
- •1 Оқу жұмыс бағдарламасы
- •1.6 Айрықша деректемелер
- •1.7 Тұрақты деректемелер
- •1.8 Пәннің мазмұны
- •1.9 Негізгі әдебиеттер тізімі
- •1.10 Қосымша әдебиеттер тізімі
- •1.11 Студенттердің білімдерін бағалау критерийлері
- •1.12 Саясаты және процедуралары
- •1.13 Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілгендігі
- •2 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •3 Дәрістердің қысқаша жазбасы
- •Сдж арналған бақылау тапсырмалары
- •Сдж арналған бақылау тапсырмалары
- •Сдж арналған бақылау тапсырмалары
- •Сдж арналған бақылау тапсырмалары
- •Дәрістер жоспары
- •Сдж арналған бақылау тапсырмалары
- •Сдж арналған бақылау тапсырмалары
- •Сдж арналған бақылау тапсырмалары
- •5 Студенттің оқытушымен дербес жұмысының тақырыптамалық жоспары
- •6 Межелік бақылау және қорытынды аттестация кезеңінде студенттердің білімдерін бақылауға арналған материалдар
- •6.1 Пән бойынша жазба жұмыстарының тақырыптамасы
- •6.2 Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •6.3 Емтихан билеттері (тестілері)
- •Дұрыс жауаптар кілттері
Сдж арналған бақылау тапсырмалары
1. T-FLEX, CATIA, КОМПАС графикалық жүйелерінің қолдану саласы.
2. КОМПАС жүйесінің техникалық мүмкіншіліктерін талдау.
6-тақырып Өндірісті технологиялық дайындауды және технологиялық процестерді АЖЖ
Дәрістер жоспары
1. Технологиялық жобалау есептерінің құрамы мен мазмұны.
2. Типтік технологиялық процестер негізінде жобалау тәсілдері.
3. Дербес, сериялы және жаппай өндірісті технологиялық дайындайтын АЖЖ-нің өзгешеліктері.
4. Жобалау кезінде автоматтандырылған үлгілеудің, көз алдына түсурудің және талдаудың жүйелері.
Иілімді өндіріс жүйелелері (орысша – ГПС) мен робот техникалық кешендермен (РТК) қатар технологияны және құймаларды автоматтырылған түрде жобалайтын жүйелер инженер әрекетін автоматтандыратын құралдар кешенінде маңызды орын алады, себебі оның күшті құрал-сайманы болып табылады. Олар өндірісті техникалық және технологиялық дайындау жүйелеріне жай қосыла алады.
Технологияны АЖЖ дамуының маңызды бағыты информатиканың әр түрлі құралдарын, ақпарат бейнелеу мүмкіншіліктерін, машиналық графика құралдарын, таралған дерек базаларға және математикалық талдаудың стандартты сервисты бағдарламаларға кіруге рұқсатын т.б. кеңінен қолдануы. Негізгі бағыты – АЖЖ-нің түрлі подсистемалар жұмыс істегенде пайда болған ақпаратты жүйелік қолдануы.
Қазіргі кезде технология ерекшеліктерін айыратын күрделік деңгейі, массасы, қорытпа түрі, өндіріс сериялығы және басқа параметрлері әр алуан бұйымдар үшін пайдалануға ориентирленген технологиялардың АЖЖ-нің көп түрлері құрастырылған және әбден даярланған. Қағида бойынша, АЖЖ дайындаушылары ерекшеленген жобалау-зерттеу фирмаларының ұжымдары, сондай-ақ ірі өнеркәсіптік кәсіп өрындарының технологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің мамандары болып табылады. Нарықта шет ел компаниялардың бағдарламалық өнімдері мен даярламаларының саны де жеткілікті көп.
Алайда өнер кәсіптерде әсіресе егер олар шағын болса ТД АЖЖ тіпті аз пайдаланылады. Осындай жағдайдың ең жиі байқалатын себебі сатып алуға кедергі салатын АЖЖ-нің қымбаттылығы және АЖЖмен жұмыс істеіуге жеткілікті дайын мамандардың жоқ болуы. Сонымен автоматтындырылған жобалауды кәсіп орны технологиялық қызметтерінің іс жүзінің әрекетіне еңгізудің ең мәнді мәселелері тиісті деңгейде пайдаланушыларды дайындау, ТД АЖЖ-ні құрастыру әдістемесі мен оның жұмысы жайлы түсініктерін қалыптастыру, сондай-ақ технологиялық процесті даярлау, жабдықты жобалау және технологиялық құжаттарын құру кезінде бұндай жүйелерінің элементтерімен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеру.
Инженерлік еңбегін тиімді автоматтандыру үш құраушысын – информатиканы, оңтайлы етуді және үлгілеуді – кешенді қолдануда негізделеді. Бұл еңбек өнімділігін және өндірілген өнімнің сапасын елеулі жоғарылатуды қамтамасыз ету керек.
