Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прок.docx
Скачиваний:
93
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
200.79 Кб
Скачать

4. Прокурорлық қадағалаудың салалары

ҚР Конституциясының 83-бабына, ҚР "Прокуратура туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрықтарына сәйкес прокурорлық қызметтің мынадай:

  1. Республика аумағындағы заңдардың және Президент Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл әрі бірыңғай қолданылуын қадағалау;

  2. жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің заңдылығын қадағалау;

  3. сотта мемлекет мүддесін білдіру және сот қаулыларының, сондай-ақ өкімшілік және атқару вндірісінің заңдылығын қадағалау;

  4. заңда белгіленген шегінде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру салалары анықталады.

Салалар - бүл прокурорлық қадағалаудың біртүтас өзара байланысты белігі, олар көріп отырғандай прокуратура органдарының қызметінде бөлек-бөлек ерекет етеді.

Сонымен, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңдарды қолдануларында тексеріс жүргізу барысында прокурор қылмыстық қудалау

функцияларын жүзеге асырады, яғни жасалған қылмыстарды немесе теріс қылықтарын анықтайды және кінәлі адамдарды қылмыстық істер мен әкімшілік іс жүргізулерді қозғау жолымен қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартады.

Прокурорлық қадағалау салаларын Президент анықтайтын жеке міндеттердің ерекшеліктерімен, немесе криминогендік жағдайдың не заң салаларындағы ерекшеліктермен белгіленетін прокуратура қызметтерініңжеке бағыттарымен араластыруға болмайды.

Сонымен, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша заңдардың, Президент Жарлықтарының орындалу өзгешелігі бүл жүмыстарды Бас прокурордың жеке бұйрықтарымен бекітілген дербес бағыттарға үйымдасқан түрде бөлу қажеттілігін анықтайды.

Қылмыстық қудалауды іске асыратын органдар және қылмысқа қарсы күрес, өзге де заң бүзушылықтар бойынша басқа мемлекеттік органдар мен қоғамдық үйымдар өткізген іс-шаралар үйлесімдері бойынша қызметтер прокуратураның жүмысында ерекше орын алады.

5. Курстың жүйесі және басқа заң пәндерімен оның қарым-қатынасы

"Қазақстан Республикасындагы прокурорлъщ қадагалау" курсы прокурорлық қадағалау туралы зандылық білімінен, сондай-ақ прокурорлардың қызметтеріндегі қадағалау салалары мен негізгі бағыттарына дәстүрлі түрде тиісті прокурорлық қызметтің практикасы мен теориясын қамтитын дербес қүқықтық пәнді білдіреді. Қазақстан Республикасындағы зандардың дәл әрі бірыңғай орындалуына прокурорлық қадағалау Қазақстан Республикасындағы зандылық пен қүқықтық тәртіпті нығайту бойынша міндеттерді ойдағыдай іске асыруды қамтамасыз ететін, әлеуметтік шындық қағидаттарын іске асыратын мемлекеттік қызметтің дербес нысандары ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау азаматтардың қүқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы аса маңызды кепілдіктердің бірі ретінде қарастырылатынын атап кету керек.

Біздің республикамыз мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан бері отыз жыл өтті. Осы уақыт ішінде елімізде өзекті қоғамдық саяси қайта қүрулар болды.

Егер мемлекеттің бүрынғы саяси режимінде оның аппараты және қүқығы жеке адамға қысым жасап келсе, ал бүгінде адам аса көңіл аударылатын түлға ретінде жарияланды. Оның өмірі, қүқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері жоғары мемлекеттік қүндылық болып жарияланды.

"Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау" оқулығы оқуға міндеті ең маңызды құқықтық пән, яғни осы курстың шегінде Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының қызметтері мен өкілеттіліктерін ұйымдастыру мәселелері қаралады. Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау курсын оқу заң кәсібіндегі көпшілік жоғары оқу орындарының оқу бағдарламарына кіреді.

"Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау" оқулығы шартты түрде жалпы және ерекше бөлімдеріне белінеді.

Жалпы бөлім прокуратураньщ тағайьшдау мәселелері, оньщ функциялары мен басқа мемлекеттік органдар арасындағы орнын, прокуратура органдарын ұйымдастыруға тарихи сілтемелері және оның негізгі даму кезеңдерін, міндеттері мен үйымдастыру қағидаттарын ашатын, ҚР прокуратура қүрылымын және жүйесін, прокуратура туралы заңдарды сипаттайтын мазмұндағы тақырыптарды қамтиды.

