Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
050709 Спецкурс по инф- каз.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
406.53 Кб
Скачать

Сдж арналған бақылау тапсырмалары

1. Бұйымның өмір циклін баяндау.

2. Жобалау процедурасының алгоритмін құрастыру.

3. Жобалау кезінде иерархиялылығының мысалын беру.

4. Бұйымдар жобалаудың әдістемелік баяндауларын құру.

2-тақырып АЖЖ құрылысы мен құрастырудың негізгі принциптері. АЖЖ әдістемелік және үйымдастырулық қамтамасыз етілуі.

Дәрістер жоспары

1. АЖЖ құру мақсаттары және құрастырудың негізгі принциптері.

2. Қабылданған шешімдер процесін автоматтандыру принциптері. Автоматтандырылған жобалаудың жалпы қорытылған алгоритмі.

3. АЖЖ-нің қамтамасыздандырулар. АЖЖ-нің құрылымдық құраушылары, олардың әрекеттесуі.

АЖЖ-лерін МЕСТ 23501.108-85 тиісті мынадай белгілері арқылы топтастырады: жобалау объектінің ерекшеліктері; мүмкіншіліктері; техникалық негізінің өзгешеліктері.

Жобалау объектінің типі бойынша: машина жасау бұйымдарын АЖЖ; аспап жасау бұйымдарын АЖЖ; машина жасау мен аспап жасаудағы технологиялық процестерін (ТП) АЖЖ; құрылыс объекттері мен құрылыстағы ТП АЖЖ; бағдарламалық бұйымдарын АЖЖ; үйымдастыру жұйелерін АЖЖ.

Жобалау объектінің күрделігі бойынша: 1. қарапайым объекттердің АЖЖ – элементтер (құраушы бөліктер) саны 100 дейін; 2. орташа күрделі (100-1000 элемент); 3. күрделі (1000-10 000); 4. өте күрделі (10 000-1000 000); 5. күрделігі өте жоғары (1 млн. бірліктен астам).

Шығарылатын құжаттар мөлшеріне қарай: кіші өнімді АЖЖ; орташа өнімді АЖЖ; жоғары өнімді АЖЖ.

Техникалық қамтамасыздандырудың құрылысындағы деңгейлер саны арқылы: бір деңгейлі АЖЖ – дербес пайдаланушылар компьютерлерінің АЖО базасында; екі деңгейлі АЖЖ – жергілікті жүйеге біріктірілген АЖО базасында; үш деңгейлі АЖЖ – технологиялық дайындаудың автоматтандырылған жүйесіне (АСТП) қосыла алатын арнаулы шекті құралдармен фотошаблондар (басылған платалар, схемалар) дайындайтын құрылғымен, сандық басқару жүйелерімен станоктар үшін бағдарламаларды бақылайтын кешендермен жабдықталған жүйе.

АЖЖ құрылысын және жобалау стратегиясын дайындау.

Автоматтандырылған жобалаудың жалпы қорытылған алгоритмі.

Әрекеттегі АЖЖ-нің барлық элементтері өз арада қиын әрекетте болып тұрады. Олардың жалпы қисындысы жобалаудың жалпы қорытылған алгоритмін іске асыруға бағытталады.

Жобалау кезеңдеріндегі дамуы бойынша және жалпы алынған бұл әрекеттердің жинағы автоматтандырылған жобалаудың жалпы қорытылған алгоритмін құрайды. Оның құрамында негізінен (мағынасы мен мазмұны бойынша) жобалаудың жалпы қорытылған алгоритмінің элементтеріне сәйкес келетін азды-көпті типтік операциялар, процедуралар және кезеңдер бар, бірақ іске асыру тәсілі арқылы олар көбінесе автоматтандырылған болып табылады. Бұдан басқа, автоматтандырылған жобалаудың алгоритмінің құрамына АЖЖ тиісті жұмыс істеуге қажетті сервистік және жүйелік (системалық) операциялар мен процедуралар (деректер еңгізу-шығару, ақпарат іздеу, есептер орындау) кіреді.

Сонымен, қамтамасыздандырудың тиісті түрлерімен ұстап тұратын автоматтандырылған және автоматтандырылмаған жобалау операцияларының орынды үйымдастырылған жүйелілігі болып табылады. Жалпы алғанда, ол жобалау процесін адам-машинамен орындауға әкеледі.

Бұл алгоритмнің негізгі звеносы жобалаудың барлық сатыларында әртүрлі толықтығымен қайталанып отыратын автоматтандырылған жобалаудың жалпы қорытылған процедурасы болып табылады. Оның негізгі этаптары (2.1-сурет): даярлама концепциясын қалыптастыру, математикалық үлгілеуді қалыптастыру, жобалау есебін қоюды қалыптастыру, есеп шешуді автоматтандыру құралдары кешенің таңдауды қалыптастыру, жөнге келтіретін есепті дайындау, есепті шешу.

АЖЖ-нің компоненттері немесе қамтамасыздандырулары (функционал құраушылары) – АЖЖ жұмыс істеу үшін қажетті интеллектуалдық және материалдық (техникалық) құралдардың жиынтығы.

Қамтамасыздандыру түрлері: әдістемелік, үйымдастырулық, техникалық (аппаратттық), бағдарламалық, математикалық, ақпараттық, лингвистикалық.

Әдістемелік қамтамасыздандыру – жобалауды автоматтандыратын құралдардың құрамы мен пайдалану ережелері берілген құжаттар, яғни АЖЖ-нің әдістемелік инструкциясы.

Әдістемелік қамтамасыздандыру АЖЖ пайдаланушыларының әрекеттесу тәртібін, шығарылатын құжаттар пішінін, жобалау үйымдағы АЖЖ-нің пайдалануын, қызмет көрсетуін және дамуын үйымдастыруды анықтайды.

АЖЖ-нің құрылымдық құраушылары – қасиеттері мен функциялары бойынша дербес жүйелер ретінде істей алатын подсистемалар. Олар жобалауыш және қызмет көрсетуші болып бөлінеді.

Ірі жобалау ұйымдарының персоналы былай ажырайды:

– жобалау бөлімшесінің персоналы;

– АЖЖ қызметінің персоналы.

Біріншілер жобалау есептер шешу жүрісінде АЖЖ пайдалануымен тікелей қатысады:

– бастапқы дерек кіргізу;

– үлгілер қалыптастыру;

– дерек банкінен ақпарат сұрау;

– есептеу, бағдарламалау;

– шешімдерді келістіру;

– құжаттарды ұйымдастыру (компоновка).

АЖЖ қызметінің персоналы мыналарды қамтамасыз етеді:

– АЖЖ-нің техникалық және бағдарламалық құралдарының жұмысқа қабілеттіліген, олардың жұмысқа дайын болуды, бақылауды (тестілеуді);

– дерек банктері мен типтік шешімдер қітапханаларын (архивтерді) жасау мен қызмет көрсетуді, дерек банктерін сақтауды және қалпына келтіруді;

– бағдарламалық жүйелерді, негізгі және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыруды генерациялауды;

– АЖЖ-нің пайдаланушыларын оқытуды және кенес беруді.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 2, 4, 15].