Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
050709 Спецкурс по инф- каз.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
406.53 Кб
Скачать

Сдж арналған бақылау тапсырмалары

1. АЖЖ қызметі персоналының функционалдық міндеттерін баяндау.

2. Механизмнің құрылымдық декомпозициясын жасау.

3-тақырып АЖЖ-нің техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етілуі.

Дәрістер жоспары

1. АЖЖ-нің техникалық қамтамасыздандырудың құралдары, оларға қойылатын талаптары, құрамы мен үйымдастыру нобайлары.

2. АЖЖ-нің үйымдастыру құрылысы. Автоматтандылылған жұмыс орындары (АЖО, орысша АРМ) мен АЖЖ-нің техникалық құралдар кешендері.

3. Көп деңгейлі АЖЖ.

4. АЖЖ-нің базалық және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыруы, оның құрамы мен қолдану тәртіптері. Арнайы бағдарламалық қамтамасыз етілуі.

Техникалық қамтамасыздандыруы (ТК, орысша – ТО)

Техникалық қамтамасыздандыруы дегеніміз – бұл АЖЖ жұмыс істеу үшін арналған өз ара байланысқан және өз ара әрекеттесетін техникалық құралдардың жиынтығы.

Техникалық құралдардың кешендері (АЖЖ ТКК, орысша – КТС САПР) сериялық немесе арнулы техникалық құралдар негізінде құрастырыла алады. АЖЖ ТКК қойылатын талаптар жүйелік, функционалдық, техникалық, үйымдастырушылық және пайдаланушылық болып ажырайды.

Жүйелік талаптар: тиімділік, әмбебаптылық, қосылушулық, иілімділік пен ашықтық, сенімділік, дәлдік, қорғаушылық, жеткілікті көп пайдаланушылардың бірмезгіл істеу мүмкіншілігі, үнемділік.

Әмбебаптылық – берілген салада есептердің жеткілікті кең мөлшерін қайта жөнге келтірусіз шешу мүмкіншілігі.

Қосылушулық – кешенге енетін құралдар техникалық, бағдарламалық, ақпараттық т.б. тіркесушілікке ие болу керек.

Иілімділік пен ашықтық – техникалық құралдар құрылымы жүйені қайта құруға, түрлендіруге, мүмкіншіліктерін көбейтуге мүмкіндік беру қажет.

Функционалдық талаптар – бұл құралдардың техникалық мүмкіншіліктерін анықтайтын талаптар жинағы: математикалық үлгілердің күрделілігі; шешімдер қітапханасын іске асырушылығы; архивтер жасау; дерек базалары; деректер іздеу жүйелері; графикалық мүмкіншіліктері; жобалау шешімдерін (жобалау нәтижелерін) құжаттау тәсілдері; ТП АБЖде (орысша – АСУ ТП) технологиялық құрал-жабдығымен байланысы.

Техникалық талаптар: өнімділігі (тез әрекеттестігі); шешу (разрешающая) қабілеті; жаттау құрылғыларының (оперативтік, тұрақты, сыртқы) сыйымдылығы; ақпарат тасушыларының түрлері; элементтер біріктіру үшін интерфейс түрлері.

Ұйымдастырушылық және пайдаланушылық талаптар: эргономика; персонал кәуіпсіздігі (электр, өрт, гигиеналық); жөндеуге жарамдығы.

ТК құрамы:

1. Бағдарламалық-есептеуіш құралдар (бағдарламалық-техникалық кешендер – БТК, орысша ПТК) немесе деректі бағдарламалық өңдеудің техникалық құралдар:

– АЖЖ-нің бір деңгейлі құрылысы үшін – жергілікті жүйеге қосылған немесе тәуелсіз дербес компьютерлер (РС);

– екі және үш деңгейлі құрылысы үшін – жүйеге біріктірілген орталық есептеуіш кешен (ОЕК, орысша – ЦВК) әлде жұмыс станциясы (Work Station - WS) және пайдаланушылар терминалдары (РС).

2. Дерек дайындау мен еңгізу, нәтижелерді бейнелеу және құжаттау техникалық құралдар тобы, басқа атауы – перифериялық құрылғылар.

Еңгізу құрылғылары: клавиатура, тышқан, жарық қаламы, магнитті жинақтағыштар мен лазерлі дисктердің диск жүргізушілері. Бұдан басқа, акпарат кодтау құрылғылары, перфотасушылармен және микрофишамен еңгізу, digitizer (орысша – цифрователь) – суреттерді, сызбаларды, графиктерді сандық түрге өзгертетін құрылғылар.

Визуал бейнелеу құрылғысы – дисплей.

Дерек шығаратын (құжаттайтын) құрылғылар: басатын – принтерлер, графоқұраушылар (плоттерлер), фототеруші, магнитті тасушылар немесе лазерлі дисктерге түсіретін т.б.

Плоттерлер кескін түсіру әдісі бойынша рулонды (барабанды) және планшетті болып бөлінеді. Екіншілер қатты зат (пластик, металл, фанер) парақтарында кескін алуға ыңғайлы, мысалы, шаблондарды. Планшетті плоттерлер дамуы граверлеуіш плоттерлер.

3. Дерек беру құралдары – АЖЖ компоненттері арасындағы байланыс құрылғылары:

– дерек беру аппаратурасы: модемдер, өзгерткіштер, шифратор мен дешифраторлар;

– қателердең сақтайтын құрылғылар, жүйеге біріктіретін аппаратура.