Ерекше бөлімде прокурорлык қадағалаудың (салалары) бағыттары, прокуратура органдарының қызметтеріне өту мәселелері, прокуратура органдары қызметкерлерін әлеуметтік және құқықтық қорғау және басқа мәселелері зерделенеді.

Прокурорлардың міндеттері, функциялары, үйымдастыру және қызметтерінің қағидаттары, өкілеттіліктері туралы толық ұсынымды "Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау" оқу пәнін оқу негізінде ғана алуға болады. Студенттер прокуратура органдарының мәні мен міндеттерін анық білуге, мемлекеттік басқару органдарында, ЖІҚ, лауазымды адамдар мен азаматтардың заңдарды қолданылуына прокурорлық қадағалау, сондай-ақ прокуратура іске асыратын қылмыстық қудалау ерекшеліктерін толық жақсы білуге тиіс.

Қүқықтық қызметтің кез келген саласы прокурорлық қадағалауға қатысы бар немесе керісінше, прокурорлық қадағалау не прокуратура органдарының басқа функциялары сол немесе өзге түрде қоғамдық өмірде туындаған барлық құқықтық қатынастардың түрлерін қозғайды.

"Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау" курсы прокуратура туралы нормалар және прокурорлық өкілеттіліктер тек прокуратура туралы заңнан ғана емес, сондай-ақ әртүрлі құқық салаларына қатысты көптеген заңдардан қамтылады, күқықтың осы салаларын оқу кезінде езінің пәндері болып табылатын, бірқатар заң пәндерімен тығыз байланысты.

Мемлекет және қуқық теориясы курсында прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің нысаны ретінде қаралады. Сонымен қатар, мемлекеттік функцияларды орындаудағы заңдылық режимі мен қүқық бүзушылықты қамтамасыз етуде прокуратураның рөлі қарастырылады.

Мемлекеттік қуқық курсы мемлекеттік органдар жүйесінде және олармен өзара қатынастағы прокуратураның алатын орны зерделенеді.

"ҚР қщық ңоргау органдары" курсында прокуратура органдарының қүрылуы туралы баяндалады.

"ҚР Конституциясы " курсында прокуратураны үйымдастырудың негізгі ережелерін анықтайтын нормалар және ҚР Бас прокуроры тағайындаған және Бас прокуратура қызметтерінің басқа мәселелерінің тәртібі туралы баяндалады.

Қылмыстық процесс курсында сотта мемлекет мүдделерін білдіру кезіндегі, анықтау және алдын ала тергеу органдарында заңдардың орындалуына қадағалауды іске асырудағы прокурордың өкілеттілігі баяндалады.

Азаматтық процесс курсында азаматтық сот ісін жүргізу барысында сотта мемлекет мүдделерін білдіруге байланысты прокурорлардың екілеттілігі туралы баяндалады.

Әкімшілік қщық курсы прокурордың заңды талаптарын орындамағаны, шақырылғанда келмегені үшін жауаптылыққа тарту, сондай-ақ әкімшілік қүқық бұзушылық туралы істер бойынша прокурордың өкілеттілігіне қатысты тақырыптарды қамтиды.

Прокуратура органдарын ұйымдастыру және қызметтері бірінші кезекте Қазақстан Республикасының негізгі заңы - Конституцияға негізделеді, "Прокуратуратуралы" ҚР Зандарымен және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі. Прокуратура органдарының бұйрықтары, ережелері, қаулылары және басқа нормативтік қүқықтық актілері прокуратура шығаратын мерзімді баспасөздерінде жарияланады.

Пәннің тақырыптарын терең оқу үшін қосымша материалдарды қазақстандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми зерттеулерінен, сондай-ақ мынадай "Мемлекет пен қүқық", "Заңдьшық", "Заң әлемі", "Фемида", "Заң және уақыт", "Заңгазеті", "Заңгер", "Хабаршы" және баска мерзімді басылымдарынан оқуға болады.

"Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау" курсын ойдағыдай меңгеру прокуратура органдарында шартты түрде студенттер өтетін дұрыс үйымдасқан танысу және өндірістік практикасы, яғни бүл келешектегі прокурорларға әр түрдегі іс жүргізу құжаттарын құру бойынша дағдыларды қалыптастыруға, әртүрлі іс жүргізу әрекеттерін орындаудың тактикасы мен өдістемесін игеруге көмектеседі.