
Антигендердің түрлері
Антигендердің екі негізгі түрлері бар: экзогендік және эндогендік (аутологиялық). Экзогендік антигендер ағзаға сыртқы ортадан түседі.
Эндогендік антигендер деп әртүрлі себептерден туындаған өзіне қарсы иммундық жауапты қалыптастыратын, өзіндік аутологиялық молекулалар (аутоантигендер) немесе олардың күрделі кешендері танылады.
Біріншілік және екіншілік аутоантигендер тобы ажыратылады.
Біріншілік, немесе шынайы аутоантигендер. Біріншілік шынайы аутоантигендер – ол эмбриогенез кезінде иммундық жүйенің қалыптасу үрдісінде және де ересек ағзада иммунды хабарлы жасушалармен жанаспаған, гистогематикалық тосқауылдардың артында орналасқан ағзаның өзіндік қалыпты тіндерінінің антигендері. «Тосқауыл артындағы тіндерге» ми тіндері, қалқанша маңы безі, көз бұршағы жатады.
Мұндай анатомиялық құрылымдардың ерекшелігі, ондағы лимфа дренажының болуымен, гематогендік (гематоэнцефалдық, гематоокулярлық, гематотестикулярлық) тосқауыл мен аймақтық сұйықтықта, иммундық жүйе жасушалары бөлетін циткокиндердің шығаруын тежейтін заттардың болуына байланысты. Мысалы, алдыңғы көз камерасын толтыратын сұйықтық құрамында, көз құрылымында түзілетін және Т-лимфоциттердің қорғаныс қызметін атқаруға кедергі жасайтын биологиялық белсенді заттар болады. Көздің торлы қабығының субжасушалық құрылымында арнайы компоненттер бар, олар Т-лимфоциттермен әрекеттескенде бағдарланған жасушаның жойылу (апоптоз) механизмдерін тудырады. Бұл үрдістер жиынтығы иммунитеттің тежелуін қамтамасыз етеді. Гистогематикалық тосқауылға әртүрлі зақымдаушы әсер еткенде антигендер «жалаңаштанады» және иммундық серпілістер шақырады.
Гистогематикалық тосқауылдың бүтіндігі бұзылғанда (мысалы, жұқпалы аурулар, жарақаттану нәтижесінде) біріншілік аутоантигенге қарсы аутоиммундық үрдістерді шақыратын, иммундық жауап пайда болады.
Аутоантигендер ретінде гистогематикалық тосқауылдың артында орналаспаған және де өзгерілмеген ағзаның өзіндік химиялық құрылымдары бола алады. Осы антигенге табиғи иммунологиялық төзімділік бұзылғанда, мысалы, лимфоциттердің «тиым салынған клоны», сонымен қатар, супрессорлық механизмі бұзылғанда пайла болады. Нәтижесінде арнайы иммунологиялық серпілістер басталып, ағзаның өзіндік мүшелері мен тіндері зақымданады, себебі олардың құрамында осы аутоантиген болады.
Патологиялық, немесе екіншілік, аутоантигендер. Ағзаның өзіндік жасушалар компоненттері мен тіндері, әртүрлі зақымдаушы факторлар және жұқпалы агенттердің әсер ету нәтижесінде, аутоантигендерге айналады. Жылулық немесе химиялық денатурация кезінде пішіні өзгерген өзіндік нәруыздар ағзаға бөтентекті нәруыздар болып табылады. Екіншілік аутоантигендер бактериалдық уыттар және вирусты нейраминидаза, сонымен қатар, қабыну аймағында рН ортасының өзгеруі және әртүрлі этиологиясы бар некроздар кезінде нәруыздық молекулалардың денатурациясы нәтижесінде түзіледі. Екншілік (патологиялық) аутоантигендерге қарсы ағзадан шығаруға бағытталған иммундық жауап жүреді, патологиялық үрдістің басылуына және де зақымдалған тіндердің қалыптасуына себебін тигізеді. Бірақ та, көптеген себептерге байланысты, әсіресе табиғи төзімділіктің бұзылуына әкелетін иммундық жүйенін қызметі бұзылған кезінде екіншілік аутоантитендер, аутоиммундық ауруларды шақырады. Бұл жагдайдың мысалы ретінде иифаркттан кейінгі миокардитты айтуға болади.
