
- •Оқытушы: Ускембаев к.Н.
- •2. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері
- •3. "Прокурорлық қадағалау" курсының мәні
- •4. Прокурорлық қадағалаудың салалары
- •5. Курстың жүйесі және басқа заң пәндерімен оның қарым-қатынасы
- •2 Тарау Прокуратура органдары қызметтерінің құқықтық жағдайы
- •2.Қр Азаматтық іс жүргізу кодексі және прокуратура
- •3. Қр Қылмыстық іс жүргізу кодексі
- •4. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі
- •5. “Прокуратура туралы” Қазақстан Республикасының заңы
- •6.Қазақстан Республикасының заңдары
- •7. Бас прокурордың және төменгі тұрған прокурорлардың актілері
- •8. Халықаралық құқықтық актілер
- •3 Тарау: Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру
- •1. Қр прокуратура органдары жүйесінің ұғымы
- •2. Қр прокуратура органдарының жүйесі
- •Қр прокуратура органдарындағы кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу
- •1. Кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу
- •2. Прокуратура органдарында лауазымға тағайындалатын прокурорлар мен қызметкерлерге қойылатын талаптар
- •3. Прокуратура қызметкерлеріне кластық шендер беру және аттестациялау. Прокуратура қызметкерлеріне қолданылатын тәртіптік жазалар мен мадақтау шаралары.
- •5 Тарау - Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
- •Қылмыспен және басқа да құқық бұзушылықпен күресу бойынша құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру
- •Үйлестіру қызметінің мәні, мақсаты және қатысушылары
- •Құқық қорғау органдарының үйлестіру нысандары және өзара қатынастары
- •Қылмыстықпен күресу бойынша құқық қорғау органдары қызметін үйлестірудегі прокуратура рөлін көтерудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері
- •7 Тарау Жедел іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау
- •1. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуына прокурорлық қадағалаудың маңызы, мәні және міндеттері
- •2. Прокурордың жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі өкілеттігі
- •Тергеу және анықтау заңдылығына прокурорлық қадағалау
- •1. Қадағалаудың мәні, маңызы және міндеттері
- •2. Прокурордың алдын – ала тергеу және анықтау органдарына заңдардың орындалуын қадағалау өкілеттігі
- •3. Алдын ала тергеу және анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау жұмысын ұйымдастыру
- •4. Анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері
- •5. Алдын ала тергеу органдарында заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері
- •Пайдаланылған және ұсынылатын әдебиеттер:
- •Прокуратураның сотта мемлекет мүддесін білдіруі Прокуратура органдарының сотта мемлекетмүддесін білдіру түсінігі, маңызы және міндеттері
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қадағалау Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын прокурорлық қадағалаудың маңызы, мәні, міндеттері мен басты бағыттары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Халықарлық шарттардың қолданылуына және шетел азаматтары мен заңды тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуіне прокурорлық қадағалау
3. Қр Қылмыстық іс жүргізу кодексі
ҚР ҚІЖК 62 – бабына сәйкес “ Прокурор - өз құзыреті шегінде жедел – іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай – ақ қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық қудалауды іске асыратын лауазымды адам”.
Прокуратура қылмыстық істі жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жүйесіне кіре отырып, прокурорлық қадағалаудың функционалдық бағыттарына қатысты бір қатар өзгешелік жақтарын иеленеді.
Прокуратура құқық бұзушыларға жаза қолданбайды, оның қызметі құқық бұзушылықты анықтауға, заң бұзушылықты қалпына келтіруге және кінәлі адамдарды заңда белгіленген жауаптылыққа тартуға бағытталған.
Заңдылықты қадағалаудан басқа, прокуратура органдары қылмыстық қкдалаудыу іске асырады, істі сотта талдауға қатысады, мемлекеттік айыпталушылықты іске асырады. Прокурордың осы қызметтері өзара байланысты. Қылмыстық қудалау функцияларын іске асыру, сондай – ақ қадағалау функциясының мақсатына жету құралы ретінде қаралуы мүмкін, прокурорлардың қылмыстың белгілерін анықтай отырып, қылмыстық істі қозғауы шын мәнінде, яғни қадағалау функциясының білінуі. Прокурордың өкілеттілігі процестің сатысына және оны нақты іске асыратын функциясы шегіндегі атқаратын бағыттарына қарай өзгеріп отырады.