Технологияның АЖЖге қойылатын негізгі талаптар мыналар:
– олар кәсіп орны немесе кәсіп орындары жиынтығының бұйымдары номенклатурасының негізгі бөлігін (90 % дейін, әдетте қарапайым пішінді бұйымдар) қамтитын болу керек; осы өнімдерді конструкторлық-технологиялық белгілер арқылы жіктеп алып пайда болған топтар үшін типтік технологиялық процестерді дайындау мүмкін, олар туралы ақпаратты ақпараттық-іздеуіш жүйелер қызмет көрсететін дерек базаларында жинақтауға болады;
– құрастырылатын АЖЖ типтік бұйымдар үшін де, дербес және ұсақ сериялы өндіріс үшін де оның ішінде күрделілік категориясы жоғары және конструкциялық-технологиялық сипаттамалары кең аралықта өзгере алатын сондықтан олар үшін типтік технологиялық шешімдер қолдануы қиын болып келетін бұйымдар үшін технологиялық процестерді жобалауды қамтамасыз етуге қажет; АЖЖ элементтерін пайдалануы соларды меңгеру шығындарын ең кіші етуге және мерзімін қысқартуға, технология жобалау кезінде қателіктер тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді;
– түгел тиісті технологиялық құжаттарды (жабдық сызбаларын, технологиялық ақпараттың карталарын, операциялық және маршруттық карталарды) автоматты түрде орындауды қоса жобалау автоматтандырудың ең үлкен кешенділігін қамтамасыздандыруға тырысу қажет.
Тәжірибе бойынша, біріктірген соң толық масштабты интегралданған АЖЖ дамуға базасын құрайтын бұрын дайындалған және сыннан өткен модульдер қатары негізінде жүйе құрастыру ең тиімді болып келеді. Осы кезде автоматтындырудың мүмкін жоғары деңгейін қамтамсыз ету мақсатымен жүйенің жеке модульдері бір бірімен жанасатын болу қажет, сонда оның сұхбат тәртіппен істеу мерзімінің үлесі мүмкіншілігінше қысқарады. АЖЖ жасаудың бірінші этапында модульдер жеке есептер шешіп дербес істей алады, интегралданған АЖЖ құрамында олар бірыңғай жүйені құрайды.
Жүйенің модульдердің негізгі жинағы келесі жүйелер модульдерін қосады: ақпаратиық-іздеушінің, типтік жобалаудың, технологиялық есептердің, геометриялық үлгілеудің, құю процестерін автоматты түрде үлгілеудің, құйма сапасын бақылаудың, графикалық және мәтіндік технологиялық құжаттар қалыптастырудың.
Ақпараттық-іздеуші жүйе (АІЖ, орысша ИПС) сақталатын мәліметтер реттелінбеген сонымен өз қалауымен қалыптасқан іздеуіш белгілер жинағы арқылы таңдай алынатын дерек банктерінде графикалық және тексті ақпаратты іздеуге тағайындалады. Бұл жобаланып отырған бөлшек үшін машинаның архивінде ұқсақ бөлшектерді (аналогтарды) табуға және дисплей экранында олардың технологиялық карталары мен жабдықтың тиісті сызбаларын қарап шығуға мүмкіндік береді. Қолайлы аналог бар болғанда оның технологиясын кейінгі редакциялау үшін алуға не басталған вариант ретінде пайдалануға болады. Ақпараттық-іздеуші жүйе жұмыста болып отырған бүкіл бөлшектер үшін жобалау даярламасының күйі туралы ақпаратты білдіре отырып қоса жүйелік диспечер қызметін атқарады.
Ақпараттық-іздеуші жүйенің дамуы көп жыл бойы жинақталған өндірістік тәжірибе мен нормативтік және анықтамауыш ақпаратты жүйеге келтіруге, технологиялық даярламаларды үйлестіруге және сапасын көтеруге мүмкіндік туғызады. Құю технологиясының ақпараттық-іздеуші жүйесіне құйып жасалатын бөлшек сызбасынан алынатын белгілермен қоса жүйе нәтижелелігін арттыратын технологиялық белгілерін қосуы дұрыс. Ақпараттық-іздеуші жүйенің құрылысына технологиялық белгілерін автоматты түрде кодпен жазатын подсистемаларын енгізуі жөн.
Типтік жобалау жүйесі (ТЖЖ, орысша – СТП) машинаның конструкциялық-технологиялық классификаторымен қамтылатын құймалар үшін технология көрсеткіштері мен құйып өндірілетін бөлшек сипаттамалары арасындағы өзара қатынастарын статистикалық үлгілеу негізінде технология жобалауды қамтамасыз етеді. Сол сұрыптауышында бөлшекті табысты тапқан кезде ТЖЖ технологияның типтік нобайын көріп шығуға береді, бөлшек өлшемдерін тексеруді ұйымдастырады және технологиялық архив мағлуматтарында негізделетін технологияның орташа статистикалық параметрлерінің есептеуді орындайды. Есеп нәтижесін басқа есеп процедуралары жәрдемімен табылған деректер негізінде редакциялауға болады.
