Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01.01-2002 каз.doc
Скачиваний:
97
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
2.97 Mб
Скачать

Iргетастарды орналастыру тереңдігі

2.25. Iргетастарды орналастыру тереңдігі тө­мендегілерді ескере отырып қабылдануы қажет:

жобаланып жатқан ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері мен тағайындалуы, олардың іргетас­тарына түсетін жүктемелері мен әсерлері;

жақын жатқан ғимараттар іргетастарының орна­ласу тереңдігі, сондай-ақ инженерлік коммуникация­лардың жүргізілген тереңдігі;

құрылыс жүргізілетін аумақтардың жобалана­тын және алдын болған жер бедері;

құрылыс алаңшасының инженерлік-геологиялық жағдайлары (топырақтардың физика-механикалық қасиеттері, қатпарлану сипаты, жылжуы мүмкін қа­баттардың бар болуы, мүжілу қойындары, карсттық сызықтар және сол сияқтылар);

алаңшаның гидрологиялық жағдайлары және имаратты пайдалануы мен құрылысы барысында олардың өзгеру мүмкіндігі;

өзенге (көпірлерге, құбыр жолдарына және т.с.с.) жақын салынатын имараттардың бағандарындағы топырақтардың шайылу мүмкіндігі (2.17-2.24 тт.);

топырақтардың мезгілдік тоңазу тереңдігі.

2.26. Топырақтардың мезгілдік тоңазуының нор­мативтік тереңдігі жерасты су деңгейі топырақтың мезгілдік тоңазу тереңдігінен төмен орналасқан кез­дегі, қардан тазартылған ашық жазық алаңшадағы топырақтардың мезгілдік тоңазуының әр жылдық (кемінде 10 жыл аралығындағы бақылау деректері бойынша) максимальды тереңдігінің орташасына тең алынады.

2.27. Топырақтың мезгілдік тоңазуының норма­тивтік тереңдігі dfn, м, көпжылдық бақылау деректері болмағанда жылутехникалық есептер негізінде анық­талуы қажет. Қату тереңдігі 2,5 м-ден аспайтын аудандар үшін оның нориативтік шамасын мына формула бойынша анықтауға болады:

(2)

мұнда Mt – құрылыстық климаталогия және геофизика жөніндегі ҚНжЕ бойынша қабылданатын берілген аудандағы қыстың ішінде орташаайлық төмен температуралардың абсолютті мәндерінің саны жағынан қосындысына тең өлшемсіз коэффи­циент. Егер ҚНжЕ-де нақты құрылыс ауданына неме­се орнына деректер болмаса, онда құрылыс ауданы бар ұқсас жағдайларда орналасқан гидрометеороло­гиялық станциялардың бақылау нәтижелері бойын­ша алынады;

d0 – төмендегілерге байланысты қабылдана­тын шама, м:

саздақтар мен балшықтар үшін – 0,23;

құмдақтар, шаңды және майда құмдар үшін – 0,28;

малтатасты, ірі және ірілігі орташа құмдар

үшін – 0,30;

ірі кесекті топырақтар үшін – 0,34.

d0 шамасы біртексіз үйлескен топырақтар үшін тоңазу тереңдігі шегіндегі орташаланған ретінде анықталады.

2.28. Топырақтың мезгілдік тоңазуының есептік тереңдігі df, м, мына формула бойынша анықталады:

(3)

мұнда dfn – 2.26. және 2.27-тармақтары бойын­ша анықталатын тоңазудың нормативтік тереңдігі;

kh – жылытылатын имараттардың сыртқы ірге­тастары үшін – 1-кесте бойынша; орташажылдық теріс температурасы бар аудандардан басқа жылы­тылмайтын ғимараттардың сыртқы және ішкі ірге­тастары үшін – kh=1,1 етіп алынатын имаратқа жылулық режимнің әсерін ескеретін коэффициент.

Ескерту. Теріс орташажылдық температурасы үшін аудандардағы жылытылмайтын имараттарға арналған то­пырақтың есептік тоңазу тереңдігі мәңгітоң топырақтарында іргетастар мен негіздерді жобалау жөніндегі ҚНжЕ-нің та­лаптарына сәйкес жылутехникалық есептер арқылы анық­талуы қажет.

Тоңазудың есептік тереңдігі негіздің тұрақты жылуқор­ғауын пайдаланатын, сондай-ақ егер жобаланып жатқан имараттың жылулық режимі топырақ температурасына күшті әсерін тигізетін (тоңазытқыштар, қазандықтар және т.с.с.) жағдайларда да жылутехникалық есептер арқылы анықталуы қажет.

1-кесте

Имарат ерекшеліктері

Сыртқы іргетастарға жанаса­тын бөлмелердегі есептік орта­ша тәулік ауа температурасы (ОС) кезіндегі kh коэффициенті

0

5

10

15

20 және одан жоғары

Төмендегілерге орнала­сатын үйасты қабатсыз еденді:

топырақ бойымен

0,9

0,8

0,7

0,6

0,5

топырақ бойымен еденарқалықтарына

1,0

0,9

0,8

0,7

0,6

жылытылатын шығыңқы ірге аражабын бойымен

1,0

1,0

0,9

0,8

0,7

Үйасты қабатымен немесе техникалық жерас­ты қабатымен

0,8

0,7

0,6

0,5

0,4

Ескертулер:

1. 1-кестеден келтірілген kh коэффи­циент мәндері қабырғаның ішкі жағынан іргетастың шетіне дейінгі қашықтығы аf  0,5 м болса, онда іргетасқа жатады; егер аf  1,5 м болса, онда kh коэффициентінің мәні 0,1-ге, бірақ kh = 1 мәнінен артық болмайды, аf –тің аралығындағы өлшемдері кезінде kh коэффициентінің мәндері интерпо­ляция арқылы анықталады.

2. Сыртқы іргетастарға жанасып жатқан бөлмелер қатарына үйасты қабаттары мен жерасты қабаттары, ал егер олар болмаса – бірінші қабат бөлмелері жатады.