
- •Құрылыстың нормалары және ережелері ғимараттар мен имараттар негiздері основания зданий и сооружении
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Негiздердi жобалау Жалпы нұсқаулар
- •Негіз есептерінде ескерілетін жүктемелер мен әсерлер
- •Топырақ сипаттамаларының нормативтік және есептік мәндері
- •Жерасты сулары
- •Iргетастарды орналастыру тереңдігі
- •3. Ауа температурасының аралығындағы мәндері кезінде kh коэффициентін 1-кестеде көрсетілген жақын кіші мәнге дейін дөңгелектеп алады.
- •Негіздің деформациялар жөніндегі есебі
- •Негіздің көтергіштік қабілет жөніндегі есебі
- •Негіз деформацияларын тӨмендету шаралары жӘне олардың имаратқа тигізетін Әсері
- •3. Шөкпелi топырақтарға тұрғызылатын имарат негiзiн жобалау ерекшелiктерi
- •4. Iсiнетiн топырақтарға тұрғызылатын имараттар негiзiн жобалау ерекшелiктерi
- •5. Сумен қаныққан биогендiк топырақтарға және лайларға тұрғызылатын имарат негiзiн жобалау ерекшелiктерi
- •6. Элювиалды топырақтарға тұрғызылатын имарат негiзiн жобалау ерекшелiктерi
- •7. Тұздалған топырақтарға тұрғызылатын ғимарат негiздерiн жобалау ерекшелiктерi
- •8. Үйiлген топырақтарға тұрғызылатын ғимарат негiзiн жобалау ерекшелiктерi
- •9. Қазылған аумақтарда тұрғызылатын имарат негiздерiн жобалау ерекшелiктерi
- •10. Сейсмикалық аудандарда тұрғызылатын имарат негiздерiн жобалау ерекшелiктерi
- •11. Электрберiлiстiң әуелiк желiлер бағандарының негiздерiн жобалау ерекшелiктерi
- •12. Көпiрлер бағандарының және үйiндi астындағы құбырлардың негiздерiн жобалау ерекшелiктерi
- •13*. Карстталған аумақтарда тұрғызылатын имарат негiздерiн жобалау ерекшелiктерi
- •14*. Iсiнетiн топырақтарға тұрғызылатын имарат негiздерiн жобалау ерекшелiктерi
- •15*. Шайылатын топырақтарға тұрғызылатын имарат негiздерiн жобалау ерекшелiтерi
- •16*. Топырақтарды бекiтуді жобалау
- •17*. Топырақтарды жасанды тоңазытуын жобалау
- •18*. Су төмендетуді жобалау
- •Ширек шөгінділі құмды топырақтардың меншікті ілінісуінің сn, кПа (кгс/см2), ішкі үйкеліс бұрышының n, град. Және деформация модулінің нормативтік мәндері е, мПа (кгс/см2)
- •Ширек шөгінділі шаңды-балшықты сары емес топырақтардың меншікті ілінісуінің сn, кПа (кгс/см2), ішкі үйкеліс бұрышының n, град. Және деформация модулінің нормативтік мәндері е, мПа (кгс/см2)
- •Шаңды-балшықты сары емес топырақтардың деформация модулінің нормативтік мәндері
- •Негiз деформацияларының есебi1 Шөгулерді анықтау
- •Kc коэффициенті
- •Km коэффициенті
- •Iргетас кренін анықтау
- •K коэффициенті
- •Ke коэффициенті
- •Негіз топырақтарының шөгуін анықтау
- •Iсінетін топырақтардан тұратын негіз деформацияларын анықтау
- •Kg коэффициенті
- •Суффозиялы шөгудi анықтау
- •Негіз топырақтарының есептік кедергілері
- •Iрі сынықты топырақтардың есептік кедергілері r0
- •Құмды топырақтардың есептік кедергілері r0
- •Шаңды-балшықты (шөкпейтін) топырақтардың есептік кедергілері r0
- •Шөкпелі топырақтардың есептік кедергілері r0
- •Үйілген топырақтардың есептік кедергілері r0
- •Электрберілістің әуелік желілер бағандарының жұлып алынатын іргетастарына арналған қайта төгу топырақтарының есептік кедергілері r0
- •Негіздің шектік деформациялары
- •Негiзгi әрiптiк белгiлеулер Сенімділік коэффициенттері
- •Топырақтың сипаттамалары
- •Жүктемелер, кернеулер, кедергiлер
- •Негiздер мен ғимараттар деформациялары
- •Геометриялық сипаттамалар
11. Электрберiлiстiң әуелiк желiлер бағандарының негiздерiн жобалау ерекшелiктерi
11.1. Бұл бөлімнің талаптары электрберілістің әуелік желілер бағандарының және кернеуі 1кВ және одан жоғары болатын ашық таратушы қосалқы станциялар тіректерінің негіздерін жобалау барысында сақталуы қажет.
