
Айша-бибі кесенесі
Тараз қаласынан 18 км қашықтықта – Айша-бибі мазары орналасқан. (XI- XIIғғ.) Қазіргі кезде ол кесене ЮНЕСКО қатарына алынған. Мазар сырты ерекше қапталған, оны тек Бұхарадағы Исмаил Самани мазарымен ғана салыстыруға болады. Айша – бибі кесенесі Орталық Азиядағы плита түрінде қапталған оюға толы толығымен кесілген терракотамен безендірілген. Кесене безендіруінде бай және әр түрлі геометриялық фигураларымен апталған. Тізбектер терракотамен қапталған жіңішке суреттермен қазақ оюлармен безендірілген. Айша-бибі кесенесі көне орталық-азия түріктер халқының ою-өрнектерінің бай мұражай-сақтаулылардың байлығы болып келеді. Қазіргі кезде бұл ескерткіштерден батыс қабырғасы, ал қалған қабырғалардан – аз ғана суреттер қалған. Мазардың бұрыштарының бірінде көне жазба тақпағы сақталып қалған: «Күз...Қара бұлт. Әлем керемет...» Біздің күнге кесененің тек батыс бөлшегі сақталған. Қазір кесене толығымен жаңартылған. Аумақ жақсы орналастырылған. Қараханидтер сәулет ескерткіштері ішінен бұл ескерткіш кереметі болып саналады. 60 түрлі ою-өрнектері бар эпиграфикалық белдеумен жасалған. Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша-бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады. Айша әйгілі шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы болып келеді. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған.
12-тақырып. Біздің университет. Ә.С. Сағынов – академик, ғалым. Біздің институт. Етістіктің рай формалары.
БІЗДІҢ УНИВЕРСИТЕТ ҚАРМТУ - БІЛІМ ОРДАСЫ
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (ҚарМТУ) Қазақстан Республикасының тарихымен және өмірімен тығыз байланысты жоғары оқу орны.
Университеттің құрылуы Қазақстанның көптеген өнеркәсіп салаларының қарқынды дамуымен, әсіресе көмір өнеркәсібі мен байланысты.
1953 жылы күзде Қарағанды қаласында тау-кен институты ашылды. ҚарМТУ ректоры болған адамдар: Нұрмұхамедов Юнас Қадырұлы, Сағынов Әбілқас Сағынұлы (1955-1987 ж.ж.),
Лазуткин Александр Григорьевич, Пивень Генадий Григорьевич (1994-2008 ж.ж.). ҚарМТУ-дың қазіргі ректоры Ғазалиев Арыстан Мәуленұлы – профессор, химия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі.
Университетте 9 институт және 34 кафедра бар. Сонымен қоса Астана, Балқаш қалаларында университеттің филиалдары бар.
Дарынды балалар оқитын «Мұрагер» мектебі жұмыс істейді.
1996 жылдан бастап техникалық лицей, бизнес және ақпараттық технологиялар колледжі жұмыс істейді.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті –инженер кадрларды даярлайтын Қазақстан мен ТМД-дағы ірі жоғары оқу орындарының бірі.
Университетте әскери кафедра, Республикадағы ең ірі кітапхана бар. ҚарМТУ 1976 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен, 2005 жылы Швейцарияның Женева қаласында алтын медальмен марапатталды.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді түсініп оқыңыз.
2. Жаңа сөздерді аударыңыз.
3. Мәтінге қатысты сөз тіркестерін жазыңыз.
4. Мәтінді аударыңыз, мазмұндаңыз.
5. Мәтін бойынша жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құрастырыңыз.
Ә.С. САҒЫНОВ – АКАДЕМИК, ҒАЛЫМ
Әбілқас Сағынұлы Сағынов 1915 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауылында туған. 1939 жылы Днепропетровск тау-кен институтын "Пайдалы кен орындарын қазу" мамандығы бойынша оқып, үздік бітіріп шығады.
Институтты бітірген соң, 1948 жылға дейін Қарағанды көмір бассейнінің шахталарында учаске бастығы, шахты директоры, техника бөлімінің көмір тресінің басшысы болды. 1948 жылдан 1951 жылға дейін басқарма бастығы, "Қарағанды көмір тілігі" тресінің бас инженері қызметтерін атқарды.
Сағынов Әбілқас Сағынұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы. Социалистік Еңбек Ері, Қарағанды тау-кен институтының (1953-1958 ж.ж.) ректоры, Қарағанды политехникалық институтының ректоры(1958-1987 ж.ж.) болды.
1955 жылы Ә.С.Сағынов 1958 жылы политехникалық болып ұйымдастырылған Қарағанды тау-кен институтының ректоры болып тағайындалды. Оның басшылығымен институт Қазақстанның өнеркәсіптік аймақтары үшін мамандар даярлайтын жоғарғы категориядағы Жоғарғы Оқу орнына айналды.
Оқу, ғылым саласындағы жоғарғы нәтижелері үшін Қарағанды политехникалық институты Жоғарғы үкіметтік наградаларға ие болды. 1976 жылы Еңбек Қызыл Ту Ордені, 1972 жылы Мерейтойлық Құрмет белгісі, Қазақстан Республикасы Алтын Құрмет кітабына екі рет жазылған, Ауыспалы Қызыл Ту Орденімен тоғыз рет және бірнеше Құрмет Грамоталарымен марапатталған.
Қазақстан Республикасы халық шаруашылығын, Жоғарғы білім беруді дамытудағы, білікті мамандар даярлаудағы еңбектері үшін Ә.С.Сағыновқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ә.С.Сағынов Мемлекеттік сыйлықтардың екі мәрте лауреаты, екі рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен, Халықтар достығы орденімен, медальдармен, грамоталармен марапатталған.
Біздің Республикамыздың жетекші ғалымы болғандықтан, Ә.С.Сағынов Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының толық мүшесі болып сайланды.
Ә.С.Сағынов - 200 ғылыми мақаланың, 18 монографияның авторы.
Ә.С.Сағынов 2006 жылы қыркүйек айында қайтыс болды.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқыңыз, қысқаша мазмұнын айтыңыз.
2. Мәтінге сұрақ қойып, сұраққа жауап беріңіз.
3. Бос орындарды толтырыңыз.
4. Ә.С.Сағынов атындағы көрме туралы айтып беріңіз.
5. Мына сөздерге жіктік жалғауларын жалғап, жіктеңіз. доктор, бастық, ғалым.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:
Ә.С.Сағыновтың өмірі мен шығармашылығы. Реферат.
Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орны туралы баяндама жасаңыз.
13-тақырып. Қоғам және жастар. Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда. Сын есім. Сапалық сын есім, қатыстық сын есім.