Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
христианды.docx
Скачиваний:
121
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
36.4 Кб
Скачать

Протестанттық

Протестантизм – (лат. Рrotestants – қарсы келуші, келіспейтін деген мағына) христиан­­дықтағы үшінші бағыт, Протестантизм католицизммен күресте оның маңызды түсініктері мен болжамдарын қабылдамау негізінде құрылды.

Маңызды протестанттық догмат ретінде әрбір пенде арадағы ешбір делдалсыз жеке сенім негізінде құтқаруға ие болумен және мәңгі өмірде тазаруға бағытталған бұл жол дін қыз­меткерлерін қарапайым қауымнан бөлуді алып тастады. Протестанттық ағымның немесе дін жолындағы төңкерістің көсемі Эрфуттағы Аугустин орденінің священнигі Мартин Лютер болды. 1517 жылдың 18 қазанында папа Лев X «Әу­лие Петр храмын салуға және христиан әлемін құтқаруға көмек беруге» шақырып, сол үшін ол адамды күнәдан арылтып, құдай алдында күнәсіз етемін деп индульгенцияның сатылатынын мәлім­деген булла жариялайды. Лютер бұл булланы қатты сынға алып, 95 тезистен тұратын қар­сылықты Бранденбург епископына және Майн архиепископына жолдайды. Бұл жайында лезде тарап кеткен әңгіме Лютерді 1519 жылы сотқа шақырттырады. Папаның шешімімен Лютер шір­кеуден (анафема) аласталады. Ол болса көпші­лікке жария түрде Виттенберг университетінің ауласында Папаның оны шіркеуден аластаған булласын өртеп, Рим Папасының дінді бұзған әрекеттерімен күрес барша неміс халқының ісі екенін жариялайды. Бірақ Мартин Лютер өз елінің билігінен қолдау таппайды. Папаны қол­даған император Карлдан ыққан Лютер Фридрих Саксонс­кидің Вартбург қамалына тығылып, сол жерде Інжілді латын тілінен немісшеге аударады. Мұны­мен қоса, 42 жастағы Лютер 1525 жылы бұрынғы монахиня Катарина фон Бормен неке­леседі. Осының барлығы шын мәнінде католик дініне қатты қарсылық болатын. Аяғы Лютер ұстанған жолды дұрыс деп қабылдағандардың протестантизм аталатын ірі діни ағымын тудырды.

Протестанттар өздері бөлінген католиктердің жұмақ пен тозақтан басқа тазартқышын дінінен алып тастайды. Олар үшін құдай алдында дінге өзін бағыштаған дінбасы да, шын құлшылығын жасаған өзге пенде де бірдей. Бастысы – адамдар сенімінің қасиеттілігі және Інжілдің ештеңемен тең келмес құдіреттілігі.

Олар өз ішінде лютерандықтар, баптистер, адвентистер, пресвитериандықтар, методистер, англикандар, цвинглианттар, кальвинистер, квакерлер, евангелие христиандары, анабаптистер және басқалар деп бөлінеді.

Қазақстандағы христиандар

Қазақстанда Православие сенушілер саны бойынша Исламнан кейінгі екінші діни бағыт болып табылады, ол Орыс православие шіркеуінің діни қауымы, сондай-ақ ескі дәстүр қауымдас­тық­тарымен көрініс табады. Еліміздегі правосла­виенің пайда болу тарихы Қазақстанның Ресейге қосылуы салдарынан туындаған бастапқы әскери қоныс­тармен байланысты. 1871 жылы Түркістан епар­хия­сы құрылып, одан қазіргі Алматы, Шымкент және Ташкент епархиялары таралды. 1917 жылғы революцияға дейін православие шіркеуі патшалық Ресейдің мемлекеттік діні болып табылды және осының негізінде өзге діндермен салыстырғанда елеулі артықшылықтарды пайдаланды.

Қазақстан тәуелсіз ел атанғалы 1992 жылы «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы» Заң, 2011 жылы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа Заң қабылданды. Алғашқы асығыс қа­был­данған заң қазақ жеріне миссионерлерді ағылт­қаны аян. Соның әсерінен, кейбір деректер бойынша, 1989 жылы 30 конфессияға тиесілі 700-ге жуық діни бірлестік болса, 2008 жылы Қазақстанда 46 конфес­сияға тиесілі 4000-нан аса діни бірлестік жұмыс істе­ген. Ал қазіргі таңда Қазақстанда 4551 діни бірлестік бар делініп отыр (салыстыра кетсек: 1990-жылдары олардың саны небәрі 670 болатын).

Жалпы, христиандық жер жүзінде кеңінен тараған ықпалды діни бағыт болып табылады.