4. Архивтың, дерек базалары мен банктерінің техникалық құралдары.

Анықтамалық (оның арасында – нормативті-техникалық) дерек пен орындалған жобалар жайлы мәліметті жинақтау, сақтау, бақылау, қалпына келтіру және көбейту.

АЖЖ ТК-ның стандартты бірлігі – автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО, орысша – АРМ). Бір жұмыс орнында АЖЖ ТК-ның барлық негізгі компоненттері жиналады. Бір АЖО базасының негізінде АЖЖ (бір деңгейлі) не оның подсистемасы жұмыс істей алады.

АЖО АЖЖ-нің жалпы жүйелік, базалық немесе қолданбалы есептер орындауды қамтамасыз ететін және деректі дайындау, еңгізу, бейнелеу, құжаттау үшін тиісті құралдары бар ДЭЕМ негізіндегі бағдарламалық-техникалық кешен болып табылады.

Жалпы алғанда, АЖО бір пайдаланушылық тәртіппен немесе көп пайдаланушылық мульти бағдарламалық (бірнеше есеп қатар шешу) тәртіппен жұмыс істейтін жүйе түрінде құрылады. АЖО-ға жататын терминалдар құрамы шешілетін есептерге байланысты әртүрлі болуы мүмкін, сондай-ақ техникалық құралдар дамуы және олар мүмкіншіліктері кеңеюіне қарай өзгереді. АЖО автоном (жеке, тәуелсіз) істей алады немесе жергілікті есептеуіш жүйеге қосылады. Тағайындалуына қарай мәселелі-бағытталған және объектті-бағытталған АЖО түрлерін ажырайды.

АЖЖ-нің орталық есептеуіш кешендері.

Орталық есептеуіш кешен АРМ жинағын жобалаудың және бірыңғай жалпы жүйелік ақпарат сақтау мен көрсетудің бірыңғай процесіне біріктіруге, сонддай-ақ жеке АРМ есептеуіш қуаттарын толтыруға арналады.

Жобалау объектерінің күрделілігіне және территориалық таралуына байланысты АЖЖ-ні жергілікті есептеуіш жүйелер негізінде әлде жалпы есептеуіш жүйе қолданып құрастыру мүмкін.

Жалпы (глобал) есептеуіш жүйе егер АЖЖ пайдаланушылары (үйымдар не жеке орындауыштар) бір бірінен үлкен ара қашықтықта болса қарастырылады.

Жергілікті тор негізіндегі орталық есептеуіш кешен қатты таралмаған (қағида бойынша, бір ұйым үшін) жасалады. Дағдығыдай, жергілікті есептеуіш жүйе ЭЕМ, АРМ және абонент терминалдардан тұрады; оның құрылысы тікелей қосылысты (шина) немесе тұзақ сияқты (сақина).

АЖЖ-нің бағдарламалық қамтамасыздандырылуы (БК) автоматтандырылған жобалауды орындауға арналған керекті бағдарламалық құжаттармен бағдарламалар жиынтығы болып табылыды. АЖЖ БК-ның құрамына жататындар:

– есептеуіш техника құралдарының базалық бағдарламалық қамтамасыздандыруы;

– АЖЖ-нің базалық жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыруы;

– арнайы қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыруы.

Есеп техникасының базалық БК деп операциялық жүйелерін (орысша – ОС), бағдарламалау жүйелерін және жалпы тағайындалуы сервисті бағдарламаларды (MS DOS, Norton-Commander, Windows т.б.) айтады.

Базалық жалпы жүйелік БК – ең жалпы АЖЖ-ні іске асыратын сала аралық қолданбалы бағдарламалар. Ол қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандырудың негізі болу мүмкін.

Қолданбалы БК жабалау қатысушылармен тікелей пайдаланылатын бағдарламалар (пайдаланушылар бағдарламалары).

Стандарттық (инвариантті) бағдарламалар – кең қолданбалы сала аралық бағдарламалар. Базалық жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыруы ретінде болу мүмкін, мысалы, Autodesk Incorporated фирмасының AutoCAD бағдарламасы. Қағида бойынша, мұндай бағдарламалар бағдарламалық өнімдер жасау саласында істейтін ірі фирмалармен дайындалады.

Арнайы БК есептердің белгіленген тар мөлшерін шешуге арналады. Мәселелі бағыттылған және объектті бағыттылған болып бөлінеді. Қолданбалы бағдарламалардың пакеттері (орысша – ППП) – АЖЖ-нің жеке подсистемаларын дайындау үшін бағдарламалаушылармен пайдалана алатын бағдарламалар жинақтары (кітапханалары).

Арнайы бағдарламалар мысалдары: құйма жасау технологиялық процесі көрсеткіштерін есептейтін Novocast, серіппелер жобалайтын жүйе – КОМПАС-Spring т.с.с.

Пайдаланушының ДЭЕМ-мен өзара әрекеттесу тәртіптері:

1. Пакеттік тәртіп – бағдарлама жазу, (дерек) енгізу, өңдеу (шешу), нәтиже шығару (есепті толық шешу).

2. Сұхбаттық (диалогтық) тәртіп – бағдарламалар (фрагменттер) пакеті, деректер бөлек-бөлек енгізіледі, әрбір шешімнен кейін – шығару – баға беру және жаңадан енгізу; шешімнің соңында – нәтижелерді жалпы шығару.

3. Графикалық интерактивті тәртіп.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 2, 3, 14, 15].