Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Filosofia_dayyn[1].doc
Скачиваний:
1712
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
893.95 Кб
Скачать

3. Ғылымды оқып-үйренудің негізгі аспектілері, олардың ерекшелігі мен өзара байланыс орнатыңыз.

Ғылымның өзін бірнеше аспектіде қарастырады. Негізгі көзқарас бойынша -ғылым — білім жиынтыеы: ңоәамдық сананың формасы; әлеуметтік институт; қоәамның негізгі қозеаушы күші; кәсіптік мамандарды дайындау жүйвсі тағы басқа.

Осы аспектілер бойынша ғылым:

— XIX ғасырдың  ортасынан  бастап  —  мамандар дайындаудың жүйесі;

— XX ғасырдың екінші жартысынан — қоғамның негізгі қозғаушы күші;

— Жаңа уақытта — әлеуметтік институт

— Ежелгі Грецияда — қоғамдық сананың формасы;

— Адам   мәдениетінің   бастауында   —  білім   жиынтығы   ретінде қарастырылады.

Әр уақыт бойында әр ғылымның қилы салалары пайда болды. Антикалық ғылым қазіргі әлемге математиканы берді, Жаңа уақытта -механика пайда болды, ал XIX ғасырда қоғамтану келді.Бұл процестерді дұрыс түсіну үшін біз тарихқа жүгінуіміз қажет. Ғылым сан қырлы қоғамдық құбылыс, қоғамнан тыс ғылымның пайда болуы, дамуы мүмкін емес. Ал ғылымның өзі объективті жағдайлар туған кезде:

1) объективті білімге әлеуметтік қажеттілік;

2) осы қажеттілікті қамтамасыз етуге қоғамнан ерекше бір дарынды адамдардың бөлініп шығуы;

3) білімнің жинақталуы, ғылыми жаңалықты символикалық турде кескіндеу немесе хабарлау (жазудың болуы) тағы басца болуы керек. Осындай жағдайлар б.э.д. VII-VI ғасырларда Ежелгі Грецияда пайда болды.

Ғылымның критерийлері:

1) теориялық;

2) ғылыммен  айналысатын  ерекше адамдар  тобының  болуы, қажетті материалдар мен технологияның болуы;

3)  рационалдық (тиімділік);

4)  жүйелілік.

Егер біз ғылымды 1 критерий бойынша қарастырсақ, сол кездегі Египет, Шумер цивилизациясында, жаңа білім алуға қажетті жағдайлар онша болған жоқ. Бул кезде математика, астрономия сияқты ғылым салалары бойынша аздаған білімнің алғашқы бастаулары болды.

Индия мен Кытайдағы білімнің дамуы күнделікті өмірге қажетті жэне діни ритуалдарды жүзеге асыру үшін ғана керек болды.

Ежелгі шығыс цивилизациясындағы білімнің негізі және теория-лығы болмады. Шығыстағы дамыған астрономия әлемнің құрылысы мен аспан денелерінің қозғалысын зерттеу үшін емес, өзендердің тасу мен қайту уақытын анықтау үшін, гороскоп немесе жулдызнама қурастыру үшін қажет болды. Вавилондықтардың пайымдауынша аспандағы жулдыздар қудайлардың бет-бейнесі есебінде карастырылды, яғни олар жер бетіндегі өмірді бақылаумен болады деп есептеді. Ғылымды зерттеу аспектілері Ғылым философиясы. Ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеу аса маңызды және ол ғылым мен ғылыми қызметті зерттейтін басқа пәндердің арасында ерекше, басты орын алады. Ғылымды зерттеудің әр түрлі жеке методтары мен арнайы ғылымтану пәндері қаншалықты профессивті және өзекті болғанымен, олар ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеудің орнын баса алмайды. Философия ғылымды қоғамдық сананың белгілі бір формасы және адамның дүниеге көзқарасын анықтаушы теориялық сана ретінде, қоршаған ортаға қатынастың типі ретінде сараптайды.

4.Ғылым философиясының методологиялық негіздерін көрсетіңіз.