Технологиялық есептер жұйесі (СЕЖ, орысша СТР) типтік шешімдерге немесе ұқсас бөлшектер үшін деректерге сүйенбей құйма өндіру технология дайындауға керекті есептер кешені мен процедуралар қатарын орындауға мүмкіндік береді. Қолданатын жобалау және есеп процедуралары жинағының құрамы технология дайындау немесе оның элементтерін дәлдеп түзету жөнінде шешілетін есептің мазмұнымен анықталады. Есеп нәтижелері басқа модульдерде қолдану мақсатымен тіркеледі.
Автоматтандырылған үлгілеу жүйесі дайындалған технологияны құю процестерін үлгілеу нәтижесінің графикалық, кесте түріндегі әлде көзбен шолынатын бейнесі арқасында сандық талдау үшін тағайындалады. Үлгілеу жүйелерін жетілдірудің ең маңызды бағыты тәжірибелі жолмен анықталып жалпы қорытылған критикалық параметрлер жүйесі көмегімен технологиялық даярмаларды диагностеуге мүмкіндік беретін құйма қалыптастыру жағдайларын объектив түрде талдайтын құралдарды жасау болып табылады. Істелінетін диагностиканың сапасы қолданатын үлгілердің актуальдылығымен айырылады, оларды нақты өндірістің жағдайларына бейімдендіру мақсатымен сандық үлгілерде жөнге келтіретін көрсеткіштер болу қажет. Үлгілерді өндірістік эксперименталдық бейімдендірудің экономикалық процедураларын белсенді дайындау керек. Ең келісімді мысалдардың бірі – құйма сапасын оперативті сандық болжау үшін пайдаланылатын автоматтандырылған термиялық талдаудың әдістемесі.
Технологиялық құжаттарды қалыптастыру жүйесі мәтінді (технологиялық ақпарат картасы, маршрут картасы т.б.) және графикалық (құю қалыбы элементтері сызбасы, құйма сызбасы, эскиздер картасы т.б.) құжаттар кешенін құруды қамтамасыз етеді. Ол үшін жүйеде берілген өндірісте қолданатын қорытпалар, қоспалар, жабдықтар, топтық технологиялық ағындар, операциялар, тариф жалақысы т.б. туралы дерек банкі құрастырылады.
AutoCAD-тың стандартты графикалық пакеті құралдарымен сызба қалыптастыру үшін оған құю жүйесінің, үстемелердің, тоңазытқыштардың т.с.с. тиісті бейнесін таңдауға мүмкіндік туғызатын параметрленген графикалық және тексті дайындамалар қосылған. Технологияның сандық параметрлері АЖЖ-нің басқа модульдерінен сұралады де құйылған дайындама сызбасына берілген масштабпен автоматты түрде түсіріледі. Сондай-ақ технологиялық құжаттарды қалыптастыру жүйесі шектерінде технологиялық даярмаларды қарап шығу және басқа жүйелер (АІЖ, СЕЖ) жәрдемімен талдау үшін олардың архивтендіруы өткізіледі.
Құру үшін модульдер ретінде бұрын істелінген жүйелер пайдаланылған дайын немесе дайындалып отырған АЖЖ көбісінің құрылысы осы баяндалған құрылысқа сол немесе басқа дәрежеде ұқсас.
Әмбебаптылығынан басқа қазіргі заман АЖЖ екі деңгейлі болуға тиісті. Бұл жағдай қуаты әр түрлі есеп техникасының иілімді қолдануды болжамдайды: бір жағынан технологтартар мен конструкторлар тікелей пайдаланатын дербес компьютерлер (РС), екінші жағынан жұмыс станцияларының есеп қуаты мен бағдарламалық қамтамасыз етілуін.
Функционалдық тағайындалуы (жобалау шешімдерін синтездеу) бойынша бірінші деңгейлі АЖЖ графикалық құжаттарды (жабдық сызбалары мен т.б.), сондай-ақ типтік жобалау болса да, дербес жобалау болса да технологияның негізгі көрсеткіштерін анықтауды қоса тексті құжаттарды (технологиялық ақпарат карталары, технологиялық маршрут карталары) автоматты түрде қалыптастыруға арналған жүйелер құрастырады.
Екінші деңгейлі жүйелер негізін жобалаушыларға қымбат табиғи экспериментсіз және қысқа мерзім арасында технологияны итерациялық жетілдіруге мүмкіншілік беретін автоматтындырылған үлгілеу жүйелері құрайтын болу керек. Бұл әсіресе жекеше әлде шағын сериялық өндіріс жағдайында қымбат қорытпадан пішіні күрделі жауапты және ірі құймалар өндіруді игеру үшін өте маңызды.
Осындай жүйелерге жататындар: AnsysWorkbench, FlowVision, Structur 3D, COSMOS, T-FLEX Анализ, Полигон т.б. Бұлардың және үлгілеудің басқа жүйелердің негізінде шекті элементтер әдісімен не шеткі айырымдар тәсілімен сандық талдауы жатыр.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 2, 3, 4, 15].