
- •6. Кәсіпорын капиталының айналымы және толық айналымы
- •6.1. Кәсіпорын капиталының айналымы және толық айналымы
- •6.2. Негізгі және айналмалы капитал
- •6.3. Негізгі капиталдың тозуы. Амортизация
- •Инвестиция формаларының жіктелінуі
- •Студенттің өзіндік жұмысы (собөж)
- •Тақырып бойынша студенттің жазбаша жұмысы (сөж)
Инвестиция формаларының жіктелінуі
Белгісі |
Инвестициялар |
Салыну обьектісі |
Нақты |
Қаржылық | |
Инвестициялық процеске инвестордың қатысуы |
Тікелей |
Жанама (тікелей емес) | |
Инвестициялау кезеңі |
Қысқа мерзімді |
Орта мерзімді | |
Ұзақ мерзімді | |
Инвестициялық ресурстарға меншік құқығы |
Жеке |
Мемлекеттік | |
Шетелдік | |
Біріккен | |
Аймақтык белгісі |
Ішкі |
Сыртқы |
Капиталды салу обьектілеріне тәуелді инвестицияны нақты және қаржылық деп бөледі. Нақты инвестиция деп шаруашылық жүргізуші субъектінің әлеуметтік – экономикалық проблемаларын шешу және операциялық қызметті жүргізумен байланысты нақты активтерді құруға салынған капиталды түсінеді. Инвестор – кәсіпорын, нақты инвестицияны жүзеге асыра отырып, өзінің өндірістік потенциалы - негізгі өндірістік қорларды және олардың қызмет атқаруы үшін қажетті айналым құралдарын ұлғайтады.
Нақты инвестицияларға келесі салымдар жатады:
Негізгі капиталға;
Материалды - өндірістік запастарға;
Материалдық емес активтерге.
Өз кезегінде негізгі капиталға салымдар құрамына негізгі қорлар жаңа құрылыс, кеңейту, техникалық қайта жарақтау, сонымен қатар қызмет атқарып отырған өндіріс қуатын ұстап тұру жолымен негізгі қорлардың ұдайы өндірісі мен құруға материалды-техникалық және қаржылық салым формасында жүзеге асырылатын капитал салымдары мен жылжымайтын мүлік инвестициялары кіреді. Жылжымайтын мүлік деп жер, сонымен қатар жер бетінде, болмаса астында орналасқан, адам қолымен жасалған немесе табиғи пайда болған обьектілер түсініледі.
Өндірістің материалды техникалық базасын қалыптастыруда ғылыми-техникалық прогресстің ықпалымен ғылыми зерттеулердің, қызметкерлердің тәжірибесі, білім мен біліктілігінің ролі артады. Сондықтан қазіргі жағдайда ғылымға, білімге, кадрларды даярлауға және қайта даярлауға жұмсалған шығындар негізінде өндіргіштік болып табылады және бірқатар жағдайда нақты инвестициялар түсінігіне енгізіледі.
Материалды емес активтерге салымдарға жатады: жер учаскелеріне табиғи ресурстарды пайдалану құқығы, патенттер, лицензиялар, нау-хоу, бағдарламалық өнімдер, монопольдық құқықтар, артықшылықтар, ұйымдастыру шығындары, тауар белгілері, сауда маркалары, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық өңдеулер, жобалық- іздестіру жұмыстары және т.с.с.
Нарық шаруашылығының класикалық моделінде нақты инвестицияның басым үлесін жеке инвестициялар құрайды. Мемлекет те инвестициялық процеске қатысады: тікелей - мемлекеттік секторға капитал салу жолымен; жанама - экономикалық реттеу саясатын жүзеге асыра отырып субсидия, несиелер беру арқылы. Мемлекеттік инвестицияның негізгі бөлігі инфрақұрылым салаларына бағытталады, олардың дамуы қоғамдық ұдайы өндірістің (ғылым, білім, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, энергетика, көлік және байланыс жүйесі т.б.) қалыпты жүруі үшін қажет.
