Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гисто реферат.docx
Скачиваний:
42
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
4.75 Mб
Скачать

Гис будасы және оның аяқшалары

Гис будасының ұзындығы 12-40, ені 1-4 мм. Гис будасы сол және оң қарыншаларға баратын екі аяқшаларға бөлінеді. Гис будасы және оның аяқшаларының жасушалары атипті миоциттердің ІІІ ші типінен турады,олар қозуды Пуркинье талшықтарына жеткізеді ,яғни өтпелі жасушалардан жұмысшы кардиомиоциттерге жеткізеді .Бұл біршама ірі жасушалар ішінде т түтікшелері жоқ,жұқа келген миофибрилдері жасушаның перифериясында ретсіз орналасқан. Жасушалар будалар құрайды және олардың арасында БТД ұлпаның жұқа қабаты орналасқан.

Сонымен, жүректің өткізуші жүйесінің бірінші орталығы синусты жүрекше түйіні электр импульсын минутына 60-80 рет өндіреді, сөйтіп қозу атриовентрикулярлық түйінге беріледі.

Атриовентрикулярлық түйіннің жасушалары қозуды Гис будасына береді.

Соңғы Гис будасының аяқшалары арқылы қозу Пуркинье талшықтарына, одан жұмысшы кардиомиоциттерге беріледі.

Осылайша жүректің өткізуші жүйесі жүректің автоматизмін қамтамасыз етеді.

Микрофотографиялар

Жүректің атриовентрикулярлы түйінінің өткізгіш кардиомиоциттері

1-өткізгіш кардиомиоциттің ядросы; 2-фибриллалар; 3-митохондриялар; 4-десмосома: 5-гликоген; 6-коллаген фибриллалары

Жүрекше - қарынша будасы (Гис будасы)

  • 1- жиырылғыш кардиомиоциттер; 2- жүрек-ше - қарынша будасының (Гис будасы) өткізгіш кардиомиоциттері; 3-дәнекер тіні; 4-нерв тал-шықтарының будасы (В.Д. Ваколюк препараты).

  • Предсердно - жепудочковый пучок (пучок Гиса). Импрегнация по Кампосу. х 400.

Жүректің өткізгіш жүйесінің талшықтары

  • Азандық әдіспен боялған Окраска азановым методом

  • 1 - Пуркинье "талшықтары" (жасушалары). Осы әдіспен боялғанда көкшіл-қызғылт түске боялады.

  • 2 - май жасушалары.

  • 1 — «волокна» (клетки) Пуркинье. При данной окраске приобретают голубовато-розовый цвет.

  • 2 — жировые клетки.

Жүректің өткізгіш жүйесінің бұзылыстарымен сипатталатын патологиялар

Миокард инфаркты, жүректің ишемиялық ауруы кезінде Р-жасушалар мен өтпелі жасушалар арасындағы байланыстар бұзылады. Бұл аурулар кезінде жүрек жиырылуының ритміне өтпелі жасушалар (минутына 30-40 рет ) ұйытқы болады. Жиырылудың мұндай ритмі физиологиялық қажеттіктерге сәйкес келмейді, әсіресе жүрек жүктемесі ұлғайған кезде. Мұндай жағдайларда аурулардың терісінің астына арнайы аспап, жүрек бұлшықетіне қалыпты ритм беріп тұратын – кардиостимуляторды имплантациялайды.

Жүректің өткізу фунциясының бұзылыстары (блокадалар)

Өткізу функциясының бұзылыстары – импульс өткізілуінің баяулауы немесе мүлдем болмауы. Толық емес блокада – импульс өтуінің баяулауы немесе импульстің оқтын-оқтын өткізілмеуі. Толық блокада – импульстің мүлде өткізілмеуі.

Импульс жолында өткізудің бұзылысына әкелетін кедергінің орналасуына қарай блокаданың түрі:

І Синоатриальдік блокада

ІІ Жүрекшеішілік блокада

ІІІ Атриовентрикулярлық блокада

ІV Қарыншаішілік блокада

Синоатриальдік блокада

СА блокада – синус түйінінен шыққан импульстің жүрекшелерге өтуінің бұзылысы.

Этиологиясы:

1)Синус түйінінің маңында қабыну, дегенерациялық, некроздық өзгерістердің болуы (миокардит, кардиосклероз, өткір миокард инфаркты)

2) Ятрогендік әсерлер (в-блокатор, жүрек гликозидтері, калий дермектер дозасының асырылуы)

3)Ваготония (кезбе нервінің шеттік немесе орталық тітіркенуі, каротидтік синустарды басу, бас миының ісіктері,ми тамырларының патологиясы)

Клиникасы: Егер ЖСС аса азаймаса, онда СА блокада көбінесе симптомсыз болады. Асистолиялық паузалардың болуы орынбасушы систолияның, экстрасистолияның, пароксизмдік тахикардияның, жүрекшелердің жыбыры мен дірілі пароксизмдерінің дамуына әкеледі.ЖСС аз науқастарда жүрек шамасыздығы дамиды.