндегі әлеуметтанудың орны.
- •36. Әлеуметтанулық сұрау: түсінігі, түрлері, әдісі, қолдану саласы.
- •37. Әлеуметтік эволюция – ол
- •38. Социометрия тұлғаралық қатынастың өлшеу әдісі ретінде.
- •39. Өндіріс тәсілі бойынша қоғамның классификациясы.
- •41. Х. Шелдон көзқарасы бойынша девиация байланысты …………….
- •42. Саяси әлеуметтану.
- •43.Әлеуметтік мәртебе: түсінігі, құрылымы
- •44.Іріктеу жиынтығы – ол
- •46. З. Фрейд көзқарасы бойынша девиация байланысты.................
- •47. Тiршiлiк ету құралдарының табуының әдiстерi бойынша қоғамның классификациясы.
- •48. Экономикалық әлеуметтану: түсінігі, қалыптасу уақыты, пәні, зерттеу мәселесі.
- •50. Ч. Ломброзо көзқарасы бойынша девиация байланысты
- •51. Қоғамның әлеуметтік стратификациясы.
- •52. Э. Дюркгейм әлеуметтануы.
- •53. Құрылымдық функционализм (т. Парсонс).
- •54. Әлеуметтік сұрау түрлері (атап өту):
- •55. Әлеуметтік конфликттің алғашқы субъектісі – ол
- •57. Әлеуметтік конфликт: түсінігі, түрлері.
- •59. Отбасы әлееуметтануы:түсінігі, қалыптасу уақыты
- •61. Постиндустриалды қоғамның белгілері
- •72Рөлдік конфликт
- •74. Мәдени – тарихи типтер тұжырымдамаларындағы қоғамның дамуы туралы
- •75. М. Вебер тұжырымдамасында қоғам ұғымы.
- •76. Қоғамның әлеуметтік құрылымы: түсінігі, негізгі элементтері
- •77. Қазақ ағартушыларының әлеуметтік-саяси көзқарастары (Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин)
- •78. Келе біткен мәртебе – ол
- •79.М. Вебер мен г. Зиммел әлеуметтануы
- •80. Тұлға ұғымы
- •82. Т. Парсонс тұжырымдамасындағы қоғам ұғымы
- •83.Тұлғаның ролдер теориясы
- •84.Білім беру әлеуметтануы: түсінігі, қалыптасу уақыты, пәні, зерттеу мәселесі
- •85.К. Маркс тұжырымдамасындағы қоғам ұғымы
- •86.Әлеуметтік құрылым ішіндегі мәртебе иерархиясы аталады......
- •87. Генералды жиынтық (совокупность) – ол
- •88. Әлеуметтену – ол
- •105.Заманауи Қазақстандағы ішкі саяси тұрақтылықтың факторлары (Стратегия «Казахстан-2030»).
- •106.Символикалық интеракционизм (д. Мид).
- •107.Бұқаралық коммуникацияның әлеуметтануы: түсінігі, қалыптасу уақыты,
- •108.Эмпирикалық зерттеулер: түсінігі, құрылымы.
- •118. Әлеуметтік мобильділік – ол
- •119. Ұжымдық мобилділік: түсінігі, себептері, салдарлары.
- •120. Мәдениет әлеуметтануы: түсінігі, қалыптасу уақыты, пәні, зерттеу мәселесі.
- •123. Заманауи қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік процестер.
- •124. П. Сорокин, к. Маркс, р. Дарендорф тұжырымдамаларындағы әлеуметтік конфликт табиғаты.
- •126. Әлеуметтенудің алғашқы және кейінгі агенттеріне жатады………..
- •127. Ч.Кулидің «Сол күйіндегі бейнелеу» теориясы.
- •128. Әлеуметтік рөл және әлеуметтік мінез-құлық моделінің арақатынасы.