Адамның иммунды патологиясында маңызды рөл ақаратындар айқаса әрекеттесстін және кешендік антигендер.
Айқаса әрекеттесетін антигендер немесе гетероантигендер - әр-түрлі түрлергс жататын, бірақ құрылымы бойынша жақын антигенді детерминанттардан тұратын антигендер. Мұндай антигеннің мысалы ретінде 1911 жылы ашылған Форссман антигенін айтуга болады. Бұл антиген қойдың эритроциттерінде, сальмочеллаларда және теңіз доңыздарының улпаларында болады. Бактериялар мен вирустардың антигендік мимикрия құбылысы олардың иесінің антигеніне ұқсас антиген вирустары мен микроағзалардың кейбір түрлерінде болуымен түсіндіріледі. Паразиттер үшін мұндай антигендер қорғанысты мәні бар, өйткені олар иесінің иммундық жүйесімен танылмайды және онда арнайы қорғаныс серпілісін шақырмайды. Ал иесі үшін мұндай антигендер аутоиммундық аурудың себебі болуы мүмкін.
Осылайша гемолизистік стрептококктар құрамында адам ағзасының кейбір тіндерінің - миокард, синовиалдық қабықтың антигендерімен ортақ айқаса әрекеттесетін антигендер (М-протеин) болады. Стрептококктік жұқпалар кезінде миокардтың тіндік элементтерімен, синовиалдық сұйыктық және шеміршек гликопротеиндерімен айқаса әрскеттесетін микробтық полиқанттарға антиденелер түзіледі. Өз кезегінде ол ревматизмнің дамуына алып келеді. Бірқатар стрептококк штаммдарының мембраналарында бүйрек шұмақтарының базалды мембраналарына жақын немесе ұксас айқаса әрекеттесетін антигендер болады. Стрептококктың ондай штаммдары аутоиммундық гломерулонефрит шақыруы мүмкін. Мерез қоздырғышында адам мен жануарлардың жүрегінде кездесетін фосфолипидтер құрылысына ұқсас фосфолипидтер бар.
Сондықтан да жануарлардың жүрегіндегі кардиолипидтік антигендерді ауру адамдарда спирохетаға қарсы антиденені табу үшін қолданылады (Вассерман серпілісі).
Кешендік антигендердің маңызды түріне интеграциялық антигендер жатады. Оған жататындар: кешендік вирусөндіруші антигендер жәнс ісікерекшелік антигендер.
Кешендік вирусөндіруші антигендер. Антигендер вирустык геномының және нысана-жасушалар геномының интеграциясында вирусөндіруші антигендердің акспрессиясы салдарыан жасушалық мембранада пайда болады. Осындай кешенді антигендер вирусқа қарсы иммунитеттің негізін құрайтын вируспен жқктырылған жасушаларға қарсы иммундық серпіліс шақырады.
Иесінің жасуша геномына онкогендердің құрылуы, олардың келесі белсенуі малигнизацияланған жасушаларда ісікерекшелік антигендерінің пайда болуына әкеледі және де кешенді антигендердің мысалы болып табылады. Осы антигендерге қарсы бағытталган иммундық жауап, ісікке қарсы иммунитеттің дамуының негізінде жатыр.
Кешендік антигендердің басқа маңызды түріне экзогендік гаптендердің (дәрі-дәрмек, олардың метаболиттері, тұрмыстық, онеркәсіптік, ауыл шаруашылық өнімдері, тағамдық бояулар, консервантгар, тұрақтағыштар және т.б.) ағзаның өзінің тасымалдаушы – нәруыздармен әрекептесуі нәтижесінде түзілген антигендер жатады. Осындай кешендік антигендер ағзада бөтентекті гаптендерге қарсы антиденелер түзілісін шақырады, бұл жағдай аллергиялық серпілістің (аллергияның тағамдық дәрілік және т. б. түрлері) пайда болуына, ал кейде аутоиммундық үрдістердің (бауыр циррозына әкелетін токсикалық гепатит) өршуіне әкеледі.
Кешенді антигендердін екі негізгі түрлері үшін «өзінікі» + «бөтендікі» қосындысы деген сипаттама тән.