Статистикалық есепте және экономикалық талдауда нақты инвестицияларды капитал құраушылар деп те атайды.
Қаржылық инвестиция деп әртүрлі қаржы құралдарына, ең алдымен құнды қағаздарға, сонымен қатар басқа кәсіпорынның активтеріне салынған капитал түсініледі. Оларды жүзеге асыра отырып инвестор дивиденттер және басқа да кіріс ала отырып, өзінің қаржы капиталын ұлғайтады. Қаржылық инвестициялар не спекулятивтік сипатта болады, не ұзақ мерзімді салымға бағдарланады. Спекулятивтік қаржылық инвестицияның нақты уақыт кезеңінде инвестормен табыс алу мақсаты болады. Ұзақ мерзімді салымға бағдарланған инвестициялар көбіне инвестордың стратегиялық мақсаттарын көздейді және капитал салынған кәсіпорынды басқаруға қатысумен байланысты.
Қаржы инвестицияларына келесі салымдар жатады:
жеке кәсіпорынмен, сондай-ақ мемлекетпен, жергілікті билік органымен шығарылған акция, облигация, басқа да құнды қағаздарға;
шетел валютасына;
банк депозиттеріне;
тезаврация бъектілеріне;
Қаржылық инвестицияның белгілі бір бөлігі ғана нақты капиталды өсіруге бағытталады, оның көп бөлігі өндірістік емес капитал салымы болып табылады.
Инвестордың инвестициялау процессіне қатысу сипаты бойынша инвестициялар тікелей және жанама деп бөлінеді. Тікелей инвестициялар инвесторлардың капитал салу және инвестициялау құралдары мен обьектілерін таңдауға тікелей қатысуын білдіреді. Жанама инвестициялар басқа тұлғалар – инвестициялық немесе қаржы делдалдары арқылы инвестициялауды білдіреді.
Инвестициялау кезеңі бойынша ұзақ, орта және қысқа мерзімді инвестицияларды ажыратады. Ұзақ мерзімді инвестицияларға үш жыл және одан жоғары кезеңге салынған капитал, орта мерзімді – бір жылдан үш жылға дейінгі капитал салымын, қысқа мерзімді – бір жылға дейінгі кезеңге салынған инвестицияларды білдіреді.
Аймақтық белгісі бойынша ішкі (отандық) және сыртқы (шетелдік) инвестициялар ажыратылады. Ішкі инвестиция – елдің ішіндегі инвестициялық объектілерге жүзеге асырылады, сыртқы – елден тыс тұрған инвестициялау объектілеріне салынады. Бұған әртүрлі қаржы құралдарын: шетелдік компания акциялары мен басқа мемлекеттердің облигацияларын сатып алу жатады.
Меншік формасы бойынша инвестициялар жеке, мемлекеттік, шетелдік және біріккен инвестицияға бөлінеді. Жеке инвестиция мемлекеттік емес меншік формасындағы заңды және жеке тұлғалармен капитал салуды білдіреді. Мемлекеттік инвестицияға орталық және жергілікті билік органдарымен капитал салу және бюджет, бюджеттен тыс қорлар, қарыз құралдары есебінен басқару, сондай-ақ меншікті және қарыз құралдары есебінен мемлекеттік кәсіпорындармен жүзеге асырылатын салымдар жатады. Шетелдік инвестицияға басқа кәсіпорындардың қаржылық құралдары мен объектілеріне резидент емес заңды және жеке тұлғалармен капитал салу жатады. Біріккен инвестициялар елдің субъектілері және шетелдік мемлекеттермен бірігіп жүзеге асырылады.