- •132. Аз топтардағы өлшемдердiң қатынасының әдiстемесі – ол
- •133.Сорокин, Маркс, Дарендорф тұжырымдамаларындағы әлеуметтік конфликт
- •134.Көлденең мобильділік – ол
- •135.Қоғам типологиясы
- •136.Марксизмдегі тұлға – ол
- •1137.Әлеуметтік рөлдің құрылымы
- •1138.Конфликтология (Дарендорф)
- •139.Келе біткен мәртебе
- •1140.Қоғамның дамуы туралы тұжырымдамалар
78. Келе біткен мәртебе – ол
Әлеуметтік мәртебе деп адамның топтағы немесе қоғамдағы позициясын, жағдайын айтады. Әлеуметтік мәртебе индивидтің жан-жақты және сонымен бірге жалпылама сипаттамасын: кәсібін, біліктілігін, атқаратын жұмысының сипатын, лауазымын, материалдық жағдайын, саяси ықпалын, іскерлік байланыстарын, ұлтын, дінін, жасын, отбасылық жағдайын, туыстық байланыстарын және т.б. қамтиды.
Әлеуметтік мәртебе
Туа біткен мәртебе Келе біткен мәртебе
білімі
кәсібі
атқаратын қызметі
табыс деңгейі
Келе біткен мәртебе - адамның өзінің күш жұмсауымен анықталады (мысалы, жазушы, генерал, студент, директор және т.с.с.)
79.М. Вебер мен г. Зиммел әлеуметтануы
Вебердің әлеуметтануы. ебердің пікірінше, социологияның негізгі мақсаты – әлуметтік әрекеттерді оның себептері арқ. түсіндіру болып табылады. Вебердің түсінігінде, әлеуметтік әрекет – ол адамның өз ісіне өзі мән беру арқ. жасалатын және ол іске асырылған жағдайда оған басқа адамдардың әрекеті немесе мінез-құлқы арқ. жауап қайтару мүмкіндігі ескерілетін іс-қимыл. Мәселен, адамның ойланбай істеген әрекеті немесе кенеттен болған жағдайлар Вебердің пікірінше, әлеуметтік әрекетке жатпайды. Сондай-ақ, адамның іс-әрекетіне басқаның көңіл аударуы, эмоциясы ескерілмесе, ол да әлеуметтік әрекетке жатпайды. Мысалы, адамның жеке ұйде отырып, намаз оқуы және т.б.
Сондықтан Вебер әлеуметтік әрекетті түсіндіру үшін ең алдымен әрекет субъектінің өз ісіне берген мағынасын анықтау қажет десе, екіншіден әлеуметтік әрекеттің себептік мотивтерін анықтау қажет деп көрсетеді. Вебердің пікірінше, әлеуметтік әрекеттер үлкен әлеуметтік өзгерістерге әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, әлеуметтік әрекеттер институттар мен топтардың іс-әрекет сипатына ықпал етеді.
Вебер әлеуметтік өмірдегі идеяның маңызды ролін жақтай отырып, адамдардың қоғамдық санасын, бүкіл көзқарасын түгелдей қоғамның материалдық немесе экономикалық факторлары анықтайды дейтін пікірге қарсы болды.оның пікірінше, діни көзқарастар арқ. да қоғамның экономикалық жүйесін өзгертуге болады.
М.Вебер харизматикалық басшылық тұғырнамасын ұсынды (харизма гр.
Құдай берген қасиет), жеке құлшылық ету және сенiмдiлiк арттыру мен байланысты
Қарапайымнан тыс қасиеттiн авторитетiне негiзделгiн, ол бар блған адамда
басқарушылыққа, билеушiлiкке беймделген дегендi бiлдiредi (батылдық, ашық, қайсар
болу), және ол адамды билiкке әкеледi, мысалы: рухани өмiрде пайғамбар немесе
политика саласында саясатшылар сияқты.
Зиммельдің әлеуметтануы
Әлеуметтік шиелініс” (социология конфликта) деген терминді алғаш рет ғылыми айналымға енгізген неміс ғалымы Г.Зиммель болды. Г.Зиммель шиеліністі қоғам өмірінің қалыпты және маңызды формасы ретінде қарастырған.
