Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ISIKKE__1178_ARSY_IMMUNITET.doc
Скачиваний:
86
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
288.77 Кб
Скачать

Ісік дамуындағы иммунитет тежелуінің маңызы

Жасуша бөліну және оны реттеуге қатысатын ісік тежеуші гендер, протоонкогендер және тағы басқа топты гендер әр жасушада кездеседі. Қатерлі ісікке әкелетін мутация жиі жағдайда тұқым қуалайды немесе канцерогендермен әсерленеді. Онкогенді вирустар табиғатта өте кең тараған, сондықтан жасушалардың қатерлі ісікке айналуы - өте жиі кездесетін жагдай.

Ісіктің клиникалық анықталу жиілігі мен оның аурудағы иммунды жүйенің байланысын зерттегенде, онда қалыпты жағдайдағы иммунды жүйенің жұмыс істеуі көп жағдайда өзгеріп отырады. Клиникалық түрде ісіктің білінуі иммунды жетіспеушілік жағдайға тәуелді, әсіресе жасушалық жүйенің жетіспеушілігіне.

Қалыпты жұмыс істейтін иммунды жүйе қатерлі ісіктердің көбісін ісік жасушалар белгілі бір мөлшерден аспаса (108-109) жоя алатындығы дәлелденген. Егер қатерлі ісіктің алғашқы даму сатысында иммунды жүйе қандайда бір себептермен басылып тежелсе, немесе ісік жасушаларының өсу жылдамдығы жоғары болып, ісік мөлшерден тыс асып кетсе, онда ол иммунды жүйенің қабілеттілігін басып озып, ісіктің дамуын шақырады. Иммунды тежегіштік әсерді көптеген канцерогендер мен онкогенді вирустар көрсетеді. Ісік дамуының мөлшеріне қарай иммунды жетіспеушілік одан әрі тереңдей береді.

Ісікке қарсы иммунды жауаптың әлсіздігінің келесі бір себебі бар - ісік жасушаларының өсіндісінде: әлсіз ісікерекшелі антиген­дері бар жасушалар қалады да, сонымен қатар, күшті антигенді жасушалар өзіне қарсы қарқынды иммунды жауап шақырады. Иммунды тежегіштік жағдайда әлсіз ісікерекшелі антигендер супрессорлы төзімділік шақырады, сол себептен ісік жасушаларына қарсы иммунды жүйенің әсерлігі төмендейді.

Төмен аймақтық (кішізоналық) супрессиялық төзімділік иммунды тежегіштік жағдайда аз мөлшерлі әлсіз антигендермен шақырылатыны белгілі. Бұл жағдай ісік өсуінің алғашкы сатыларында пайда болады (ісік антигендерінің аз мөлшері, ОСТА - әлсіз антигендері, ісіктің иммунды жетіспеушілік жағдайда өсуі). Бұл иммунды жүйенің белсенділігін төмендетіп ісік жасушаларын жоюда маңызды рөл атқаратын Т-киллерлер көбеюін тежейді.

Ісіктің асқынуы төзімділікті шақырушы айналымдағы ісік антигенінің көбеюіне, сонымен қатар, ісік дамуымен бірге өсетін иммунды жетіспеушілігіне әкеліп соғады. Иммунды жетіспеушіліктің тереңдеуінде аурудың өршуі мен ағзаның улануы да әсер етеді. Иммунды тежегіштің күшті әсершісі - ол аурудың соңғы сатысында жүргізілетін сәуле, химиялық ем. Сонымен қатар, көпшілік зерттеушілердің пікірі бойынша, ісіктің өзі де иммунды тежегіштік әсер көрсететін факторлар бөледі.

Өсу уақытында ісік жасушаларында жоғары жиілікті мутациялар мен хромосомды абберациялар (өзгерістер) байқалацы. Ісік гетерогенді бола бастайды, оның ішінде құ-рамындағы жасушалардың антигендігі жағынан да. Осының нәтижесінде "антигенді дрейф" деп аталатын ісік жасушасының антигенді құрамының өзгеру құбылысы байқалады. Ісіктің алғаш өсуі кезінде жасуша бетінде жабысқан антигенге қарсы пайда болған иммунды жауап "антигенді дрейф" нәтижесіндегі жаңа антигендерге қарсы әсері әлсіз келеді.

Ісікке қарсы иммунитет әлсіздігі ісік жасушасының гистосәйкестілік анттигендері жағынан өзгерген кездерде де төмендейді: сол себептен Т-киллерлердің ісікпен байланысуы тежеледі.

Ісікке қарсы иммунды жауаптың ерекшеліктері

Сөйтіп, қатерлі ісіктердің көбісі антигенді болады және оған қарсы арнайы иммунды жауап туғызады.

Көптеген тәжірибелер арқылы, аурулардың қанында ісік антигеніне қарсы антиденелер, ал ісік тіндерінде цитотоксикалық лимфоциттер мен макрофагтар бары дәлелденген. Қазіргі кезде, қалыпты жағдайда, иммунды жүйе ісік өсуінің алғашқы сатысында алдын ала кездесіп, өзгере бастайды. Клиникалық түрде анықталатын ісіктің белгілері — иммунды жетіспеушіліктің немесе ісік өсуінің кемелденуі болып табылады. Қатерлі ісіктің көп жағдайында ісікке қарсы иммунды жауаптың тепе-теңсіздігі, қарама-қайшылығы ерекше орын алады. Бұл ісік антигеніне төзімділік пайда болғанда және ауруларда кедергі факторлар табылғанда байқалады. Ісік дамуына қарсы иммунды жауапты түсіну үшін, оның түзілу тәсілін білу қажет, ісіктің пәрменді иммунды емің, диагностикасының жаңа тәсілін тандау үшін ісікке қарсы жасушалық және гуморалды иммунитет механизмдерінің ерекшелікгеріне тоқталу керек.