Ескерту. Жүктелу түріне қарай тіректер аралықты, анкерлі және бұрыштық болып бөлінеді. Жеке жағдайларда, сондай-ақ үлкен өткелдерде қолданылатын тіректер арнайы болып аталады.
11.2. Топырақтардың есептік сипаттамалары 2.12-2.14 т.т. талаптарына сәйкес анықталуы қажет.
Негізді деформациялары бойынша есептегенде топырақ бойынша сенімділік коэффициентін g бірге тең етіп алуға болады. Көпшілік тіректер үшін сипаттамалардың есептік мәндерін ұсынылған 1-қосымша кестелері бойынша алуға болады. Бұл жерде аққыштық көрсеткіші 0,5 IL 0,75 болатын шаңды-балшықты топырақтар үшін келтірілген сn,n және Е мәндерін 0,5 IL 1,0 диапазонына дейін алуға болады.
Негізді деформациялары бойынша есептегенде топырақ бойынша сенімділік коэффициентін 9-кесте бойынша қабылдау керек.
9-кесте
Топырақтар |
Есептік мәндерді анықтауға арналған топырақ бойынша сенімділік коэффициент g | ||
Тығыздығы рI |
Iшкі үйкеліс бұрышы I |
Меншікті ілінісуі сI | |
Құмды |
1,0 |
1,1 |
4,0 |
Аққыштық көрсеткіші IL 0,25 болатын құмдақтар, IL 0,5 болатын саздақтар мен балшықтар |
1,0 |
1,1 |
2,4 |
Аққыштық көрсеткіші IL 0,25 болатын құмдақтар, IL 0,5 болатын саздақтар мен балшықтар |
1,0 |
1,1 |
3,3 |
11.3. Негіздің деформациялары және көтергіштік қабілеті бойынша есебі тіректер жұмысының барлық режимі үшін орындалуы қажет. Жел екпінінің тірек құрылымына динамикалық әсерлері тек негізді көтергіштік қабілеті бойынша есептегенде ғана ескеріледі.
Iргетастың жеке бөліктері шөгуінің және кренінің шектік мәндерін сығатын жүктемелермен жүктеген кезде ұсынылған 4-қосымша бойынша қабылдау керек.
11.4. Iсінетін топырақтардан тұратын негіздің көтергіштік қабілеті бойынша есебін аяздан ісіну күштерінің, тұрақты және ұзақ уақытша жүктемелердің біруақытта әсер етуін ескере отырып орындау қажет. Аяздан ісіну күштерінің және қысқамерзімдік (жел және сымдардың үзілуінен) жүктемелердің біруақытта әсер етуіне тірек негіздерін есептеу талап етілмейді.
11.5. Егер іргетасты жұлқу күші оның табанына (анкерлі тақтаға) қатысты орталықтан болса және төмендегі шарт сақталатын болса, онда жұлып алынатын іргетастар мен анкерлі тақталардың негіз деформацияларының есебін деформациялары бойынша орындамауға болады
, (25)
мұнда Fn – жұлқу күшінің нормативті мәні, кН (кгс);
Gn – іргетас немесе тақта салмағының нормативтік мәні, кН (кгс);
– жұлқу күшінің вертикальға қатысты еңістік бұрышы, град;
с – 11.6 т. нұсқауларына сәйкес анықталатын жұмыс шарты коэффициенті;
R’0 – ұсынылған 3-қосымшаның 6-кестесі бойынша қабылданатын қайта толтыратын топырақтың есептік кедергісі, кПа (кгс/см2);
А0 – іргетастың жоғарғы бетінің жұлқу күші әсерінің сызығына перпендикуляр болатын жазықтығына түсетін проекциясының ауданы, м2 (см2).
11.6. Жұмыс шарты коэффициенті с (25)-формула формулада мынаған тең етіп алынады:
c = 1 2 3 4
мұнда 1 = 1,2; 1,0 және 0,8 – базасы В (жеке іргетастар остерінің қашықтығы), тиісінше 5; 2,5 және 1,5 м-ге тең болатын тіректер үшін. В-ның аралықтағы мәндері болғанда 1 мәні интерполяция арқылы анықталады;
2 = 1,0 нормалды үшін және 2 = 1,2 – апатты және құрастырмалы жұмыс режимдері үшін;
3 = 1,0; 0,8 және 0,7 – тиісінше: аралықтағы түзу; аралықтағы бұрыштық, анкерлі және анкерлі-бұрыштық, соңындағы және таратушы құрылғылар бетше босағаларындағы; арнайы тіректер үшін;
4 = 1,0 және 1,15 – тиісінше саңырауқұлақ тәріздес іргетастар мен бағаны топырақта қысып ұстатылған тарттырмалары бар анкерлі тақталары және бағандары іргетасқа топсалы тірелген бағандардың анкерлі тақталары үшін.