Адамзат қоғамының тарихына көз жүгіртсек, көне заманнан бастап бүгінгі күнге дейін қоғам дамуының барлық сатыларында әлеуметтік шиеліністердің орын ағандығын байқауға болады. Біздің тілімізде “шиелініс” деп аталып жүрген бұл құбылыс латын тіліндегі confliktus-қақтығыс деген ұғымды білдіреді.
Шиеліністі, даулы жағдайды көпшілік қолдамайды,, тіпті одан іргелерін аулақ салуды көздейді. Алайда, күнделікті өмірде адамдар кейде өздерінің еркінен тыс осындай жағдайларға душар болып жатады.
Шиелініс жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау, өзара әрекеттесу процесінде туындайды.
Қазіргі кезде, әсіресе, біздің қоғамымызда әлеуметтік шиеліністер жиі орын алып отыр. Еліміздің нарық қатынастарына көшу барысында қоғам өмірінің бар саласында қайшылықтар бұрын-сңды болып көрмеген шиеліністі жағдайға ұласуы жиі ұшырасып отырды. Міне, сол себептен әлеуметтік шиеліністерді оқып-үйренудің теориялық және қолданбалық маңызы бар. Болашақ мамандар шиелініске жағдайларға басшылық ете білуі, оны дұрыс шешу жолдарын табуы, сол сияқты шиеліністің алдын алу шаралары туралы біліммен қарулануы қажет.
Шиеліністер барлық қоғамдық ғылымдарға қарастырылады. Бұл құбылыстың жалпы ғылыми тұжырымдамалары ең алғаш рет әлеуметтану ғылымында қалыптасты.
Г.Зиммельдің бұл бағыттағы ғалыми көзқарастарын 20 ғ. 20-жыллдары Чикаго мектебінің көрнекті өкілдері Роберт Парк, Эрнст Бэрджесс және Альбион Смолл қолдады. Олар “әлеуметтік өзара ықпалдасу теориясын” негіздеді. Бұл теория бойынша шиелініс еркін бәсеке, бейімделу, ассимиляция, әлеуметтік өзара ықпалдасудың түрлері ретінде қарастырылған.
Әлеуметтану шиелінісі әлеуметтану ғылымының құрамында өзалдына жеке бағыт ретінде 20 ғ. 50- жылдарында қалыптасты. Әлеуметтікшиеліністердің жан-жақты зерттеген конфилктологияныі классиктері Р.Дарендорф (Германия), Л.Козер (АҚШ) және К.Боулдинг (АҚШ) деген ғалымдар болды. Олар өздерінің еңбектерінде шиеліністердің барлық қоғамдық жүйелерге тән жалпылама себептерін ашып көрсетуге ұмтылыс жасап, шиелініс процестерін реттеу және шешудің жолдарын көрсетті.
Әлеуметтік шиеліністер мәселесі бүгінгі таңдағы күрделі, өзекті проблема болып табылады. Бұл мәселе - әлемдік масштабта назар аударылып отырған мәселе. Мәселен, саяси ғылымдардың халықаралық ассоциясының 1997 – жылы Сеулде болған Дүниежұзілік конгресі осы мәселені талқылауға арналған.
Ғылыми әдебиеттерде шиелініс деген ұғымға бірқатар анықтамалар берілген (олардың қазіргі саны 50-ге жуық). Осы анықтамалардың бәрінде дерлік шиелініс ұғымы әлеуметтік қайшылықтар арқылы түсіндіріледі.
Мәселен, Е.М.Бабосов деген автордың анықтамасы бойынша әлеуметтік шиелініс – түрлі әлеуметтік қауымдастықтардың, яғни таптардың, ұлттардың, мемлекеттердің , әлеуметтік топтардың, әлеуметтік институттардың, т.б. арасындағы мүдделерінің, мақсат, даму бағыттарының қарама-қарсылығынан немесе мәнді айырмашылықтарынан шығып асқынған түрі. Әлеуметтік шиелініс шешілуі қажет әлеуметтік проблемаға байланысты нақты әлеуметтік жағдайда қалыптасады. Оның белгілі бір себептері, қозғаушы күштері ( таптар, ұлттар, әлеуметтік топтар, жеке адамдар, т.б.) болады. Сонымен бірге шиелініс ұзаққа созылуымен, қайшылықтың өткірлік дәрежесімен, атқаратын қызметімен сипатталады.