Прокурордың құқықтық мәртебесі өз қызметін іске асыру кезінде прокуратура органдары шешетін міндеттердің жүйесімен тығыз байланысты. Осындай міндеттердің қатарына:
әрбір істі жан – жақты, толық және объективті тергеу және қарау үшін заңда көзделген шараларды қабылдау.
Сотталушының жеке және мүліктік құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету.
әр бір жасалған қылмыстың заңды және әділ жазаға тартылуына ешқандай кінәсіз адамдардың жаза тартылмауына байланысты қылмыстың қудалаудың мақсатына жету;
азаматтардың құқықтарын, мекемелер мен заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерін сот қорғауын қамтамасыз ету .
Осыған байланысты, қылмыстық іс жүргізу қатынастары жүйесінде прокурор мәртебесінің маңызы оның құқықтары мен міндеттерінің жиынтығына қактысты мынадай кезеңдермен анықталады:
Прокурор қылмыстық іс бойынша өндірісті аяқтау үшін шешім қабылдауға құқықты.
Процестің кейбір сатыларында прокурорда белгілі бір мүдде пайда болады. Осы мүдде сот әділдігі міндеттерінің шегінен шықпайды және егер сот тергеу барысыныда адамның кінәсіз екендігі туралы анықталса, мемлекеттік айыптауды қолдаудан прокурордың бас тартуы кезінде де байқалады. Осы бас тарту прокурордың құқығы емес, міндеті болып табылады. Сондай – ақ ҚІЖК 317 б. 6 т. былай көзделген:
Айыптауды қолдай отырып, прокурор заң талаптарын және істің барлық жағдайларын қарау нәтижелеріне негізделген өзінің ішкі көзқарасын басшылыққа алады. Сотталушының жағдайын нашарлатпайтын және оның қорғалу құқығын бұзбайтын болса, прокурор айыптауды өзгерте алады. Прокурор егер айыптау сот талқылауында таппады деген қорытындыға келсе, айыптаудан бас тартуға міндетті. Мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тартуына сот тергеуі немесе сот жарыссөзі кезінде жол беріледі.
Прокурор айыптаудан толық бас тартқан жағдайда, егер айыптаудан жәбірленуші де бас тартса, сот өз қаулысымен істі қысқартады. Ал егер жәбірленуші айыптауды талап етсе, сот істі талқылауды жалғастырып, оны жалпы тәртіппен шешеді. Бұл жағдайда прокурор процеске одан әрі қатысудан босатылады, ал айыптауды жәбірленушінің өзі немесе өкілі арқылы қолдайды. Жәбірленушінің өтініші бойынша сот оған өкіл шақыру үшін уақыт беруге тиіс. Прокурор мен жеке айыптаушы айыптаудан ішінара бас тартқан кезде сот айыптаудың тарап айыптаудан бас тартқан бөлігінде істі қысқартады, айыптаудың қалған бөлігіндегі іс жалпы тәртіппен қаралады. Егер прокурор айыптауды өзгертсе және жәбірленуші бұрынғы айыптауды талап етпесе, сот істі жаңа айыптау бойынша қарайды.
Прокурор процестің жеке сатыларында істі шешу бойынша ешқандай құқықтарға, сондай – ақ соңғысы қадағалау қызметінің мақсаттары мен міндеттеріне іс жүргізу мүддесіне ие болмайды.
Прокурордың апелляциялық сатыдағы сотта істі қарау кезінде қатысуы іс бойынша өз көз – қарасын баяндаумен және қосымша материалдарды берумен шектеледі. Қадағалау тәртібінде прокурордың жоғары сотқа қатысу сипаттамасы өзінің наразылығын баяндаумен шектеледі.
Қадағалау қызметінің нысандары процеске қатысушылардың белгілі функцияларымен қайта баяндалады.
Істің мән – жайын тергеу функциясы тергеушіге немесе анықтауды жүргізуші адамға жүктеледі. Прокурор қылмыстық қудалауды іске асыра отырып, сонымен бірге екі аралас функцияны жүзеге асырады:
Заңдылықты қадағалау, іс бойынша іс жүргізу әрекеттерін жүргізу.
Қадағалау қызметі ол нормаларының өзге де дербес функцияларымен осындай перекрещивание құқықтық негізге ие болады. “Прокуратура туралы” ҚР заңының 38,46 – баптарына сәйкес прокурор:
анықтама мен тергеу органдарынан тексеріс үшін қылмыстық істерді, жасалған қылмыстар, жедел – іздестіру қызметінің, анықтаманың, тергеудің барысы туралы құжаттарды, материалдарды және өзге де мәліметтерді алады.
Жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды қабылдағанда, тіркегенде, шешкенде заңдылықтың сақталуын тексереді.
Қамауда ұстауға және қамауға алуға санкция береді.
Қажет болған жағдайларда қылмыстық іс қозғайды, қылмыстық істерге тергеу жүргізу жөнінде жазбаша нұсқаулар береді.
Тергеушілер мен анықтама жүргізуші адамдардың заңсыз қаулыларының күшін жояды.
Егер анықтама мен тергеу барысында процеск қатысушылармен басқа да азаматтардың құқықтарының бұзылуына, тергеудің заңсыз әдістеріне жол берілсе, кінәлі адамдардың жауапкершілігі туралы мәселе қоды.
Тергеу мен анықтама толық болмаған, сондай – ақ тергеу мен анықтама барысында заңдылықтың жол берілгені белгілі болған жағдайларда, қылмыстық істерді қосымша тергеуге қайтарады немесе оны толық көлемінде не нақтылы адамдарға қатысты тоқтатады.
Анықтама мен тергеу органдарынан келіп түскен қылмыстық істерді түптеп қарау үшін сотқа жібереді.Қажет болған жағдайда тергеу бөлімшелері мен анықтама органдары басшыларынан оларға бағынысты органдарда заңды бұзушылықты жою.
Қылмыстардың толық ашылуын қаматамысз ету мақсатында тексеріс жүргізуді талап етеді.
Анықтама жүргізуші адамның, тергеушінің анықтама мен тергеу органдарының басшыларының әрекеттері мен шешімдеріне жасалған шағымдарды қарайды.
Бұлтартпау шарасы ретінгде қамауға алу шешім жасалған адамдарды қамауда ұстаудың заңдарда белгіленген тәртібі мен шартының сақталуын тексереді.
11-1)ҚР аумағында қылмыс жасаған және тергеуден жасырынып жүрген адамға қытысты халықаралық іздестіру жариялауға сануция береді.
Заңмен белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Прокурордың өз құзыреті шегіндегі нұсқаулықтары жазбаша түрде беріледі және анықтама мен тергеу жүргізуші адамдар үшін міндетті. Прокурор қылмыстық істі қозғау құқығына ие бола отырып, қылмыстық іс қозғау заңдылығын қадағалауды іске асырады. Прокурордың құқықты әрекеттерінің сынаушысы заң болып табылады. Олардың қабылдаған шешімдерінің негізділігі мен заңдылығы сотта істі қарау кезінде немесе алдын ала тергеу процесінде бағалануы мүмкін.
Қылмыстық сот ісін жүргізудегі прокурордың рөлі жан – жақты: прокурор айыпталушыға қатысы бойынша айыпталушының өтініш, шағым, арыз жасай алатын сатысы болып табылады, дегенменде, сол бір айыпталушыға қатысты сотта прокурор мемлекеттік айыптаушы болуы мүмкін.
Прокурордың белгіленген құқықтары мен міндеттерін толық түрде орындалуына оның процеске қатысуынан бас тарту негіздерінің есептері ҚР ҚІЖК 91 т. сәйкес:
А) егер прокурор жеке, тікелей немесе жанама осы іске мүдделі болса;
Б) егер қылмыстық істі қарайтын соттың құрамына туыстық байланысты болса;
В) егер ол іс бойынша жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе оның туысқаны, айыпталушының немесе оның заңды өкілінің, айыптаушысының, қорғаушысының, тергеушінің немесе анықтауды жүргізуші адамдардың, жәбірленушінің, азаматтық талапкер мүдделі өкілдерінің, қорғаушыларының, тергеушілер мен айыптаушыларының туысы болса.
Д) егер ол іске судья ретінде қатысса, оның қарсылық білдіруіне негіз болады.
ҚР ҚІЖК 91 – бабына сай:
“Прокурор осы кодекстің 90 – бабында көзделген мән – жайлардың кез – келгені болған кезде қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатыса алмайды.
Прокурордың алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізуге қатысуы, сондай – ақ оның сотта айыптауды қолдауы оның іске одан әрі қатысуына кедергі болып табылмайды.
Сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде прокурорға қарсылық білдіру туралы мәселені жоғары тұрған покурор, ал сотта іс жүргізу кезінде – іс қараушы сот шешеді”.