11.7. Сығылып-аударылатын іргетастар табанының астындағы негіз топырағының есептік кедергісі R, коэффициенті с2 =1 болғандағы (7)-формула бойынша анықталады.
Iргетас табаны шетінің астындағы топыраққа түсетін ең үлкен қысым вертикаль сығушы және горизонтал жүктемелері бір немесе екі бағытта әсер еткенде 1,2R-ден артық болмауы қажет.
11.8. Негіздің көтергіштік қабілеті бойынша есебі іргетасқа (анкерлі тақтаға) жұлып алатын күштің әсері тигенде мына шартқа байланысты орындалады:
(26)
мұнда F – жұлқу күштің есептік шамасы, кН (кгс);
f – 0,9-ға тең етіп қабылданатын жүк бойынша сенімділік коэффициент;
Gn – іргетас (тақта) салмағының нормативтік шамасы, кН (кгс);
– жұлқу күшінің вертикальға қатысты еңістік бұрышы, град.;
с – бірге тең етіп қабылданатын жұмыс шарты коэффициент;
Fu,a – 11.9 т. нұсқауларына сәйкес анықталатын жұлып алынатын іргетас негізінің шектік кедергі күші, кН (кгс);
n – төмендегідегідей бағандарға байланысты қабылданатын тағайындалуы бойынша сенімділік коэффициенті:
аралықтағы түзу - 1,0;
салмақтану айырмашылығы жоқ анкерлі түзу - 1,2;
бұрыштық (аралықтағы және анкерлі),
анкерлі (түзу және соңғы) - 1,3;
ашық таратушы құрылғылар бетше босағаларының салмақтану айырмашылығы бар арнайы - 1,7.
11.9. Жұлып алынатын іргетас негізінің шектік кедергі күшін Fu,a мына формула бойынша анықтау қажет
Fu, а =bf (Vbf - Vf) cos + c0 [A1cos (0 - / 2) + A2cos (0 + / 2) + 2A3cos0], (27)
мұнда bf – қайта төгетін топырақтың меншікті салмағының есептік мәні, кН / м3 (кгс / см3);
Vbf – іргетастың (тақтаның) жоғарғы бетінің жиегінен өтетін және вертикальға қатысты i бұрышына еңкейген жазықтықтарынан пайда болатын кесілген пирамида пішініндегі тіреу денесінің көлемі, м3 (см3);
Бұл жердегі i мәні:
төменгі жиегінде 1 = 0 + в / 2;
жоғарғы жиегінде 2 = 0 - в / 2;
бүйір жиегінде 3 = 4 = 0;
Vf – тіреу денесінің аралығында орналасатын іргетас бөлігінің көлемі, м3 (см3); анкерлі тақталар үшін Vf=0 болып алынады;
А1, А2, А3 – негізде іргетастың (тақтаның) жоғарғы бетінің тиісінше төменгі, жоғарғы және бүйір жиектері бар тіреу денесі беттерінің аудандары;
с0 және 0 – қайта төгу топырағының тиісінше меншікті ілінісуінің, кПа (кгс/см2), және ішкі үйкеліс бұрышының, град, есептік мәндері мына формула бойынша алынады:
с0 = сI; 0 = I; (28)
мұнда сI және I – 11.2 т. нұсқауларына сәйкес анықталатын табиғи жатқан топырақтың тиісінше меншікті ілінісуінің және ішкі үйкеліс бұрышының есептік мәндері;
– 10-кесте бойынша қабылданатын коэффициент
10-кесте
Қайта төгілетін топырақтар |
Төгілетін топырақтың тығыздығы (т/м3) төмендегідей болғандағы коэффициент | |
1,55 |
1,7 | |
Ылғал шаңдыдан және сумен қаныққаннан басқа құмдар |
0,5 |
0,8 |
Аққыштық көрсеткіші IL 0,5 болатын шаңды-балшықты |
0,4 |
0,6 |
Ескерту. Ылғал шаңды құмдар, аққыштық көрсеткіші 0,5 IL 0,75 болатын саздақтар мен балшықтар, және 0,5 IL 1 болатын құмдақтар үшін коэффициентінің мәні15 %-ке төмендеуі қажет.