Әрине, бұл берілген анықтама әлеуметтік шиелініс ұғымын толық ашып көрсетпегенімен, оның мәнін түсінуге мүмкіндік береді.
Келтірілген анықтамаға сүйене отырып, әлеуметтік шиеліністің қажетті құрылымдық элементтерін қарастырайық.
Шиелініс болуы үшін оның барлық алғышарттары пісіп-жетілуі қажет. Бұл қоғамдық құбылысты өзара байланыста болатын мәнді элементтер құрайды. Яғни, әлеуметтік шиеліністерді өзара тығыз байланыста болатын элементтер тұратын күрделі, тұтас процесс ретінде қарастыру қажет. Шиеліністі құрайтын элементтерге келсек. Олар төмендегідей;
шиеліністі жағдай қарама-қарсы жақтардың арасында болады. Олар кем дегенде екіжақ болуы мүмкін. Бұларды шиеліністің субъектілері деп атайды, оларға жекелеген индивидтер, әлеуметтік топтар, әлеуметтік жіктер, саяси партиялар, т.с. жатады.
Сол сияқты шиелініске оның негізгі субъектілерінен басқа да адамдар араласуы әбден мүмкін. Бұлар – екі жақтың қолдаушылары, бітімге келтірушілер, арандатушылар, арашашылар, ақыл-кеңес берушілер немесе тіпті кінәсіз құрбандар даболуы мүмкін. Шиеліністің субъектілерін бұл аталғандардан айыра білген жөн. Шиеліністі жағдайда субъектілердің әлеуметтік және психологиялық сипаттамалары басты рөл атқарады. Әлеуметтік сипаттамасы деп отырғанымыз, олардың әлеуметтік жағдайлары, қызмет жағдайлары, атқаратын кәсіптері, беделдері, т.б.
Ал, психологиялық сипаттамасы дегеніміз, жекелеген адамдардың мінез-құлықтарындағы ерекшеліктері. Мәселен, өмірде басқа адамдармен келісімге келебермейтін, бар мәселелерді ұрыс-таласпен шешуді қалайтын “қиын” мінезді адамдардың болатыны белгілі. Мұндай адамдар шиеліністің басталуына, оның барысы мен нәтижесіне елеулі ықпал ететіндері сөзсіз.
Шиелініс орын алу үшін қарама-қарсы жақтардың арасындағы қайшылық шегінен шығып, асқынуы қажет. Ал, қайшылық екі жақтың мүдделері мен мақсаттарының айырмашылығынан немесе қарама-қарсылығынан туындайды. Қоғамдағы жекеадамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың мүдделері бір-бірімен қабыса бермейді. Шиеліністі жағдайды көбінесе мүдделердің қақтығысуы ретінде түсіну керек. Американдық авторлар Р.Фишер мен У.Юри шиелініс дұрыс шешімін табуы үшін, ең алдымен екі жақты субъектілер мақсат, мүдделерінің қарама-қарсылығын айқын сезінеді.
Екі жақтың арасындағы қарама-қайшылық асқынып, субъектілер тікелей іс-әрекетке көшкен кезде шиеліністің қақтығысу кезеңі басталады. Яғни, екі жақ та бірдей іс-әрекетіне тойтарыс беруге тырысып, барынша батыл қимыл жасайды, өз мақсатына жетуге тырысады.
Шиеліністің барысына әлеуметтік орта даелеулі ықпал етеді. Қоғамның жалпы даму дәрежесі, нақты сол кездегі орын алып отырған экономикалық жағдай, коғамдағы дәстүр, ұлттық, демографиялық айырмашылықтар шиеліністі жағдайда елеулі рөл атқарады. Бұл жағдайлар шиеліністің нәтижесіне де әсерін тигізбей қоймайды.
(вебер туралы жасыл кітапта)