Өз кезегінде шетелдік инвестициялар тікелей және портфельдік болып бөлінеді. Тікелей инвестицияға инвестордың шетелдік кәсіпорындарды бақылауын қамтамасыз ететін капитал салымдары жатады. Мұндай салымдар кәсіпорынды басқаруға қатысу құқығын береді. Портфельдік инвестиция шетелдік компаниялардың акцияларын, шетелдік мемлекеттердің, халықаралық валюта-несие ұйымдарының облигацияларын, салықтық жеңілдіктер, валюта курсының өзгеруі есебінен капиталға жоғары табыс алу мақсатымен еврооблигацияларға капитал салуды білдіреді.
Қайталауға арналған сұрақтар
Негізгі капитал дегеніміз не және оның құрылымы?
Негізгі қорлар қалай бағаланады?
Капиталдың айналымы мен шеңбер айналымының байланысы қандай?
Амортизация не үшін қолданылады?
Инвестиция дегеніміз не және оның қандай түрлері бар?
Тест
Негізгі капиталға не жатады?
а) өндірістегі ғимараттар, технология, машина-жабдықтар
б) жұмыс күшін жалдауға жұмсалған ақша
в) өндірісті кеңейтуге кеткен ақша
г) шикізатқа кеткен шығын
л) барлық жауап дұрыс
Айналмалы капиталға не жатады?
а) шикізат, электр қуаты, жанар-жағар май
б) ғимаратты пайдалануға жұмсалған қаражат
в) жаңа техниканы игеруге жұмсалған қаражат
г) жал төлемі
д) барлық жауап дұрыс
Капиталдың тұрақты және өзгермеліге бөлінуінің себебі неде?
а) өндіріс процесіне әртүрлі қатысуында
б) олардың ұдайы өндірісінің ерекшеліктерінде
в) әрқайсысының қосымша құнды құрудағы роліне
г) натуралды формасы бойынша ерекшелігінде
д) елеулі айырмашылығы жоқ
Капиталдың айналымы деген не?
а) капиталдардың үш кезең арқылы біртіпдеп өтуі және ол капиталдардың кезектесіп үш форманы қабылдауы
б) ұдайы жаңарып тұруы, капиталдың ауыспалы айналымының қайталануы
в) капиталдың өндіріс аясындағы және айналым аясындағы қозғалысы
г) барлық жауап дұрыс
д) барлық жауап дұрыс емес
Айналымның таза шығындары қандай көздерден қайтарылады?
а) негізгі капиталдан
б) айналмалы капиталдан
в) амортизациялық қордан
г) пайдадан
д) зейнет ақы қорынан
Әдебиеттер:
1.Курс экономической теории /Под ред. Чепурина М.Н., Киселевой Е.А.-Киров, 1997.
2.Экономика. Учебник по курсу “Экономическая теория” /Под ред. А.С.Булатова.-М., 1997.
3.Экономическая теория (политэкономия). Учебник. /Под общей ред. В.И.Видяпина, Г.П.Журавлевой.-М., 1997.
4.Мамыров Н.К. и др. Микроэкономика.-Алматы: Экономика, 1997.
5.Макконелл К., Брю С. Экономикс.- М., 1992, т.1.
6.Дайджест экономической теории.-М., Аналитика-Пресс, 1998.
7.В.Крымова Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы-Алматы, 2003.
8.Я.Аубакиров Экономикалық теория негіздері Алматы: Санат, 1998.
9.Экономикалық теория: Оқу құралы / Я.Аубакиров, Б.Байжұмаев т.б.-Алматы: Қазақ университеті, 1999.
10.Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері, Алматы, 2002.
11.А.Нурсеит, А.Темирбекова, Р.Нурсеитова Теория рыночной экономики: предпринимательский аспект. Алматы, 2000.
12. Макконелл Кэмпбелл Р., Брю Стэнли Л. Экономикс: принципы, проблемы и политика. В 2-х т.: Пер. с англ.-13-е изд. М., "Республика", 1992, 2000.
13.Основы экономической теории /Под ред. В.Д.Камаева, Москва, 1997.
14.Жалпы экономикалық теория. Ө.Шеденов, Ү.Байжомартов, Ақтөбе, 2001.
15. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория: Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2003.