Бұрыннан белгілі проблемаларда басқа жаңадан пайда болған ғылыми білімдерге көңіл бөледі, оның қалыптасу процестерңн қарастырады. Ғылымның теориялық сатысының белгілі мөлшерде тәжірибеден тәуеліз, жеке, дербес екендігін мойындап, жаңа ғылыми білім алуда, тәжірибе арқылы дәлелдеуге мүмкіндігі болмайтын дүниеге көзқарастың, методологиялық принциптердің бар екендігін мойындайды. Бірақ ғылымның даму заңдылығын оның функцияларын дұрыс түсіндіре білетін тек ғана диалектикалық көзқарас.

Методология (грек. metodos – таным жолы, logos – ілім) :

  1. белгілі бір ғылымда қолданылатын танымдық әдіс-тәсілдердің жиынтығы;

  2. танымның принципін, формасы мен әдіс-тәсілін құру жөніндегі ілім.

Методология адамның теориялық және тәжірибелік қызметін ұйымдастыру мен түзудің түпкілікті принциптері мен тәсілдерін жүйелі түрде сұрыптап, жан-жақты талдап, олардың қолдану аясын, мүмкіндіктерін, өзара байланысын, шындықтың өз қасиеттері мен заңдылықтарына сәйкестігін анықтап, философиялық-логикалық,танымдық-теориялық] тұрғыдан негіздеп, таным мен қоғамдық тәжірибенің әрі қарай дамуына жол ашады.

Философиятарихында методологиялық мәселелер мәдениет дамуының деңгейіне сай шешіліп отырды. Ертедегі философиялық жүйелердеметодологияның негізі салынды.  Аристотельашқан ойлаудың формалары мен заңдылықтары барлық ғылыми зерттеулер мен ғылыми жүйенің құрылысы үшін аса маңызды болды. Жаңа дәуір философиясындажаратылыстануғылымының қарқынды дамуына байланыстыметодологиятеориялық ойлаудың негізіне айналды. Ағылшын философы Ф.Бэконматерияныжәне оның әр түрлі формаларынматериалистік философияпринциптері негізінде жан-жақты зерттей отырып, байқау мен экспериментке сүйенетінметодологияның ең негізгі, тиімді әдіс деп есептеді. Р.Декарттың“Әдіс туралы ойлауында” Бэконныңэмпиризмінеқарсы қойғанрационалистік әдісіде белгілі бір филосфиялық принциптердің салдары болды. Бұл дәуірдегіметодологиялық ғылым ретіндегі философия математиканың философиялық құрылысын үлгі ретінде ала отырып, табиғи ғылыми жүйелілікке және дәлдікке ұмтылды.

XVII-XVIII ғасырларда дәл ғылымдардың философияға әсерінің ұлғаюы жаратылыстанудың  методология ретіндегі механикалық материализмнің кеңінен таралуына септігін тигізді. И.Кант“Таза ақыл” жүйесінің формальды шарттарын ашуға тиістрансценденталды методология идеясынұсына отырып, философияны методологияға айналдыруға ұмтылды. Кант одан кейінГ.Гегельқарапайым әдісті кез келген ғылым (механиканемесематематика) үшін даму принципі етіп алғысы келмеді. XX ғасырда ғылым мен техниканың зор жетістіктері, қоғам өміріндегі күрделі өзгерістер, жаһандық мәселелердің туындауы методологияның ілгері дамуына, білімнің ерекше саласы ретінде бөлініп шығуына әкелді. Методологияның 3 деңгейі бар: философилық, жалпы-ғылыми және жеке-ғылымимилософиялық методология – жалпы әмбебап әдіс туралы ілім, таным мен тәжірибенің жалпылама принциптері мен әдіс-тәсілдерінің жүйесі. Жалпы-ғылыми методология ғылыми танымға ортақ жүйелілік, модельдеу, құрылымдық-функционалдық талдау, ықтималдылық секілді әдістерді зерттейді. Жеке-ғылыми методология жекелеген ғылымдар саласында қолданылатын әдістерді, принциптерді ғыл. танымның деңгейлеріне қатынасында қарастырады. Методологияның деңгейлері бір-бірімен тығыз байланысып, философиялық-методологиялық принциптер мен тұжырымдарды нақтылайды, сондай-ақ терең негізделіп, сұрыпталып, өзінің қолдану аясын, мүмкіндіктерін анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]