Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прок.docx
Скачиваний:
93
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
200.79 Кб
Скачать

3. "Прокурорлық қадағалау" курсының мәні

"Прокурорлық қадағалау" курсының мәні дегеніміз қүқықтық реттеу, тағайындау, міндеттері, функциялары, ҚР прокуратура органдарының қызметі мен үйымдастыру қағидаттары. Оның органдары мен мекемелерінің жүйесі және қүрылымы, жоғары қадағалауды іске асыру кезіндегі прокурорлардың екілеттілігі, сотта мүддесін білдіру, қылмыстық қудалауды іске асыру, қүқық қорғау органдарының үйлестіру қызметтері, мемлекеттік қүқықтық статистиканы қалыптастыру, халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарын білдіру.

Атап кету керек, "прокурорлық қадағалау" термині:

  1. мемлекеттік қызметтің дербес түрі;

  2. заң ғылымының дербес саласы;

  3. оқулық деп түсіндіріледі.

Заң әдебиетінде және практикада "прокурорлық қадағалау" деген үғым прокурорлық қызметтерге сәйкес ҚР Конституциясын дәл сақталуына және ҚР барлық аумақтарында қолданылатын барлық заң талаптарының және әрбір нақты жағдайларда кез-келгенінің орындалуына тексеріс жүргізу болып түсіндіріледі.

Прокурорлық қадағалау заң ғылымы ретінде қадағалауды, нысандарды, оны іске асыру қүралдары мен тәсілдерін, қадағалауды іске асыру саласында қоғамдық қатынастарды дамытудың заңдылықтарын, осы қызметтің тиімділік және т.б. мәселелерін іске асыру бойынша прокурор қызметін реттейтін заңдылықтар туралы білімдерінің жинағын білдіреді. Ғылым ретінде прокурорлық қадағалау қылмыстық, азаматтық іс жүргізулермен, криминалистикамен және басқа заң ғылым салаларымен тығыз байланысты.

Прокурорлық қадағалау оқулық ретінде заң оқу орындарында жоғары жөне орта білім бағдарламаларының бөлігі, мазмүны мен қүрылымы бойынша жалпы және ерекше белімдерге белінеді.

Осы дәрістің міндеттеріне сәйкес біз прокурорлық қадағалауды тек мемлекеттік қызмет ретінде ғана қарастырдық. Мүндай жағдайда прокурорлық қадағалаудың мәні деп прокурорлык қызметті реттеуге бағытталған қоғамдық қатынастар саласы түсіндіріледі.

Теориялық меселелердің бірі қүқықтық дербес саласы мағынасын прокурорлық қадағалау туралы нормаларының жиынтық болып танылуы2.

2 Николаева Л.А. Надзор прокуратуры: проблемы теории и практики//Проблемы совершенствования прокурорского надзора. К 275-летию прокуратуры. Материалы научно-практической конференции. М., 1997; Басков В.И. Курс прокурорского надзора. Учебник для вузов. М., 1998. с. 5 караныз.

лар жатады:

  • республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік қүқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуын қадағалау;

  • жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің заңдылығын Қадағалау; кез келген заңдылық бүзушылықты анықтау жою жөнінде шаралар Колдану;

  • әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығын қадағалау;

  • республиканың Конституциясы мен заңдарына кайшы келетін заңдар өзге де қүқықтық актілерге наразылық жасау;

  • сотта мемлекеттің мүддесін білдіру және сот актілерінің заңдылығын қадағалауды іске асыру;

  • заңда белгіленген жагдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыру;

- мемлекеттік-қүқықтық статистика қүру және қүқықтық статистика саласында қадағалауды іске асыру.

Прокуратураның қадағалау функцияларын орындайтын әрбір прокурор жалпы міндеттерді шешеді. Прокурорлық қадағалаудың орындалуына қадағалауды жүзеге асыратын зандардың мазмүнымен ерекшеленетін бірнеше бағыттардан түрады. Осыған сәйкес, прокурордың алдында толығымен түрған жалпы міндеттер осы бағыттардың әрқайсысының да міндеттері болып табылады. Жалпы міндеттер толығымен тек прокурорлық қадағалау қызметінде ғана шешілуі мүмкін. Прокурорлық қадағалаудың әрбір біртүтас бағыты (саласы) жалпы міндеттерді шешу кезінде өз үлестерін қосады. Осы үлестің көлемі мен мазмүны прокурорлық қадағалаудың нақты бағыттарының (салалармен) алдында түрған арнаулы міндеттерімен анықталады. Олардың мәні жалпы міндеттерден шығады және әрбір прокурорлық қадағалау бағыттарындағы прокурорлардың қүзыретімен анықталады.

Арнаулы міндеттер көбінесе Бас прокурордың шығарған бүйрықтарымен және езге де қүқықтық актілермен реттеледі.

Көбінесе, бүл міндеттер тергеу және анықтауды қадағалау саласында ҚР Бас прокурорының 2001 жылғы 19 шілдедегі № 88 "прокурорлық қадағалау деп аталатын саласында "алдын ала тергеу және анықтау заңдылығына прокурорлық қадағалауды үйымдастыру туралы" бүйрығында анықталған.

Прокурорлық қадағалаудың жалпы және арнаулы міндеттерін шешу кезінде прокурор прокурорлық қадағалаудың белгілі жеке міндеттерін қою отырып, және оларды шешу барысында прокурорлық қадағалаудың қүқықтық қүралдарын қабылдау жолымен іске асырылады. Бүл міндеттер ғылымда прокурорлық қадағалаудың жалпы және арнаулы міндеттері болып бөлінеді. Олар жалпы және арнаулыға қарағанда, барынша әртүрлі және көпжақты. Жеке міндеттер прокурорлық қадағалаудың бағыттарына (салаларға), қолданатын прокурорлық қүралдарға, прокурордың қадағалау қызметін іске асыратын нақты жағдайларына қарай ерекшеленеді.

Әдетте, жеке және нақты міндеттер Бас прокуратураның, облыстық және аудандық деңгейіндегі прокуратуралардың жүмыс жоспарларында белгіленеді.

Прокурорлардың өз міндеттерін орындау заңмен берілген қүқықтарды іске асыру жолымен жүргізіледі.