В-жүйенің ісікке қарсы иммунитеттеті қызметі. Онкологиялық аурулардың қан сарысуындағы кедергі факторлары

Ісік антигендеріне қарсы гуморалды иммунды жауап, басқа кездердегі қарсы тұру сияқты IgM түзілуінен басталады. Егер IgM ,ісік жасушасының бетіне жетіп өзіне сай антигендік детерминантасымен тұрақты байланысса, комплемент жүйесі классикалық жолымен белсенеді (антигенді байланыстырған IgM бір молекуласы жеткілікті болады). Осылай пайда болған литикалық комплекс ісік жасушасының мембранасын бұзады. Бірақ,

IgM негізі лейкозда, яғни қан айналымында орналасқан ісік жасушасына әсер етуі жақсы екенін айта кету керек. Егерде ісік қан тамырынан тыс болса, онда IgM оның бетіне жетпейді (яғни, тамыр қабырғасынан пентамерлі молекуласы өтпейді) және ісік лизиске ұшырамайды (ерімейді).

Ісіктің көпшілік түрінде IgM түзілуі IgG-ге тез ауысады. Ол қан тамыр қабырғасынан тез өтіп, ісік жасушасының бетіне оңай жете алады, бірақ комплемент белсенділігі жиі жағдайда болмайды. Біріншіден, ол IgG-нің барлық топтарының мұндай белсенділікті шақыра алмайтындығымен, екіншіден, антиген детерминантымен байланысқан IgG екі молекуласы арасындағы жақын аралық әр кезде әр түрлі болуы ықтимал. Бұған қосымша қатерлі ісік жасушалары бетіндегі ісікерекшелі антигендер мөлшері аз болғандықтан, антиген детерминанттары бір-бірінен бірнеше ара қашықтықта орналасады.

Сөйтіп, көпшілік жағдайда IgG ісік жасуша бетіне орналасуына қарамастан, олардың лизисіне (еруі) алып келе. алмайды.

Сонымен қатар, IgG молекулалары антиген детерминанттарымен байланысып, цитотоксикалық Т-лимфоциттерге ісік жасушаны тануға бөгет жасайды және ісікке қарсы жасушалық иммунитет әсерін төмендетеді. Соның нәтижесінде, ісік өсуінің ("иммунологиялық күшею") феномені байқалады.

IgG бұл жағдайда онкологиялық аурулардың қан сарысуындагы кедергі (блоктаушы) фактор рөлін атқарады. Антиген детерминантының IgG-мен жабылғаны ісік жасушаларының өсу жылдамдығына ешқандай әсер етпейді. Лимфоциттер ісік тінінің антигенді бөгделігін ажырата алмайды, ал ісік жасушалары ағза жағынан қарсылық жоқ болғандықтан өзінің өсуін жалғастырады.

Кедергі факторлар ретінде ерігіш ісік антигендер мен айналымда жүретін иммунды комплекстер де бола алады. Бұл кезде олар Т- лимфоциттердің антигентанушы рецепторларына кедергі жасайды да, оның ісікке қарсы белсенділігін төмендетеді. Кедергі факторларды ауру қанынан жою үшін плазмаферез, иммуносорбция. сау донорлардан қан ауыстырып қан құю тәрізді шаралар қолдану арқылы өткізіледі.

Бірақ IgG-ң ісікке қарсы рөлі бірқалыпты еместігін айта кету керек. Бірқатар жағдайда, бұл топтық антиденелер комплемент белсендігін шақыра алады және ісік жасушаларының комплемент тәуелді лизисін (КТЛ) қоздырады.

Сонымен қатар, IgG жасушалық иммунитет дамуында, яғни жасушалық антнденетәуелді цитотоксикалығында қатысады (АТЖЦ), нәтижесінде жасушаларды еріп, жойылады. АТЖЦ-та организмдегі әр түрлі жасушалар қатыса алады (23-ші сур.).

АТЖЦ жасушалық және гуморалды иммунитет арасында шекаралық механизм болып келеді. Бұл серпілісті лимфоциттердің арасында не Т-, не В-лимфоциттерге жатпайтын бетінде IgG-re арналған Fc-рецепторлары бар үлкен гранулярлы К-лимфоциттер атқарады. Бұл жасушаларды бұрын NK-жасуша деп атаған, ал қазір табиғи жасушалардың субпопуляциясы деп атайды, ал NK-лимфоцйттер ісік жасушаларына арнайы емес цитотоксикалық әсерін көрсетеді. IgG молекуласы өзінің Fab-үзіндісімен ісік жасуша бетіндегі антиген детерминантымен байланысады, ал Ғс-үзіндісі К-жасушаның Ғс-рецепторымен қосылады. Бұл рецепторлар арқылы К-жасуша белсенеді және ісік жасушасының мембрана бұзатын бірқатар медиаторлар (белоктар) түзеді.