
- •Оқытушы: Ускембаев к.Н.
- •2. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері
- •3. "Прокурорлық қадағалау" курсының мәні
- •4. Прокурорлық қадағалаудың салалары
- •5. Курстың жүйесі және басқа заң пәндерімен оның қарым-қатынасы
- •2 Тарау Прокуратура органдары қызметтерінің құқықтық жағдайы
- •2.Қр Азаматтық іс жүргізу кодексі және прокуратура
- •3. Қр Қылмыстық іс жүргізу кодексі
- •4. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі
- •5. “Прокуратура туралы” Қазақстан Республикасының заңы
- •6.Қазақстан Республикасының заңдары
- •7. Бас прокурордың және төменгі тұрған прокурорлардың актілері
- •8. Халықаралық құқықтық актілер
- •3 Тарау: Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру
- •1. Қр прокуратура органдары жүйесінің ұғымы
- •2. Қр прокуратура органдарының жүйесі
- •Қр прокуратура органдарындағы кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу
- •1. Кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу
- •2. Прокуратура органдарында лауазымға тағайындалатын прокурорлар мен қызметкерлерге қойылатын талаптар
- •3. Прокуратура қызметкерлеріне кластық шендер беру және аттестациялау. Прокуратура қызметкерлеріне қолданылатын тәртіптік жазалар мен мадақтау шаралары.
- •5 Тарау - Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
- •Қылмыспен және басқа да құқық бұзушылықпен күресу бойынша құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру
- •Үйлестіру қызметінің мәні, мақсаты және қатысушылары
- •Құқық қорғау органдарының үйлестіру нысандары және өзара қатынастары
- •Қылмыстықпен күресу бойынша құқық қорғау органдары қызметін үйлестірудегі прокуратура рөлін көтерудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері
- •7 Тарау Жедел іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау
- •1. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуына прокурорлық қадағалаудың маңызы, мәні және міндеттері
- •2. Прокурордың жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі өкілеттігі
- •Тергеу және анықтау заңдылығына прокурорлық қадағалау
- •1. Қадағалаудың мәні, маңызы және міндеттері
- •2. Прокурордың алдын – ала тергеу және анықтау органдарына заңдардың орындалуын қадағалау өкілеттігі
- •3. Алдын ала тергеу және анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау жұмысын ұйымдастыру
- •4. Анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері
- •5. Алдын ала тергеу органдарында заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері
- •Пайдаланылған және ұсынылатын әдебиеттер:
- •Прокуратураның сотта мемлекет мүддесін білдіруі Прокуратура органдарының сотта мемлекетмүддесін білдіру түсінігі, маңызы және міндеттері
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қадағалау Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын прокурорлық қадағалаудың маңызы, мәні, міндеттері мен басты бағыттары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Халықарлық шарттардың қолданылуына және шетел азаматтары мен заңды тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуіне прокурорлық қадағалау
2 Тарау Прокуратура органдары қызметтерінің құқықтық жағдайы
Прокуратура органдарының қызметтері мен ұйымдастырылуының құқықтық негіздері ҚР Конституциясымен, ҚР ҚІЖҚ, ҚР АІЖҚ, ҚР ӘҚК, ҚР “Прокуратура туралы” Заңымен, ҚР басқа заңдарымен, халықаралық – құқықтық шарттармен, сондай – ақ ҚР Бас прокурорының және төменгі тұрған прокурорлардың құқықтық актілерімен анықталады.
ҚР Конституциясы
ҚР Конституцияға сәйкес өзін демократиялық және құқықтық мемлекет деп есептейді. Қолданыстағы Конституцияға және оның негізінде қабылданған заңына сәйкес ҚР Прокуратурасы мемлекеттік билік тармақтарының біреуінде жатпайды. Конституцияда белгіленген осы ережелер конституциялық қағидаттар қатарының мазмұнын анықтап береді. Олардың біреу ұстамшылдық және қарама – қарсылықтар, завңдылық қағидаттар, Конституцияның үстем болуы, адам құқықтарының бөлінбеуі және басқа жүйелерін өзара пайдаланумен биліктерді заң, атқару және сот тармақтарына бөлу қағидаттары болып табылады.
Негізгі заңның 83 – бабына сәйкес:
1.Прокуратура мемлекет атынан республикасының аумағында заңдардың , ҚР Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме – дәл әрі біркелкі қоданылуын, жедел – іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келгенін бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай – ақ республика Конституциясы және заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай – ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады.
2.Респуьлика прокуратурасы төменгі прокуратураларды жоғары тұрған прокурорларға және Республика Бас прокурорына бағындыра отырып, біріңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және республика Президентіне ғана есеп береді.
3. Республиканың бас прокурорын өз өкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуңге, оған сот тәртібімен әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Бас покурор өкілеттігінің мерзімі бес жыл.
4. Республика покуратурасының құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі заңмен белгіленеді. Парламент сенатының келісімімен республиканың Бас прокуроры қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
“Қамауға алу және қамауда ұстан тек заңда көзделген жағдайларда және сот немесе прокурорлардың санкцияларымен ғана жол беріледі. Прокурордың санкциясыз адам жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұсталуы мүмкін”. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгі проокуратураларды жоғары тұрған прокурорларға және республика Бас прокурорына бағындыра отырып, біріңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және республика президентіне ғана есеп береді. Прокуратураның барлық органдары заңдардың дәл әрі бірыңғай орындалуына жоғарыф қадағалауды іске асыратын, сондай – ақ ҚР Конституциясы мен қолданыстағы заңдарында көзделген жалпы міндеттерді шешеді.